ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ ДИАГНОСТИКА НЕГІЗІНДЕ АНЫҚТАУ
Кәсіби шеберлік деңгейі бойынша педагогке қойылатын талаптарды
арттыру мақсатында мынадай міндеттер шешілуі тиіс:
- 2011 жылы білім беру ұйымдарында басшылардан және педагогтардан
басқарудың жаңа дағдылары мен біліктіліктіліктерін арттыруды
талап ететін нәтижеге бағдарланған жоспарлау жүйесін енгізу.
- Білім беруде сапа менеджменті жүйесі принциптерінің бірі етіп
мониторинг
нәтижелерін есепке ала отырып, білім беру
процесін тұрақты жетілдіру принципін енгізу .
- 2013-2014 жылдар облыстарда
Сапаны бағалау қызметін құру.
Қазақстан Республикасындағы
білім беруді дамытудың
2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасының
«Білім беру менеджменті» бағытынан
2.1 Педагогикалық диагностикалау-мҧғалімнің кәсіби шеберлігін шыңдау негізі
(п.ғ.д.,академик В.П.Беспалько. Аударған А.Кенжеғұлова)
Теориялық білім болғанмен, оны практикада пайдалануда кӛптеген мұғалімдер
қиналады.
Тұлғаның психологиялық теориясы бойынша мұғалім еңбегі үш құрамдас бӛліктен
тұрады: педагогикалық қызмет, педагогикалық
қарым-қатынас, мұғалім тұлғасы.
Педагогикалық диагностиканың кӛпқырлылығына сәйкес алдымен мына
ұғымдардың мәнін ашып алу керек:
диагностика және диагностикалау. «Диагноз
қою» деген қарапайым мағынаны берсе, ал диагностикалау үдеріс болып
есептеледі.
Мектепте мұғалімдерді диагностикалаудың нақты педагогикалық қызмет
профессиограммасы қолданылады. (К.К. Платонов, В.А. Сластенин). Бірақ
ғалымдардың пікірі бойынша олар уақыт талабына сәйкес тұлғалық ӛзгерістердің
динамикасын кӛрсете алмайды.
Кәсіби рефлексия мұғалімге ӛзінің педагогикалық шеберлігін мақсатты түрде
жетілдіруге, ӛзін-ӛзі бағалауға мүмкіндік береді. В.П. Симонов бойынша
педагогтің кәсіби маңызды тұлғалық қасиеттерін диагностикалау нәтижелерін үш
деңгейде бағалауға болады: оңтайлы (оптимальный), қолжетімдік және сындарлы.
А.В.Христева педагогикалық қызметті талдау және ӛзіндік талдаудың мына
кезеңдерін бӛліп қарастырады:
- мазмұндық –диагностикалық (дайындық-бағдарлы);
- жобалық-мақсатты (талдау мен ӛзіндік талдау мақсаттарын нақтылау);
- технологиялық (кәсіби педагогикалық қызметті үдерісін талдау,ӛзіндік талдау);