151
Қызметкерлер штаты азғантай жəне басқарудың демократиялық
приниптері бойынша жұмыс істейтін ұйымдарда бұл əдіс кең тараған.
Шын мəнінде де, егер ұйым қызметкерлеріне қалаған уақытында
кезекті еңбек демалысын бере алатын болса, алдын-ала əзірленген
демалыс кестесі пəлендей қажет болмайды. Бірақ кестенің міндетті
түрде болуын заң талап ететін болғандықтан формальды сипатта
болса да оны жасап, бекітіп қоюға тура келеді. Əдетте, тексеру
алдында мұндай кестелер шынайы жағдайға сəйкестендіріліп, жыл
аяғында қабылданған бұйрықтар негізінде қайта жасалады. Сөйтіп
оған өткен уақыт датасы қойылады. Дегенмен, тексеру кезінде
қолайсыздықтарға тап болмас үшін еңбек демалысы кестесін шынайы
жағдайларға сəйкестендіре отырып жасаған дұрыс.
Кестені жоспарлау мен ресімдеу кезінде берілетін демалыс
мерзімін бөлшектеу орынсыз, өйткені, тексеруші органдар тарапынан
оған келіспеушіліктер көп болады. Бұл жөніндегі мəліметтерді кесте
бекітілгеннен кейін, жыл бойы сол бекітілген кестеге енгізген жөн.
Демалыс кестесіне кадрлар қызметінің басшысы қол қояды,
сонан соң ол ұйым басшысына бекітуге ұсынады.
Əрбір жұмыскер ішкі еңбек тəртібі ережелерінен бекітілген еңбек
демалысы кестесі қай жерде тұрғанын біле алатындай болуы керек:
жарнамалар тақтасында ма, кадрлар бөлімінде ме, əлде басқа жақта
ма? Ең дұрысы, демалыс кестесін барлық қызметкерлерге қол
қойдыра отырып таныстырып шығу.
Өндірістік қажеттіліктерге байланысты демалыс кестесіне
өзгерістер енгізілетін болса, бұл жөнінде жұмыс беруші демалыс
басталардан екі апта бұрын мəлімдеуге міндетті.
Е бек демалысы кестесіні лгісі
____________________________
(кəсіпорын атауы)
КЕЗЕКТІ
ЕҢБЕК
ДЕМАЛЫСЫНЫҢ
2008 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН КЕСТЕСІ
«БЕКІТЕМІН»
Директор
____________ ______________
(қолы) (аты-жөні)
2007 жылғы «____»__________
Құры-
лымдық
бөлімше
Штат-
тық кесте
бойынша
лауазымы
Аты-
жөні
Табель-
дік
нөмірі
КЕЗЕКТІ ЕҢБЕК ДЕМАЛЫСЫ
Ескерту
Күн-
тізбелік
күндер
саны
Күні
Еңбек
демалысын
ауыстыру
Жос-
пар-
-лан-
ғаны
Нақ-
тысы
Негіз-
деме
Бол-
жамды
дема-
лыс
күні
152
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
Кадр қызметінің бастығы
__________
_____________
(қолы)
(аты-жөні)
4.3.10. Іссапар куəлігі жəне іссапарда болған қызметкерді тіркеу
журналы
Іссапарға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін арнайы
нысан бойынша іссапар куəлігі беріледі. Іссапар куəлігінің нысанын
уəкілетті мемлекеттік орган жасап, бекіткен. Іссапар куəлігін жазып
беруші маман оған бұйрықтағы барлық қажетті деректерді енгізеді.
Іссапар шығыстары тəулік бойынша төленетін болғандықтан,
іссапар куəлігі қызметкердің межелі жерге барған жəне ол жерден
шыққан, қайтып келген уақытын белгілеуші есептік құжат болып
табылады. Бұл ретте бару келу туралы белгіні межелі жердегі жауапты
адам қол қойып растап қоймайды, сонымен бірге мөрі де қойылады.
Іссапар куəлігі арнайы нысанда бір данада жасалып беріледі
жəне іссапарда болған қызметкерлерді тіркеу журналында тіркеледі.
Журналды əрбір ұйым өз қалауына қарай түзуіне болады. Соның бір
үлгісі төмендегідей.
Іссапарда болған ызметкерлерді тіркеу журналыны лгісі
Іссапар
куəлігінің
берілген
күні жəне
нөмірі
Аты-
жөні
Лауазымы Іссапар
орны
Мақсаты Іссапар
мерзімі
Бұйрықтың
күні
мен
нөмірі
06.03.2007
ж.
Асанов
Н.М.
менеджер
Астана қ.
«Тасымал»
ЖШС
Шарт
жасасу
09.03.2007
жылдан
13.03.2007
жылға
дейін
05.03.2007
ж. № 43і
4.3.11. Қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзу туралы
бұйрық
Қызметкерді жұмыстан босату өтініштен немесе қызметтік
жазбадан басталады. Алайда бұдан басқа құжаттар да қызметтен
босатуға негіздеме болуы мүмкін. Мысалы, заңды тұлғаның
таратылуы, қайта құру туралы бұйрық (штаттықң қысқаруы),
аттестациялық комиссияның шешімі, қайғылы оқиға туралы акті, еңбек
153
тəртібін бұзу фактісін растау актісі, қызметкердің түсініктемесі, сот үкімі
жəне т.б.
Қызметкер өтінішінің, қызметтік жазбаның немесе басқа құжаттың
негізінде бұйрықтың жобасы жасалады. Бұйрықта қызметкердің
жұмыстан кету себебі міндетті түрде қолданыстағы еңбек заңының
тиісті бабына сілтеме жасап көрсетілуі тиіс.
4.3.12. Еңбек кітапшасы
Қолданыстағы еңбек заңдарына сəйкес еңбек кітапшасы
қызметкердің еңбек қызметі жəне еңбек өтілі туралы негізгі құжат
болып табылады.
Жұмысқа қабылданған адам кадр қызметімен айналысатын
адамға еңбек кітапшасын тапсырады, ал жұмысқа алғаш кірісіп
отырған жəне еңбек кітапшасы жоқ адам осы жерде еңбек кітапшасын
ашады.
Еңбек кітапшасында қызметкердің бүкіл қызмет істеген
орындары, атқарған лауазымы мен марапаттаулары толтырылып
отырады.
Еңбек кітапшаларымен жұмыс жүргізу жəне оған тиісті
жазбаларды енгізу тəртібі Қазақстан Республикасының Еңбек жəне
халықты əлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2005
жылғы 24 наурыздағы № 75-п бұйрығымен бекітілген «Е бек
кітапшаларын ж3ргізу мен са тау ережесіне» негізделуі тиіс.
Жеке еңбек шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскердің еңбек
жолын куəландыратын құжаттарды талап етуге құқылы. Еңбек жолын
куəландыратын негізгі құжат еңбек кітапшасы болып табылады.
Еңбек кітапшасына мынадай мəліметтер енеді:
- қызметкердің өзі туралы мəліметтер: фамилиясы, аты, əкесінің
аты, туған жылы мен датасы, білімі, кəсібі, мамандығы;
- атқарған жұмыстары туралы мəліметтер: жұмысқа қабылданған
уақыты, жеке еңбек шартының мерзімі, жеке еңбек шартының
тоқтатылуы немесе бұзылуы;
- еңбектегі табыстары үшін ордендермен, медальдармен жəне
ұйымның,
кəсіпорынның
ішкі
еңбек
тəртібі
ережелерінде
қарастырылған
ынталандыру
сыйлықтарымен,
ақшалай
сыйлықтармен, жеке еңбек, ұжымдық келісім-шарттарға, сондай-ақ
жұмыс беруші тарапынан жасалған нормативтік актілерге сəйкес өзге
де ынталандырулармен марапатталуы.
Жеке еңбек шартын жасау немесе оны тоқтату, бұзу, өзге
жұмысқа ауыстыру, марапаттау, ынталандыру жөніндегі жазбалардың
бəрінде сандық көрсеткіштер араб цифрымен (күні, айы екі цифрлы
көрсеткішпен, жылы толық көрсетіліп) беріледі. Аталмыш жазбалар
жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау, жеке еңбек шартын тоқтату жəне
бұзу т.б. туралы бұйрығына сəйкес жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |