Ашық аспандағы қара бұлттар Қазақстан және атыс қаруы Николас Флоркин, Дәурен Әбен және Тахмина Каримова «Атыс қаруына шолу»



жүктеу 1,18 Mb.
Pdf просмотр
бет20/33
Дата01.01.2020
өлшемі1,18 Mb.
#25673
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33

46  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  47

Жазатайым оқиғалар мен әсері

Оқиға Арыстағы тұрғындарға қатты әсер етті. Оқиға кешкі уақытта орын 

алды және фокус-топ қатысушыларының мәліметі бойынша бұрыннан 

келе жатқан қорқуға орай жаппай қорқынышқа, шокқа және үрейге себеп 

болды; жағдай соғыс кезіндегі жүйесіз эвакуацияға ұқсады. Бұл жағдайды 

өз пайдасына айналдыру үшін такси жүргізушілері мен жанармай құятын 

орындардың иелері бағаларын көтеріп жіберді, мұны баспасөздегі 

хабарламалар да растайды (Новицкая, 2009). Ортадересінде де тұрғындар 

қорқып кетті, бірақ үрейленбеді, оның орнына, әскери қызметкерлер мен 

олардың отбасыларына көмектесіп, ұйымдасқан эвакуацияға ат салысты. 

Бірақ, Арыспен салыстырғанда Ортадересін жарылыс болған жерден 

біршама алыс болатын (шамамен 15 км). Қараойда кейбір адамдар 

үрейленіп, ауылдан кетіп қалды, дегенмен көбі үйлерінде қалды. Үш 

мекеннің барлығында кейбір қатысушылар соғыс басталып кетті деп ойлап 

қалыпты;  тұрғындардың  айтуынша  жарылыстар  соғыс  кезінде 

артиллериялық атысқа және бомба тастауға ұқсаған.

 Мекен халқының арасында бірден өлімге себеп болмағанымен, үш оқиға 

себеп болған жалпы зияны мен жазатайым оқиғалары бойынша әр түрлі. 

Арыстағы жарылыс жұмыс орнында үш ҚазАрсенал қызметкерінің өліміне 

және 17 қызметкердің жарақат алуына (бұлардың ішінен екеуі кейін 

ауруханада қайтыс болды) себеп болды (Kazakhstan Today, 2009c; KTK, 2009a; 

Новицкая, 2009). Арыстағы жарылыстың жақын жерде болуы терезелердің 

сынуына, есіктердің жұлып алынуына және шатыр мен қабырғалардың 

шатынауына себеп болды. Ортадересінде жергілікті тұрғындардың мүлкіне 

зиян келмегенімен, 2003–2009 жылдар аралығында металл сынықтарын 

жинаушы жасөспірім, мерзімді әскери қызметтегі әскер және бес қызметкер 

өліп, үш қызметкер жараланған

41

. Жарылыс себебінен инфрақұрылым 



да бүлінді, атап айтқанда әскерилердің үйі, жергілікті темір жол мен ток 

жеткізу линиясы, сондай-ақ билік су беруді бірнеше күнге шектеуге мәжбүр 

болды

42

. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыс аумағын тазалау 



ресми түрде аяқталғанымен, айналада және Балқаш көлінің түбінде 

шашылып жатқан бірталай қару-жарақ бөліктері бар және олар металл 

сынықтарын жинаушылардың қызығушылығын тудырып отыр. Қараой 

тұрғындары мүлікке келген зиян туралы хабарлаған жоқ, дегенмен олар 




48  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  49

мерзімді әскери қызметтегі әскер үстіне қойманың бетон қабырғасы 

құлағаннан қайтыс болғанын білетін (ТЖМ, 2009b; Коновалов, 2009; ЭРА-

ТВ, 2009).

 Ортадересін мен Арыста фокус-топтарға қатысқан адамдар жарылыстар 

қоршаған орта мен адам денсаулығына, әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға 

теріс әсер еткенін және олар мал өлімінің өсуіне себеп болғанын айтады. 

Кейбір Ортадересін тұрғындағы Тоқырау қоймасында ұшында уран бар 

оқтардың болғанын және оқиға нәтижесінде айнала радиоактивті заттармен 

ластанғанын, бірақ билік қоршаған ортада радиация жоқ деп айтқанын 

мәлімдеді. Дегенмен, оқиға болған жерден жоғары радиоактивті оқ-дәрі 

мен қоқыстарды жинап алып, оларды бұрынғы Семей полигонына ұзақ 

мерзім сақтау үшін апаруға ат салысқан қазақстандық ядролық ғылым 

мамандарының айтуынша, Тоқырау арсеналында мұндай оқтар шынымен 

болған сияқты (Дмитропавленко и др., 2010).

Үкіметтің реакциясы

Респонденттердің айтуынша, үш мекенде де өрт сөндірушілер апаттық 

дабыл алғаннан кейін жарылыс болған жерге жылдам жеткен. Дегенмен, 

Тоқырау  оқиғасында  жарақат  және  өлім  қаупі  болғандықтан  олар 

жарылыстар тоқтағанша өрт сөндіруге кіріспеген (Kazakhstan Today, 2001a; 

2001


c). Қараойда да, құтқарушылар оқ-дәрінің жарылысы тоқтамай 

қойғандықтан өрт сөндіруге дереу кіріспеген (ТЖМ, 2009b; Kazakhstan Today

2009

e). Арыста, өрт сөндірушілер жарылыс қаупіне қарамастан, өз 



өмірлерін тәуекелге салып өртті сөндірген (Kazakhstan Today, 2009d). 

 Үш мекенде эвакуация әртүрлі ұйымдастырылған. Ортадересінде 

жергілікті билік эвакуацияны тиісті түрде өткізіп, 400-ден астам адам мен 

әскери қызметкерлерді Балқашқа көшірген. Кейбіреулер мүлкі мен малына 

бас-көз болу үшін ауылда қалған. Арыс тұрғындары билік халықты 

эвакуациялау  үшін  көлікпен  қамтамасыз  етпеген,  ал  әскерилер  өз 

қызметкерлері мен олардың отбасыларын эвакуациялауға екі автобус пен 

бір машина берген. Қараойда, оқиға орнына жақын орналасқан шеткі 

көшелерде тұратын тұрғындар эвакуацияланып, мекеннің орталығында 

орналастырылған, ал кейбіреулер үйлерінде қалған немесе ауылдан өздері 

кеткен. Оқиғалардың үшеуінде де, билік жарылыс болған жерлерді 



48  Атыс қаруына шолу

 № 29 тақырыптық баяндама

Флоркин, Әбен және Каримова 



Ашық аспандағы қара бұлттар  49

оқшаулап, полиция мен әскери тосқауылдарын қойып, қалалар мен 

ауылдарға баратын жолдарды жапқан. Жарылмаған снарядтарды іздестіру 

үшін инженерлік бригадалар шақыртылған.



Өтемақы төлеу және алдын алу

Ортадересін тұрғындары күткенімен үкіметтен ешқандай көмек алған 

жоқ, ал әскери қызметкерлер мен олардың отбасыларына, тұрғындардың 

айтуынша, бүлінген мүлігі үшін өтемақы төленген. Арыс тұрғындары 

оқиға нәтижесінде туындаған бүкіл зиянға билік өтемақы төлейтініне уәде 

бергеніне қарамастан оларға тек сынған терезелері үшін аз ғана өтемақы 

берілген. Фокус-топтарға қатысқан адамдардың айтуынша көмекке бөлінген 

қаражатты жергілікті билік жымқырған. Қараойдағы респонденттер 

үкіметтен өтемақы не көмек күтпеген, себебі жарылыс нәтижесінде әскери 

мүлік пен үйлерге зиян келгенімен, мүліктеріне ешбір зиян келмеген

43

.

 «Атыс  қаруына  шолу»  жүргізген  фокус-топ  талқылауларында 



Қазақстандағы билік қару-жарақ қоймаларының маңында тұратын халыққа 

төтенше жағдай жаттығуларын ұйымдастырмайтыны және жергілікті 

тұрғындар төтенше жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білмегені 

анықталды. Респонденттер төтенше жағдай кезінде жергілікті тұрғындар 

жиналатын, Кеңес Одағы заманындағы бомбапаналар сияқты арнайы 

жиналу орындары немесе эвакуация орталықтары жоқ екенін атап өтті. 

Үш мекенде де фокус-топ қатысушылары негізі қару-жарақ қоймалары 

мен әскери полигондар сияқты әскери нысандар елді мекендерден алыс 

орналасқаны  дұрыс  болар  еді  деген  оймен  келіседі.  Дегенмен, 

қатысушылардың көпшілігі әскери нысандардың елді мекендерінің 

маңында орналасқанына қатты қарсылық білдірмейтінін айтты, себебі 

олар қажетті жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. 




жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау