44 Атыс қаруына шолу
№ 29 тақырыптық баяндама
Флоркин, Әбен және Каримова
Ашық аспандағы қара бұлттар 45
«Атыс қаруына шолу» ұйымына 1 115 352 дана әдеттегі оқ-дәрі 2003–2009
жылдар аралығында жойылғанын мәлімдеді, оның ішінде 939 244 данасы
детонация арқылы жойылды (ҚР, 2011a, 1-б; 8-кестені қараңыз). Яғни,
1
,4 млн. дана оқ дәрі 2,5 млн. дана оқ-дәрі болған 2010 артық бастапқы
мөлшерінен жойылды. Дегенмен, бұл деректер тек Қорғаныс министрлігіне
қатысты және 9-суретте көрсетілген салыстыруға болатын деректері жоқ
басқа мекемелерге қатысы жоқ.
Қорғаныс министрлігі 37 792 дана атыс қаруы мен жеңіл қару-жарақтарды
2002
–06 жылдар аралығында жойғанын мәлімдеді, бірақ қалған артық
қару-жарақ мөлшеріне қатысты мәлімет жоқ (ҚР, 2011a, 2-б; 9-кестені
қараңыз). Басқа есеп бойынша ҚМ 2007 жылы жоюға арналған 45 мың
ішінен 27 723 дана қаруды жойғанын мәлімдеді (NAMSA, 2007, 2-б).
Қазақстан артық қару-жарақтарды жоюды, халықаралық ынтымақтастық
мүмкіндіктерінің бар болуына қарамастан, өз басымен орындады. НАТО
ұйымының қару-жарақ жеткізу агенттігімен бірге әзірленген жоба бойынша
2007
жылы 16 653 атыс қаруы, 350 ТЗЗК жиынтығы жойылмақ болды.
Бірақ, ресми себебі ретінде әкімшілік себептер көрсетіліп, жоба сонымен
жүзеге асқан жоқ (NAMSA, 2007, бб. 2–3).
Қару-жарақ қоймаларындағы абайсыздан болған
жарылыстар
2001
жылдан бері Қазақстандағы қару-жарақ қоймаларында алты үлкен
жарылыс болғаны белгілі. 2011 жылдың соңында бұл жарылыстар
нәтижесінде мұндай оқиғаларға тап болу деңгейі бойынша Қазақстан
әлемде 13-орынға қойды (Атыс қаруына шолу, 2011). «Атыс қаруына шолу»
ұйымы, ЦИОМ ұйымының көмегімен 2010 жылғы тамыз бен қыркүйек
айларында жарылыс болған жерлердің маңындағы үш мекеннің
тұрғындарымен фокус-топ талқылауларын өткізді, атап айтқанда
Ортадересін (2001 жылғы тамыз айындағы Тоқыраудағы жарылыс болған
жердің маңында), Арыс (2009 жылғы наурыз айында болған оқиға) және
Қараой (2009 жылғы маусым айында болған оқиға) (2-ші жолақты қараңыз).
Әрбірі сегіз қатысушыдан тұратын екі фокус-топ талқылаулары әр мекенде
ер адамдармен және әйел адамдармен бөлек өткізілді. Қатысушылардан
44 Атыс қаруына шолу
№ 29 тақырыптық баяндама
Флоркин, Әбен және Каримова
Ашық аспандағы қара бұлттар 45
қарастырылған мекендерде оқиғаға дейін және одан кейін кем дегенде екі
жыл тұрғаны талап етілді. Талқылауларда респонденттердің жарылысқа
қатысты тәуекелдерді білуі мен оны түсінуіне; жарақаттар, мүлікке зақым
келу және жергілікті мекеннің дамуы мен тіршілігіне тиген ұзақ мерзімді
нәтижелерге; үкімет қолданған шараларға; өтемақы төлеу мен алдын алу
шараларына назар аударылды (2-ші қосымшаны қараңыз).
Тәуекелді біліп, түсіну
Үш мекендердің барлығында тұрғындар жарылыстан бұрын қару-жарақ
қоймалары жақын орналасқандықтан және кейбір жергілікті тұрғындар
келісім-шарт бойынша сол жерде жұмыс істейтіндіктен олардың бар
екенін білетін. Ортадересін мен Арыста, қоймаларда орасан мөлшерде
2-ші жолақ
Зерттеуге қатысты анықтамалық мәлімет: Тоқырау, Арыс
және Қараой оқ-дәрі қоймаларында болған жарылыстар
Қарағанды облысында, Балқаш қаласынан шығысқа қарай шамамен 50 км қашықтықта
орналасқан Қорғаныс министрлігінің 89533 әскери бөліміндегі Тоқырау-10 оқ-дәрі
қоймасында 2001 жылғы 8 тамызда жарылыс болды (Kazakhstan Today, 2001a). Сол
кездегі қорғаныс министрі болған Сәт Тоқпақпаевтің айтуынша, бұл қоймада «бірнеше
ондаған мың тонна» артиллериялық снарядтар, атыс қаруының оқ-дәрілері және
бомбалар болған. Кеңес Одағының Ауғанстандағы операцияларынан және жартылай
1988 жылғы Армениядағы жер сілкінісінен кейін көшірілген бүкіл арсенал жойылмақ
болатын (Kazakhstan Today, 2001b).
Оңтүстік Қазақстан облысында (Шымкент қаласынан шамамен 100 км қашықтықта),
Арыс қаласынан 2 км қашықтықта орналасқан Қорғаныс министрлігінің 44859 әскери
бөліміндегі ҚазАрсенал ғылыми-өндірістік бірлестігі ЖШС-нің оқ-дәрі жою нысанында
2009 жылғы 20 наурызда екінші жарылыс болды (ТЖМ, 2009a). Екінші Дүниежүзілік
соғыстан бұрын Арыс каласының маңында үлкен оқ-дәрі қоймалары салынған болатын
және онда бұрын да жарылыс болған. Бұқаралық ақпарат құралдарының мәлімдеуінше,
Кеңес Одағының әскері Ауғанстаннан шыққаннан кейін біршама оқ-дәрі мен қару-жарақ
Арыс қаласының жанындағы қоймаларға тасылған (Kazakhstan Today, 2009b). Қорғаныс
министрлігі ҚазАрсенал жеке-меншік мекемесін жарамдылық мерзімі аяқталған оқ-дәріні
азаматтық мақсаттарда қолдануға жойып, қайта өңдеу үшін қосалқы мердігерлікке
жалдаған болатын (Новицкая, 2009).
Алматы облысы (Алматыдан 40 км), Іле ауданында Қараой ауылынан 1 км қашықтықта
ҰҚК-нің Шекара қауіпсіздігі қызметінің 2466 әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында 2009
жылғы 8 маусымда үшінші жарылыс орын алды. Бұл бөлімді ҰҚК әскери институты
шекара қауіпсіздігі офицерлерін дайындау үшін даладағы жаттығу орталығы ретінде
пайдаланады (ТЖМ, 2009b; Kazakhstan Today, 2009e; ҚазТАГ, 2009).
46 Атыс қаруына шолу
№ 29 тақырыптық баяндама
Флоркин, Әбен және Каримова
Ашық аспандағы қара бұлттар 47
қару-жарақ бар екені және жарылыс болса, үлкен аумаққа әсер ететіні
туралы сыбыс болған. Қараойда, тұрғындар жақындағы жаттығу
полигондарында ұйымдастырылып тұратын жүйелі әскери жаттығуларына
үйреніп қалған; кейбіреулер жарылысты жаттығу шеңберінде болған деп
ойлаған. Арыста, жарылыс Наурыз мерекесінің қарсаңында орын алды,
сондықтан кейбір адамдар, әскерлер мерекені тойлау үшін отшашуға
дайындалып жатқан деп ойлаған.
Жергілікті тұрғындар арасында оқиғалардың себептерін білуі әртүрлі.
Ортадересінде, нақты себебін білмейтін, оның орнына бұқаралық ақпарат
құралдарында берілген бірнеше жорамалды келтірді. Шынымен айтқанда,
үкімет комиссиясы сол уақытта оқиғаға не себеп болғанына нақты
қорытынды жасай алмады (Kazakhstan Today, 2002). Арыстағы респонденттер
жарылыс себебін жақсы білетін, бір жағынан БАҚ-та берілген мәліметтерден,
бір жағынан ҚазАрсеналда істеген басқа тұрғындардан. Тергеу, оған дейін
БАҚ-тағы хабарламалар сияқты, оқиғаның басты себептеріне ұқыпсыздық,
қауіпсіздік ережелерін бұзу және ҚазАрсеналдағы жұмыс көлемінің көп
болуын жатқызды (Новицкая, 2009). Қараойдағы респонденттердің
көпшілігі оқиға туралы аз білетін, бәлкім бұған қару-жарақ қоймасының
ҰҚК-ге байланысты болғандықтан тақырыптың құпиялығы себеп болды.
Тергеушілер келісім-шартпен қызмет атқаратын сержант жарылғыш
дорбаны жарылғыш заттар қорабына кездейсоқ түсіріп алғаннан қойма
жарылды деген тұжырым жасады (КТК, 2009b; Северный, 2009); дегенмен,
кейбір жергілікті тұрғындар оның кінәсіз жапа шеккенін айтады. Үш
оқиғаның ешқайсысында билік жарылыс себептерін жергілікті тұрғындарға
түсіндірген емес.
Бір мекендегі респонденттер, жарылыстар қару-жарақ пен оқ-дәріні
үшінші тарапқа заңсыз сатуға байланысты болуы мүмкін деген пікір
білдірді. Қараойдағы ер адамдар қару-жарақ қоймасының мүлкін тізімдеу
шарасы жасалмақ болатын және жарылыс ұрлық іздерін жасыру үшін
қасақана жасалған деген сыбысты келтірді. Басқа мекендердегі
қатысушылары бұл сезімтал тақырыпты талқылағысы келмеді. Тоқырау
жарылысынан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, ол ұрлықты
жасыру үшін әдейі ұйымдастырылған деген пікірлер болды (Джалилов,
2001
).
Достарыңызбен бөлісу: |