Арал аудандыќ жўмыспен ќамту жјне јлеуметтік баєдарламалар бґлімініѕ 013 жылдыѕ айында атќарєан жўмыстары жґнінде мјліметтер



Дата02.02.2020
өлшемі68 Kb.
#28015

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің 2018 жылдың 12 айында атқарған жұмыстары

туралы МӘЛІМЕТ

Халықты жұмыспен қамту бойынша:
2018 жылдың 12 айында жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеуші ретінде хабарласқандар саны -3560 адам (2017 жылы 3975 адам).

Тұрақты жұмысқа орналасқандар саны 1815 адам (2017 жылы 2237 адам). Жоспар 2018 жылға – 1924 адам (2017 жылы 1424 адам болған).

Жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 1017 адам тартылды. (2017 жылы жыл басынан қоғамдық жұмыстарға 1170 адам тартылды).

2018 жылдың 12 айында ауданда 1236 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жоспар (1120 орын). Олардың ішінде, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласы бойынша 54, өнеркәсіп саласы бойынша 397, құрылыс саласы бойынша 80, көлік және қоймалау саласы бойынша 16, көтерме және бөлшек сауда, авто ж/е мотоцикл жөндеу саласы бойынша 60, білім беру, мәдениет, спорт салалары бойынша 63, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер саласы бойынша 119, экономикалық қызметтің басқа түрлерінің саласы бойынша 347, уақытша және маусымдық жұмыстар бойынша 100 орын.

Нысаналы топқа жататын жұмыссыздар қатарынан мүгедектік топтағы 73 мүгедек жұмыссыз ретінде тіркеуге алынып, олардың ішінен 37 мүгедек тұрақты жұмысқа, 3 мүгедек әлеуметтік, 22 мүгедек қоғамдық жұмыс орындарына, 5 мүгедек жас жастар тәжірибесіне, кәсіби оқуға 4 мүгедек жолданды.

Жыл басынан жазасын өтеп келген 32 адам (оның ішіндегі 2017 жылдан- 5 адам) азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, олардан 28 тұрақты жұмысқа орналасып, кәсіби оқуға 3 адам тартылды (1 адам есептен шығарылды).

Жыл басынан бөлімде 13 - рет бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізілді. 67 мекемеден 594 бос жұмыс орындары ұсынылды. Өткізілген жәрмеңкеге барлығы 867 адам қатысты. Оның ішінде 477 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Сонымен қатар 491 адамға «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2017-2021ж» бағдарламасының бағыттары жөнінде кеңестер берілді.

Биылғы жылы Республикалық «Парыз-2018» конкурсына ауданымыздан 2 мекеме қатысып, облыстық конкурстың жеңімпаздары атанды. Олар «Арал құрылысы» ЖШС және «Қамқор локомотив» Сексеуіл жөндеу депосы.

Облыстық «Еңбек жолы» конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша ауданымыздан 2 отбасы қатысып, «Қуаныш» шаруа қожалығының төрағасы Бердимагамбетов Турехан Қуанышұлының отбасы облыс жеңімпазы атанып, облыс әкімінің арнаулы грамотасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Облыстық «Еңбек жолы» конкурсының «Өндірістің үздік жас қызметкері» номинациясы бойынша «Қамқор локомотив» Сексеуіл жөндеу депосы мекемесінің шаруашылық цехының электрогазбен дәнекерлеушісі Алдабергенұлы Қайсар облыстық конкурстың жеңімпазы атанып, осы жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өткен республикалық конкурсқа қатысып, министрліктің арнаулы грамотасымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

2018 жылдың желтоқсан айына тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,9 пайызды құрады. Жалпы жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша 5,0 пайызды құрайды.

Әлеуметтік төлемдер бойынша:
Атаулы әлеуметтік көмек. Аудандық бюджеттен аз қамтамасыз етілген азаматтарға жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті көрсетуге 51900,0 мың. теңге, республикалық бюджеттен 135593,0 мың теңге барлығы 187493,0 мың тенге қаржы қаралған.

2018 жылдың 12 айында 775 отбасына 201214,1 мың тенге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, 187493,0 мың тенгесі төленді.



Тұрғын үй көмегі 2018 жылға жергілікті бюджеттен аз қамтамасыз етілген отбасыларға 11267,0 мың теңге қаржы қаралған.

2018 жылдың 12 айында 449 отбасындағы 2319 адамға 11267,0 мың теңге көмек тағайындалып, төленді. (2017 жылдың 12 айында 759 отбасындағы 4118 адамға 19076,0 мың.теңге көмек тағайындалып, төленген)



Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмектер 2018 жылы облыстық бюджеттің есебінен аудан бойынша мамандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулезден емделудің сүйемелдеу сатысындағы азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек 2018 жылы облыстық бюджеттен 29726,0 мың теңге қаралып, 12 айда 194 адамға 29726,0 мың теңге тағайындалып төленді.

(2017 жылы 22122,3 мың тенге қаралып, 12 айында 174 адамға 22122,3 мың тенге тағайындалып, төленген)



Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулармен ауырған диспансерлік есепте тұрған балаларға төленетін әлеуметтік көмекке 2018 жылға 182,8 мың теңге қаралып 12 айда 2 балаға 182,8 мың теңге тағайындалып, төленді.

(2017 жылы 414,0 мың тенге қаралып, 12 айында 2 балаға 414,0 мың тенге тағайындалып төленген.)



Ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек 2018 жылға 20795,0 мың теңге қаржы қаралып 12 айына 2156 адамға 20795,0 мың тенге тағайындалып төленді.

Ауданымызда 12 айда тұрмыс жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі, жалғыз басты қарттарға және жетім балаларға барлығы 2529 отбасыға 17387,0 мың тенге қайрымдылық көмек жасалынды.



Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша:
2018 жылдың 12 айында 148 жүріп-тұруы қиын І топ мүгедектеріне - 124 жеке көмекшілер қызмет жасады, жеке көмекшілердің қызметіне аудандық бюджеттен 18000,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 12008,0 мың теңге (2017 жылы 18198,0 мың теңге) қаралған болатын; 38 тіл-құлақ кемістігі бар мүгедектерге - 3 ымдау тілі маманы қызмет көрсетті, ымдау тілі мамандарына жергілікті бюджеттен 2037,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 4201,0 (2017 жылы 5595,0 мың теңге) қаржы бөлінген.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерді қажетті құралдармен қамтамасыз ету шаралары іске асырылуда.

2018 жылға аудандық бюджеттен міндетті гигиеналық құралдарға 19504,0 мың теңге, республикалық бюджеттен 36357,0 мың теңге (2017 жылы 39251,0 мың теңге)қаралып, міндетті гигиеналық құралдар - 623 (2017 жылы 463 адамға) мүгедек азаматтарға таратылды.

2018 жылдың 12 айында міндетті гигиеналық құралдарға қаралған қаржының 55132,2 мың теңгесі, жеке көмекшілердің қызметіне және ымдау тілі мамандарына 36246,0 мың теңгесі төленді.

Мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2018 жылдың 12 айында мүгедектерге:

протездік-ортопедиялық көмек– 362 адамға (2017 жылы 345),

сурдотехникалық құралдар – 67 адамға (2017 жылы 46 адамға),

тифлотехникалық құралдар– 136 адамға (2017 жылы 111 адамға),

кресло-арбалар – 67 (2017 жылы 70 адамға)таратылды.

Санаториялық-курортқа – 72 адамға (2017 жылы 70 адамға)жолдама берілді.

2018 жылдың 12 айында Қызылорда қаласында орналасқан «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 63 мүгедек, 1 зейнеткер жолданды. (2017 жылдың осы кезеңінде 55 мүгедек 2 зейнеткер жолданған).

Үйде тәрбиеленіп оқуға 2018 жылға жалпы 5075,0 мың теңге қаралып, 83 балаға төленді. (2017 жылы 5003,0 мың теңге қаржы қаралған).

Қызылорда қаласында орналасқан мүгедектер мен қарттарға арналған қарттар үйіне және № 2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына жеке оңалту бағдарламасына сәйкес 5 мүгедек жолданды. (2017 жылы психикалық жүйке аурулар интернатына 6 мүгедек жолданған).

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен «Арал ауданы мүгедектер ұйымы қоғамдық бірлестігі» 2018 жылдың 12 айында 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 28 балаларға күндіз болу бөлімшесі бойынша жартылай стационар жағдайында қызмет көрсетіп отыр. ( 2017 жылы 19 балаға қызмет көрсеткен).

Сонымен қатар, мүгедектерді тасымалдау (инватакси) қызметін ұйымдастыруға 2018 жылға республикалық бюджеттен 279,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 2509,0 мың теңге бөлініп, 2788,0 мың теңгесі игерілді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы Қазақ соқырлар қоғамы жұмыс жасап 1 автокөлігі 52 мүгедектерді тасымалдау жұмыстарын жүргізді. (2017 жылы бұл мақсатқа 2760,0 мың теңге бөлінген).

Үйден әлеуметтік қызмет көрсету бойынша аудан бойынша 139 мүмкіндігі шектеулі балаларға 31 әлеуметтік қызметкер, 88 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге 14 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсетеді. (2017 жылы 152 мүмкіндігі шектеулі балаларға 31 әлеуметтік қызметкер, 87 жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге 14 әлеуметтік қызметкер қызмет көрсеткен).



Жекелеген санаттар бойынша датылы және мерекелік күндерге жүргізілген әлеуметтік төлемдер:
2018 жылдың ақпан айында – «15 ақпан - Ауғаныстан аумағынан совет әскерлерін шығару күніне» орай 29 Ауғаныстан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2092,4 мың теңге біржолғы әлеуметтік төлемдер жүргізілді.

(2017 жылы 30 Ауған соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне – 2042,1 мың теңге төленген)

2018 жылы 26 сәуір – Чернобыль АЭС-інде апатқа ұшырағандарды еске алу күніне орай 9 Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысушыларға 649,4 мың теңге әлеуметтік көмек есеп шоттарына аударылды. (2017 жылы 12 Чернобыль апатына қатысушылары мен мүгедектеріне – 816,9 теңге төленген)

2018 жылы 29 тамызХалықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай 32 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын жоюға қатысушыларына 2308,8 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек есеп шоттарына аударылды. (2017 жылы 34 Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың зардаптарын жоюға қатысушыларына 2314,4 мың теңге төленген)

2018 жылы 2 Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне аудандық бюджеттен 192,4 мың теңге; облыстық бюджеттен 192,4 мың теңге есеп-шоттарына аударылды.



(2017 жылы 5 ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне аудандық бюджеттен – 453,8 теңге, облыстық бюджеттен – 453,8 теңге төленген)

2018 жылы тылдағы жанқиярлығы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен марапатталған 4 адамға аудандық бюджеттен 288,6 мың теңге және облыстық бюджет есебінен 192,4 мың теңге есеп шоттарына аударылды.



(2017 жылы аудандық бюджеттен осы санаттағы 6 адамға аудандық бюджеттен 408,4 мың теңге, облыстық бюджеттен 272,3 мың теңге төленген).

1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмағандарға 873 адамға облыстық бюджеттен – 62987,0 мың теңге төленді.



(2017 жылы 981 адамға 66776,7 мың тенге төленген).

ҚР-ның «Отан», «Данқ» ордендерімен мапапатталған, «Халық қаһарманы» және ҚР-ның тағы басқа құрметті атағына ие болған 5 азаматқа 2018 жылға 420,0 мың теңге қаралып 274,7 мың теңге төленді. (2017 жылы 5 азаматқа 229,5 мың теңге төленген).

Азаматтық хал актілерін тіркеу бойынша:
2018 жылдың желтоқсан айында тіркелген акт жазбаларының саны – 2891

(2017 жылы 2446). Оның ішінде:

Туу туралы актілер –1707 (2017 жылы 1524);

Қайтыс болу туралы актілер – 446 (2017 жылы 471);

Неке қию туралы актілер – 537 (2017 жылы 471);

Некені бұзуды тіркеу туралы актілер – 100 (2017 жылы 108);

Әке болуды анықтау туралы актілер – 75 (2017 жылы 55);

Бала (қыз) асырап алу туралы актілер – 15 (2017 жылы 17);

Тегін, атын, әкесінің атын өзгерту туралы актілер – 11 (2017 жылы 18);

Сонымен қатар, 2018 жылы 21 азаматтық хал актілерін қалпына келтіру немесе өзгерістер мен толықтырулар енгізу жұмыстары жүргізілді (2017 жылы 46).

Оның ішінде:

Азаматтық хал актілерін қалпына келтіру – 8 (2017 жылы 10);

Азаматтық хал актілеріне өзгерістер енгізу – 13 (2017 жылы 46)

2018 жылы АХАТ жұмыстары барысында – 7710035 теңге мемлекеттік баж өндірілді. (2017 жылы 2214831,4 теңге мемлекеттік баж өндірілген).

Орындаған: Г.Сермуханова

Н. Байназарова

А. Жаймақов



М. Жумашева

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау