12 Атыс қаруына шолу
№ 29 тақырыптық баяндама
Флоркин, Әбен және Каримова
Ашық аспандағы қара бұлттар 13
көрсеткен болса, ауылдық респонденттердің 15 пайызы ғана осылай
ойлайды (ЦИОМ, 2010). Бұл айырмашылықтар 3-ші суретте бейнеленген;
оған сәйкес, ауылдық респонденттерге салыстырғанда мекендерін қауіпсіз
деп есептемейтін қалалық респонденттердің саны екі есе жоғары.
Ұйымдасқан зорлық-зомбылық
Қазақстанда үлкен ауқымды саяси, этникалық және лаңкестік зорлық-
зомбылық басқа Орталық Азия елдерімен салыстырғанда аз болғанымен
8
,
соңғы оқиғалар Қазақстан үкіметінің алаңдаушылық білдіруіне себеп
болды (Lillis, 2011d). Төмендегі бөлімдерде Қазақстан ішіндегі ұйымдасқан
зорлық-зомбылықтың мысалдары келтірілген. Олар тәуелсіз және
үкіметтегі дереккөздердің мәліметі бойынша, оқиғаның саяси, этникалық
немесе лаңкестік астарына қарай топтарға бөлінген.
Саяси зорлық-зомбылық
Қазақстандағы саяси зорлық-зомбылыққа мысалдарына 2006 жылдың
ақпан айындағы белгілі оппозиция басшысы Алтынбек Сәрсенбаевті,
оның сақшысын және жүргізушісін атып өлтіру кіреді. Олар Алматы
қаласының шет жағында, қолдары арқаларына байланып, арқалары мен
бастарында оқ тесіктері бар күйде табылды. Ресми тергеу Сәрсенбаевті
өлтіруге сенат депутаты тапсырыс берген деген тұжырымға келді; тергеу
бойынша ол бұрыннан келе жатқан «араздық» себебінен мұндай әрекетке
барған, ал бұрынғы полиция қызметкері ҰҚК-нің үздік Арыстан арнайы
бөлімшесі қызметкерлерінің көмегімен тапсырыс бойынша кісі өлтіруді
ұйымдастырып, жүзеге асырғанына жауапты деп табылды (АЕ/АР, 2006a;
2006
b; 2008). 2005 жылдың қараша айында тағы бір оппозиция басшысы
Заманбек Нұрқаділов өз үйінде атып өлтірілді. Кеудесінде екі және басында
бір оқ жарасы болғанымен, полиция ешбір бұзып кіру іздері
табылмағандықтан, оны өз-өзіне қол жұмсаған деген тұжырым жасады
(АЕ/АР, 2005).
Этникалық зорлық-зомбылық
14 Атыс қаруына шолу
№ 29 тақырыптық баяндама
Флоркин, Әбен және Каримова
Ашық аспандағы қара бұлттар 15
Қазақстанда үлкен ауқымды этникалық жанжал болмағанымен, құқық
қорғау органдары қазақтар мен азшылық ұлттар арасындағы бірнеше
жергілікті қақтығыстарды басу үшін шара қолданды
9
. Мысалы, 2007
жылдың наурыз айында, Алматы облысындағы Маловодное және Қазатком
ауылдарында биллиард ойнау кезінде қазақтар мен шешендер арасындағы
кішкене араздық үлкен үлкен атысқа әкеп соқты. Бұл оқиға салдарынан
бес адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Үкімет қақтығысты тек
арнайы полиция бөлімшелерін тартқаннан кейін ғана баса алды және
тәртіпті толығымен қалпына келтіру үшін бұл аймақ бірнеше апта бойы
қоршауда болды. Баспасөз құралдарында елдің басқа аймақтарынан
қарулы адамдар оқиға орнына келмек болып, полиция тарапынан
тоқтатылғаны мәлімденді (АЕ/АР, 2007; Сайдуллин, 2007a).
Сондай-ақ, 2007 жылдың қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының
Маятас ауылында ұлты күрд 16 жастағы жігіт төрт жастағы қазақ баланы
зорлап, жәбірлеген деген күдікпен тұтқынға алынғаннан кейін аймақтағы
қазақтар жергілікті күрдтердің үйлері мен мүлкін өртеп жіберген кезде
қару-жарақ қолданылды деген күдік бар. Бұқаралық ақпарат
құралдарындағы мәлімдемелер бойынша 500 құқық қорғау сақшысы
тәртіпті қалпына келтіруге қатысып, операция барысында үш полиция
қызметкері жарақат алған (Джани, 2007; Сайдуллин, 2007b; СББИ, 2007).
Лаңкестік зорлық-зомбылық
1990
-шы жылдарда Қазақстанда исламның қайта жандануы радикал діни
ұйымдардың үлкен ауқымда пайда болуына әкелмесе де, кейбір экстремист
топтар елдегі әрекеттерін күшейте түсті
10
. Діни экстремизмге қатысты
қылмыс істерінің көпшілігі тыйым салынған әдебиетті тәркілеуге
байланысты болған 1990-шы жылдардың аяғы мен 2000-шы жылдардың
басы мерзіміне салыстырғанда, қазіргі кезде, Қазақстанның қауіпсіздік
және құқық қорғау органдары қолында қару-жарақ пен оқ-дәрі бар және
лаңкестік әрекеттерді немесе тіпті төңкеріс ұйымдастыруды жоспарлаған
деген күдікпен экстремист топтардың мүшелерін тұтқындау туралы
көбірек мәлімдеме жасайтын болды (АҚШМД, 2010; Выборнова, 2011).
2010–2011 жылдары діни экстремизмге байланысты деп хабарланған
қарулы зорлық-зомбылық оқиғаларының саны күрт өсті. 2011 жылы ҰҚК
ғимараттарына жасалған шабуылдар және жоғарыда айтылған Шұбаршы
14 Атыс қаруына шолу
№ 29 тақырыптық баяндама
Флоркин, Әбен және Каримова
Ашық аспандағы қара бұлттар 15
мен Кеңқияқ ауылдарында жүргізілген арнайы бөлімшелердің операциясы
туралы көп айтылды, дегенмен лаңкестік астары бар тағы бірнеше оқиға
орын алды. 2011 жылдың сәуір айында, Алматыдағы бір пәтерге түнгі
кезде шабуыл жасау нәтижесінде екі күдікті діни экстремист өлтіріліп,
үшінші экстремист тұтқындалды. Автоматтары және гранаталары бар
күдіктілер күшті қарсылық көрсетіп, арнайы полиция бөлімшесінің 11
сарбазын жаралады (Бендицкий, 2011). Бірнеше қазақтардың діни
экстремисттермен тартылып, солтүстік Кавказда партизандық әрекеттерге
қатысқаны үшін Ресей қауіпсіздік органдарымен өлтірілген немесе
тұтқындалған бірнеше оқиға болды (Нурсеитова, 2011).
Бұл оқиғаларды алғашқы таңда «лаңкес» астарлы деп атамағанымен,
Қазақстан үкіметі соңғы кезде бұл ұстанымын өзгертті. 2011 жылдың тамыз
айында, құқық қорғау органдары мұнайға бай Атырау облысында лаңкестік
қастандықты ашқаны туралы алғаш рет ашық жариялады. 2011 жылдың
қырқүйек айындағы Парламентке айтылған сөзінде Президент Назарбаевтің
өзі Қазақстан экстремизм проблемасына тап болғанын мойындап, оны
шешу қажет екенін білдірді (Lillis, 2011d).