Күні: 22.02.2017 ж.
Тобы: ІІ кіші «Балдырған»
Тақырыбы: Көлік түрлері
Мақсаты: Көліктерді ажырата білуге,не үшін керек екендігі туралы түсінік беру. Көлік туралы жұмбақтарды шешу арқылы балаларға көлік түрлерінің ерекшіліктерін тереңірек түсіндіру. Өзін-өзі қоршаған ортада мәдениетті ұстауға, әдепті, әдемі болуға үйрету. Балалардың сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын жетілдіру. Достық пен сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құрал жабдықтары: слайд, көлік түрлерінің суретері, қонжық аю, т.б.
Билингвальды компонент: ұшақ-самолет, тік ұшақ-вертолет, мәшина-машина.т.б.
Оқу қызметінің кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі
|
Балалардың қызметі
|
Мотивациялық- қозғаушылық.
|
Ғажайып сәт.
(Көлік жүргізушісі жеңіл машинасын айдап кіреді)
-Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Мен өзімді таныстырып кетейін.
-Мен осы машинаның жүргізушісімін.
Сендер өзімнің көлігімен таныстырайын.
-Балалар менің көлігім сендерге ұнады ма?
-Менің көлігімнің түсі қандай?
Шаттық шеңбер.
Достар бірге жүреміз,
Бірге ойнаймыз, күлеміз.
Бірге тату боламыз,
Міне біздер қандаймыз!
Міне біздер осындаймыз! (бармақтарын көрсетеді)
|
Балалар көлік жүргізушімен амандасады.
Көлігімен танысады.
Балалар тәрбиешімен бірге қимылдар жасайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденістік.
|
Ендеше балалар мен бүгін ашық оқу қызыметінде көлік түрлерімен таныстырамын.
Балалар, бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біздер көлік туралы әңімелесеміз.Қазір сендермен көлік деген сөздің төңірегінде әңгіме жүргіземіз,сұрақтарға
жауап беріп жұмбақтар шешеміз. Сонымен көлік дегеніміз не?
-Ол адамға не үшін керек?
-Ал, сендер балабақшаға немен келесіңдер?
-Өте жақсы, енді мен көліктің шығу тарихымен таныстырайын.
Ертеде адамдар бар ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын жерлеріне жаяу барған. Содан адамдар көлік ретінде ең алғаш үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат,түйені көлік қылып мінсе,үндістер пілді,ал кейбір шығыс халқы есек,бұқаларды көлік қылған екен. Содан кейін адамдар ең алғаш көлікті ойлап тапқан оған күйме-онымен адамдар баратын жерлеріне барған,ат арба онымен адамдар шөп,ауыр жүк тасыған. Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.
Қазір көліктердің түрлері өте көп оларды бірнеше топқа бөлуге болады мысалы:суда жүзетін,жерде жүретін,әуеде ұшатын және жер асты көліктері.
|
Достарыңызбен бөлісу: |