Ашық аспандағы қара бұлттар Қазақстан және атыс қаруы Николас Флоркин, Дәурен Әбен және Тахмина Каримова «Атыс қаруына шолу»



жүктеу 1,18 Mb.
Pdf просмотр
бет5/33
Дата01.01.2020
өлшемі1,18 Mb.
#25673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

2  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  3

және үкіметтің атыс қаруына қатысты бастамаларын қарап шығу үшін 

әзірленді. Баяндама әртүрлі зерттеу әдістеріне негізделеді, атап айтқанда 

1500


 адамды қамтитын ұлттық сауалнама және оқ-дәрі сақталған жерлердегі 

апаттық жарылыстар әсер еткен мекендердің тұрғындарымен өткізілген 

алты фокус-топ талқылаулары

4



 Баяндама төмендегі негізгі тұжырымдарға келді:

• Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері Қазақстандағы 

халықтың қолында 2010 жылы 190 мың–225 мың қару-жарақ болғанын 

көрсетеді; халықаралық стандарттарға сәйкес бір басқа шаққандағы бұл 

көрсеткіш  төмен  болып  есептеледі.  Жас  адамдар  және  қалалық 

аймақтарда қару-жараққа ие болу көбірек кездеседі; сондай-ақ бұл 

жағдай қылмыскерлерден қорғану үшін қажет деген ұғымға байланысты 

болуы керек. 

• Қазақстан органдары халықтан 2003–2009 жылдар аралығында 60 мың-

нан астам қару-жарақ жинағанын мәлімдейді. Сонымен қатар, олар бұл 

мерзім ішінде кем дегенде 20 мың халықтан жиналған қаруды жойған.

• Қазақстанның жалпы қауіпсіздік жағдайы жақсы болып көрінгенімен, 

бұл жағдай 2010 жылдан бастап өскен қылмыс оқиғаларының санына, 

сондай-ақ лаңкестік, этникалық және саяси астары бар қарулы зорлық-

зомбылыққа байланысты біраз нашарлап кетті. 

• Елдегі  кісі  өлтіру  оқиғаларының  деңгейі  1990-шы  жылдармен 

салыстырғанда  айтарлықтай  азайғанына  қарамастан,  ол  әлі  де 

халықаралық орташа деңгейден жоғары болып келеді және 2010 жылы 

100

 мың адамға шаққанда 8-ге тең болды. Соңғы жылдары атыс қаруымен 



жасалған кісі өлтіру және тонау оқиғаларының пайызы да өсті, бірақ 

басқа елдермен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмен деңгейде.

• Қорғаныс министрлігі 2003–2009 жылдар аралығында дәстүрлі оқ-

дәрілердің артық мөлшерінің 1,1 млн. данасы жойылғанын мәлімдеді 

(жалпы мәлімденген саны – 2,5 млн.). Оған қоса, министрлік 2002–2006 

жылдар аралығында мемлекет қолындағы 38 мың атыс қаруы мен жеңіл 

қару-жарақты жойғанын мәлімдеді.

•  Қазақстан қару-жарақ қоймаларында абайсыздан болған жарылыстардан 

елеулі зардап шекті, атап айтқанда 2001 жылдан бері алты үлкен оқиға 

орын алғаны белгілі. Фокус-топ талқылаулары барысында үкімет қару-




4  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  5

жарақ қоймаларының маңында тұратын халық үшін апаттық жағдайда 

қалай әрекет ету керектігі бойынша жаттығу өткізбейтіні анықталды. 

Бұл баяндама үш негізгі бөлімге бөлінген. Алдымен, Қазақстанның 

қауіпсіздік жағдайына талдау жасалып, елдің тұрақтылығына төнген негізгі 

қауіп-қатерлер талқыланады. Екінші бөлімде халық қолындағы қару-

жарақтар қарастырылады – оларға қол жеткізу мүмкіндігі, үкімет тарапынан 

бақылау және олардың Қазақстанның қауіпсіздігіне деген ықпалы. Ең 

соңында, баяндамада мемлекет қолындағы арсенал, артық қару-жарақты 

жою үшін үкімет қолға алатын шаралар және қару-жарақ қоймаларында 

абайсыздан болған жарылыстардың әсері қарастырылады. 



4  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  5

Қауіп төніп тұрған тыныш аймақ?

Қазақстан – әлемдегі теңізге қатынасы жоқ елдердің ең үлкені, бірақ 

оның халқының саны тек 16,6 млн. адам (СА, 2011). 1991 жылдың желтоқсан 

айына дейін Кеңес Одағының республикасы болған Қазақстан қазір 

Қытай, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Түрікменстан және Өзбекістанмен 

шекаралас. Орталық Азиядағы көрші елдерге қарағанда, Қазақстан 

азамат соғысы мен этникалық қақтығыстардан аман қалып келіп, 

жанжалды аймақта тұрақтылық аралы атағына ие болды

5

. Бұл бөлімде 



негізгі қылмыс пен қауіпсіздік көрсеткіштерін қарап шығу және соңғы 

кезде елдің ішкі тұрақтылығына төнген қауіптерді талқылау арқылы бұл 

жоғары ой-пікір тексеріледі. Қорытындылап айтқанда, қауіпсіздік 

жағдайы қанағаттырарлық күйде, дегенмен соңғы кезде туындаған теріс 

үрдістердің ықпалы сезініп келеді. Қазақстан тәуелсіздік алғанынан бері 

қылмыс деңгейі айтарлықтай азайғанымен, соңғы екі жылда бұл жағдай 

нашарлағаны байқалады. Жуықта орын алған діни астары бар лаңкестік 

әрекеттері, сондай-ақ этникалық және саяси зорлық-зомбылық оқиғалары 

нәтижесінде бұл жағдай одан әрі нашарлап кетті.

Жалпы жағдай

Қазақстан соңғы он жылда, көбінесе жылдам дамып келе жатқан мұнай 

мен газ саласының арқасында экономикалық тұрғыда жағдайы жақсы 

болды. Әр адамға шаққандағы ішкі жалпы өнім 2 мың жылдағы 1260 АҚШ 

долл. мөлшерінен 2010 жылы 7440 АҚШ долл. мөлшеріне дейін артты 

(Дүниежүзілік банк, 2011). Сонымен қатар, Қазақстан Орталық Азиядағы 

шетелдік тікелей инвестициялардың негізгі алушысы болып табылады; 

1991


 жылдан бастап 50 млрд. АҚШ долл., яғни Орталық Азия аймағына 

жасалған инвестициялардың жалпы көлемінің 80 пайызы осы елге құйылды 

(Hug, 2011, 21-б). Экономикалық өркендеу жалпы әлеуметтік-экономикалық 

жағдайды, әсіресе соңғы он жылда жақсартты. 2001 – 2009 жылдар 

аралығында кірісі ең төмен тұтынушылық себеттен аз халықтың үлесі 



6  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  7

16

,1 пайыздан 0,6 пайызға дейін төмендеді, ал кіріс теңсіздігі 30 пайызға 



төмендеді (БҰҰ, 2010, 18–19 бб.). Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылдың 

үшінші тоқсанда 5,3 пайызды көрсетті (СА, 2011).

 Артып келе жатқан экономикалық маңыздылығы мен саяси тұрақтылығы 

Қазақстанды  аймақтық  көшбасшыға  айналдырып,  халықаралық 

форумдардағы беделін өсірді. 2010 жылы Қазақстан Орталық Азия елдері 

мен бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының ішінде Еуропадағы 

қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына (ЕҚЫҰ) алғашқы болып төрағалық 

етті.  Төрағалық  кезінде,  Қазақстан  11  жыл  өткізілмеген  ЕҚЫҰ  ел 

басшыларының саммитін ұйымдастырды (Lillis, 2011b; ЕҚЫҰ, 2010). 

Сонымен қатар, Қазақстан 2011 жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымының 

және 2011–12 жылдары Ислам ынтымақтастық ұйымының төрағасы атанды 

(ҚР, 2011c; СІМ, 2011). 

 Бұл оң үдерістерді томсартып отырған жағдай – елдегі билікке қатысты 

мәселе. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды 1989 жылдан бастап 

билеп келеді және 2011 жылғы сәуір айында 95,5 % дауыспен бес жылдық 

мерзімге қайта сайланды. 90 пайыздық қатысу деңгейі дәріптелгеніне 

қарамастан, шетелдік бақылаушылар, оның ішінде ЕҚЫҰ оппозиция 

кандидаттарының болмағанына қамын білдірді және сайлау процесіне 

қатысты «ауыр сәйкессіздіктерді» атап өтті (Lillis, 2011c; ЕҚЫҰ, 2011). Оған 

қоса, Қазақстанға Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының 

Адам даму индексінде орта деңгейден сәл жоғары баға берілген, ол 169 

елдің ішінде 66-шы орынға ие (БҰҰДБ, 2010). Елдің денсаулықсақтау және 

білім беру жүйелерінің кемсіздіктері орташа баға берілуіне себеп болып 

келеді және бұл салалар жоғарыда айтылған қарқынды макроэкономикалық 

үрдістерге қарама-қайшы келеді (ХДТ, 2011, 28–33 бб.). Оған қоса, 2011 

жылы, мұнай және газ саласының жұмысшылары жалақыны көтеруді 

талаптарымен жаппай наразылық білдіріп, ұлттық өнеркәсіпке бірнеше 

ай әсер еткен кезде әлеуметтік шиеленістер жарыққа шықты (АЕ/АР, 2011). 

2011

 жылы желтоқсан айында бейбіт ереуіл қақтығысқа айналып, Жаңаөзен 



мен Шетпе елді мекендерінде ойран мен жанжалға себеп болды және 

полиция мен қауіпсіздік күштері ереуілшілер тобына оқ атқаннан кейін 

кем дегенде 17 адам мерт болды (Антончева, 2011).



жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау