148
Бұйрықпен таныстым
Қызметкер
__________
12.09.2007 ж.
(қолы)
Бұйрықтың жобасына бұйрықты дайындаушы кадр қызметінің
басшысы жəне қызметкер қабылданып жатқан құрылымдық
бөлімшенің
басшысы
бұрыштама
қояды.
Материалдық
жауапкершілікпен байланысты лауазымға еңбек шартын жасаған
кезде, оған міндетті түрде бухгалтер, сондай-ақ заң бөлімінің бастығы
бұрыштама қояды.
Басшы қол қойған бұйрық тіркеліп, үш күннің ішінде қызметкерге
таныстырылады.
Əдетте бұйрық бір данада дайындалып, кадр қызметінде
сақталады. Егер ұйымның бухгалтериясы бұйрықтың түпнұсқасын
есепке алатын болып белгіленсе, онда жеке құрам бойынша
бұйрықтар екі дайындалып, қол қойылады. Басқа бөлімшелер үшін
көшірмелері дайындалады.
Бұйрықтың негізінде жеке карточка толтырылады. Бухгалтерияда
қызметкердің жеке шоты ашылады жəне еңбек кітапшасына жазба
жасалады.
4.3.8. Қызметкердің жеке карточкасы
Белгіленген нысан бойынша жасалатын қызметкердің жеке
карточкасы негізгі есепке алу құжаты болып табылады жəне жұмысқа
қабылданған əрбір қызметкерге арнап толтырылады. Ол кадрлар
құрамын талдау жəне қызметкерлер қозғалысын есепке алу үшін
пайдаланылады. Бекітілген арнайы үлгісі бар. Сондықтан бұл жерде
оны келтіріп жатуды артық деп таптық.
4.3.9. Еңбек демалысының кестесі
Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңына сəйкес əрбір
азаматтың еңбек демалысын алуға құқығы бар. Еңбек шарты бойынша
жұмыс істейтін адамға еңбек қатынастарын реттейтін заң актілерінде
белгіленген белгіленген жұмыс уақытына, демалыс жəне мейрам
күндерінде демалуға, жыл сайынғы ақысы төленетін кезекті еңбек
демалысын алуға кепілдік берілген. Осыған орай, ұйымдарда кезекті
еңбек демалысын ресімдеу кадр қызметінің басты функцияларының
бірі болып табылады.
Кезекті
еңбек
демалысын
ресімдеу
кезінде
алдымен
Қазақстанның қолданыстағы еңбек заңына жүгіну керек.
Кезекті еңбек демалысын ресімдеу мынадай операциялар
жасауды қажет етеді: кезекті еңбек демалыстарының кестесін жасау;
жыл бойы аталған кестенің сақталуын бақылау; кезекті еңбек
149
демалысын беру туралы бұйрықты ресімдеу; оны тіркеу жəне кезекті
еңбек демалысы туралы деректерді арнайы базадағы нысанға
толтыру жəне т.б.
Еңбек демалысына ақы төлеу ол басталғанға дейiн күнтiзбелiк
үш күннен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
Егер басқа нормативтiк құқықтық актiлерде, жеке еңбек, ұжымдық
шарттарда жəне жұмыс берушiнiң актiлерiнде қызметкерлердiң
жекелеген санаттары үшiн көп күн көзделмесе, қызметкерлерге
ұзақтығы кемiнде күнтiзбелiк он сегiз күн болатын жыл сайынғы еңбек
демалысы берiледi.
Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы еңбек
жөнiндегі уəкілеттi мемлекеттiк орган белгілейтiн өндiрiстердiң,
жұмыстардың, кəсiптер мен лауазымдардың тiзбесiне сəйкес ауыр
дене еңбегi мен еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) жəне қауiпті
(өте қауiптi) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге беріледі.
Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша демалыста жүрген
қызметкердi осы демалыстан керi шақыртуға болмайды.
Ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң талаптары
мен тəртiбi жеке еңбек, ұжымдық шарттармен белгiленедi.
Қатарынан екi жыл бойы еңбек демалысын бермеуге тыйым
салынады (Еңбек туралы заңның 60-бабы).
Еңбек демалысы күндерiне дəл келетiн мереке күндерiн
есептемегенде, жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы,
қолданылып жүрген жұмыс режимдерi мен кестелерiне қарамастан,
күнтiзбелiк күндермен есептеледi.
Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн еңбектегi жұмыс
стажына:
1) жұмыс жылы iшiнде нақты жұмыс iстеген уақыт;
2) жұмыстан заңсыз босату кезiнде амалсыздан бос жүрген
уақыт;
3)
емделуде
болып, еңбекке
уақытша
жарамсыздық
парағымен расталған уақыт;
4) қызметкер шын мəнiнде жұмыс iстемеген, бiрақ белгiленген
тəртiппен жұмыс орны (лауазымы) мен жалақысы толық немесе
iшiнара сақталған уақыт қосылады.
Қызметкердiң қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы
бөлiнiп берiлуi мүмкiн. (Еңбек туралы заңның 61-бабы).
Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалыстарын берудiң
кезектiлiгi жеке еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесiнде,
жұмыс берушiнiң актiлерiнде көзделген тəртiппен белгiленедi.
Өндiрiс қажеттерiне байланысты демалыс кестесi өзгерген
жағдайда жұмыс берушi еңбек демалысының басталуынан кемiнде екi
апта бұрын қызметкерге ол жөнiнде хабарлауға мiндеттi (Еңбек туралы
заңның 62-бабы).
150
Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкер еңбек демалысы
кезеңiнде еңбекке уақытша жарамсыз болған кезде, жүктi болуы мен
босануы бойынша демалысы кезiнде толық немесе бiр бөлiгi
ауыстырылуы немесе ұзартылуы мүмкiн, бiрақ бұл орайда еңбек
демалысы кезiндегi күндерге еңбекке уақытша жарамсыздығы
бойынша жəрдемақы төленбейдi.
Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бiр бөлiгi) тек қызметкердiң
келiсiмiмен немесе оның өтiнiшi бойынша ғана ұзартылуы немесе
келесi жұмыс жылына ауыстырылуы мүмкiн. Ауыстырылған еңбек
демалысы тараптардың келісiмi бойынша келесi жылға еңбек
демалысына қосылуы немесе қызметкердiң өтiнiшi бойынша басқа
уақытта жеке берiлуi мүмкiн (Еңбек туралы заңның 63-бабы).
Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс берушiнiң ұсынысы
бойынша жəне қызметкердiң келiсiмiмен үзiлуi мүмкiн (еңбек
демалысынан шақырып алу). Еңбек демалысының осыған байланысты
пайдаланылмаған бөлiгi тараптар арасындағы уағдаластық бойынша
ағымдағы жұмыс жылы ішінде берiледi немесе қызметкердiң қалауы
бойынша келесi жұмыс жылындағы еңбек демалысына қосылады, не
өтемақы төленедi (Еңбек туралы заңның 64-бабы).
Еңбек туралы заңның жоғарыда келтірілген баптарынан мəлім
болатындай, жыл сайынғы еңбек демалыстары кестесін жасау шарт
болып табылады. Бұл əдетте екі түрлі жолмен жасалынады: нақты
жəне формальды.
Бұлардың
өзіндік
ерекшеліктеріне
жəне
кезекті
еңбек
демалыстары кестесін жасау мен бекіту рəсімдерінің кезегімен
тоқталып өтейік.
Жыл сайынғы еңбек демалысы кестесін жасаудағы на ты əдіс
жыл бойы шын мəнінде қолдану үшін қызмет ететін нақты құжат
əзірлеуге қолданылады.
Бұл ең дұрыс əдіс, бірақ ол барлық жерде бірдей қолданыла
бермейді. Оны негізінен мыңнан астам адам жұмыс істейтін ірі
кəсіпорындарда, сондай-ақ кезекті ауысыммен жұмыс жүргізетін
үзіліссіз өндіріс орындарында көбірек қолданады. Бұларда кезекті
еңбек демалысы кестесінсіз жұмысты жүйелі түрде жүргізу мүмкін
емес. Мұнымен қоса көптеген компанияларда қызметкерлер арасынан
кезекті еңбек демалысын алғысы келмейтіндері де табылады.
Біреулері жұмыс орнынан айрылып қалудан қорықса, екіншісі көбірек
табыс тапқысы келеді.
Мұндай бастамалардан жұмыс берушіге келетін ешқандай пайда
жоқ. Себебі кезекті еңбек демалысын бермеу – еңбек заңдылығын бұзу
болып табылады.
Кесте арқылы ғана қызметкерді кезекті еңбек демалысына
шығуға мəжбүрлеуге болады.
Формальды əдіс бойынша жасалған кесте тек тексеруші
органдарға көрсететін формальды құжат ретінде ғана қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |