Астана агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық схемасы


Целиноград, Ақкөл, Аршалы, Шортанды



жүктеу 4,64 Mb.
бет13/22
Дата17.01.2018
өлшемі4,64 Mb.
#7567
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

Целиноград, Ақкөл, Аршалы, Шортанды

аудандарының әкімдіктері қарастырған шаралар

49 кесте

р/с


Астана агломерациясы елді мекендерін сумен қамтуды жақсарту бойынша шаралар


Целиноград ауданы

Ақкөл

ауданы


Аршалы ауданы

Шортанды ауданы

Барлығы

I

Су құбырлары мен тарату сумен қамту желілерін салу, оның ішінде

26







1

27




а) ЖСҚ дайындау




б)тарату сумен қамту желілерінің құрылысы

II

Тарату сумен қамту желілерін жаңарту

14

7


7

7

35




а) ЖСҚ дайындау




б) тарату желілерін қайта құру

III

ЖСҚ құрастыру және елді мекендерді жер асты сулары қорымен қамтамасыз ету үшін іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу

11

9

22

12

54

IV

Дамсинск су қоймасы құрылымдарын күрделі жөндеу, сүзу станциясы блогына жыл сайын қызмет көрсету










1

1

Электрмен қамту

Есепті 2013-2014 жылдары Астана агломерациясын және Астана қ. электрмен қамту 50 кестеде берілген көрсеткіштермен сипатталған.
Астана агломерациясын электрмен қамту

50 кесте




Атауы

2013 ж.

2014 ж.

төмендеу (-), арту (+)

%

1

Электр тұтыну, млрд. кВт.с

7,5

8,0

0,49

6,5%

2

Энергетикалық жүктеме максимумы (Қазақстан БЭС бірге), МВт

1313

1375

62

4,7%

3

Электр станцияларының белгіленген қуаты, МВт

562

562

0

0,0%

4

Электр станцияларының қолданатын қуаты, МВт

517

523

6

1,2%

5

Электр энергиясын шығару, млрд. кВт. с.

3,1

3,0

-0,1

-3,4%

Берілген мәліметтерге сәйкес 2014 жылы электр тұтыну көрсеткіші 2013 жылмен салыстырғанда 0,49 млрд. кВт.с немесе 6,5% артқан.



2030 ж. дейін Астана агломерациясындағы электрлік желілерді дамыту

2030 жылға дейінгі болжам нұсқалары бойынша электр тұтыну мен электрлік жүктемелер нұсқасы төменде берілген (51 кесте).


Энергия тұтыну және электрлік жүктемелер серпіні

51 кесте

Атауы

2014 ж.

2020 ж.

2030 ж.

есепті

мин

макс

мин

макс

1. Электр тұтыну, млрд. кВт.с.

8,00

10,4

12,0

12,2

13,9

2. Электрлік жүктеме максимумы, МВт

1375

1620

1870

2250

2520

2014-2030 жж. кезеңіндегі электр тұтынудың орташа жылдық өсімі қарастырылып отырған өңірдің дамуын ескере отырып, сәйкесінше минималды және максималды болжам деңгейі бойынша 2,7-3,5% ауқымында анықталды.

Электр тұтыну мен электрлік жүктемелердің артуы келесі негізгі факторларға негізделеді:

Қазақстан Республикасын үдемелі индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;

шағын және орта бизнесті дамыту, қолданыстағы кәсіпорындардың қуатын арттыру, жаңа кәсіпорындар салу және қолданыстағы кәсіпорындарды қайта жаңарту.

35 кВ және жоғары электрлік желілерді 2020 ж. дейін дамыту болашағы келесі негізде анықталған:

«Энергия» ҚазОЭКҒЗЖІИ АҚ, «Казсельэнергопроект» институты» ЖШС институттарының әзірлемелеріндегі облыс тұрғысында электрлік желілерді өңірлік дамыту ұсыныстары;

«АӨЭК» АҚ, «Астана-ӨЭК» АҚ берген 35 кВ және жоғары кернеуге тұтынушыларды қосу техникалық шарттары;

Кернеуі 220 кВ электрстанцияларының қуат беру сызбасы.

2030 жылға дейінгі кезеңде 110 кВ және жоғары желілерді дамыту келесі негіздемелер бойынша анықталған:

қолданыстағы тұтынушылардың электрлік жүктемелерінің артуы және өңірлік желілерді дамыту (оның ішінде, Астана қ.) жоспарларында бұрын ескерілген жаңаларын енгізу;

темір жолдарды электрлендіру бойынша сыртқы электрмен қамту сызбаларында.

Төмендегі кестеде техникалық шарттар бойынша қуаты 18-50 МВт өтініш берген тұтынушылар көрсетілген, олар үшін 2020 жылға дейін қуаты 35-110 кВ жаңа ПС салу қарастырылған (52 кесте).
2020 ж. дейін жобаланған 35-110 кВ ҚС

52 кесте


№№

р/с


Тұтынушы атауы

Қуаты, МВт

Енгізілген жылы

Орналасқан орны

(ҚС көрсете отырып)




Аршалы ауданы

1

110/35/10кВ «Новоалександровка» ҚС қайта жаңарту

40,0

2018

ҚС 110/35/10кВ а. Жібек жолы

Целиноград ауданы

3

Талапкер қала серігі

28,5

2016

ҚС 110/35/10 кВ

Талапкер


4

Караван Сити ойын – сауық орталығы

38,0

2020

ҚС 110/10 кВ

Караван Сити


Целиноград ауданы



Софиевка ЖЭС

«KEGOC» АҚ техникалы шарттары бойынша ВЛ 220 кВ ЦГПП-Степная «кіріс-шығыс» жалғастыру жолымен жел электр станциясына арналған 220 кВ ПС жабдықтау қарастырылған.

Аршалы ауданы

Астана-Алматы жоғары жылдамдықты темір жол магистралі

Жоспарланып отырған Астана – Алматы жоғары жылдамдықты темір жол магистралінің ұзындығы 1011,4 км, ол Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарының аумағы арқылы өтеді.

Сыртқы электрмен қамту мәселелерін қарастырғанда барлық трасса шартты түрде үш бөлікке бөлінген:

Алматы – Балқаш;

Балқаш – Қарағанды;

- Қарағанды – Астана.

Қарағанды - Астана бөлігінде Аршалы ауданында жалпы жүктемесі 29 МВт болатын 2-күш ПС жабдықтау қарастырылған: Анар және Астана-2.

Астана қаласы



«Энергия» ҚазОЭКҒЗЖІИ АҚ 2010 жылы орындаған «Астана қаласының 2030 жылға дейінгі бас даму жоспарын үйлестіру» жұмыстар негізінде төмендегі кестеде 2030 жылға қарай жабдықтау және жаңарту ұсынылатын 110 кВ ПС тізімі берілген (53 кесте).
2030 ж. жоспарланған шаралар

53 кесте

2015-2020 жж.

Подстанциялар атауы

Саны және қуаты, тр-р дана х МВА




2014 г. отчетный




Астана – ауырлық

2х40 МВА

110 кВ АРҚ ажыратқыштарға ОД и КЗ алмастыра отырып қайта құру

Сороковая - ауырлық

2х40 МВА

110 кВ АРҚ ажыратқыштарға ОД и КЗ алмастыра отырып қайта құру

Киров

2х16 МВА

110 кВ АРҚ ажыратқыштарға ОД и КЗ алмастыра отырып қайта құру

Заводская

2х40 МВА

110 кВ АРҚ ажыратқыштарға ОД и КЗ алмастыра отырып қайта құру

Керамика

2х16 МВА

110 кВ АРҚ ажыратқыштарға ОД и КЗ алмастыра отырып қайта құру

ЧЛЗ

40 МВА

110 кВ АРҚ ажыратқыштарға ОД и КЗ алмастыра отырып қайта құру

Батыс

2х6,3 МВА

110/6 кВ трансформаторларды 2х10 МВА алмастыру, қуаты 2х40 МВА трансформаторларды орнату, 10 кВ ЖРҚ салу

Шұбар*




2х63 МВА трансформаторлары бар жабық типті жаңа подстанция салу

Қазбек




2х40 МВА

Самал




2х80 МВА

Бәйтерек




2х40 МВА

Оңтүстік

2х16 МВА

демонтаж




2014 ж. есепті

2030 г.


2020-2030 ж.

Қалалық

2х40 МВА

демонтаж

Қалалық-2




2х63 МВА* трансформаторлары бар жабық типті жаңа подстанция салу

Орталық

2х40 МВА

демонтаж

Орталық-2




2х63 МВА* трансформаторлары бар жабық типті жаңа подстанция салу

ПНФ

2х40 МВА

демонтаж

ПНФ-2




2х63 МВА* трансформаторлары бар жабық типті жаңа подстанция салу

Степная

2х40 МВА

Трансформаторларды 2х63 МВА алмастыру

Жаңа Жол

2х40 МВА

Трансформаторларды 2х63 МВА алмастыру

Әуежай

2х10 МВА

демонтаж

Әуежай-2




2х25 МВА трансформаторлары бар жабық типті 14 ұяшықты ЭШТҚ бар жаңа ПС салу

Восточная

2х40 МВА

демонтаж

Восточная-2




2х63 МВА* трансформаторлары бар жабық типті жаңа подстанция салу

Насосная

2х6,3 МВА

демонтаж

Насосная-2




2х25 МВА трансформаторлары бар жабық типті жаңа подстанция салу

Школьная

2х25 МВА

демонтаж










Школьная-2




2х40 МВА* трансформаторлары бар жабық типті жаңа подстанция салу

Арай




2х63 МВА

Тұран




2х40 МВА

Талдыкөл




2х25 МВА

Сарыбұлақ




2х40 МВА

Арман

2х6,3

демонтаж

Арман-2




2х63 МВА трансформаторлары бар жабық типті жаңа подстанция салу

Алаш-1




2х25 МВА трансформаторлары бар жабық типті жаңа подстанция салу

Алаш-2




2х40 МВА трансформаторлары бар жабық типті жаңа подстанция салу

ИКИ

2х6,3

Трансформаторларды 2х16 МВА алмастыру

Өнеркәсіптік аймақ

1х25, 1х40,5

Трансформаторларды 2х40 МВА алмастыру


Астана агломерациясы бойынша электр және жылумен қамту жүйелерін дамыту бойынша жобалық ұсыныстарды әзірлеу

Агломерация аймағында энергия тұтыну және электрлік жүктеме деңгейінің болжамы энергия үнемдеуші технологияларды есепке ала отырып, келешекте экономика салаларының жалпы дамыту үрдісіне сәйкес орындалған.

Энергия тұтыну және электрлік жүктеменің перспективалық көрсеткіштері

көпжылдық перспективада қарастырылып отырған экономика дамуының ауытқу мүмкіндігін есепке ала отырып болжамның минималды және максималды деңгейі үшін анықталған.

Максималды сценарий бойынша - коммуналдық-тұрмыстық тұтыну бойынша энергия тұтыну және электрлік жүктеме белгіленген тұрғындық және қоғамдық құрылысқа енгізу көлемін есепке ала отырып анықталған.

Минималды сценарий бойынша-максималды болжам бойынша күн ілгері белгіленген экономиканың басқа да салаларының даму қарқынын салыстыра отырып және тұрғындық және қоғамдық құрылысқа енгізу көлемінің төмендеу мүмкіндігі жағдайына негіздей отырып коммуналды-тұрмыстық энергия тұтыну және электрлік жүктеме анықталды.

2030 ж кезеңіне агломерация аймағында жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың негізгі бағыты - бұл қазіргі электр желілерінің жіңішке орындарын ажырату, жаңа тұрғын үй-коммуналдық объектілердегі тұтынушыларға сенімді жылумен қамтамасыз етуді енгізуді қамтамасыз ету, энергия үнемдеуді есепке ала отырып электр желілерін дамытуды оңтайландыру.

Қарастырылып отырған аймақта электр желілерінің дамуы өзіне қамтиды:

физикалық және моральдық шаршаған электр желілік обьектілерді техникалық қайта жабдықтау және қайта жаңарту, жоғары қуатты трансформаторларға ауыстыру, жаңа ПС 110 кв орнату;

қазіргі және жаңа қоректену орталықтарын 110/10 кВ жалғау үшін тіректік ПС 220 кВ орнату;

ЭБЖ кабельдерімен селитебті құрылысты аймақтарда қаларда ПС 110 кв орнатуды жабық түрде орындау, біртіндеп 110 кВ қуатта желілерді 35 кВ ПС 35 кВ ауыстыруды орнату, қуаты 6 кВ желілерді 10 кВ ауыстыру.

Қарастырылып отырған аудандағы электр желілерін дамытудың негізгі түбегейлі шешімі Астана қаласының табиғи аймағының басты жоспарын және электр желілерін түбегейлі дамыту бекітілген жоспарын есепке ала отырып қабылданған.

Жылумен қамтамасыз ету және газдандыру. Астана қ. және Астаналық агломерацияның қазіргі жылумен қамтамасыз ету жүйесі ЖЭЦ және орталықтан алынатын жылумен қамту базасындағы орталықтанған жылумен қамтамасыз ету (ОЖҚЕ) жүйесімен ұсынылған, олардың саны- қазандық, жылыту пештері және заманауи дербес жылыту жүйесі (ДЖЖ) базасында 200 жуық дербес қазандықтарды құрайды.

Екі ірі ЖЭЦ (ЖЭЦ-1,2 «Астана-Энергия» АҚ) жиынтық жылулық қуаты ~2250 Гкал/с орнатылған, тұтынушыларға 1940-Гкал/с ыстық суды жіберу мүмкіндігі бар (сонымен қатар мазутты қазандықтар ЖЭЦ-1~210 Гкал/с) және 550 ш магистралды және бөлінген жылу желілері орталықтанған жылумен қамтамасыз ету аймағын құрады. ОЖҚЕ жүйесімен қалада жалпы жылу қажеттілігінің 70% қамсыздандырылады.

Артып келе жатқан қала тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін келесі жобалар жүзеге асады: ЖЭЦ-1 қайта жаңарту бойынша бар жылу қуатын 400 Гкал/с дейін арттыру, ЖЭЦ-2 қайта жаңарту бойынша қуатты 1747 Гкал/с дейін арттыру, сонымен қатар 2018 жылы аяқтау мерзімімен ЖЭЦ-3 құрылысы бойынша жобаны жүзеге асыру жүргізілуде. Жоба бойынша ЖЭЦ-3 орнатылған жылу қуаты 860 Гкал/с құрайды.

Ақкөл ауданы. Жылумен қамтамасыз ету меншік әр түрлі формадағы 15 қазандық арқылы жүзеге асады, соның ішінде оның 10 Ақкөл қаласында орналасқан. Барлық қазандықтар қатты отта жұмыс істейді. Жылу желілерінің ұзындығы (квартал аралық, көшедегі бірге есептегенде)-15000 м, соның ішінде ауыстыруды талап етеді-3911 м, 10% тозған, желілердің баланстық жабдықтары-коммуналдық. Тұрғындардың 30% орталықтанған жылумен қамтамасыз етумен жабдықталған.

Аршалы ауданы. Жылумен қамтамасыз ету 92 қазандық арқылы жүзеге асырылады, үлкен қазандықтар Аршалы және Ижевск елді мекендеріне орайластырылған. Барлық қазандықтар қатты отта жұмыс істейді. Жылу желілерінің ұзындығы-50 ш жуық.

Шортанды ауданы. Жылумен қамтамасыз ету Шортанды а. 1 орталық қазандықтан жүзеге асады, қазандық қатты отта жұмыс істейді, жылу желілерінің ұзындығы-13,7 ш.

Целиноград ауданы. Жылумен қамтамасыз ету 62 қазандық арқылы жүзеге асады, соның ішінде 47 білім беру мекемелеріне және денсаулық сақтау мекемелеріне орайластырылған және жергілікті қазандықтар болып табылады, 15 дербес қазандықтар отын ретінде көмірді, 3-сұйық отынды пайдаланады. Ең үлкен қазандық Қосшы ауылында орналасқан, оның қуатының реті 51,6 Гкал/сағ құрайды. Жылу желілерінің ұзындығы-71 ш.

Астаналық агломерацияның 127 елді мекенінің ішінде аудан орталықтарында және ірі ауылдарда; Аршалы, Ижевск, Қосшы, Ақмол, Шортанды, Научный, Жолымбет, Аққөлде аз жылу қуаты 20-50 Гкал/сағ қазандықтарымен орталықтанған жылумен қамтамасыз ету бар, ал басқа елді мекендерде қатты оттағы пештермен және дербес қазандықтармен көп пәтерлі тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды және мекемелерді жылумен жабдықтайды.



Астаналық агломерацияны 2020-30 ж.ж. дейін жылумен қамтамасыз етуді дамыту.

Астаналық агломерацияда Астана қ. 2030 ж есептік кезеңге жылу энергиясына деген болжамды қажеттілік анықталып және 14 млн құрады. Гкал.6302, 2014 ж. бері жүктеменің артуы 2,2 есе болуда.

Жылу жүктемесінің есептік деңгейін азайту мақсатында жана тұрғындық, әкімшілік, бірегей және кеңсе ғимараттарының жобалануы және құрылысы заманауи энергиялық тиімді материалдар мен технологияларды пайдалану арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Астаналық агломерацияның елді мекендерінің жылумен қамтамасыз ету жүйесін келешекте түбегейлі дамыту бағытына аудандық базада орталықтанған және орталықсыздандырылмаған жылумен қамтамасыз етуді, дербес қазандықтарды және жылу пештерін (жеке сектор үшін) табиғи газға ауыстыру тұжырымдамасы ұсынылды, шалғайдағы елді мекендерді газбен қамтамасыз ету үшін сұйытылған және сығылған табиғи газды пайдалану ұсынылады. (СТГ)

СТГ - сақтауды жеңілдету және тасымалдау үшін арналған -160°С дейін суыту жолымен жасанды сұйытылған табиғи газ. Шаруашылықта қолдану үшін СТГ табиғи газдан келесі суыту арқылы қысу жолымен алады. Қысу кезінде табиғи газ көлемі 600 есе азаюы мүмкін.

Әлемдік газ нарығында соңғы бірнеше жыл көлемінде (СТГ) пайдаланудың қарқынды өсуі жүруде. Технологиялар жетілуде, соның нәтижесінде СТГ тасымалдау және өндіру арзандауда. Сұйытылған газ құбыр газының нақты бәсекелесі болып келеді. Энергетикалық ресурстарды пайдаланудың экологиялық аспектілері жағына елеулі назар аударуға байланысты әлемде СТГ қажеттілігі артуда.

Қазіргі уақытта СТГ халықаралық сауданың ұлғаюы бақылануда, оны әлемдік пайдаланудың 7% құрайтын үлесіне әлемдік сыртқы саудада жеткізудің 26 % жоғары кіреді. 2020 жылы бұл көрсеткіш екі есе артып 14% құрайды деп күтілуде.

Астаналық агломерация қайталама және жаңартылатын энергияның елеулі ресурсына ие. Мұндай жылулық энергияны өндіру саласындағы инновациялы технологияларға күннен алынатын энергия, желден алынатын энергия, биомассалар, дәстүрлі емес энергия түрлерін жылулық сорғыш ретінде пайдалану, қазіргі уақытқа дейін кең қолданыс таппаған когенерациялық орнатулар жатады.

Газбен қамту. ҚР қолданыстағы газбен қамту жүйесі жақын келешектегі табиғи газды негізгі тұтынушы халық, коммуналдық-тұрмыстық сектор кәсіпорындары, өнеркәсіптік кәсіпорындар және отын-энергетика нысандары болып табылады.

Бүгінгі таңда Астана қаласын газбен қамту жүйесіне 2500 тонна сығылған көмірсутекті газ (СКГ) сақтау паркі бар газбен толықтыру станциясы енеді. СКГ негізгі жеткізуші «Теңізшевройл» ЖШС болып табылады. Ай сайын берілген өтінішке сәйкес 600-1500 тонна СКГ жеткізіледі және ол қала тұрғындарының қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз етеді.

Барлығы қалада жұмыс жасап тұрған 374 ГРҚ бар, оларға 1039 көп қабатты тұрғын үй жалғанған. СКГ орташа тәуліктік қажеттілігі қыс мезгілінде 700-730 тонна, жаз мезгілінде 400-500 тоннаны құрайды.

Ішкі газ құбырларының жалпы ұзындығы шамамен 300 ш құрайды. Пайдаланылатын газ плиталары 20000 бірлік көлемінде жартылай алмастыруды қажет етеді.

Астана агломерациясының барлық аудандарында халық коммуналдық тұрмыстық қажеттілікке тасымалданатын баллондардағы сығылған газды пайдаланады.

Астана қаласын және агломерацияның елді мекендерін газбен қамту және жабдықтау жүйесін дамытуға оңтайлы фактор:

- Астана қаласы мен поселкелердегі көп қабатты тұрғын үйлерде ГРҚ газ тарату желілерінің болуы және оларды сығылған табиғи газға ауыстыру үшін қолдану мүмкіндігі;

- қалада материалдық және еңбек ресурстары бар техникалық құралдармен жабдықталған жобалық құрастыру ұйымдарының болуы;

- көптеген абоненттерде газ есептеу құралдарының болуы.

Астана қаласын газдандыруды көздейтін екі жоба бар. Бұл Қостанай облысынан Қарталы – Тобыл – Көкшетау – Астана магистральды газ құбырын салу және Бейнеу – Бозой – Шымкент пен Қазақстанның Қызылорда – Жезқазған – Теміртау – Қарағанды – Астана газ құбырына қосылумен екінші газ құбырын салу. Бірінші жоба бойынша жұмыс жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттама жасалды, екінші жоба бойынша техникалық-экономикалық есептеулер бар. Бұл жобалар қаржыландыру мәселесі шешілгенге дейін тоқтап тұр.

Телекоммуникация және байланыс жүйелері. Астана агломерациясында байланыс жүйелері монополист-кәсіпорындармен «Қазақтелеком» АҚ және «Қазпошта» АҚ, сонымен қатар басқа да лицензия алған компаниялармен көрсетілген. Бұдан басқа, экспресс-пошта қызметін көрсететін бірнеше компания мен 4 мобильді оператор қызмет етеді.

Барлық елді мекендерде агломерациялар телефондандырылған. Телефондық жиілік 100 тұрғынға 17 бірлікті құрады, ал қалалық жерде - 28, ауылдық-13.

Ғаламторды пайдаланушылардың жалпы санының 78 % пайдаланушы ADSL (Megaline) технологиясы бойынша кең жолақты қолжетімділікке қосылған.

Агломерация аумағында сымсыз WLL CDMA 450 МГц қолжетімді желінің құрылысы жүргізілуде. Облыс аумағынын радиобелгімен қамту 65% құрайды.

Заманауи телекоммуникациялық технологиялар қарқынды түрде енуде, елді мекендерде көп пәтерлі және жеке сектор тұрғындары үшін цифрлі телевизия қызметін көрсету мүмкіндігі бар.

Пошталық байланыс қызметінен басқа зейнетақы, жәрдемақы, еңбекақыны беру, салықтық төлемдер қабылданады, тұрмыстық қызмет төлемдері және банк қызметінің үлкен спектрі жүзеге асады.

«Қазақтелеком» АҚ инфрақұрылым базасына мағлұматты жіберу үшін біріңғай көлік ортасы құрылған.

Берілген БКО барлық аудандық және қалалық әкімшілік аппараттары, сонымен қатар 512 кбит/сек өткізу қабілеті бар байланыс арнасына құрылымдық бөлімшелер 100% қосылғанын құрайтын агломерацияны облыстық және аудандық басқару да қосылған.

Агломерацияға енетін, құрылымдық әкімшілік бөлімшелерін компьютер техникасымен қамтамасыз ету 99,4% құрайды.

Инфокоммуникациялық технологияларды одан әрі дамыту үшін мемлекеттік қызметті электронды форматқа ауыстыру, CDMA сымсыз қолжетімді желісінің құрылысы, телекоммуникацияның базалық қызмет беру үшін, ауылдық бөлімшелерде пошталық байланыс құрылысы, PON технологиясын қолдану арқылы кең жолақты қолжетімді желінің құрылысы, кең жолақты қол жетімділікті беру мақсатымен ауылдық елді мекендерде талшықты-оптикалық байланыс желісінің құрылысы қарастырылуда.

Астаналық агломерацияның телекоммуникациялық қызмет саласының басым бағыты желілерді дамыту және модернизация, сонымен қатар жаңа технологияларды енгізу болып табылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытудың негізгі бағыты болып табылады:

- мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету;

- инновациялық және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық орта құру;

- отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Жалпы жаңа және қайта құру, әрекеттегі нысанды модернизациялау құрылысының есебінен аймақты дамыту бағдарламасы, сонымен қатар энергия көздерін жаңарту есебімен қарастырылады:

-тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру;

- мемлекеттік әлеуметтік-маңызды қызмет көрсетуді 50% кем емес электронды формаға ауыстыруды қамтамасыз ету;

-жергілікті телефондық байланысты цифрландыру деңгейі 100%;

- 1000 және одан көп адам саны бар елді мекендерді мобильді байланыс қызметімен 100% қамтамасыз ету;

- кең жолақты қолжетімді Ғаламтор желісін пайдаланушылар жиілігі 100 тұрғынға 24,2%.

-кең жолақты қолжетімділіктің (цифрлық тепе-теңдік) енуінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету;

-желінің (сымсыз технологиялар) тез күшейту және ауысу мүмкіндігімен қамтамасыз ету.


жүктеу 4,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау