М.Әуезов атындағы №2 орта жалпы білім беретін мектеп
Тақырыбы:
“Ғасырдың өлім
тұзақтары”
(тәрбие сағаты)
Өткізген 11 а сынып жетекшісі Г.У.Ишанғалиева
Чапаев
2010-2011
“Ғасырдың өлім тұзақтары”
Мақсаты: 1. Оқушылардың бойында АҚТҚ/ ЖҚТБ мәселесінің маңыздылығын және өз тәртібі үшін жауапкершілікті сезінуді қалыптастыру.
2.Оқушылардың АҚТҚ – ға ұшырау осалдығын төмендету.
3.ЖҚТБ – ның даму себептері және АҚТҚ – инфекциясының диагностикасы туралы түсінік беру.
4.ЖҚТБ/АҚТБ инфекциясының негізгі берілу жолы – инъекциялық есірткілер екенімен оқушыларды хабардар ету.
5.Салауатты өмір салтын қалыптастыру жолдары.
Жоспары:1.Миға шабуыл.
2.Қазақстан Республикасындағы АҚТҚ –ның жағдайы.
3.АҚТҚ және ЖҚТБ туралы мәліметтер.
4.Терминологиялық тарихы.
5.Клиникалық көрінісі.
6.Диагностикасы.
7.Жұғу жолдары және факторлары.
8.Алдын алу.
Миға шабуыл
Сендер АҚТҚ/ЖҚТБ туралы не естідіңдер, не білесіңдер?
АҚТҚ (ВИЧ) мен ЖҚТБ (СПИД) диагноздары бірдей емес
ЖҚТБ – адамның қорғаныш тапшылығының вирусы ауруынан пайда болатын соңғы сатысы. Сіздің ағзаға кірген вирус, қорғаныштық жүйесінің маңызды талшықтарын – лимфоциттерді, Т4-хелперлерді зақымдайды. Адам ағзасының бір куб/миллиметр қанында 800-ден 1200-ге дейін осындай талшықтар болады. Егер осы талшықтар саны 500-ден төмен түссе, онда адамның әр түрлі вирустардан, тұмаудан сақтану қаупі азаяды. Бұрын адам үшін қауіпсіз болған микроағзалар, қорғаныштық жүйе зақымданғанда индикаторлық және оппортунистік ауруларды тудырады. Егер Т4-хелперлердің саны бір куб/мм қанда 200-ден төмен түссе, ЖҚТБ жөнінде айтуға болады; бір немесе бірнеше оппортунистік аурулардың белгілерін байқауға болады. Қазіргі дәрілер, өкінішке орай, осындай аурулармен ауырған адамды емдей алмайды, бірақ АҚТҚ – инфекциясының ЖҚТБ – не өтуін уақытша тоқтатады.
Клиникалық көрінісі
-ші саты – АҚТҚ инфекциясы ағзаға енгеннен кейін, суық тиіп ауырған тәрізді белгілер пайда болады I (дене қызуы жоғарылайды, жөтел пайда болады, мұрыннан бөлінділер бөлінеді, лимфа күйінде үлкейеді). Бұл саты 2-3 аптаға созылады. Кей жағдайда адамдардың 60-70% - де бұл саты болмайды. Бұл кездегі зертханалық зерттеулер теріс нәтиже береді.
II-ші саты – Адам өзін бұл сатыда саумын деп есептейді, жұмыс қабілеті сақталған. Бұл кезде зертханалық зерттеулер оң нәтиже береді.
III-ші саты – ағзаның қорғаныш қабілеті төмендейді, дене қызуы жоғарылайды, іші өтеді, салмағы төмендейді, зертханалық зерттеулер оң нәтиже береді. Бірақ адам жұмысқа қабілетті.
IV-ші ЖҚТБ алды жағдай. Ағзада әр түрлі микробтар мен ісік клеткалары дамиды.
I-ші және IV-ші саты аралығы 5-12 жылға дейін созылады .
Адамның иммуннотапшылық вирусы
ЖҚТБ ең бірінші 1981 жылы анықталды.
АҚТҚ – 1 1984 жылы оқшауланды.
АҚТҚ -2 (Африкада таралған) 2 жыл кейін оқшауланған.
АҚТҚ маймылдардың лимфатикаотроптық вирусы даумының нәтижесі болып табылады және ол ХХ ғасырдың ортасында пайда болды.
Ретровирустар тұқымдастығына жатады.
АҚТҚ/ЖҚТБ біздің елімізді құр қалдырмады. Қазақстанда бірінші АҚТҚ жағдайы 1987 жылы тіркелді. Бүгінгі күні АҚТҚ Қазақстан Республикасының барлық облыстарында тіркелді және АҚТҚ – инфекциясы таралуының жоғары қарқыны байқалады. 2003 жылдың бағалауы бойынша Қазақстан Республикасында 16500 АҚТҚ - инфекциясын жұқтырған адамдар тұрады. АҚТҚ – инфекциясын жұқтырған және ЖҚТБ –мен ауыратын адамдардың жалпы санының 65,7% 15-29 жасқа дейінгі жастар құрайды. АҚТҚ жаза емес, ол вирус, сондықтан одан сақтана білуіміз керек.
КВИЛТ
Дүние жүзінде ондаған мың адамдар ЖҚТБ – дан өмірін қиған достарына, сүйіктілеріне, қарындастары мен ағаларына, ата – аналарына және балаларына арнап аттары матаға жазылған ескерткіш шыт тігеді. Олар өздерінің жақындарының аттары статистика сандарының арасында мәңгіге ғайып болуын қаламайды. Мұндай шыт квилт деп аталады.Квилт – ЖҚТБ – дан қайтыс болған жақын адамға арналған матадағы сурет-ескерткіш. 1987 жылы американдық Клив Джонс өзінің жақын досы Марк Фельдманға арнап алғашқы квилтті тікті, ол кезде дүние жүзінде көптеген адамдар індет оларға соқпай айналып өтеді деп есептейтін. Бұл бірінші квилт СПИД проблемасына халықтар мен үкіметтердің көзқарасын өзгертіп, күшті символ болды. Бүгін дүниежүзінің 40 елінде бар бұл қозғалыс 45 мыңнан астам ескерткіш шыттарын біріктірді. Бұларды жасаған адамдар індет әлі жайылмаған адамдар өз қауіпсіздігін қамтамасыз етуін қалайды.
Алдын алу
Салауатты өмір салтын жүргізу (спортпен айналысу, шылым шекпеу, ішімдік ішпеу, есірткі пайдаланбау);
Тек қана өзінің немесе жаңа жеке гигиеналық заттарды пайдалану (ұстаралық құралдар, тіс щеткілері);
Қан немесе қанның іздері бар материалдарды ұстаған кезде латексті қолғапты пайдалану;
Татуировка немесе пирсинг үшін залалсыздандырылған құралдарды пайдалану.
Некесіз жыныстық қатынастан аулақ болу.
Достарыңызбен бөлісу: |