Ақтӛбе мемлекеттік педагогикалық институтының Әдістемелік Кеңесі ұсынған Ақтӛбе 2011



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет28/41
Дата06.02.2020
өлшемі1,49 Mb.
#28307
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41

басшылары  арқылы;  облыс  мектептерін  зерттеу  нәтижесіндегі  студенттердің 
мәліметтері бойынша. 
 
2.5 Әдістемелік бірлестік жҧмысын диагностика негізінде жоспарлау 
(Әдістемелік жұмыстың сапасы қандай? Ойланып кӛрейік!) 
 
      Әдістемелік  бірлестік  жұмысын  диагностика  негізінде  жоспарлауға    тоқталмас 
бұрын  мектеп  тәжірибесіндегі  мұғалімдерді  үнемі  ойландырып  жүрген  үш  сұрақ 
тӛңірегіндегі  пікірлерге кӛңіл бӛлейік: 
      1-пікір: Кейбір мұғалімдер мектептегі әдістемелік бірлестік  ӛзін-ӛзі ақтамайды, 
қазір  шығармашылық  мұғалімдер  тобы  жұмыс  жасаған  дұрыс  деп  есептейді. 
Талқылайық: Дұрыс пікір. Ал бірақ  сол шығармашылық топты дүниеге келтіретін 
әдістемелік бірлестік  емес пе, «онсыз мұндай жоғары мәндегі жұмысқа мұғалімдер 
дайын ба? » деген сұрақ ойландырмай ма? 
      2-пікір:  Мұғалімдердің  ӛз  мектептеріндегі    әдістемелік    бірлестік    жұмысына 
кӛңілдері толмайды. «Ылғи баяндамалар тыңдай береміз, оның  ешбір пайдасы жоқ» 
деген пікір 
 Талқылайық:  Мектепішілік  әдістемелік  жұмыстың  тиімділігіне    әрбір  мұғалімнің 
ӛзі  мүдделі  ғой.  Сондықтан  оның  жұмысын  жандандыру    мұғалімдердің  бұл 
жұмысты    дұрыс  ұйымдастыруына  байланысты    емес  пе?  Басқа    кімнен  кӛруге  
болады 
     3-пікір: Кӛпшілік  мұғалімдер мектептегі бірлестік жұмысы «қанағаттандырады» 
деп есептейді.  
 Талқылайық:  Ал  шын  мәнінде,  жан-жақты  ойланса,  «қанағаттандырады»  деген 
жұмыстың  мұғалім    кәсіби  шеберлігін  кӛтеруге    ықпалы  болмай  жатады. 
Формализмге мойын ұсыну деген осы емес пе? Әйтпесе, сапасы жоқ жұмыспен бос 
уақытты алып,  тек  санына қанағаттануға болмайды ғой. 
      Міне,  осы  пікірлерден  байқалып  отырғандай,  мектептегі  әдістемелік  қызметтің 
жүйесі,  мақсаттылығы  жоқтықтан  әдістемелік  бірлестік    жұмысы  формальды 
жүргізіледі.  Сондықтан  да  мұғалімдер    педагогикалық    қызметтерінің  шынайы 
бағасын білмей-ақ, қандай жетістігін жетілдіру, қандай кемшілігін түзеу жолдарын 
ойластырмай-ақ,  педагогикалық-  психологиялық  тұрғыдан  сындарлы  бағасын 
алмай-ақ    жүре  береді.  Ал  нәтижесінде  оқушылардың  білім  сапасына  нұқсан 
келетіні  баршамызға  аян.  Сол  себептен  де  мектептегі  әдістемелік  жұмысты  қайта 
құру  мәселесі  бәрімізді  ойландыруға  тиіс.  Әдістемелік  бірлестік    мұғалімдерді  ӛз 
әдістемелік  шеберліктерін  арттыруға    іздендіретін  қозғаушы  күшке    айналу  керек. 
Бұл  маңызды  жұмыстың  нәтижелілігі   оның  бастапқы  жоспарлау    кезеңіне  тікелей 
байланысты. Сондықтан бірлестік жетекшісін алдымен «жұмысты жоспарлау қалай 
жүзеге асырылады?» деген сұрақ ойландыруы қажет. 
      Бірлестік  жұмысын  жоспарлау    диагностика    кӛрсеткіштеріне  негізделуі  қажет. 
Біз алдыңғы бӛлімдерде диагностиканы анықтау жолдарымен таныстырдық. Келесі 
беттерде  (1-  24  кестелер)  диагностика  түрлерін  де  ұсынып  отырмыз.  Міне,  осы 
құжаттарға  негіздей  жаңа  оқу  жылына  жоспар  жасамастан  бұрын  аяқталғалы 
отырған  оқу  жылының  соңында  (сәуір  айында)  диагностикалық  зерттеулер 


жүргізіліп,    қорытындыланып,  келесі  оқу  жылына  қандай  жұмыстар  белгілеуді 
ойластырып  алу  қажет.  Сонан  соң  жоспар  жобасы  жасалынып,  бірлестік 
отырысында  талқылаудан  ӛткізіліп,  нақтыланады.  Осындай  мақсатты  жұмыс 
жасалғанда  ғана  әдістемелік  бірлестік  жұмысы  әр  мұғалімнің  педагогикалық 
шеберлігін  жетілдіруге  ықпал  етпекші.  Ескертетін  жағдай:    сырт  қарағанда  бұл 
әдістемелік    ұсыныстар  қағазбастылықты    дәріптейтін  сияқты  болғанымен, 
шындығында  олай  емес.  Керісінше  жұмыстағы  формализмді  жойып,  бір  рет 
жүргізілген  диагностикалық  зерттеулер  жұмыстың  барлық  түрлерін  (кемшілікті 
жоюдағы  семинарлар,  озық  тәжірибе  тарату  түрлері  т.б.)  мақсатты  жүргізуге, 
мұғалімдердің белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасайды.  
       Мектепішілік  әдістемелік    жұмыстың  тиімсіздігі  алдымен  оны  дұрыс 
ұйымдастыра  білмеуге  байланысты.  Олай  болса,  оның  ұйымдастыру  жолдарын 
үйрену қажет. Ал үйрену кӛптеген жаттығу істерін атқаруды талап етеді. Алғашқы, 
үйрену кезеңінде ұсынған істерді атқару арқылы ғана белгілі бір реттелген, қалыпты 
жұмыс  стилі  құрылады.  Екінші    кезеңде,  яғни  әдістемелік    жұмысты 
ұйымдастыруды үйреніп алғаннан кейін бұл істердің бәрін қағаз жүзінде орындауға 
қажеттілік ӛзінен ӛзі жойылады. 
        Шеберлік деңгейін анықтайтын ӛлшемдерді ( ӛлшем не сауалнама сұрақтарын) 
әр  әдістемелік  бірлестік  ӛздері  де  құрастыруға  болады.  Ондай  ӛлшемдерді 
әдістемелік  бірлестіктің  міндеттерінен  туындатуға  болады.  Ол  міндеттер 
тӛмендегіше: 
І.  Мұғалімнің  мемлееттік  бағдарламамен,  білім  туралы  заңмен,  үкіметтің  қаулы-
қарарларымен т.б.қарулануы. 
2. Педагогика мен психология ғылымдарының жаңа жетістіктерімен танысып, озық 
тәжірибені зерттеп енгізуі. 
3.  Оқыту  мен  тәрбиенің  жаңа  әдістерін,  технологияларын  игеруі,  практикалық 
жұмыстарды жүргізу дағдысының деңгейін кӛтеруі. 
4.  Оқу  бағдарламаларын,  әдістемелік  нұсқауларды,  оқулықтарды  талдап,  жүйелі 
зерттеуі. 
5.  Оқушылардың  білім  сапасын  зерттеп  талдауы,  күрделі  тақырыптарды  ӛтудің 
жолдарын алдын-ала іздеп, қиындықтарды жеңе білуі. 
6.  Оқу-тәрбие  үдерісінің  негізгі  формасы  -  сабақты  жетілдіруі,  оқушылардың 
ӛзбетілік жұмысы мен белсенділігін инициативасын дамытудың жолдарын анықтай 
білуі. 
      Осы сұрақтар бойынша әр мұғалім фамилиясының тұсына білік деңгейі шартты 
белгілермен  кӛрсетіледі.  Қорытындысында  бірлестіктің  осы  6  сұрақ  бойынша  қай 
салада жетілдіру жұмыстарын жүргізуі анықталады. (1-кесте) 
    Жоғарыдағы  жалпы  деңгей  диагностикалық  картасы  (1-кесте)  анықталып  болған 
соң,  бірлестік  жұмысының  ӛткен  оқу  жылындағы  қорытындысы  мен  жаңа  оқу 
жылындағы  міндеттері  белгіленеді.  Кәсіби    шеберлікті    арттырудың    тікелей  
мұғалімдердің жеке қабілеттерімен, оқу-тәрбие үдерісінің обьектісі - оқушылардың  
білім  сапасымен  тығыз    байланыстылығы    терең    талдауды    қажет    етеді.  Сол 
себептен  бұл    бӛлімде  бірлестіктің    жұмысы  2-кестеде  кӛрсетілгендей  мәселелерді 
қамти талданғаны жӛн. (Анық болуы үшін кестеде кӛрсетіп отырмыз). 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   41




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау