Арпаны жууға және жібітуге арналған қондырғылар. Пневматикалық уыт өндіру қондырғылары



жүктеу 6,84 Mb.
бет12/18
Дата09.01.2022
өлшемі6,84 Mb.
#32133
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18
ашыту курал жабдық лек

Купажды шәрбәттарды сүзу және салқындату. Купажды шәрбәтті дайындаған соң сүзуге жібереді. Көптеген алкогольсіз сусындар зауытында маркасы Т сүзгіш-қантты қағаз фильтрационды материалы ретінде қызмет атқаратын сүзгіш пресстер қолданады.

Купажды шәрбәт сапасына қойылатын талаптар. Купажды шәрбәт келесі талаптарды қанағаттандыру қажет: Сыртқы түрі бойынша-лайлану, тұнбалар, шайындылар және бөгде заттары жоқ кіршіксіз мөлдір.

Органолептикалық көрсеткіштері бойынша-берілген сусындар түріне тән иісі,түсі жақсы көрсетілген.

Купажды шәрбәтта құрғақ заттардың мөлшері сусындардың түріне байланысты 30-45%арасында ауытқиды.



Газдалған сулар мен сусындарды дайындау. Сулар мен сусындарды көміртегі диоксидімен байыту процессін сатурация деп атайды. Бұл процесс көміртегі диоксидінің сумен әрекеті кезінде қаныққан сулы сулы ерітінділердің пайда болуына негізделген. Газдардың сұйықтықта еруін газдардың абсорбциясы деп атайды.Көміртегі диоксидінің абсорбциясы былай жүреді:
СО22О Н2СО3
Газдың бір бөлігін сұйық фазадан газ тәріздіге диффундирлейді, толығырақ айтқанда, десорбция процессі жүреді. Біршама уақыттан соң, ерітіндідегі және ерітіндіде газдардың салмағы теңеседі.Теңесу кезінде уақыт бірлігінде қаншалықты газ ерісе, соншалықты ол ерітіндіден бөлінеді. Газдардың екі фаза арасында-сұйық және газ тәріздісандық бөлінуі қысым мен температураға байланысты.

Газдалған алкогольсіз сусындарды құю. Газдалған сусындарды екі сызбанұсқа бойынша құяды: купажды шәрбәтті дозалау-бөтелкелерді газдалған сумен толтыру; бөтелкелерді тығындау; бөтелкелерді араластыру; сусындар бракеражы; жапсырмаларды жапсыру; судың дэаэрациясы; деаэрирленген суды және купажды шәрбәтті араластыру; сулы купажды қоспасы көміртегі диоксидімен байыту; дайын сумен бөтелкелерді толтыру; бөтеокелерді тығындау; сусындар бракеражы; жапсырмаларды жапсыру (синхронды араластырғыш тәсіл)

Әр сусындардың түрі үшін бөтелкеге купажды шәрбәттардың дозасын есептейді,см³


Д =Б · В / А (3)
мұнда:Б-бөтелке сыйымдылығы,см³

В-1л дайын сусында құрғақ заттардың мөлшері,г

А-1лкупажды сиропта құрғақ заттардың мөлшері,г

Сыйымдылығы 0.5 бөтелкеге 100мл купажды сироп қажет болатындай, оның концентрациясын дайындау ұсынылады. Алдын ала 2-4сағатта ұсталған температурасы 10ºСжоғары емес дайын купажды шәрбәт көлемі бойынша таза бөтелкелерге дозалайды.

Температурасы 4ºС жоғары емес газдалған суды номиналды сыйымдылыққа дейін бөтелкелерге толтыру изобаралық жағдайда жүргізіледі.

Сосын сусыны бар бөтелкелерді полимерлі материалдан жасалған төсемесі бар тығынмен тығындайды. Біркелкі қоспаны алу үшін тығындаудан соң, сол уақытта бөтелкелерді жақсылап араластырады. Көрсетілген операцияны автоматты араластырғыш орындайды. Кейін бөтелкелерді жарық экранында көру жолымен оларды бракерлейді. Бұл кезде бөгде қосындыларды, лайлануды және шайындыларды, сондай-ақ құюдың толықтығын, бөтелкелердің ішкі және сыртқы тазалығын бақылайды. Сосын бөтелкелердің конусты және цилиндрлі бөлігіне жапсырма жабсырады. Этикеткаға құю күнін көрсетеді. Сусындары бар бөтелкелерді жәшіктерге орналастырады да, дайын өнім қоймасына бағыттайды.Үлкен және орташа қуаттылықты зауыттар алкогольсіз сусындарды өндіру кезінде синхронды-араластырғыш тәсіл қолданылады, ол кезде кейбір қондырғыларда алдын ала деаэрациясын суды және шәрбәтті белгілі қатынаста араластырады, ал сосын қоспаны көміртегі диоксидімен байытады, басқаларында-суды көміртегі диоксидімен байытады, бұдан кейін шәрбәтпен араластырады.



Газдалған алкогольсіз сусындарды сақтау.Дайын алкогольсіз сусындарды дайын өнім қоймасында сақтайды,онда өндірістің екі тәуліктен кем емес өнімдері сиюы (орналасуы) керек. Ғимарат қоймасы құрғақ және желдетілетін болу керек. Ғимараттың температурасы отандық сусындарды сақтау үшін 0-ден 12ºСдейінгі аралықта және Пепси-Кола және Фанта сусындары үшін 25ºС жоғары емес болу керек.

Газдалған сусындарды жәшіктерде тасымалдайды. Сондай-ақ жазда қызып кетуден, қыста салқындаудан сақтау керек.

Алкогольсіз сусындардың технологиялық сызбанұсқасы былайша сипатталады:

Суды өңдеу





Қантты және Инвертті шырындарды дайындау

Коллерді алу



Купажды шырындарды дайындау



Купажды шырындарды фильтрлеу және салықндату



Көміртегі диоксидімен суды байыту



Алкогольсіз сусындарды сақтау

Сурет 10.1. Алкогольсіз сусындардың технологиялық сызбанұсқасы
Газдалған алкогольсіз сусындар өндірісінің машиналы аппаратуралық сызбанұсқасын сипаттау.

Желі суды өңдеуге құрал-жабдық комплексінен басталады (деффегезаторлар, құм және керамикалық сүзгілер, бактерицидті қондырғылар және ультра филтрационды аппараттар)

Келесі болып қант және купаж сиропын дайындауға арналған құрал-жабдық комплекстері табылады, олар сироп қайнатқыш аппараттан, насостардан, жылуалмастырғыштардан, сиропқайнатушы станциядан және колер қайнатушы аппарат жүйелерінен тұрады.

Кейіннен купаж аппаратынан, сүзгі – престерден және жылуалмастырғыштан тұратын купаж сиропын дайындауға арналған құрал-жабдық комплексі жалғасады. Соңғысы газдалған сусындарды және көқміртегі диоксидімен қанықтыруға арналған құрал-жабдықтар комплексі, (сатураторлар, струилы аппарат және синхронды-араластырғыш қондырғы) сонымен қатар орап-түю құрал-жабдықтары.

Газдалған алкоголдьсіз сусындарды өндіру 10.2- суретте келтірілген.

Желі қондырғысы және жұмыс істеу принципі. Газдалған сусындардың негізгі компоненті болып табылатын су құм сүзгіде 9 алдымен сүзіледі. Судың жұмсақ сүзілуі керамика сүзгісінде 8 жүзеге асады. Суды мұқият тазарту үшін сүзгі-пресс 7 қолданылады, яғни қысым арқылы жұмыс жасайтын. Жарықтандырылған су насоспен 6 жұмсарту үшін катионитті сүзгіге 5 беріледі. Сүзгілердің регенерациясы су тогын өзгерту жолымен тұз егіткіш көмегімен залалсыздандырылады. Су насоспен 1 тоңазытқышқа 2 беріледі, бұл жерде ол 4-7 температураға дейін салқындатады және өндіріске бағытталады.

Қантты қажет болған жағдайда бөгде қосымшалардан тазаланады, өлшенеді және сироп қайнатқыш аппаратқа 12 беріледі. Сол жерге қан массасына есептегенде 40% мөлшерінде су бағытталады және 20-25 мин аралығында қайнатылады. Дайын қант сиропы насоспен 13 жылуалмастырғышқа 14 салқындатылу үшін беріледі.

Сахароаның кристалдануын болдырмау мақсатында қант сиропына жұмсақтық пен жағымдыдәм беру мақсатында инверсия үшін сиропқайнату аппаратына 15 бағытталады. Жылуалмастырта 17 250С дейін салқындатылған инвертті қант сиропы насос 16 арқылы жинағышқа 22 айдалады.

Жинағыштағы 19 қажет болған жағдайда сүзгі престе 20 сүзілген шырындар және тұнбалар насос 18 арқылы болат эмалданған жинағышқа 21 беріледі. Лимон қышқылын және эссенцияны еріту үшін, сонымен қатар әртүрлі қоспаларды дайындау үшін купажды алаңда жинағыштар 24 және 25 орналасқан.



Сурет 4. Газдалған алкогольсіз сусындарды өндірудің технологиялық сызбанұсқасы
Сусындарды бояуға арналған колерді қантты 180-200 температураға дейін қыздыру жолымен колерқайнатқыш аппаратта 10 дайындайды, мұнда қант массасына 1-3 мөлшерінде су құйылады. Колерқайнатқыш аппараттан 10 шыққан колер насос 11 арқылы жинағышқа 23 бағытталады.

Купажды сироп вертикальды купаж аппараттарында 26-28 дайындалады, ол якор түріндегі араластырғыштармен жабдықталған. Купаждың барлық кампоненттері жинағыштардан 21,23,25 сомотекпен аппаратқа келеді, ол купаждық алаңда орнатылған. Дайын купаж сиропы сүзгіде 29 сүзіледі, 8-10С температураға дейін салқындатылады және насоспен 30 қысымды жинағышқа 31 беріледі,ол жерден самотекпен купажды сумен араластыру үшін және сусынды көміртегі диоксидімен қанықтыру үшін арналған үздіксіз әрекеттегі қондырғыға береді.


Бақылау сұрақтары


  1. Алкогольсіз сусындардың жалпы сипаттамасы қандай?

  2. Алкогольсіз сусындар өндірісінде пайдаланылатын шикізаттар қандай?

  3. Алкогольсіз газдалған сусындардың ерекшеліктерін айқындаңыз.

  4. Газдалған алкогольсіз сусындарды сақтау.

  5. Алкогольді сусындар өндірісінің жалпы технологиялық сызбанұсқасын түсіндіріңіз.



жүктеу 6,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау