73
«Жетістік тарихы» кітабы
организмнің жұмысын қалпына келтіру міндеті туындайды. Ем кешенді
болуға тиіс. Алайда, психиатрлар, аутизмді таза психиатрлық ауру деп са-
нап, өз пациенттерінің тән денсаулығына назар аудармайды. Бар әлем
мойындамай отырғанымен Биомедтің көмегімен аутизм емделмейді,
тек денсаулық бірте-бірте қалпына келтіріледі.
Нәрлі заттектердің жеткіліксіздігінің және токсиндермен уланудың
дәрежесі әркімде дара, сондықтан симптомдардың шашыраңқылығы
өте ауқымды. Баланы иммунологта, эндокринологта, гастроэнтерологта,
нефрологта мұқият тексерту, бірқатар талдамалар тапсыру, зат алмасу
тізбегіндегі осал буындарды анықтау керек болды. Ұзақ, шығынды, шы-
дамдылықты, ал кейде жай ғана ата-ананың жүректілігін талап ететін
жол.
Біздің отбасымызда мен – лоцман, ал кеме капитаны – мамасы. Па-
пасы – табыскер. Мен – жаратылысым жағынан батып кетпес үшін, май
шайқайтын бақамын, мамасында бұл қасиет одан да күшті дамыған.
Бізде алауыздық болмады. Мен, мамасы және күтуші қатарынан орга-
низмді биомедтің көмегімен қалпына келтіре және Никитаны жетілдіре
отырып, арбаны бір жаққа тарттық.
Тактика – диета, микроэлементтер, хелирлеу (бұл ерекше препарат-
тардың көмегімен ауыр металдарды байлау және оларды организмнен
шығару), вирусқа қарсы ем – өзінің жемістерін әкелді. Алғашқы белгілер
пайда болды, бала біраз жөнге келіп қалды. Бірақ сөздің дамуы әзірге
білінбеді. Біз әзірше үлкен нәтижелерге үміттену ерте екенін түсіндік.
Денсаулықты қалпына келтіру – бұл еңбектің жартысы - ғана, баланы
жан-жақты дамыту сауықтыру емесі оны біліммен жетілдіру емі. Са-
бақ кез келген ауа-райы жағдайында болады деген ойға көндігуі үшін
онымен күн сайын айналыса алатын мамандарды іздей бастадық. Та-
маша логопед-дефектологты таптық. Ол әйел бәрін түсінді және онымен
жұмыс істеуге әзір болды. Алуан түрлі машақат: айқай да, жұлынған шаш
тұлымдары да болды. Мен әжемін ғой, шыдаймын, ал логопедке оның
керегі не? Иппотерапиямен айналыстық. Логопедпен, дефектологпен
және психологпен сабақтар әлі күнге дейін жалғасуда. Қазір онымен йога
бойынша жаттықтырушы жеке айналысады, сүйектерін түзетеді.
Бізге ол ешқашанда сөйлемейді деген тұжырым жасаған. Баста-
пқыда мен толық сауығу туралы армандаған да жоқпын. Тым болмаса,
өзін киіндіруге мүмкіндік берсе, қасықты ұстаса, атын атағанда қараса…
Қазіргі стратегиялық мақсат – баланы толық қалпына келтіру. Мектепте
білім беру. Бүгін Никита сөйлеседі, 4-ші сыныпқа көшті. Аутизм жоқ, бірақ
дизлексия және дисграфия бар. Бұл енді проблемалардың басқа деңгейі.
Оған өлеңді жаттау әлі қиын, бірақ компьютерді оңай жаратады, жақсы
74
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
фотоға түсіреді, онда композиция сезімі, әлемге деген қызық көзқарасы
бар. Қару-жарақ туралы бәрін біледі. Қару өлтірмейді, адам өлтіреді дей-
ді.
Біртіндеп, агрессивті баладан (бір жылдың ішінде ол бүкіл пәтердің
талқанын шығарды) ол тыныш, біртоға балаға айналды, бірақ әзірге әлі
де күңкілдеуді шығарған болатын – бұл онда пубертаттық кезеңнің осы-
лай көрінгені.
Әрине, проблемалар көп болды және болып қала беруде. Мысалы,
ПМПК бізге балабақшаға жолдама берді, бірақ бізге диета керек. «Біз
бірнеше сағатқа келіп тұрсақ бола ма?», - деп сұраймын да, жоқ деген
жауап аламын. Нәтижесінде балабақшаға бала тура мектептің алдында
барды. Балабақша «мықтылардың» балаларына арналған, бірақ онда
әлімжеттік үстем екен. Бұл туралы былай білдік. Никита қымбат ойын-
шықтарға қызығушылық танытты, оларды сұрай бастады. Содан кейін
мүлдем дерлік сөйлемейтін бала: «Ақша жоқ, ойыншық жоқ, балабақ-
шаға барудың керегі не?»-дегенді айтты.
Бізге қосымша білім керек. Бірақ біз қайда барсақ та, бізді алмады.
Есесіне біз тамаша мектепке, сөйлейтін сыныпқа түстік. Педагогтар ұжы-
мы жұпыны материалдық мүмкіндіктер жағдайында балалар үшін өте
көп шаруа істейді. Мектепте балалармен қосымша айналысатын психо-
лог және логопед жұмыс істейді. Сынып жетекшісі Айнаш Советовнаға
өте разымыз.
Немереммен үнемі араласамын, бізде жиі даулар болады. Мен
оған өте қуанамын. Әрине, сөзінде бұзылушылықтар бар, бірақ бәрі де
түсінікті. Рас, кітап оқығысы келмейді. Бопсалауға тура келеді. Өзіне ауыр
берілетін нәрселерді жасағанды оның суқаны сүймейді. Бұл объективті
нәрсе.
Аурудың кесірінен Никитаның өмірінде балалық шақтың бір бөлігі
ізін қалдырмады, ертегілер болған жоқ, нәтижесінде ол кішкентай шал
секілді. Бірақ Никита көңіл-күйді ұғады, сезеді. Ол әжесін мақтан тұтады:
«Бұл менің Ира апам. Ол – менің досым». «Ол сенің әжең бе?» деген
сұраққа қарсылық білдіріп: «Жоқ, ол әже емес, ол кәрі емес».
Жол өте қиын болды. Мен өз еркіммен емдеудің жолына түсіп ком-
пьютерге үңіліп, әлеуметтік және жеке басымның қамынан мектелдім.
Бірақ бұл өмірдің басқа бір қыры. Балалардың ілгері басқаны жақсы.
Мен немереме көмектесуімді жалғастыра беремін. Қазір өзім үшін де
уақыт пайда болды, мен йогамен айналысамын, декупажбен әуестене
бастадым. Ата-аналармен көп араласамын (негізінен интернет арқылы),
тәжірибемен бөлісемін, кеңес беремін. Менің ұраным: «Істеуге тиіс нәр-
сеңді істе, не болса сол болсын».
75
«Жетістік тарихы» кітабы
МеН өзІМНІҢ ІШКІ үНІМе ҚҰЛАҚ САЛДЫМ
Наталья Данилова түсірген фотосурет
Марина Издургановна Буханцова мен оның ұлы Антон –
алматылықтар. 2014 жылдың маусым айында Антон, дәрігер-
лердің болжамдарына қарамастан, беделді техникалық жоғарғы
оқу орнын бітірді. Дипломдық жұмысын қорғауда ол 100 ұпайдан
93 ұпай жинады. Олардың бұл шыңға қарай қалай бірге
ілгерілегені жайында Марина Издургановна әңгімелейді.
Антон – тұңғыш әрі жалғыз бала. Мен оны ешкіммен салыстыра
алмаймын. Өз сезімдеріңді дәл тауып айту қиын. Бұл сүйіспеншілік
болды ма? Білмеймін. Қорқыныш, әсіресе, ол үшін таңдау жасау ке-
рек болған уақытта болды.
Диагнозды оған перзентханада қойды. Бірақ, алдымен жүктілік ту-
ралы айту керек шығар.
9-шы аптада мен ауырып қалдым, абсцесс басталды, мені ауру-
ханаға жатқызып, антибиотиктер еге бастады. Өзімнің мамандығыма
байланысты мен антибиотиктердің қатерін жақсы білдім. Электрон-
дық-медициналық аппаратура және қоршаған ортаны қорғау жөнін-
Достарыңызбен бөлісу: |