Дизонтогенез ұғымы және классификациясы
Дизонтогенез (disontogenesis) — онтогенездің кез-келген сатысында организмнің дамуының бұзылуы.Психикалық дизонтогенез-психикалық функциялардың жетілу процесінің реттілігі, ырғағы мен қарқынының өзгеруімен психикалық дамудың патологиясы. Бұл тұжырымдаманың мазмұнын отандық балалар психиатриясында дамыту г.Е. Сухарева, М. Ш. Вроно, г. К. Ушаков, В. В. Ковалев, А. Е. Личко есімдерімен байланысты.
Зияты зақымдалған балалардың ойлау ерекшеліктері
Ақыл-ойы кем балалардың ойлау қабілетін дҧрыс дамыту мәселесі ӛте кҥрделі, бірақ шешімі бар мәселе болып табылады. Ол арнайы жасалған олигофренопедагогикалық әдістемелердің кӛмегімен оқытуда жҥзеге асады. Мҧндай оқытудағы маңызды нәрсе – жан-жақты ойластырылған, әдістемелік жағынан сауатты тәсілмен, кӛрнекіліктен сӛздік-логикалық қорытындылауға ауысу. «И. М. Соловьев, ақыл-ойы кем балалардың ойлау қабілеттерін зерттеуде, стереотиптік ҥрдістерді анықтайды. Бҧл ҥрдіс балалардың арифметикалық есептерді шешуде әрбір жаңа есепті, ӛзі білетін бір ғана жолмен шешуге, тырысатынынан кӛрінеді. Мҧндай «жабысқақ» ойлау тҥрі, логикалық ойлауға кері «секірулер» туғызады, яғни, бірден бірге ауысады. Мҧндай инерттіліктен туындайтын, ойлаудағы ретсіздік, кӛбіне эпсилепсиясы бар балалар мен энцефалитпен ауырған балаларда болады. Келесі бір кемшілік тҥрі – ойлаудағы реттеушілік рӛлдің әлсіздігі. Яғни, бала ӛзі меңгерген ойлау операцияларын, қажетті жағдайда қолдана алмайды.
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың сөйлеу ерекшелігі
БЦП бар балалардың сӛйлеуі, сандық және сапалық ерекшеліктерімен, ӛзіндік айрықша белгілерімен сипатталады. БЦП бар балалардың 60-70%-да дизартрия, яғни сӛйлеу аппаратының иннервациясының органикалық жетіспеуі салдарынан болатын, сӛйлеудің дыбыстау жағының бҧзылуы байқалады. БЦП-ғы дыбыстық бҧзылулар, негізінен жалпы қимылқозғалыстық бҧзылулармен байланысты. Мысалы, БЦП–ң гиперкинетикалық формасындағы, балалардың сӛйлеуі еріннің, тілдің т.б. гиперкинезінің салдарынан бҧзылады. Гиперкинетикалық формадағы бҧлшық еттердің ауыспалы тонусы, дыбыстардың әр кезде, әртҥрлі бҧзылуын туғызады. Аяққолдағы бҧлшық ет тонусының кҥрт жоғарылауынан, тіл мен жҧтқыншақ бҧлшық еттерінде спазм пайда болуы мҥмкін. БЦП-ң атониялық-астатикалық формасында, сӛйлеу ақырын, монотонды, ҥзік-ҥзік болып келеді. Дыбыстау жағындағы бҧзылулар,дыбыстарды тастап кету, алмастыру немесе бҧрмалап айту тҥрінде кездеседі. БЦП-ғы кинестезияның бҧзылуы, тіл мен ерін қалпын сезінуге мҥмкіндік бермейді, ал бҧл артикуляцияны
Достарыңызбен бөлісу: |