Арпаны жууға және жібітуге арналған қондырғылар. Пневматикалық уыт өндіру қондырғылары


Дәріс №11 Алкоголсыз өнімдер өндірісінің технологиялық құрал-жабдықтары (жалғасы)



жүктеу 6,84 Mb.
бет13/18
Дата09.01.2022
өлшемі6,84 Mb.
#32133
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
ашыту курал жабдық лек

Дәріс №11
Алкоголсыз өнімдер өндірісінің технологиялық құрал-жабдықтары (жалғасы)
Жоспар:


  1. Суды кондинциондауға арналған құрал-жабдықтар.

  2. Купажды шәрбәтті дайындауға арнлаған аппараттар.

  3. Суды көміртегі диоксидімен қанықтыруға арналған құрал-жабдықтар.




  1. Сусындарды дайындау үшін жалпы қаттылығы 1,426 г*экв/м3 аспайтын бактериальдытаза су қолданылады. Суды кондициондау үшін келесідей операциялар орындалады: тұндыру, коагуляция, сүзу, жұмсарты, бактерицидті сәулелендіру.

Суды сүзу мен тұндыруды оның құрамындағы майда заттардан тазарту үшін құмды сүзгіштерде жүргізеді. ФВ-М2 маркалы құмды сүзгіш табаны конус тәрізді, қақпағы шар тәрізді ал өзі цилиндрге ұқсас ыдыс (11.1 –сурет).


Cурет 11.1 - ФВ-М2 маркалы құмды сүзгіш тәсімі
Сүзгі ішіне екі тор орнатылған, оның төменгісі қыиршық тас пен құмды ұстап қалса, ал жоғарғысы ағып келген суды тарату/сүзу үшін. Суды регенерациядан тазалау үшін ФВРМ типті сүзгілер қолданылады (11.1-кесте).
Кесте 11.1 –Құмды сүзгілердің техникалық сипаттамалары


Көрсеткіштер

ФВ-М2

ФВРМ

Өнімділігі, м3/сағ

1,0

2,5

Жұмысшы қысымы, МПа

0,02-0,03

0,05

Сүзетін қабат биіктігі, м

0,75

0,7-0,8

Сүзетін масса көлемі, м3

0,80

0,95

Жуу периодтылығы, тәул-1

0,14

1-2

Сүзуге жіберілген су сүзгі-прессте (11.2-сурет) каналмен жылжып, арақабырғаларда орнатылған арнайы саңылаулар арқылы сүзу камерасына келіп түседі. Сүзетін арақабырғалар (сүзетін картон) қабырғалы жақтауларға орнатылған. Фильтрат аралық қабырға арқылы өтеді және жақтаулар арасындағы қабырғаға түседі, ол жерден аралық қабырғаның төменгі жағындағы саңылаулары арқылы жалпы жинағышқа беріледі.

ФК-2М керамикалық шырағданды сүзгісінен сүзуге жіберілетін су қысыммен төменгі түтікше арқылы сүзгіге жіберіледі. Тазаланған су керамикалық шырақ шамның саңылаулары арқылы өтіп сүзетін элементтің ішкі кеңістігіне жиналады, ол жерден жоғарғы түтікше арқылы өндірістік блокқа бағытталады. Сүзгі-пресс пен керамикалық шырақ шам сүзгінің жұмыс жасау көрсеткіштері 11.2-кестеде берілген.

Сурет 11.2 – Сүзгіш пресс тәсімі


Кесте 11.2 – Суды сүзіге арналған сүзгілердің техникалық сипаттамалары


Көрсеткіштер

Сүзгі-пресс

ВК-2М

Өнімділігі, м3/сағ

3-9

2,5

Жұмысшы қысымы, МПа

0,25

0,2-0,25

Сүзетін жақтаулар саны

45-60

37

Сүзу элементінің ауданы, м2

6-19,5

1,75

Судың кермектілігі сусындардың сапасын нашарлатады, себебі оның құрамында болатын тұздар қышқылдарды тұнба түзе отырып бейтараптайды. Суды ионды алмасулық жұмсартуы үшін катионит (глауконит, пермутит, сульфокөмір, синтетикалық ион алмасатын шайыр) қолданылады. Na- катионды сүзгісі (11.3 –сурет) цилиндр пішінді ыдыс, оның төменгі жағына кварцты құмнның бірнеше қабаты орнатылған ал оныңүстіне катион қабаты орнатылады. Катинитті сүзгінің жұмысы суды периодты түрде жұмсартуға, катионтитті қопсытуға және сүзгіні 10%- ас тұзы ерітіндісімен регенерациялауға арналған.



Сурет 11.3 - Na- катионды сүзгіш тәсімі




  1. Купажды шәрбәтті периодты әдіспен дайындау үшін заманауи эмальданған түрлі конструкциялы шәбәт дайындау жабдықтары қолданылады: ашық және араластырғышы бар, араластырғышы бар және жоқ. Типтік шәрбәт дайындау жабдығы (11.4 –сурет) табаны шар тәрізді, ішінен шыны-эмальмен жабылған, қақпағы шар тәріздес немесе жалпақ болатын цилиндрге ұқсайтын ыдыс. Жабдық бу жейдешесімен және сорғыш құралмен жабдықталған.



Сурет 11.4 - Типтік шәрбәт дайындау жабдығы тәсімі
Кесте 11.2 – Шәрбәт дайындау қондырғысының техникалық сипаттамасы


Түрі

Сиымдылығы, м3

Бу қы сымы, МПа

Габариттік өлшемдері, м

Электрқозғалтқышының қуаты, кВт

толық

пайдалы

корпустағы

жейдедегі

диаметрі

биіктігі

ВВМ-50

0,076

0,05

0,3

0,3

0,76

1,56

0,6

ВВМ-100

0,114

0,10

0,3

0,3

0,94

1,90

0,6

ВВМ-150

0,244

0,15

0,3

0,3

1,03

1,90

0,6

ВВМ-250

0,361

0,25

0,3

0,3

1,05

2,09

1,7

ВВМ-500

0,808

0,50

0,3

0,3

1,30

2,40

1,7

ВВМ-1000

1,358

1,00

0,3

0,3

1,45

2,55

1,7

ВВМ-1500

1,810

1,50

0,3

0,3

1,53

2,90

1,7

Шәрбәт қайнататын қондырғы келесі цикл бойынша жұмыс жасайды: суды жинау 5-10 мин, суды 600С температураға дейін қыздыру 10-15 мин, қантты салу 5-10 мин, қоспаны 1050С температураға дейін қайнату 15-20 мин, қондырғыны босату 10 мин.

Шәрбәт қайнататын бөлімнің сиымдылығы қант шәрбәтінің тәуліктік шығынына сай есептеледі. Шәрбәт қайнататын жабдықтар саны келесі формуламен анықталады:

Мұндағы, - қанттың тәуліктік шығыны, кг; – құрамында құрғақ заттар мөлшері 64 % болатын қант шәрбәтін жасауға жұмсалатын қант мөлшері, кг/м3; – қондырғы сиымдылығы, ; – қондырғының айналымдылығы; – толтыру коэффициенті.
ОНС және ШСК типті үздіксіз жұмыс жасайтын шәрбәт қайнататын станция қант шәрбәтн қайнатуды механикаландыруға және автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Кесте 11.3 – Үздіксіз әрекетті шәрбәт дайындау қондырғысының техникалық сипаттамалары




Көрсеткіштері

ОНС

ШСК

Өнімділігі, кг/сағ

400

2000

Шығын, кг/сағ

Қант


Су

Лимон қышқылы


257


150

0,32

1200

800


1,2

Қыздыру бетінің ауданы, м2

-

4,1

Бу қысымы, МПа

0,3

0,6

Араластырғыш біліктің айналу жиілігі, с-1

0,41

0,40

Электрқозғалтқыш қуаты, кВт

2,8

5,5

Станция қант пен лимон қышқылын үздіксіз түрде ерітуге арналған, араластырғышпен жабдықталған. Еріткіш корпусы бумен қыздырылатын жейдемен жабдықталған. Станцияның жұмыс жасау ұзақтығы келесі формуламен анықталады:


τтәул =
мұндағы, – қант шәрбәтінің тығыздығы, кг/м3; – шәрбәт дайындайтын станцияның өнімділігі, кг/сағ.
Көптеген алкогольсыз сусындарды дайындау барысында бояғыш ретінде қолданылатын колер электрлік қыздырылатын колер қайнату жабдығында дайындалады (11.5-сурет). Ол қондырғы цилиндр ішінде цилиндр орнатылған, ал олардың арасы асбестпен толтырылған. Ішкі цилиндрдің табанына қыздырғыш элемент салыған. Жабдықтағы масса алынып-салынбалы араластырғыш көмегімен араластырылады. Жабдық жоғарғы жағында сорғыш зонт орнатылған.


Сурет 11.5 – Колер дайындау жабдығының тәсімі
Қант шәрбәті купажды шәрбәті рецептуралық құрамына кіретін қалған құрам бөліктермен (шырын, тұнба, бояғыштар және т.б.) араластырылады, купаждау жабдығының сиымдылығы 1-ден 6,3 м3 дейін болады. Купажды жабдықтың саны:

Мұндағы, - барлық ассортимент үшін қажетті купаждың бір ауысымдағы шығыны, м3; - қосымша сиымдылықты ескеретін коэффициент, –бір қондырғының толық сиымдылығы, м3; – қондырғының айналымдылығы;

Мұндағы, – бір ауысымда купаждау қондырығысы жумыс жасаған сағат саны, сағ; –купаждау қондырғысының жұмыс жасау ұзақтығы,сағ.


  1. Қазіргі таңда газдалған сусындарды өндіріс орындарында дайындаудың жекеленген (дәстүрлі) және синхронды-араластыратын (заманауи) әдістері қолданылады. Жекеленген әдісте ауыз суы сатураторлар көмегімен көміртегі диоксидімен қанықтырылады және купажды шәрбәттің қажетті мөлшерімен толтырылған шөлмектерге құйылады.

Ш4-ВСВ-3 сатураторында (11.6 –сурет) су 4-6 0С температураға дейін салқындатылады да, деаэрациялау колонкасына беріледі, мұнда еріген ауаны шамамен 0,06-0,08 МПа қысымдағы вакуумда ұстап тұру арқылы жояды.


Сурет 11.6 - Ш4-ВСВ-3 сатураторының тәсімі
Содан соң барып суды ағынды насадкаға 2 жібереді, ол сұйықтықты-газды эжектор, ресирверден 3 0,25-0,35 МПа қысымда көміртек диоксиді беріледі. Газ көбіршіктері ерімеген су қанықтыру колонкасына 4 беріледі, мұнда 0,25-0,35 МПа қысымда ұстап тұрады. Газды-ауалы қоспа қанықтыру колонкасынан 4 газды шығаратын жоғарғы вентиль арқылы шығарылады, ал газдалған су төменгі кран арқылы құйылып алынады. Ағынды насадка арқылы суға берілетін газ мөлшері ине тәрізді вентиль көмегімен реттеліп отырады. Қанықтыру колонкасындағы су деңгейі электрлік датчиктер көмегімен бақыланады.

Заманауи тәсім бойынша купажды шәрбәт пен су нақты берілген қатынаста араластырылады. Алынған ерітінді жеке қондырғыда көміртегі диоксидімен қанықтырылады да, шөлмектерге құйылады. Б2-ВРР/6 синхронды-араластырғышты қондырғыда (сурет 11.7) салқындатылған су алдымен деаэраторға 1 беріледі, содан соң барып жинағышқа 6. Суды жинағыштан 6 және шәрбәт жинағыштан 4 бір мезетте плунжерлі типті мөлшерлейтен агрегат 5 көмегімен рецептуралық құрам бөліктердің нақты мөлшері араластырылатын бачокқа 2 беріледі. Содан соң барып сулы-купажды қоспа қанықтыру колонкасына келіп түседі, мұнда ол соңғы рет араластырылады да, көміртегі диоксидімен қанықтырылады.



Сурет 11.7 - 2-ВРР/6 синхронды-араластырғышты қондырғы тәсімі


«Миксомат» деп аталатын автоматты қондырғы алдын ала купажды шәрбәтті дайындаусыз рецептуралық құрам бөліктерден алкогольсыз сусын алуға мүмкіндік береді. Купаждалған шәрбәттің деаэрацияланған суы, қант шәрбәті және басқада құрам бөліктер мқлшерленеді және алдымен сұйықтықты-сұйықтықты эжекторда араластырылады, содан соң барып сұйықтықты-газды эжекторда араластырылады, содан соң барып дайын сусын жинайтын сиымдылықта ұсталып тұрылады да, құюға жіберіледі. Сумен сусындарды көміртегі диоксидімен қанықтыру барысында жабдыұтарды таңдау барысында төменгеді кестені қолдануды ұсынамыз.
Кесте 11.4 – Газдалған сусындар дайындауға арналған қондырғылардың техникалық сипаттамалары


Көрсеткіштері

Ш4-ВСВ-3

Б2-ВРР/6

«Миксомат»

Өнімділігі, м3/сағ

3,6

13,7

43,9

Сусындағы көміртегі диоксидінің мөлшері, %

0,6-0,7

0,5-0,6

0,6-0,7

Судың жұмысшы қысымы, МПа

Кіре берістегі

Деаэрациялау колонкасындағы

Қанықтыру колонкасындағы


0,15-0,20

0,08

0,25-0,30


0,20


0,08

0,35-0,40


0,30-0,45



0,08

0,35-0,45



Электрқозғалтқышының қуаты, кВт

10,5

23,2

--


Дәріс №12


жүктеу 6,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау