|
Астана қаласы Білім басқармасыӘр жас кезеңіндегі адамдардың дамуы туралы білімдер мен түсініктерді білуі
|
бет | 6/29 | Дата | 18.12.2023 | өлшемі | 1,76 Mb. | | #44798 |
| phpgYF8eN org-DSTENELK-RAL-kaz-yaz---psihologtara-arnalan-1 Психологиялық кеңес беру және психодиагностика негіздерін білуге және тәжірибеде қолдана алуға.
Психолог тұлғасына қойылатын талаптар
Адамдардың жеке мінез көріністеріне тәуелді болмай, барлық адамдарға деген бірдей көзқарас;
Жанындағы адамдардың эмоционалдық жағдайын сезіне білуі;
Жанын жарақаттап алмай, клиентке ақпаратты жеткізудегі қабілеттілік, кәсіби такт.
Жағымсыз жағдаяттан немесе тығырықтан шығу үшін тақырыпты тез
өзгерту қабілеттілігі, қандай да бір мәселе бойынша әр түрлі көзқарастарды қарастыруы;
Эмоционалдық шыдамдылық және ұстамдылық, клиенттің психикалық жағдайына (қандай болмасын) дұрыс қарай білу, мазасыздануды басу, қалыпты жағдайды қалыптастыра алуы;
Жалпы мәдениеттілікті, мінез -құлық ережелерін, әдепті сақтау;
Қайырымды, мейірімді, достық атмосферасын құра білуі, клиенттің өзін еркін ұстауына жағдай жасай алуы.
Психологтың этикалық кодексі
Білім беру жүйесіндегі психологтың кәсіби қызметі балалардың алдында ерекше жауапкершілікке ие.
Баланың жеке мүддесі білім беру мекемелері, басқа адамдар, ересектер және балалардың мүдделеріне қайшы келетін болса, бірінші кезекте баланың құқығын қорғау басымдыққа ие. Психолог өзінің қызметтік лауазымын барынша күш салып орындауға міндетті.
Психологтың жұмысы кәсіби тәуелсіздік және дербестік қағидаты
негізінде құрылады. Оның кәсіби психологиялық сипаттағы шешімі түпкілікті болып табылады және оқу-тәрбие мекемелері әкімшілігі немесе жоғары басқару ұйымдары тарапынан жойылуы мүмкін емес.
Психологтың шешімін алып тастауға жоғары білікті психологтардан құралған және тиісті билік өкілдігі бар арнайы комиссияның ғана құқығы бар.
Балалармен жұмыста психолог адалдық пен шынайылық принциптерін басшылыққа алады.
Балаларға көмек көрсете алуы үшін психолог өзі де сенім мен тиісті құқықтарды қажетсінеді. Ол өз кезегінде өзіне берілген құқықтарды дұрыс қолдануы үшін персоналды жауап береді.
Білім беру жүйесіндегі психологтың жұмысы әр баланың еркін интеллектуалдық және тұлғалық даму жолында шектеулерді алып тастауды болжайтын тек ізгілік мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған.
Психолог өз жұмысын бала тұлғасының қадір-қасиеті мен жеке басының қол сұғылмаушылығын сөзсіз құрметтеу негізінде құрады және оның Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясы мен бала құқықтары туралы Конвенция айқындайтын адами құқықтарын белсенді түрде қорғайды
Психолог қоғам алдында, барлық адамдар алдында бала мүддесін қорғайтын тұлғаның бірі болып табылады.
Психолог психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, қорытынды жасау мен ұсыныс беруде мұқият және абай болуы керек.
Психолог қандай-да бір баланың дамуын, оның адами бостандығын, физикалық және психологиялық еркіндігін шектейтін істерге қатыспауы тиіс. Балаға залал келтіретін істерге тікелей қатысу және жеке бас тарапынан қолдау көрсету психологтың кәсіби этикасын бұзғандығының мейлінше ауыр түрі болып саналады. Басқа адамдардың баланың құқығын бұзу фактілерін немесе балаға қатысты дөрекі қылықтарды байқап қалған жағдайда психолог өзінен жоғары лауазымды адамдарға, сондай-ақ кәсіби бірлестік ұйымына хабарлауына міндетті.
Психолог баланың құқығының бұзылуына әкеліп соқтыратын кез-келген саяси, идеологиялық, әлеуметтік, экономикалық және басқа да ықпалдарға қарсы әрекет жасауы тиіс.
Психолог тек білімі мен біліктілігіне байланысты қызметтерді ғана жүргізуге міндетті.
Сынақтан өтпеген немесе барлық стандартқа толықтай жауап бере алмайтын психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді мәжбүрлі қолдануға тура келген жағдайда психолог бұл туралы мүдделі тұлғаларға ескертуі керек және қорытынды жасау мен ұсыныс беруде өте мұқият болғаны абзал.
Психологтың құзыретті емес тұлғаларға қолдану үшін психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістемелерді беруіне құқығы жоқ.
Психолог психодиагностикалық және психологиялық әдістерін кәсіби дайын емес адамдардың қолдануына жол бермеуі керек және білмегендіктен сондай адамдардың қызметін пайдаланатын адамдарға ескертуі керек.
Жеткіншек жастағы және жоғары мектеп жасындағы жасөспірім балалар үшінші бір тұлғалардың (мұғалім, ата-ана немесе оларды алмастыратын тұлға) қатысуынсыз-ақ психологтан жеке кеңес алуына құқығы бар.
Психолог баланың өзінің қалауы бойынша ересек немесе басқа тұлғалардың қатысуымен зерттеу немесе кеңес беру жұмыстарының жүргізілуіне кедергі келтірмеуі тиіс, заңмен белгіленген медициналық-психологиялық немесе сот-психологиялық сараптамаға байланысты ерекше жағдайларды қоспағанда.
Жеткіншектік және жасөспірімдік шақтағы балаларды жеке психологиялық зерттеу туралы мәліметтерді психолог үшінші бір адамға тек баланың өзі келісім берген жағдайда ғана бере алады. Оның өзінде бала ол туралы кімге, не туралы айтылғаны немесе берілгені туралы білуге құқығы бар.
Мұғалімдерге, ата-аналарға, оларды алмастыра алатын өкілетті адамдарға, білім беру ұйымының әкімшілігіне, яғни осы тұлғалар балалардың жеке басына залал келтіру үшін қолданып кетуіне жол бермейтіндей мәліметтерді ғана беруі керек.
Психолог қызметі мен орны балаға залал келтіруі мүмкін екіұшты болып көрінетін істерге немесе іс-әрекет түрлеріне араластыруына жол бермеуі керек.
Психолог орындай алмайтын жағдайы болса, алдына келген адамдарға уәде бермеуі керек.
Егер баланы зерттеу немесе психологиялық араласу басқа адамдардың талабы бойынша жүзеге асырылатын болса, онда психолог бұл туралы баланың ата-анасына немесе олардың орнындағы өкілетті тұлғаларға хабарлауға міндетті.
Психолог зерттеуіндегі балалар туралы ақпаратты құпияда сақтауға жеке басымен жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|