«Қаржылық есеп 2»


Бағалау міндеттемелерін қандай белгілері бойынша анықтайды?



жүктеу 0,66 Mb.
бет3/6
Дата23.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#24193
1   2   3   4   5   6

1. Бағалау міндеттемелерін қандай белгілері бойынша анықтайды?


2. Шартты міндеттемелер мен шартты активтерді жіктеп, қалай ажыратады?
Тақырып 6. Ақшаның уақытша құны
Лекция жоспары: (2 сағат)

1.Келтірілген құн тұжырымдамасы. Болашақ және ағымдағы құнды есептеу

2. Аннуитет. Аннуитеттің болашақтағы және ағымдағы құны.

3.Ақшалардың қозғалысы туралы есептілікті даярлау.

1. Жалдау бойынша операциялар, не болмаса ұзақ мерзімді қаржылық салымдар секілді қаржылық операцияларды бағалауда бухгалтерлік есепте дисконтталған құн ұғымы пайдаланылады. Құн теориясында ең маңызды мәселе – оны анықтаудың әдісі болып табылады. Анықтаудың бірнеше әдісі бар:

1. Таза келтірілген құн.

2. Өзін-өзі ақтау

3. Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда

4. Табыстылықтың ішкі нормасы

5. Пайдалылық коэффициенті

Ақша қаражаты ағымы дисконтталуының негізгі екі себебі бар: біріншіден, бүгінгі теңге ертеңгі күнге қарағанда қымбаттырақ, ал екіншіден, сенімді теңгеге қарағанда тәуекелдік теңгенің құны аздау. Ағымдық құн инфляцияға байланысты емес, себебі инфляция көрсеткіші 0-ге тең болған жағдайдың өзінде, ақшаның уақыт шеңберінде құны болады. Келтірілген құнның және таза келтірілген құнның формулалары бұл идеяны сандық тілде бейнелейді.

Р. Брейли және С. Майерстің «Корпоативті қаржы қағидалары» атты еңбегіндегі келтірілген құн тұжырымдамасын толықырақ түсінуге мүмкіндік беретін мысал келтірілген.

Мысал. Сіздің көппәтерлі үйіңіз жанып кетіп, сіз тек 50 мың доллар тұратын жер мен қолыңыздағы сақтандыру компаниясының 200 мың доллар сомасына жазылған чекпен ғана қалдыңыз делік. Сіз үйді қайта қалпына келтіруді ойладыңыз, ал сіздің жылжымайтын мүлік мәселелері жөніндегі кеңесшіңіз ескі үйдің орнына жаңа кеңселік үй салуды ұсынды. Құрылысқа кететін шығын 300 мың доллар болуы мүмкін және де жеріңізді 50 мың долларға сата алатыныңызды ескеру өажет. Сонымен бірге сіздің кеңесшіңіз болашақта кеңселік бөлмелердің сұранысы жоғарылап, бір жылдан кейін жаңа үйді сату 400 мың доллар әкелуі болжайды, яғни бүгінгі күні 350 мың доллар инвестициялау нәтижесінде, сіз алдағы жылы 400 мың доллар әкелуін күтесіз. Егер күтілген табыстың келтірілген құны 350 мың доллар инвестиция сомасынан асатын болса, онда бұл ұсынысты қабылдауыңыз қажет. Яғни сіздің алдыңыздағы тұрған мәселе – 400 мың доллардың бір жылдан кейінгі келтірілген құны қанша болады және оның келтірілген құны 350 мың доллардан аса ма деген мәселені ойлану.

Келтірілген құнды табу қиын емес. Табыстылықтың шекті нормасы немесе балама шығындар деп аталатын мөлшерлеме бойынша ақша қаражатының болашақ ағымын дисконттау ғана қажет.

Дисконт мөлшерлемесі капитал нарығындағы басым табыстылық нормалармен анықталады. Егерде ақша қаражатының болашақ ағымы сенімді болған жағдайда, дисконт мөлшерлемесі Үкіметтің борыштық міндеттемелері секілді бағалы қағаздар мөлшерлемесіне тең болады. Ақша қаражатының болашақ ағымының көлемі белгісіз болған жағдайда, күтілетін ақша қаражатының ағымын сәйкес тәуекелділігі бар бағалы қағаздардың табыстылығының нормасы бойынша дисконттау қажет.

Ағымдық және болашақ құнды есептеуде күрделі пайыз қағидаты қолданылады.

Жай пайыздар – алғашқы ақша сомасына қолданылатын пайыздар.

Күрделі пайыздар – қайта қаржыландырылатын пайызға алынатын пайыз, яғни несие немесе қаржы салымы бойынша төленетін пайыз, негізгі сомаға қосылады және нәтижесінде пайыз негізгі сомамен қатар алынған пайызға да төленеді.

Болашақ құн – қазіргі таңда инвестицияланған ақша қаражатының болашақтағы құны, яғни күрделі пайыз рәсімін пайдалану нәтижесінде бірнеше жылдан кейінгі инвестицияның құны.

Болашақ құнды есептеуде келесі формула қолданылады:



, мұндағы,

FV – инвестицияның болашақ құны;

PV – ағымдағы құн;

r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;

n – пайыздарды есептеу жиілігі.

Мысал. Біздің жылдық 10 пайызбен ақша салуымызға мүмкіндігіміз бар деп қарастырайық. Бүгінгі салған 1 теңгенің 3 жылдан кейінгі құнын есептейік:

Үшінші жылдың соңында : 1* (1+0,1) *3=1,33 теңге болады.

Егер де бүгін 250 теңгені жылдық 10 пайызбен 8 жылға салатын болсақ, онда бұл салым 250*(1,1)*8=535,90 теңге алып келеді.

Ағымдағы құн – болашақ ақша ағымының дисконтталған құны. Дисконттау әдісін қолдана отырып, біз болашақ ақша ағымының ағымдағы құнын біле аламыз, яғни болашақта белгілі бір мөлшерлеме бойынша белгілі бір соманы алу үшін қазір қанша қаражат салу керектігін біле аламыз.

Ағымдағы келтірілген құнды есептеу үшін келесі формула қолданылады:



, мұндағы,

FV – инвестицияның болашақ құны;

PV – ағымдағы құн;

r - ағымдағы пайыздық мөлшерлеме;

n – пайыздарды есептеу жиілігі.

Мысал. 5 жылдан кейін 1 теңге алу үшін жылдық 10 пайызбен салатын қазіргі сомамызды анықтау керек, сонда / (1.10) = 1 / 1,61051 = 0,62092.

Алынған нәтиже 5 жылдан кейін 1 теңге алуымыз үшін, біз 0.62092 теңгені жылдық 10 пайызбен салуымыз керектігін көрсетіп тұр. Егер 1000 теңге алғымыз келсе (1000) * (0,62092) = 620,92 теңге салуымыз керек.

Таза келтірілген құн келтірілген құн мен мерзімі жақын ақша қаражаты ағымының қосындысына тең.



, мұндағы,

Со – мерзімі жақын ақша қаражаты ағымы;



С – егер мерзімі жақын ақша қаражатының ағымы инвестициялар, яғни ақша қаражатының кері ағыны болса, онда теріс мәнді болады.

Активтер құнын анықтаудың қалған төрт әдісі таза келтірілген құнының бәсекелестері болып табылады. Әрқайсысые жеке қарастырамыз.

Өзін- өзі ақтау әдісі.

Кейбір компаниялар инвестициялық шешім жасағанда, белгілі бір мерзім ішінде алғашқы инвестициялар өзінің құнын қайтаратын жобалармен ғана жұмыс істейді. Өзінің құнын қайтару (өзін-өзі ақтау) әдісі тар мақсатты болып табылады. Бұл әдісте өзін-өзі ақтау кезеңінде ақшалай қаражаттың қалыптасу тәртібі есепке алынбайды және де болашақ ақша ағымдары тіптен қарастырылмайды. Яғни бұл әдіс балама шығындарды қарастырмайды.

Мысал. Инвестициялаудың негізгі екі көзі бар: А және Б. Әрбір жоба 20 млн. теңге мөлшерінде алғашқы инвестицияны талап етеді және де әрбіреуі бірінші жылдан ақшалай қаражат ағымын бере бастайды. А жобасы үшін ақшалай қаражат ағымы 6,5 млн. теңгені құрайды және де бұл жоба 4 жылға жалғасады. Б жобасының ақшалай қаражаты 6 млн. теңгені құрайды, бірақ оның мерзімі 8 жыл. Менеджерлер әдетте А жобасын таңдайды, себебі бұл жоба тез арада өзін-өзі ақтайды, дегенмен де егер таза келтірілген құн әдісін қолданатын болсақ, Б жобасы А жобасына қарағанда тиімдірек.

Активтердің баланстық құнына есептелген орташа пайда. Кейбір фирмалар инвестициялық жобаларды пайдалылықтың бухгалтерлік пайдасы нормасы көмегімен бағалайды. Оны анықтау үшін жобадан болжанған орташа пайданы (амортизация мен салықтарды шегеріп) инвестициялардың орташа баланстық құнына бөлу қажет. Одан кейін бұл коэффициентті фирманың пайдалылығының бухгалтерлік нормасымен және тағы басқа сыртқы өлшемдермен салыстырады..

Табыстылықтың ішкі нормасы немесе дисконтталған ақша қаражаты ағымдарының табыстылық нормасы. Таза келтірілген құн табыстылық нормасы арқылы да көрініс табуы мүмкін, бұдан келесідей ереже шығаруға болады: «Табыстылық нормасы балама шығындардан жоғары барлық инвестициялық мүмкіндікті іске асыру». Бұл тұжырымдаманың мәні дұрыс. Дегенмен ұзақ мерзімді инвестициялық жобаға қатысты мәселе қиындай түседі, себебі ұзақ мерзімді активтердің нақты табыстылық нормасын табудың толық қанағатты әдісі жоқ. Келтірілген құн әдісіне ұқсас, бұл әдіс те ақша қаражатын дисконттауға негізделеді. Сондықтан да оны дұрыс пайдаланғанда тиімді нәтиже береді. Мәселе оның дұрыс қолданылмау мүмкіндігінде.

Пайдалылық коэффициенті немесе тиімділік- шығын коэффициенті. Бұл әдіс болжанған ақша қаражаты ағымының келтірілген құнының алғашқы инвестицияға қатынасымен анықталады.

Пайдалылық коэффициенті = PV / - Co

Бұл әдіс жобаны дисконтталған болашақ ақша ағымдарының инвестицияға қатынасы бірден үлкен болған жағдайда қабылдау қажет. Яғни компаниялар оң мәнді таза келтірілген құны бар жобаларды қабылдауы қажет. Бұл коэффициенттің жалғыз кемшілігі – келтірілген құн секілді қасиеті жоқтығында. Сондықтан да жобаны қабылдау барысында аса мұқият болу қажет.

2. Көп жағдайда бұл бір жолғы төлем емес, белгілі бір кезең ішіндегі ақшалай түсімдердің тізбегі болып табылады. Бұл табыстар мен шығыстардың сериясы не болмаса тұрақты және тұрақсыз жарналары, әр түрлі қорлар құны, инвестициялық операциялардан түскен пайыздар, т.б. Бұндай тізбек – төлемдер ағыны деп аталады.

Аннуитет (немесе қаржылық рента) – белгілі бір жылдар ішіндегі тізбекті төлемдер арасында әр түрлі интервалдары бар біржақты бағытталған төлемдер ағыны.

Аннуитет теориясы қаржылық математиканың маңызды бөлігі болып табылады. Ол бағалы қағаздың табыстылығы мәселелері не болмаса инвестициялық талдауда, тағы басқа жағдайларда қолданылады. Аннуитеттің кең тараған үлгілері: зейнетақы қорларына қосылатын жарналар, ұзақ мерзімді несиені өтеу, бағалы қағаздар бойынша пайыздарды төлеу, т.б. Аннуитеттер келесі сипаттарына байланысты өзара ажыратылады:


    • әрбір жеке төлемнің мөлшеріне;

    • тізбекті төлемдердің арасындағы уақыт интервалына (аннуитет мерзімі);

    • аннуитеттің басынан оның соңғы кезеңіне дейінгі мерзімі (шексіз, яғни уақыт бойынша шектелмеген аннуитеттер де болуы мүмкін);

    • төлемдерді дисконттау кезінде қолданылатын пайыз мөлшерлемесімен.

Төлемдердің қай кезде жүзеге асатынын ажырату өте маңызды ұмерзім соңында, әлде мерзім басында). Сәйкесінше интервалдың басында төлемдер жүргізілетін аннуитет – пренумерандо аннуитеті деп аталады, егер де төлемдер интервалдардың соңында жүзеге асса, онда ол постнумерандо аннуитеті деп аталады.

Тәжірибелік тұрғыдан алғанда, барлық төлемдер өзара тең болатын немесе кейбір заңдылықтарға сәйкес өзгеретін аннуитеттер үлкен қызығушылыққа ие.



Аннуитеттің болашақ құны – аннуитетке қосылған әрбір жеке төлем немесе түсімнің әрбіреуінің болашақ құндарының сомасы.

Мысал. 3 жыл ішінде біз жылдық 10 пайыз мөлшерлемесімен 250 мың теңге инвестициялай аламыз. 250 мыңдық аннуитеттің болашақ құны қандай?



Есептеуде болашақ құнының формуласы қолданылады әрбір кезең үшін жеке есептеледі.

Болашақ құн – 250 мың, әрбір жылдың соңында 3 жыл бойын инвестицияланады.



1-жыл:

2-жыл: 250000 * (1+0,1) = 250000* 1,1 = 2750000

3-жыл: 250000 * 1 = 250000

Барлығы: 827500 теңге.

Есептеуді жеңілдету мақсатында 1 теңгелік аннуитеттің болашақ құн кестесі қолданылады: 250000 * 3.31 = 827500 теңге.

Аннуитеттің ағымдағы (дисконтталған) құны – аннуитетке қосылған әрбір жеке төлем мен түсімнің ағымдағы құндарының сомасы. Болашақ түсімдер мен төлемдердің ағымдағы құнын анықтау үшін, аннуитеттің ағымдағы құны қолданылады.



Мысал. 3 жылға жылдық 10 пайызбен 250000 теңгелік аннуитеттің ағымдағы құны ағымдағы (дисконтталған) құн формуласы көмегімен есептеледі - әрбір кезең үшін жеке есептеледі.

1- жыл:

2-жыл:

3-жыл:

Барлығы: 621720 теңге.

Бұл нәтижеге неғұрлым жеңіл жолмен жетуге болады, яғни біз 1 теңге аннуитет құнына арналған ағымдағы (дисконтталған) құнның формуласын қолданамыз: 250000 теңге * 2.4868 = 621720 теңге.

Тұрақты немесе аннуитеттің кейбір заңдары бойынша өзгеруші ретінде бейнеленетін сериялар кездесетін барлық жағдайда, төлемдердің толық ағымының бастапқы сәті мен мерзіміне сәйкес келмейтін бастапқы сәтке және оның мерзіміне көңіл аудару керек. немесе ануттетің : 250000 теңге * 2.4868 еңге аннуитет құнына арналған . аннуитеттер үлкен қызығушылыққа ие.норман қарас



3.Есепте негізгі (немесе операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынатын ақшалардың ағыны (тасқыны) туралы барлық деректері, сондай-ақ қаржы қызметінде пайдаланылатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі1.

Ұйымдар жасаған "Ақшалардың қозғалысы туралы есеп" заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есепті кезең ішіндегі операциондық (кіріс алатын негізгі қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметтеріне жатпайтын өзге де қызметі), инвестициялық (ұзақ мерзімді алашақтарды сатып алу мен сату) және қаржылық қызметі (жеке капиталы мен заем қаражаттарының мөлшері және құрамындағы өзгеріс нәтижесі болып табылатын заңды тұлғаның қызметі) тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп ұйымның есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

Ақшалардың қозғалысы операциондық, инвестициялық және қаржылық қызметі тұрғысынан алған мағлұматтардың мазмұнын ашу үшін керек, мұның өзі заңды тұлғаның қаржы жағдайын және қызмет түрлерінің ықпалын бағалауға мүмкіндік береді.

Операциондық қызметі - заңды тұлғаның табыс алатын негізгі қызметі және инвестициялық пен кдржылық қызметтеріне қатысы жоқ басқадай қызметі; Инвестициялық қызметі — ұзақ мерзімді активтерді алу және сату; Қаржылық қызметі — заңды тұлғаның меншікті капиталының және несие қаражатының мөлшері мен құрамындағы өзгерістері.

Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама

әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім каражаттары мен төлемдердің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында таза табыс пен зиянға ағымдағы активтер мен міндеттемелерге, ақша операцияларының өзгерістеріне, сондай-ақ инвестициялық немесе каржылық қызметтің нәтижесі болып табылатын кірістеріне немесе зияндарына қарап түзетулер енгізіледі.

Операциондық қызметтегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, КДШ (көлік-дайындау шығыстарының) төлемін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

Операциондық қызметте тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражатының түсуі мен шығуының нәтижесі: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, пайыздан, дивиденттен, роялтиден және т.б. табыстардан; жабдықтаушылармен және мердігерлердің қарызын төлегеннен, берілген аванстан, төлеген жалақыдан, бюджет пен бюджеттен тыс төлемдерінен және т.б. шығыстарынын тұрады.

Жанама әдістер — бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, сондай-ақ өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылык және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету (корректировка) жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады. Бұл әдіс қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің әрбір баптарына түзету енгізуді көздемейді. Тек қана таза табыс сомасын өткен жылдармен салыстыру арқылы есептік кезеңнің көрсеткіштеріне түзетулер енгізіледі.

Инвестициялық және қаржылық қызмет. Инвестициялық қызмет — ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, сату және берілген несиені өтеу және алу. Инвестициялық қызметке мыналар жатады:

  • негізгі кұралдарды, материалдык емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылык инвестицияны сатудан, баска кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары жөне басқа да түсімдер;

  • негізгі кұралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттарының шығысы;

  • қаржылык инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.

Инвестициялыкқ қызмет бухгалтерлік баланстың ұзақ мерзімді активтерінің құрамына кіреді. Оған қаржылык инвестицияға әсер ететін операциялар да кіреді. Инвестициялық қызмет қаржылық-шаруашшылык қызметінің нәтижесі туралы есеп беруінде көрініс табады, онда ол акцияларды сатудан алынған табыс немесе шығыс ретінде көрінеді, сондай-ақ негізгі құралдарды және басқа да сатудың нәтижесі көрініс табады.

Қаржылық қызмет меншік капиталы мен қарыз капиталының құрамы мен мөлшерінің өзгерісінің нәтижесі болып табылады. Оған мыналар жатады:

  • шығарылған акциядан түскен ақша каражаттары және басқа да бағалы
    қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер;

  • алынған банктік жоне банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша
    қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған
    қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.

Кәсіпорын каржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді, және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу; кредиторлық қарызды кредиторға акцияны жөне басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу; басқа көспіорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу және т.б. жатады.

Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі (ақша қаражатының қозғалысын жанама әдіспен есептеу):

  • өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады (+,—);

  • өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, сондай-ақ есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы (зияны) салыстырылады.

Мәліметтерді салыстырудың нәтижесінде қандайда кызмет түріне (операциондык, инвестициялық немесе қаржылық) сомалардың үлес салмағын

анықтауға болады. Осы әзірленген кестелердің мәліметтеріне шолу жасап, есеп беруге түзетулер енгізу мүмкіндігі туады.



Операциондық қызметтен түскен ақшалардың қозғалысын тікелей әдіс бойынша анықтаған кезде олардың қозғалысына әсер ететін факторлардың мазмұны ашылады, яғни ақшалай және ақшасыз жасалған операцияларының ара жігі ашылады.

Егер де операциялар өзінің экономикалық мазмұны бойынша біртектес болып келсе, онда олар есеп беруде бір бапқа біріктірілуі мүмкін.

жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау