66
Ата-ананың қолынан келмейтін іс болмайды
ЛФК
нұсқаушысының сабақтарына, музыка сабақтарына қатысамыз.
ПМПК тарапынан бізге Юляның оқуға жарамайтыны туралы қоры-
тынды берді. Олардың өз себебі бар:
– Қаламды, қарындашты ұстайсыздар ма?
– Жоқ.
– Сөйлейсіздер ме?
– Жоқ.
– Онда мектептің керегі не сіздерге? Одан соң бәрібір үйде отыра-
тын боласыздар.
Нәтижесінде, біз үйде білім беруге және
тәрбиелеуге жәрдемақы-
дан құр қалдық. Сонда, «оқытуға жарамайтын» деп ен тағылған ерек-
ше балақайларға жетілдіруші құралдар да, кітаптар да керегі жоқ
болғаны ғой. Сәбидің мүгедектігі бойынша жәрдемақы неге жетеді?
Тура 2 йогуртке, бір литр сүтке, 2 жеміске және күніне 2 памперске
жетеді (мемлекет 1 күнге 1 памперс береді).
Қоршаған әлемді танып-білуге және оны сезінуге мүмкіндік бер-
мейтін балақайлар бар екеніне келісемін. Бірақ, өздері үшін жаңа
білімдер мен ебдейліктерді ашуды жалғастыратындары да бар
(көбісін жеке білемін), бірақ ол бойынша ауыртпалықтың бәрі ана-
лардың иығына түседі.
Мемлекетіміз оқытуға жарамайтын балалар жоқ деген саясатты қол-
дайтын секілді еді, бірақ іс жүзінде Конституцияның жаппай білім алуға
құқық туралы бабының бізге қатысы жоқ болып шығады. Ал Выгодский-
дің ең жақын жетілу аймағы туралы теориясы ше? Біз өз шектерімізді
білеміз, бірақ бір машықтарды дамытқанда, жалпы миды дамытатыны-
мызға және ол біздің өмірімізге ықпал ететініне кәміл сенімдімін. Юля
санау мен әріптерді танып-білуде және табыстарға жетуде.
Өзіңе және басқаларға қалай көмектесуге болады?
Біріншіден, қоғамдық ұйымдармен және мемлекеттік органдар-
мен белсендірек араласу керек. Әрі жатқан тастың астына су ақпайты-
ны жайында және ата-аналар – мемлекеттің бір бөлігі екені жайында
ұмытпау керек. Мемлекеттік шенеуніктер сіздің проблемаларыңызды
терең сезіне алмайды және тек сіздің балаларыңыздың өмірінің сапа-
сы ғана емес, сонымен қатар кейіннен дүниеге келетіндердің де өмірі
сіздің өз сәбиіңіздің құқықтары мен қажеттіліктерін қаншалықты та-
банды қорғауыңызға байланысты. Иә, біздің жүйе оңай емес және
қиындықтар болады, бәрі рас, бірақ әр қадам – алға жасалған Қадам…
Әрқашанда өзіңнің ата-аналық позицияңды дәйекті және анық
білдірген маңызды. Әлеуметтік қорғау қызметі беретін арбаша ба-