«Қаржылық есеп 2»


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 0,66 Mb.
бет4/6
Дата23.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#24193
1   2   3   4   5   6
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Ақшалардың қозғалысы туралы есептілік қандай бөлімдерден тұрады?

2.Тікелей әдістің ерекшелігі қандай?

3.Жанама әдістің ерекшелігі неде?

4.Қаржылық қызметтен болатын ақшалардың қозғалысына нелер жатады?

5.Операциялық қызметке қандай қызмет түрлері кіреді?


Тақырып 7. Жалгерліктің есебі (ҚЕХС (IFRS)17)

Лекция жоспары: (2 сағат)

1. Жал, оның түрлері.

2. Қаржыландырылған жалгерліктің есебі.

1. Қандайда болмасын заттарды - еңбек құралдарының құрамына енгізу сыртқы белгілерімен емес, солардың өндіріс процесінде атқаратын рөлімен анықталады.

Жалпы беруші - жалдау шарты мүлікті жалға беретін меншік иесі. Мүлікті жалға беруге меншік иесі өкілеттік бергсн органдар мен ұйымдар, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар жалға беруші бола алады.

Жалгер - бұл жалдау шарты бойынша мүлікті жалға алатып заңды немесе жеке тұлға.

Жал (аренда) - бұл жалға берушінің активті келісілген уақытқа белгілі бір мерзімге жал төлемі үшін жалға алушыға беруі туралы мәміле.

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандартында №17 «Жалдау» атгы есепте жалға алушы мен жалға беруші арасында қалыптасқан міндеттер бойышна талаптар көрсетіледі.Жалдаудың 2 түрі бар: қаржылындырылған және операциялык жал.

Қаржылық жал – активті иелік етумен байланысты барлық тәуекелдіктер және пайдалардың елеулі аударылуы болатын жал түрі.

Ұйым үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.

Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны, жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі, жалға алынған мүліктің жөндеу шарты және қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері, жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және тағы басқалары қарастырылады.

Жалға алынған негізгі кұралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондыктан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.

Жал келісім шарты қол қойылған күннен бастау алады.

Жалға жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді.

Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай жағдайларда ғана:

- кандай да бір ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;

- жалга берушініи рүксатымен;

- жалдауды кабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін.

Жалды қабылдау күні - бұл мынадай күндерден: жалдау шартын жасасу күні немесе жалдаудың негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау.

Жалдау мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдалану мүмкіндігін іскс асыру құқығын алған күн болып есептеледі.

Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы кұқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез - келген өзге де кезеңдер.

Жалгер жалдан мүлікті тіркелген бағасы бойынша немесе жалдау мерзімінің сонында белгіленген бағасы бойынша өтемін төлеп алуға құқылы болса. Жалдау мерзімі жалданатын мүліктің ұтымды қызмет көрсету мерзімінің 80%-нен астам болса. Жал мерзімінің сонында жалданған активтің калдық құны жалдаудың бас кезіндегі оның ағымдағы құнының 20%-нан кем болмаса. Жалдау ақысының жалдық барлық кезеніндегі дисконтталған құны жалданған мүліктің ағымдағы құнының 90% -нан асатын болса.

Жал мерзімінің сонында жалданған активті меншіктену құқы жалгерге берілетін немесе берілмейтін болса, жал қаржылық болып табылды. Жалгердің бухгалтерлік есебінде жалданған мүлік актив ретінде, ал төленуге тиісті жалдау ақысы міндеттеме ретінде ескеріледі. Жал мерзімінің басында жалдау ақысы жөніндегі міндеттемелер өткізу бойынша немесе, егер ол өткізу құнынан төмен болса, жалдау ақысының дисконтталган құнымен жазылады.



Ұйым үшін өзінің қаржылық жағдайын және төлем қабілеттілігін бағалай келіп, өз меншігіне сатып алғанша, басқа субъектілерден негізгі құралдар объектілерін уақытша пайдалануға, яғни жалға алған тиімді болуы мүмкін.

Жалға жасалатын келісім шартта: жалға берілетін мүліктің құрамы мен құны; жал ақысының мөлшері, жалдың мерзімі; жалға алынған мүліктің жөндеу шарты жөне қалпына келтіру бойынша тараптардың міндеттері; жал ақысын төлеудің және мүлікті қайтарудың тәртібі және т.б. қарастырылады.

Жал келісім шарты қол койылған күннен бастау алады.



Жал мерзімі — көпке дейін өзгертуге жатпайтын кезеңімен ерекшеленеді және сол жалға алынған мүлік келісім-шартпен рәсімделеді, сондай-ақ кез келген келесі кезеңге оның ақысы төленіп немесе төленбей-ақ ұзартылуы мүмкін.

Ағымдағы жалгерлік. Ағымдағы деп қаржыландырылатын жалгерліктен басқа, кез келген жалгерліктің түрін айтады. Ағымдағы жалгерлікте жалгерлік төлемі бүтін жалгерлік мерзімінің бойында жүйелі түрде әрбір есеп беру кезеңінің шығысы болып табылады. Ағымдағы жалгерлікте, активке деген меншік құқымен байланысты тәуекелділік пен марапаттау жағдайы жалға берушінің өзінде қалады. Сондықтан олардың жалға берген активтері амортизацияланатын мүлік ретінде қарастырылады және бүкіл жал мерзімінің бойында алынған жал ақысы табысқа енгізіледі. Ағымдағы жалгерлікті жалға алушының мүлікті тек уақытша иемденуі деп түсіндіріледі. Жалға берілген негізгі күрал, жалға берушінің бухгалтерлік есебіндегі 2400 "Негізгі құралдар" бөлімшесінің тиесілі субшоттарында, яғни негізгі қүралдардың құрамында көрініс табады.

Алынуға жататын жал ақысы келісілген келісім-шартқа сәйкес "Басқа да" шоттың дебетінде және шоттың кредитінде көрініс табады.

Жалға берілген мүліктер жалға берушінің балансында көрініс табатын болғандықтан, олар бойынша есептелген тозу сомасына шоты дебеттеліп, бөлімше шоттары кредиттеледі.

Жал акысы келіп түссе тиесілі ақша қаражаттарының шоттары дебеттеліп, шоты кредиттеледі.

Жал ақысы тиесілі өндіріс шоттарында, яғни келесі шоттардың дебетінде:

егер де негізгі құралдар әлеуметтік сферада пайдаланылса;

егер де негізгі құралдар тауарды сатумен байланысты болса;



егер де негізгі кұралдар жалпы шаруашылық қажеттілігі үшін пайдаланылса, «Басқалар» шоттың кредитінде көрініс табады.

Жалға алынған негізгі кұралдар жалға алушының талаптарына сай келе бермейді, сондықтан олар ондай негізгі құралдарға жөндеу жұмысын жүргізеді, бірақ ол үшін алдымен жалға берушінің келісімін алады.

Жалға алушының жүргізген күрделі жөндеу жұмыстарының есебі жалға алған мүлік бойынша келісілген шарт жағдайына байланысты болып келеді. Егер де жал ақысы келешектегі есеп кезендеріне жатқызылатын болса, онда "Жал ақысы" шоты дебеттеліп және тиісті ақша каражаттарының шоты кредиттеледі. Олардың есептік кезеңі жеткен кезде, тиесілі жал ақысы өндіріс шоттарына немесе 8-ші бөлімдегі шоттарына ауыстырылады.

2. Қаржыландырылатын жалгерлік. Қаржыландырылатын жал өз мәні бойынша жалға алушының есебінен ұзақ мерзімге алынатын несиелеудің нысаны болып табылады.

Қаржыландырылатын жал — мүлікке меншіктік құқымен байланысты, жалға берушінің олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелділіктің де үлкен бір бөлігін жалға алушы өз жауапкершілігіне алады. Бұл кезде жалға алушы алынған мүліктерді өз балансында көрсетеді. Ал жалгерлік кезеңдегі құқықтың өзі берілуі немесе берілмеуі мүмкін.

Жалға алушының қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс: қаржыландыратын жалгерлікке алынған мүліктің жалпы құны; мүлікті жалға алу бойынша ағымдағы және үзақ мерзімді міндеттемелер; каржыландырылатын жалгерлік және мерзімі бір жылдан артық біртұтас (кері қайтарымсыз) ағымдағы жалгерлік кезіндегі ең төмен жалгерлік төлемдер (төлемдердің жүзеге асырылу мерзімі мен сомалары қысқаша формада көрсетілуі тиіс) бойынша міндеттемелер; жалгерлікті немесе мүлікті сатып алу уақытын ұзартуды тандау құқығы, келісім-шарттардан туындайтын күтпеген жалгерлік төлемдер және басқа да күтпеген жағдайлар.

Жалга берушінің қаржылық есебінде келесі жайттар айқын көрсетілуі тиіс: қаржыландырылатын жалгерлікке жалпы капитал салымы (ақша қаражатын жұмсау); жалға берілген мүліктен түскен пайдаланбаған табыс; активтердің құны, сондай-ақ осыған байланысты есепті кезең ішіндегі активтердің түрлері бойынша жинақталып қалған амортизациялық аударымдар.

Жалға берілген мүліктің пайдалану құқының басым бөлігі мынадай жағдайда берілуі мүмкін:

  • жалға алынған мүлікті тұрақталған (тіркелген) бағасы бойынша немесе жал
    соңында анықталған бағасы бойынша жалға алушының сатып алу кұқығы бар
    болса;

  • егер де жалға берілген мүліктің пайдалану қызметінің мерзімі 80%-ке жетсе;

  • егер де негізгі құралдың жал мерзімі біткен кезде бастапқы құны оның 20%-
    тін ғана құраса;

  • бүкіл жал кезеңінде оның дисконтталған құны төленетін жал ақысының 90%
    құраса;

- жал мерзімі біткен соң жалға алушы жалға берушіден негізгі құрал объектісін сатып алуға немесс алмауға құқы бар болса.

Жалгерлік төлем ағымдағы бағасы бойынша немесе дисконтталған кұн бойынша есептелуі мүмкін.

Дисконтталған құн бойынша есептеген кезде жал ақысының өте аз (минималды) деңгейін анықтау үшін қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкін болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемесін қолданады.

Қарастырылған пайыздық мөлшерлемесі ақша ағынының болашақтағы құнын анықтайтын арнайы кестесінен алынып анықталады және ол келесідей формула бойынша есептелінеді:

ҒҮ = РУ(\ + г)\

Мұндағы, ҒУ — п жылдарынан кейін ақша ағынының болашақтағы құны; РУ — есептеу кезінде салынған сомасы; г — пайыздық мөлшерлемесі; п — есептеу кезеңіне алынған жылдар саны.

Жалға алушының қарыз капиталына өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемебұл пайыз мөлшерлемесі, оны осы тәріздес жал үшін жалға алушы төлейді; немесе бұл мөлшерлемені жалға алушы жал басында басшылыққа алады.

Жалгерлік мерзімінің барысында келісім-шартқа сәйкес жалға берушіге минималды жал ақысын төлейді.

Минималды жал ақысы — бұл төлем түрі, оны жалгерлік мерзімінің барысында, жалға алушы жүзеге асырады (көрсетілген қызмет кұны мең салық сомасы шегеріледі, негізінде олар жалға берушіге өтелуі керек).

Қаржыландырылатын жал жағдайында қабылданған жалгерлік актив, "Жалгерлік міндеттемесі" шотында көрініс табады.

Активтердің пайдалану аясына байланысты мына шоттар дебеттеледі:



егер де негізгі қүралдар мен материалдық емес активтер өндіріс аясында пайдаланылса;

егер де негізгі кұрал тауарды (жұмысты, кызметті) сату процесімен байланысты болса;

егер де негізгі кұрал жалпы шаруашылық кажеттілігі не арналған болса бөлімше шоттары кредиттеледі.

  • Жал мерзімінің барысында жалға алушы жалға алынған активтерді мерзімінен бұрын сатып алуына болады. Ол кезде ақша каражаттарының шоттары кредиттеліп, шоты дебеттеледі. Бұл кезде шоты бөлімше шоттарының тиісті аналитикалық шоттарымен жабылады.

Жалға берілген мүліктің құны есепке түсетін жал міндеттемесі ретінде дисконтталған құн бойынша көрініс табады, яғни активті пайдаланғаны үшін төленетін пайыз сомасы қоса есептелінеді. Қаржыландырылатын жал бойынша төлем жалға беруші инвестицияланған капиталдың қайтарылғаны ретінде карастырады және табыс алған болып есептелінеді. Ал минималды жал төлемі жалға салған күрделі салымдарынан түскен табыс ретінде танылады. ну арқылы қаржыландырылған жал операцияларын керсету жолын қарастырып көрейік. Шаруашылық жүргізуші субъектілер кұрал-жабдықты жалға беру үшін, өзара мынадай жағдайлар бойынша

Қаржылық лизингісі. Қаржылық лизинг — бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға алу, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

  • лизинг беруші (жалға беруші);

  • лизинг алушылар (жалға алушылар) болып табылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, каржылық лизинг — бұл инвестициялық кызметтің біртүрі;онда:

  • лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісім-шарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі
    бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты
    үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг
    алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе
    оның 80% бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

  • лизинг алушы келісім-шартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен
    тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісім-шарттың мерзімі өткен
    соң лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай
    шартта қарастырылған болса.

Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, күрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер төлімі т.б. мүліктер жатады. Лизинг түрлері:

-қайтарылатын лизинг — лизингтің бір түрі, онда сатушы осы бұйымды (нәрсені) кері кайтарып ала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде


сатады;

  • банкі лизингілизингтің бір түрі, онда лизингті беруші ролін банк атқарады;

  • толық лизинглизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу
    және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет көрсету жұмысын
    атқарады;

  • таза лизинг — лизингтің бір түрі,онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына (нәрсесіне) техникалық қызмет көрсету жүмысын атқарады.

Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденттері емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісім-шартымен, сатып алу-сату келісім-шартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісім-шарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды: келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны тандауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері;

лизинг нәрсесінің кұны; келісім-шарттың әрекет ету мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг нәрсесін суреттеу (сипаттау); лизинг нәрсесін ұстау мен жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинг нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүлік бойынша жасалатын келісім-шарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталатын тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады.

Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісті пайдаланады: не өсіп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.

Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісім-шарттың жағдайына байланысты көрініс табады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Жалгерліктің қандай түрлері?

2.Қаржыландырылатын жалдың қандай ерекшеліктері бар?

3.Лизинг дегеніміз не?

4.Лизингтің қандай түрлері бар?
Тақырып 8. Валюталық бағамдар өзгерісінің әсері.
Лекция жоспары: (2 сағат)

1.Шетелдік қызметтер мен шетелдік компаниялардың есебі

2.Шетел валютасы операцияларының есебі

1. Есептік кезең біткен соң шетелдік компаниялар қаржылық есеп беруді жасайды. Ұйымның құрамында Қазақстан Республикасының аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолидацияланған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше занды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.



Шетелдік компания (коммандалық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (негізгі) занды түлғаның өзінің жарғылық қорына салған салымдарының басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.

Заңды тұлға (коммандылық және толық серіктестік, жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестік, акционерлік қоғам) егер де басқа (қатысушы, артыкшылығы бар) занды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады.



Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың консолидацияланған есеп беруі. Занды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін; егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі занды тұлға болып танылады, ал бақыланатын (инвестицияланған) кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес көсіпорындар бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидацияланған есеп беруін жасайды.

2.Шетелдік валютасында жасалатын операцияларды бухгалтерлік есепте көрсету үшін ҚЕХС ережелерін пайдаланады. Шетелдік валюталық операцияларына шетелдік валютада жасалатын мәмілелер жатады, олардың қатарына: шетелдік валютаға сатып алынған немесе сатылған мүліктер; шетелдік валютамен алынған немесе берілген несиелер (қарыздар); басқа да жолдармен алынған немесе валютаға сатылған активтер және т.б. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарында шетелдік валютадағы ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай арнайы синтетикалық шоттар қарастырылған: 1010,1030. Ал басқа активтері мен міндеттемелерін есептеу үшін мына шоттарға субшоттар ашылады: 1210, 1220, 1280, 3310, 1290 т.б., демек, шетел валютасында жасалған операцияларын бөліп көрсету мүмкіндігі зор. Бірақ ол операциялар бухгалтерлік есеп жазбасында тек теңгемен ғана көрсетіледі, яғни Қазакстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгіленген бағамы бойынша қайта есептелінеді. Бірақ олар алғашқы құжаттарда (касса кітабында, кіріс және шығыс касса ордерлерінде, есеп регистрларында) номиналдық түрі бойынша көрсетілуі мүмкін.

Шетелдік валютада операцияны жасау кезінде операцияның жасалған күнін білу керек, онсыз операция дұрыс жасалған болып саналмайды. Ақша қаражаты мен есептесулер (шетел валютасында алынған (берілген) дебиторлық және кредиторлық қарыздар, несиелер, арнайы қаржыландыру қаражаттарының қалдықтары) міндетті түрде, ҚР ҰБ белгілеген бағамы бойынша ең соңғы есептік кезеңнің күніне қайта есептелуіне жатады.

Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) негізгі құралдардың құны, аяқталмаған күрделі құрылыстар, тауарлы-материалдық құндылықтар, материалдық емес активтер, меншік капиталы одан әрі қайта бағалануға жатпайды. Шетелдік валютаға алынған (қалыптасқан) меншік капиталы және аударылған активтер ҚР ҰБ бағамы бойынша бағаланады және шетел валютасының өзгеруіне байланысты қайта есептеулер жүргізілмейді. Ондағы орын алған айырма бағамның айырмасы болып саналады. Сондықтан ондағы табыстың және шығыстың айырмасын ажырата білу керек. Ол үшін баға белгілеу агенттігінің ақпараттарына сүйену керек.

Бағамдық айырма бухгалтерлік есепте және есеп беруде келесі тәртіп бойынша көрініс табады (танылады):

  • шетел валютасыңда көрсетілген дебиторлық және кредиторлық қарыздарды өтеумен байланысты, операциялары бойынша жасалған ҚР ҰБ есептесу күніндегі бағам, бухгалтерлік есепте көрсетілген қарыздың бағамынан ерекшеленетін болса; әрбір есептік күнге шетелдік валютадағы ақша қаражатының қалдық құнын
    (ақша қаражаттарын қоса алғанда) қайта бағалаумен байланысты операциялар бойынша және әрбір операцияның алдында осы шоттардағы қаражаттардың қозғалысы бойынша айырмашылығы болса.

Төменде бағам айырмасының өте жиі кездесетін жағдайлары келтірілген:

  • тауарларды және басқа да мүліктерді импорттау кезінде тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құнымен және сол үшін аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма (жабдықтаушылармен есеп айырысу, кредиторлык карыздардың темендеуі немесе қайта бағалануы немесе дебиторлық қарыздың берілген аванстары бойынша);

  • көрсетілетін қызметтің импортталуы кезінде — осы қызметтің нақты тұтынған кезіндегісімен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасында пайда болған айырма;

  • экспортталған операциялардың кезінде ;

  • экспортталатын тауарды кедендік рәсімдеу күніндегі теңгенің нақты эквиваленттік құны мен және соған аударылған ақша қаражатының күні арасындағы пайда болған айырма;

  • дебиторлық және кредиторлык қарыздардың пайда болуы мен олардың өтелу күнінің арасындағы болған айырма;

  • валюталық қаражаттар бойынша қарызы бар болған жағдайда, яғни несиелік мекемелерден немесе басқа да қарыз берушілерден алынған қарызды теңгелік тұрғысынан бағалаған кезде пайда болады.

Бағамдық айырманың пайда болу кезеңінен бастап қарыздың өтелу кезеңіне дейін есептеу арқылы анықталуы керек.

Бухгалтерлік есепте, оның ішінде есеп беру кезеңде бағамдық айырма көрініс табады, оған оның пайда болу күні мен қаржылық есеп беруді жасаған күнінің арасындағы айырма жатады. Бағамдық айырма не табыстың (оң болса), не шығыстың (теріс болса) құрамына жатқызылады, олар мынадай арнайы синтетикалық шоттарда көрініс табады:

"Бағамдық айырмадан алынған табыс" және "Бағамдық айырмадан алынған шығыс". Төменде шетел валютасындағы операциялардың қайта бағалануына және бағамдық айырманың есебіне бір мысал келтіріп көрейік.

Мысал. "Узень" ЖШС қаржылық есебінде тауар үшін 3500 АҚШ долларында дебиторлық қарызы көрсетілген, осы аталған қарыз 27 қаңтар 2011 жылы пайда болған, ол кезде 1 доллардың бағамы 151 теңгеге тең болатын. "Узень" ЖШС 2 ақпан 2011 жылы "СіоЬаі" компаниясы 3000 АҚШ долларына тауар алған; осы операцияның жасалған күні ҚР ҰБ валюталык бағамы 1 доллар үшін 151,20 теңге құраған. Осыдан басқа операциялар жасалған жоқ, ал 2011 жылдың 28 ақпанында "СіоЬаі" компаниясының дебиторлық қарызы 500 АҚШ долларын құраған.

Есеп беру күніне, яғни 31 қаңтар 2012 ж. (ҚР ҰБ валюталық бағамы 1 доллар үшін 151,30 теңге) және 28 акпан 2006 ж. (ҚР ҰБ валюталық бағамы 1 доллар үшін 151,40 теңге).

Осы процестегі операцияларды көрсету үшін "Узень" ЖШС бухгалтерлік есебінде келесі жазбалар жазылған.

р/с

Шаруашылық операция мазмұны

1

Есеп беру күні бойынша дебиторлық қарыздың қайта бағаланған сомасы

көрсетілді 31,01,02 – 1050 теңге (3500*151,3-3500*151)



2

Келіп түскен тауар кірістелді (кедендік рәсімделген күніне ҚР ҰБ

бағамы бойынша есептелді) – 453600 теңге (3000*151,2)



3

Тауарды кірістеу кезінде болған бағамдық айырмасы көрсетілді –

3000 теңге (3000*151,3 – 3000*151,2)



4

Есеп беру күніне дебиторлық қарыздың қайта бағаланған сомасы

көрсетілді 28.02.11 «500*151,4 – 500*151,3)



Сонымен, "Узень" ЖШС 2011 жылдың 28 ақпанындағы балансында "СіоЬаі" компаниясының дебиторлық қарызы 75700 теңге (528500 + 1050 - 453600 - 300 + 50) құраған. Бағамдық айырмадан пайда болатын жоғалтудан қорғаудың бір тәсілі— хеджирование болып табылады, ал ол бағамдық жоғалту тәуекелділігін сақтандырудың бір түрі болып келеді.

Шетелдік тәуелді еншілес заңды тұлғаларымен немесе бірлескен көсіпорындармен есеп айырысу есебі жоғары айтылғандардан ерекше ереже бойынша жүреді.

Шетелдік тәуелді еншілес заңды тұлғалардың немесе бірлескен кәсіпорындардың нетто-инвестициясын анықтау үшін осы кәсіпорындардың таза активіне келетін инвестицияның сомасын есептеп шығару керек. Егер де ұйым бөлімшелерінің 60% акциясына ие болса, онда оның таза активінің 60% нетто-инвестициясын құрайды; егер де ол 100% акциясына ие болса, онда нетто-инвестиция сомасы болып табылады, және ол көсіпорынның таза активіне тең болады. Ұйымның шетел валютасында дебиторлық пен кредиторлық қарыздары болуы мүмкін, ал кәсіпорынның алашағы немесе берешегі болуы мүмкін. Нетто-инвестициясы бойынша бағамдық айырма есептен шыққанға дейін, кәсіпорынның меншік капиталы ретінде көрініс табады. Есептен шыққан кезде, ол не табыс ретінде; не шығыс ретінде танылады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шетел валютасымен жасалатын операциялар қандай жағдайларда кездеседі?

2.Бағамдық айырманың есебі қалай жүргізіледі?

3.Нетто – инвестициялар дегеніміз не?

4.Бағам айырмасы қандай жағдайларда кездеседі?
Тақырып 9. Табысқа салынатын салық (ҚЕХС 12)
Лекция жоспары: (2 сағат)

1. Салық базасы. Ағымды салық міндеттемелері және ағымды салық активтерін анықтау

2.Тұрақты және уақытша айырмашылықтар

1. Активтерді немесе міндеттемелерді мойындаудың өзінен есеп беретін компания осы активтердің немесе міндеттемелердің баланстық құнының орнын толтыруды немесе өтеуді көздейтінін көрсетеді. Егер де баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу бұрынғымен салыстырғанда көбірек (азырақ) салық төлеуге соқтыруы ықтимал болса, егер де мұндай орнын толтыру немесе өтеу салық салдарын тудырмайтын болса, онда бұл Стандарт жекелеген жағдайларды қоспағанда, компания кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін (кейінге қалдырылған салық активін) мойындауын талап етеді.

12 ҚЕХС мақсаты үшін пайдаға салынатын салыққа салық салынатын пайдаға негізделетін барлық ұлттық және шетелдік салықтар кіреді. Сондай-ақ пайдаға салынатын салыққа пайданың көзінен ұсталатын, еншілес компания, қауымдастырылған компания төлейтін немесе есеп беретін компанияға бөлінген пайдадан бірлескен қызмет шеңберінде төленетін салық сияқты салықтар кіреді.

Бухгалтерлік пайда - салық төлеуге кететін шығысты шегерілгенге дейінгі кезең ішіндегі таза пайда немесе залал.

Салық салынатын пайда (салық салу кезінде есептелетін залал) – салық органдары белгілеген ережелерге сәйкес анықталатын кезең ішіндегі пайда (залал), осыған байланысты пайдаға салынатын салық төленеді (өтеледі).

Салық төлеуге кететін шығыстар (салық өтемінен түскен кіріс) - ағымдағы салыққа немесе кейінге қалдырылған салыққа қатысты кезең ішіндегі таза пайданы немесе залалды есептеуге қосылатын жиынтық көлем.

Ағымдағы салық – салық салынатын пайдаға (салық салу кезінде есептелетін залалға) қатысты кезең ішінде төленуге (өтелуге) тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.

Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері – салық салынатын уақытша айырмашылықтарға байланысты алдағы кезеңдерде төленуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы.

Кейінге қалдырылған салық активтері - алдағы кезеңдерде өтелуге тиісті пайдаға салынатын салық сомасы. Ол мыналарға байланысты:

есептелген уақытша айырмашылықтарға;

пайдаланылмаған салық залалдарын алдағы кезеңге көшіруге; және

пайдаланылмаған салық кредиттерін алдағы кезеңге көшіруге.

Уақытша айырмашылықтар - активтің немесе міндеттеменің баланстық құны мен олардың салықтық базасы арасындағы айырмашылық. Уақытша айырмашылықтар мынадай болуы мүмкін:

салық салынатын уақытша айырмашылықтар, активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орны толатын немесе өтелетін алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде салық салынатын соманың пайда болуына және туындауына әкеліп соқтыратын уақытша айырмашылықтар болып саналатын айырмашылықтар; не

ұстап қалынатын уақытша айырмашылықтар. Тиісті активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орны толатын немесе өтелетін алдағы кезеңдердегі салық салынатын пайданы (салық салу кезінде есептелетін залалды) анықтаған кезде нәтижесі ұстап қалу болып саналатын айырмашылықтар.

Активтің немесе міндеттеменің салық базасы - салық салу мақсатында активке немесе міндеттемеге берілетін көлем.

12 ҚЕХС мемлекеттік субсидияны есептеу әдістеріне (20-«Мемлекеттік субсидияны есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету» IAS Халықаралық стандартын қараңыз:) немесе инвестициялық салық кредиттеріне қатысты емес. Алайда осы Стандарт осындай жәрдемақылардан немесе инвестицияланған салық кредиттерінен туындайтын уақытша айырмашылықтарды есептеуге байланысты болады.

Салық төлеуге кететін шығыстарға (салық өтемінен түскен кіріске) ағымдағы салық шығыстары (ағымдағы салықты өтеуден түскен кіріс) және кейінге қалдырылған салық шығысы (салық өтемінен кейінге қалдырылған кіріс) енгізіледі.

Активтің салық базасы – компания активтің баланстық құнын өтегеннен кейін алатын кез келген салық салынатын экономикалық пайдадан салық салу мақсатында есептелетін сома. Егер де осы экономикалық пайдаға салық салынбайтын болса, активтің салық базасы оның баланстық құнына тең болады.


М ы с а л д а р

1. Станок 100 тұрады. Салық салу мақсатында амортизацияның 30 сомасы ағымдағы және алдағы кезеңге есептелді, қалған құны алдағы кезеңдерде не амортизация түрінде, не істен шыққан кезде шегеру жолымен шығарылатын болады. Станокты қолдану нәтижесінде алынған түсімге кіріске салық салынуы тиіс, станокты іске асырудан алынған кез келген табысқа салық салынатын болады, ал іске асырудан болған кез келген шығын салық салу мақсатында есептелетін болады. Станоктың салық базасы 70-ке тең болады.

2. Баланс бойынша алуға есептелген пайыз сомасы 100 тең болады. Тиісті пайыздық түсімге касса негізіндегі салық салынады. Алуға есептелген пайыздардың салық базасы нөлге тең болады.

3. Сауда дебиторларының баланс бойынша сомасы 100 болады. Тиісті түсім салық салынатын пайдаға (салық залалына) кіргізілген. Сауда дебиторларының салық базасы 100-ге тең болады.

4. Еншілес компаниялардан алуға есептелген дивидендтердің баланстық құны 100-ге тең. Дивидендтерге салық салынбайды. Шын мәнінде активтің барлық баланстық құны экономикалық пайдадан шегерілуі тиіс. Тиісінше дивидендтердің салық базасы 100-ге тең.

5. Алуға есептелген несиенің баланстық құны 100-ге тең. Несиені өтеу ешқандай салық салдарын туғызбайды. Несиенің базасы -100-ге теңестіріледі .


Міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнына тең болады, бұған алдағы уақытта осы міндеттемеге қатысты салық салу мақсатында шегерілетін кез келген сома қосылмайды. Аванспен алынған түсімге келетін болсақ, пайда болатын міндеттеменің салық базасы оның баланстық құнына тең болады, бұған алдағы уақытта салық салынбайтын түсімнің кез келген сомасы қосылмайды.



М ы с а л д а р

1. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100 болатын есептелген шығыстар кіреді. Тиісті шығыс кассалық негізде салық салу мақсатында есептеледі. Есептелген шығындардың салықтық базасы нөлге тең болады.

2. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100-ге тең болатын аванспен алынған пайыздық табыс кіреді. Тиісті пайыздық табысқа кассалық негізде салық салынды. Аванспен алынған пайыздар бойынша соманың салықтық базасы нөлге тең болады.

3. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100-ге тең болатын есептелген шығыстар кіреді. Тиісті шығыс салық салу мақсатында шегеріліп қойылған. Есептелген шығындардың салықтық базасы 100-ге тең болады.

4. Қысқа мерзімді міндеттемелерге баланстық құны 100 болатын есептелген айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы кіреді. Айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы салық салу мақсатында шегерілмейді. Есептелген айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбының салықтық базасы 100-ге тең болады ( Бұл талдау әдісіне сәйкес ұстап қалынатын уақытша айырмашылық болмайды. Баламалы талдау алуға есептелген айыппұлдар мен тұрақсыздық айыбы бойынша кредиторлық берешектің нөлге тең салық базасы болатынын, ал 100-ге тең ұстап қалынатын уақытша айырмашылыққ нөлдік салық мөлшері қолданылатынын көздейді. Талдау әдістеріне сәйкес кейінге қалдырылған салық талабы туындамайды.)

5. Төлеуге есептелген несиенің баланстық құны 100-ге тең болады. Несиені өтеудің ешқандай салықтық салдары болмайды. Несиенің салықтық базасы 100-ге тең болады.



жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау