Ашық аспандағы қара бұлттар Қазақстан және атыс қаруы Николас Флоркин, Дәурен Әбен және Тахмина Каримова «Атыс қаруына шолу»



жүктеу 1,18 Mb.
Pdf просмотр
бет7/33
Дата01.01.2020
өлшемі1,18 Mb.
#25673
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

10  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  11

Федерациясындағы қылмыс деңгейімен салыстырған жөн болар, себебі 

бұл ел Адам даму индексі бойынша Қазақстаннан сәл жоғары орналасқан 

және бұл елдегі кісі өлтіру деңгейі Қазақстан көрсеткішінен жоғары, атап 

айтқанда 2009 жылы бұл көрсеткіш 100 мың адамға шаққанда 12,5 оқиғаға 

тең болды (БҰҰДБ, 2010; ЮНИСЕФ, v2011). 

 Географиялық тұрғыда, 2-картада көрсетілгендей, 2011 жылдың бірінші 

жартысындағы кісі өлтіру деңгейлері шығыс және солтүстік Қазақстанда, 

сондай-ақ мұнай өндіретін Батыс Қазақстан облысында ұлттық деңгейден 

әрдайым жоғары болды. Шығыс Қазақстан облысы 100 мың адамға 

шаққанда 13,4 көрсеткішімен бірінші орында тұр және бұл облыс елдегі 

ең көп тіркелген жалпы қылмыс деңгейі бойынша Алматы қаласынан 

кейін екінші орында келеді (СА, 2011; БП, 2011a). Басшылар, оның ішінде 

бұрын Шығыс Қазақстан облысының ІІД бастығы болған, қазір Ішкі істер 

министрі Қалмұханбет Қасымов облыстың қылмыс деңгейінің жоғары 

болуын ішімдік пен нашақорлыққа байланыстырады. Көптеген түрмелер 

елдің шығысында орналасқаны да бұл жағдайды айқындауы мүмкін, себебі 

түрмеден босаған қылмыскерлер көбінесе отырған облыста қалып, 

қылмыстарын қайталайды (Чернявская, 2010).

Жәбірлену және қауіпсіздік туралы ой-пікірлер

Бұл зерттеу аясында үйлерге барып жүргізілген сауалнама нәтижелері 

қылмыс пен зорлық-зомбылық деңгейлері салыстырмалы түрде жоғары 

екенін көрсетті (1-ші жолақты қараңыз). Жалпы, респонденттердің 

5

,1 пайызы отбасы мүшелерінің кем дегенде бірі соңғы 12 ай ішінде 



қылмыстан немесе зорлық-зомбылықтан зардап шеккенін мәлімдеді. 

Жәбірленушілер бұл оқиғалардың үштен бірінде жарақат алды. Ең жиі 

мәлімденген  оқиғаларға  тонау  (оқиғалардың  40  пайызы),  шабуыл 

(34 пайыз), қорқыту (13 пайыз), зорлау және нәпсілік қылмыстар (5 пайыз) 

және бұзып ұрлау (4) кіреді. Сондай-ақ, сауалнама нәтижесінде қылмыс 

пен зорлық-зомбылық жәбірленушілерінің төрттен үшіне жуығы 15 пен 

29

 жас аралығындағы адамдар екені анықталды. Барлық жас топтарын 



есептегенде, жәбірленушілердің жыныстық үлесі 56 % әйел адамдар және 


10  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  11

44

 % ерлер болды. Шамамен оқиғалардың 60 пайызында қылмыстар үйде 



емес, көшеде немесе халық жиналатын орындарда орын алған. Қылмыстар 

әдетте күндіз немесе кеш түсе сала жасалған. Оқиғалардың 44 пайызында 

респонденттер қылмыс орын алғаны туралы органдарға хабарламаған 

(ЦИОМ, 2010).

 Қылмыс пен жәбірлену деңгейлері салыстырмалы түрде жоғары 

болғанымен, сауалнама респонденттері жеке қауіпсіздіктері туралы аралас 

ой-пікір білдірді. Бір жағынан, әсер ететін ең өзекті проблемалар туралы 

сұраған кезде, олар отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін тиісті жұмысты 

болмауынан, денсаулық сақтаудан және таза суға қол жеткізу мүмкіндігінен 

кейін төртінші орында айтып, оны ең маңызды проблема ретінде атаған 

жоқ. Басқа жағынан, респонденттердің үштен екісіне жуығы отбасыларының 

мүшесі қылмыс немесе зорлық-зомбылыққа душар болу мүмкіндігіне 

алаңдайды. Республикалық орташа мәнмен салыстырған кезде, Астана, 

1-ші жолақ 



Қауіпсіздік және отпен атылатын қару туралы ой-пікірлерді 

анықтауға арналған сауалнама

Қазақстандағы халықтың қару-жарақ пен қауіпсіздік турады ой-пікірлерін бағалау үшін 

«Атыс қаруына шолу» Алматыда орналасқан Қоғамдық пікірді зерттеу орталығы (ЦИОМ) 

ұйымын жалдап, бүкіл республика бойынша 18-60 жастағы 1500 адам арасында сауалнама 

жүргізді (1-ші қосымшаны қараңыз). Сауалнама 2010 жылғы шілде айында респонденттердің 

үйіне барып, жүзбе жүз сұрақ қою арқылы жүргізілді. 

Қазақстан ұқсас географиялық, климаттық және экономикалық ерекшеліктері бар алты 

аймаққа біріктірілген 14 облыстан тұрады. Сауалнамаға қатысушылар әр аймақтағы бір 

облыстан таңдалды – батыс аймақта Ақтөбе, Алматы аймағында Алматы, шығыс аймақта 

Шығыс Қазақстан, орталық аймақта Қарағанды, солтүстік аймақта Павлодар, оңтүстік 

аймақта Оңтүстік Қазақстан облысынан және ең үлкен қалалар, Алматы мен Астанадан. 

Сауалнама жүргізілген әр облыста ЦИОМ, бүкіл аймақтың халқының қалалық-ауылдық 

үлесін ескеру үшін ауылдар мен қалаларды кездейсоқ түрде таңдады. Интервью жүргізетіндер 

үйлерді кездейсоқ таңдау әдісімен таңдап, респонденттерді жас және жыныс үлестеріне 

сәйкес анықтады.

7

 ЦИОМ интервьюлердің 23 пайызын телефон соғу немесе барып бақылау 



арқылы тексерді. Зерттеудің сенімді деңгейі 95 пайыз, ал сенімді интервалы 2,5.

«Атыс  қаруына  шолу»  ақырғы  адамдар  жиынының  демографиялық  сипаттары 

(респонденттердің аймақтарда таралуы, қалалық-ауылдық мекендерден болуы, жынысы, 

жасы  және  ұлты  сияқты)  республика  халқының  сипаттарымен  сәйкес  болуы  үшін 

статистикалық салмақтау қолданды. Сондай-ақ, салмақтауда жауап бермеу деңгейлері 

ескерілді. Сондықтан, нәтижелерді республика халқына экстраполяциялауға және аймақ, 

ауылдық не қалалық мекен, жыныс пен жас топтары бойынша салыстыруға болады.

Дереккөз: ЦИОМ (2010)



12  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  13

Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарындағы респонденттердің 

үлкен бөлігі қылмыс немесе зорлық-зомбылыққа душар болу мүмкіндігіне 

алаңдайды. Жоғарыда талқыланған қылмыс статистикасының үлесіне 

сәйкес, Шығыс Қазақстан бұл тізімде бірініші орында; бұл облыста 

сауалнамаға қатысқандардың 80 пайызы осындай алаңдаушылық білдіреді, 

ал Оңтүстік Қазақстан облысында мұндай респонденттердің мөлшері тек 

18

,5 пайыз. Респонденттер үйде және күндіз өздерін қауіпсіз сезінетіндерін 



айтқанымен, даладағы және түнгі уақыттағы жағдайды басқаша сипаттайды. 

Шынымен, респонденттердің 40 пайыздан астамы күн батқаннан кейін 

өздерін мүлдем немесе біршама қауіпсіз сезінбейтінін мәлімдейді (ЦИОМ, 

2010


).

Сондай-ақ,  респонденттер  қалалық  мекендерде  өздерін  қауіпсіз 

сезінбейтіндерін айтты. Ауылдық мекендерде тұратын респонденттердің 

он тоғыз пайызы ешбір қауіпсіздік проблемасы жоқ екендігін мәлімдеді, 

ал қалалық мекендерде мұндай респонденттердің мөлшері тек 3 пайызды 

құрайды. Бұған ұқсас, қалалық респонденттердің 26 пайызы қылмыстың 

жоғары деңгейін өздерінің ең негізгі қауіпсіздік проблемасы ретінде 

Қауіпсіз

Қауіпсіз де, қауіпті де емес

Қауіпсіз емес

Білмеймін/жауап беруден бас 

тартамын

0

10



20

30

40



50

3-ші сурет 



«Сіз өзіңіздің  қалаңызды / ауылыңызды қауіпсіз немесе 

қауіпті жер деп санайсыз ба?» деген сауалнама сұрағына берілген 

жауаптар (жауап берушілер саны — 1500)

 Қалалық   Ауылдық

Ескертпе:  Әр  жолақтағы  сызықтар  сәйкес  сенімді  интервалды  білдіреді.  Ауылдық  және  қалалық 

тұрғындардың тұратын мекенін «қауіпсіз» немесе «қауіпсіз емес» деп сипаттағандар сандарының арасында 

айтарлықтай айырмашылық болды; ал «қауіпсіз де, қауіпті де емес» сұрағына жауаптар бойынша мұндай 

айырмашылықтар байқалмады.



Дереккөз: ЦИОМ (2010)


жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау