«Қаржылық есеп 2»



жүктеу 0,66 Mb.
бет5/6
Дата23.11.2018
өлшемі0,66 Mb.
#24193
1   2   3   4   5   6

Кейбір баптардың салықтық базасы бар, бірақ баланста актив пен міндеттеме ретінде танылмайды. Мәселен, зерттеуге кететін нақты шығын пайда болу кезеңінде бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде шығын ретінде көрсетіледі, бірақ оны салық салынатын пайданы (салық залалын) белгілеген кезде шегеруге көпке дейін рұқсат берілмеуі мүмкін. Салық органдары болашақта шегеруге рұқсат беретін сома болып табылатын зерттеуге кететін шығынның салықтық базасы мен нөлге тең болатын баланстық құны арасындағы айырмашылық кейінге қалдырылған салық активінің пайда болуына жол ашатын шегерілетін уақытша айырмашылық болып табылады.

Активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы онша айқын болмаған жағдайларда 12 ҚЕХС негіз болатын іргелі принципті қарастырған пайдалы: компания белгілі бір шектеулерді есептемегенде активтің немесе міндеттеменің баланстық құнының орнын толтыру немесе өтеу болашақ салық төлемдерін, егер де осы орнын толтырудың немесе өтеудің салықтық салдарлары болмайтын болса, олардың қандай боларымен салыстырғанда көбейтетін (азайтатын) болса, кейінге қалдырылған салық міндеттемесін (активін) мойындауға міндетті. С мысалы осынау іргелі принципті қарастырған пайдалы болатындай, мысалы, активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы орнын толтырудың немесе өтеудің қажетті тәсіліне тәуелді болатындай жағдайды көрсетеді.

Шоғырландырылған қаржы есептілігінде уақытша айырмашылықтар шоғырландырылған қаржы есептілігіндегі активтердің және міндеттемелердің баланстық сомаларын тиісті салық базасымен салыстыру арқылы анықталады. Салық базасы шоғырландырылған салық декларациясына, ол есептелетін заңдылықтарға қатысты айқындалады. Басқа заңдылықта салық базасы топтағы компаниялардың әрқайсысының салық декларациясына қатысты анықталады.

Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық төленбеген сомаға тең міндеттеме ретінде мойындалуға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленген сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асса, онда асып кету мөлшері актив ретінде танылуға тиіс.

Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық залалымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек.

Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.

Ағымдағы және алдыңғы кезеңдер үшін ағымдағы салық төленбеген сомаға тең міндеттеме ретінде мойындалуға тиіс. Егер ағымдағы және алдыңғы кезеңдерге қатысты төленген сома осы кезеңдер үшін төленуге тиіс сомадан асса, онда асып кету мөлшері актив ретінде танылуға тиіс.

Өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін өткен кезеңге көшірілуі мүмкін салық залалымен байланысты пайда актив ретінде мойындалуы керек.

Салық залалы өткен кезеңдегі ағымдағы салықты өтеу үшін пайдаланылатын болса, компания салық залалы пайда болған кезеңде пайданы актив ретінде мойындайды, өйткені пайда компанияға түсуі және осы пайдалар дұрыс бағалануы тиіс.

2. Кейінге қалдырылған салық міндеттемелері барлық салық салудағы уақытша айырмашылықты мойындаулары тиіс, егер тек ол мыналардан пайда болмаса:

а) іскерлік беделді алғашқы танумен; немесе

б) активті немесе міндеттемені мынадай операцияда:

1) кәсіпорындарды біріктіру болып табылмайтын; және

2) оны жасаған кезде не бухгалтерлік, не салық салынатын пайдаға (салық залалына) әсер етпейтін операцияда бастапқы мойындау.

Алайда еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты салық салудағы уақытша айырмашылық үшін кейінге қалдырылған салық міндеттемесі мойындалуы тиіс.

Активтерді мойындауда компания алдағы кезеңде алатын экономикалық пайда ретінде оның баланстық құнын болашақта өтеу жатыр. Активтің баланстық құны оның салық базасынан асатын болса, салық салынатын экономикалық пайда сомасы салық салу мақсатында шегеруге рұқсат етілетін көлемнен асып түсетін болады. Бұл айырмашылық салық салынатын уақытша айырмашылық болып саналады, ал алдағы кезеңдерде туындайтын пайдаға салынатын салықты төлеу міндеттемесі кейінге қалдырылған салық міндеттемесі болып табылады. Компания активтің баланстық құнын өтеуіне қарай салық салынатын уақытша айырмашылық қалпына келеді, ал компанияда салық салынатын пайда туындайды. Бұл экономикалық пайдалар компаниялардан салық төлемі кейпінде кететін болады дегенді білдіреді.


М ы с а л


Бастапқы құны 150 тұратын активтің баланстық құны 100. Салық салу мақсатында жиналған амортизация 90-ға тең болды, ал салық ставкасы 25%-ды құрайды.

Активтің салықтық базасы 60-қа тең болады (өзіндік құны 150-ден шегерілген жинақталған салық амортизациясы 90). 100-ге тең баланстық құнын өтеу үшін компания 100-ге тең салық салынатын пайда алу керек, бірақ мұндай жағдайда тек қана сомасы 60 салық амортизациясын шегере алады. Демек активтің баланстық құнын өтеуде компания пайда салынатын салықты 10 пайыз мөлшерінде төлейтін болады (25% ставка бойынша 40). 100-ге тең баланстық құн мен 60-қа тең салық базасы арасындағы айырмашылық 40-қа тең болатын салық салынатын уақытша айырмашылықты құрайды. Сайып келгенде, компания мөлшері 10-ға тең кейінге қалдырылған салық міндеттемелерін мойындайды (25% ставка бойынша 40), мұны активтің баланстық құнын өтеген кезде төлейді.



Кейбір уақытша айырмашылықтар табысты немесе шығысты бір кезеңдегі бухгалтерлік пайданың құрамына, ал басқа уақытта салық салынатын пайдаға қосқан кезде пайда болады. Мұндай уақытша айырмашылықтар көбіне мерзімді айырмашылықтар деп аталады. Осындай уақытша айырмашылықтардың мысалдары төменде келтіріліп отыр. Бұларға салық салынады, сайып келгенде, олар кейінге қалдырылған салық міндеттемелерінің пайда болуына әкеліп соқтырады:

а) пайыздық түсім уақытына қарай бухгалтерлік пайдаға қосылады, бірақ кейбір заңды құқықтарда ол ақша қаражатын алған кезде салық салынатын пайдаға қосылуы мүмкін. Осындай түсімге қатысты баланста мойындалатын кез келген дебиторлық берешектің салықтық базасы нөлге тең болады, себебі түсім ақша қаражатын алғанға дейін салық салынатын пайдаға әсер етпейді;

б) салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде пайдаланылатын амортизация бухгалтерлік пайдаға қолданылатын пайдадан өзгеше болуы мүмкін. Уақытша айырмашылық - активтің баланстық құны мен оның салық базасы арасындағы айырмашылық, ал ол ағымдағы және мұның алдындағы кезеңдерде анықталған салық салынатын пайданы анықтаған кезде салық органдары рұқсат еткен осы активке қатысты барлық шегерулерді ескергенде активтің бастапқы құнына тең келеді. Салық салынатын уақытша айырмашылық амортизация тездетілген кезде кейінге қалдырылған салық міндеттемесінде пайда болады және көрінеді (егер салық амортизациясы бухгалтерлік амортизацияға қарағанда жай болса, онда шегерілетін уақытша айырмашылық пайда болады. Мұның өзі кейінге қалдырылған салық активінен көрінеді); және

в) әзірлеуге кететін шығындар бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде алдағы уақытта капиталдандырылуы және амортизациялануы мүмкін, бірақ олар пайда болған кезеңдегі салық салынатын пайданы анықтаған кезде шегеріледі. Әзірлеуге кеткен мұндай шығындардың салықтық базасы нөлге тең болады, өйткені олар салық салынатын пайдадан шегерілген. Уақытша айырмашылық - әзірлеуге кеткен шығынның баланстық құны мен олардың нөлге тең салық базасының арасындағы айырмасы.

Уақытша айырмашылықтар сонымен қатар:

а) сатып алу болып табылатын кәсіпорындарды біріктіру жөніндегі шығын алынған теңестірілетін актив пен міндеттемелерге олардың бастапқы әділ құнымен, бірақ салық салу мақсаты үшін эквиваленттік түзетусіз бөлінеді;

б) (салық салу мақсаты үшін эквиваленттік түзетусіз активтер қайта бағаланады;

в) іскерлік бедел кәсіпорындар біріккен кезде пайда болады;

г) активтің немесе міндеттеменің салықтық базасы бастапқы мойындалған кезде оның бастапқы баланстық құнынан өзгеше болады, мысалы, компания активтерге жататын салық салынбайтын мемлекеттік субсидиядан пайда алған кезде; не

д) еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты инвестициялардың баланстық құны инвестициялардың салық базасынан немесе қатысу үлесінен өзгеше болады.

Кейінге қалдырылған салық активі шегерілетін барлық уақытша айырмашылық үшін шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда алыну ықтималдығы бар дәрежеде мойындалуға тиіс, егер тек кейінге қалдырылған актив мынадай мәміле бойынша активті немесе міндеттемені алғашқы танумен байланысты туындамаса:

а) кәсіпорындарды біріктіру болып табылмаса; және

б) мәмілені жүргізген кезде не есептік, не салық салынатын пайдаға (салық залалына) әсер етпейтін болса.

Алайда еншілес компанияларға, филиалдар мен қауымдастырылған компанияларға салынатын инвестициялармен және бірлескен қызметке қатысу үлесімен байланысты есептелетін уақытша айырмашылық үшін кейінге қалдырылған салық міндеттемесі мойындалуы тиіс.

Міндеттемені мойындаудың өзі алдағы уақытта компаниядан экономикалық пайда әкелетін ресурстарды шығару жолымен баланстық құнның өтелетінін көрсетеді. Компаниядан ресурсты шығару кезінде барлық сома немесе бір бөлігі салық пайдасын міндеттемені мойындаған кезге қарағанда неғұрлым кешірек кезеңдегі салық салынатын пайданы белгілегенде шегерілуге тиіс. Мұндай жағдайда міндеттеменің баланстық құны мен оның салық базасының арасында уақытша айырмашылық болады. Тиісінше пайдаға салынатын салыққа қатысты кейінге қалдырылған салық активі пайда болады, ол міндеттеменің бір бөлігі салық салынатын пайданы анықтаған кезде шешілетін алдағы кезеңдерде өтелетін болады. Сол іспеттес, егер активтің баланстық құны оның салықтық базасынан аз болса, айырмашылық алдағы кезеңдерде өтелетін пайдаға салынатын салыққа қатысты кейінге қалдырылған актив салығының пайда болуына әкеліп соқтырады.

Мысал


Компания кепілдеме берілген жөндеуге есептелген шығын бойынша міндеттемені 100 мөлшерінде мойындайды. Компания тауар сапасына жасалған шағым бойынша төлем жасамайынша, салық салу мақсатында бұл шығындар шегерілмейді. Салық ставкасы -25%.

Міндеттеменің салық базасы нөлге теңестіріледі (баланстық құны – 100, минус алдағы уақытта бұл міндеттемеге қатысты салық салу мақсатында шегерілетін сома). Міндеттемені баланстық құнына қарай өтеу кезінде компания өзінің болашақтағы 100-ге тең салық салынатын пайдасының сомасын азайтады, демек өзінің болашақтағы салық төлемдерін 25-ке азайтады деген сөз (25% ставка бойынша 100). 100-ге тең баланстық құны мен нөлге тең салық базасы арасындағы айырма 100-ге тең шегерілген уақытша айырмашылықты құрайды. Сонымен компания алдағы уақытта салық төлемдерін азайтудан пайда алу үшін жеткілікті салық салынатын пайда алу ықтималдығы болған жағдайда кейінге қалдырылған 25 пайыздық салық активін мойындайды (25% ставка бойынша 100).



Төменде кейінге қалдырылған салық активтерінің пайда болуына әкеліп соқтыратын уақытша айырмашылықтың мысалдары келтіріліп отыр:

а) зейнетақы төлеуге кететін шығын қызметкерлерге қызмет көрсетілуіне қарай бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде шегерілуі мүмкін, ал салық салынатын пайданы анықтаған кезде компания зейнетақы қорына жарна аударған кезде немесе қызметкерлерге зейнетақы төлеген кезде шегерілуі мүмкін. Уақытша айырмашылық міндеттеменің баланстық құны мен оның салық базасы арасында болады; міндеттеменің салық базасы әдетте нөлге тең болады. Мұндай шегерілетін уақытша айырмашылық кейінге қалдырылған салық активінде көрініс табады, өйткені экономикалық пайда компанияға қорға жарна аударылған кезде немесе зейнетақы төленген кезде салық салынатын пайдадан шегерім түрінде түсетін болады.

б) зерттеуге жұмсалатын шығын ол пайда болған кезеңде бухгалтерлік пайданы анықтаған кезде мойындалады, бірақ оны шегеруге салық салынатын пайданы (салық залалын) анықтаған кезде көпке дейін рұқсат етілмеуі де мүмкін. Салық органдары алдағы уақытта шегеруге рұқсат ететін сома болып табылатын зерттеуге жұмсалатын шығынның салық базасы мен нөлге тең баланстық құны арасындағы айырмашылық шегерілетін уақытша айырмашылықты құрайды, ол кейінге қалдырылған салық активінің құралуына алып келеді;

в) кәсіпорындарды біріктіру құны сатып алу күніндегі әділ құнына қатысты сатып алынған және қабылданған бірегейлендірілетін активтер мен міндеттемелерді тану арқылы бөлінеді. Міндеттеме сатып алған кезде мойындалатын болса, бірақ олармен байланысты шығындар көпке дейін салық салынатын пайданы анықтаған кезде шегерілмесе, алынып тасталатын уақытша айырмашылық құралады, ол кейінге қалдырылған салық активінен көрінеді. Сондай-ақ кейінге қалдырылған салық активі сатып алынған теңестірілген активтің әділ құны оның салық базасынан аз болып қалса да пайда болады. Екі жағдайда да барлық кейінге қалдырылған салық активі іскерлік беделге әсер етеді; және

с) анықталған активтер салық салу мақсатында жасалған әділ құнына қарай ескеріледі немесе баламасыз түзетусіз қайта бағаланады. Егер активтің салықтық базасы оның баланстық құнынан асып кетсе, шегерілетін уақытша айырмашылық пайда болады.

Шегерілген уақытша айырмашылықтың қайтарылуы алдағы уақытта анықталған салық салынатын пайданың азаюынан көрінеді. Алайда компания экономикалық пайданы салық төлемдерін қысқарту түрінде алады, тек ол үшін шегерімдер өзара есептелуі мүмкін жеткілікті салық салынатын пайда табуы керек. Сонымен компания кейінге қалдырылған салық активтерін шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда ықтималдығы бар болған жағдайда мойындайды.

Компанияда шегерілетін уақытша айырмашылық қолданылуы мүмкін салық салынатын пайда ықтималдығы белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын заңды тұлғаға жататын жеткілікті салық салынатын уақытша айырмашылықтар бар болған кезде орын алады. Оларды мынадай жағдайларда қайтару көзделген:

а) шегерілген уақытша айырмашылықты қалпына келтіру болжамдалған кезеңде; не

б) кейінге қалдырылған салық активтерінен пайда болған салық залалы өткен немесе алдағы уақытқа аударылуы мүмкін кезеңдерде.

Мұндай жағдайда кейінге қалдырылған салық активтері шегерілген уақытша айырмашылықтар пайда болған кезеңде мойындалады.

Белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын заңды тұлғаға жататын жеткіліксіз салық салынатын уақытша айырмашылықтар бар болған кезде кейінге қалдырылған салық активі мынадай жағдайда мойындалады:

а) компанияның шегерілген уақытша айырмашылықтар қайтарылған кезеңде (немесе шегерілген салық активтерінен туындайтын салық залалы өткен немесе болашақ кезеңдерге аударылуы мүмкін кезеңдерде) белгілі бір салық органына және де белгілі бір салық салынатын компанияға жататын жеткілікті салық салынатын пайдасы болады деген ықтималдық бар. Алдағы уақытта салық салынатын пайданың жеткіліктілігін бағалаған кезде компания болашақ кезеңдерде күтілетін шегерілетін уақытша айырмашылықтарды құрайтын салық салынатын соманы есептемейді, өйткені осы шегерілетін уақытша айырмашылықтар құрайтын кейінге қалдырылған салық активі болашақта өзі пайдаланатын салық салынатын пайданың болуын талап етеді; не

б) компанияда салықты жоспарлау мүмкіндіктері бар, мұның өзі тиісті кезеңдерде салық салынатын пайда түсіруге жәрдемдеседі.

Салықты жоспарлау мүмкіндіктері – тиісті кезеңде салық залалын немесе салық кредитін мұның алдындағы кезеңнен көшіру мерзімі біткенге дейін салық салынатын пайда жасау немесе көбейту үшін компания жасайтын әрекеттер. Мысалы, кейбір заңдылықтарда салық салынатын пайда мыналардың көмегімен жасалуы немесе көбейтілуі мүмкін:

а) пайыздық табысқа салық салудың екі нұсқасының бірін таңдау: алынған сома бойынша немесе алынатын сома бойынша;

б) салық салынатын пайдадан белгілі бір шегерім жасауға талап мерзімін ұзарту;

в) қымбаттаған, бірақ салық базасы құнның бұлайша артуын көрсету үшін түзетілмеген активтерді, сатулар, қайта жалға беру мүмкіндігі; және

с) салық салынатын пайда түсіретін басқа инвестицияны сатып алу үшін салық салынбайтын пайда әкелетін активті сату (кейбір заңдылықтарда - мемлекеттік құнды қағаздар).

Салықты жоспарлау мүмкіндіктері салық салынатын пайданы неғұрлым бұрынғы кезеңнен ертерек кезеңге көшірілген кезде салық залалын немесе салық кредитін көшіруді пайдалану әлі де болса болашақта уақытша айырмашылықты тудыратын көзден өзгеше болатын болашақтағы салық салынатын пайданың болуына байланысты болады.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Табыс салығын есептеу қалай жүргізіледі?

  2. Табыс салығы қандай бухгалтерлік шотта көрініс табады?

3. Салық салынатын табыс қалай анықталады?
Тақырып 10.Ассоцияланған компанияларға инвестициялар (ҚЕХС (IFRS) 28)
Лекция жоспары: (2 сағат)

1. Ассоцияланған компаниялар ұғымы және есептілігі

2. Инвестициялар есебіндегі әдістер

Қауымдасқан ұйым - инвестордың елеулі ықпалы бар және ол не еншілес кәсіпорын, не инвестордың бірлескен қызметтегі азшылық үлесі болып табылмайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.

Шоғырландырылған қаржы есептілігі – топтың біртұтас экономикалық ұйым дайындағандай болып ұсынылатын қаржы есептілігі.

Бақылау – ұйымның қаржылық және операциялық саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.

Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі - соған сәйкес инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша ескеріледі де, ал содан соң инвестициялар объектісінің таза активтеріндегі инвестор үлесі алынғаннан кейін болған өзгерісіне түзетілетін бухгалтерлік есепке алу әдісі. Инвестордың пайдасына немесе залалына оның инвестициялар объектісінің пайдалары мен залалдарындағы үлесі кіреді. Бірлескен бақылау шарт бойынша экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер олардың арасында бақылау бөлінген тараптардың (кәсіпкерлердің) ортақ келісімін талап ететін жағдайларда ғана орын алады. Жеке қаржы есептілігі – бас ұйым, қауымдасқан ұйымның инвесторы немесе бірлесіп бақыланатын ұйымның кәсіпкері ұсынатын есептілік, мұнда инвестицияларды есепке алу есептілікте ұсынылатын нәтижелердің және инвестициялар объектілерінің таза активтерінің негізінде емес, тікелей қатысу үлесі негізінде жүргізіледі.

Елеулі ықпал - инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық қызметі бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі, бірақ осындай саясатты жеке өзі немесе бірлесіп бақылау емес .

Еншілес ұйым – басқа ұйым (бас ұйым деп аталатын) бақылайтын ұйым, оның ішінде серіктестік сияқты корпорацияланбаған ұйым.

Жеке қаржы есептілігі үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылатын қаржы есептілігі де, не еншілес ұйымы, не қауымдасқан ұйымы, не бірлескен қызметке қатысу үлесі жоқ ұйымның қаржы есептілігі де болып табылмайды.

Жеке қаржы есептілігі шоғырландырылған қаржы есептілігіне инвестицияларды есепке алу үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана жүзеге асырылатын қаржы есептілігіне, бірлескен қызметтегі кәсіпкерлердің үлестері теңбе-тең негізде шоғырландырылатын қаржы есептілігіне толықтыру ретінде ұсынылатын қаржы есептілігі. Жеке қаржы есептілігі осындай қаржы есептілігіне ілесе жүруі мүмккін немесе ілеспеуі де мүмкін.

Егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар акцияларының кемінде 20%-ына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы бар екенін білдіреді. Және керісінше, егер инвестор инвестициялар объектісінің дауыс беру құқығы бар акцияларының 20%-ынан азына тікелей немесе жанама иелік етсе (мысалы, еншілес кәсіпорындар арқылы), бұл керісінше жағдайдың айқын дәлелдері болмаған жағдайда, инвестордың елеулі ықпалы жоқ екенін білдіреді. Басқа инвестордың акциялардың ірі немесе бақылау пакетіне ие болуы инвестордың елеулі ықпалы бар екенін жоққа шығаруы міндетті емес.

Инвестордың елеулі ықпалының болуы, әдетте, төменде келтірілген тәсілдердің бірімен немесе бірнешеуімен расталады:

(а) инвестициялар объектісінің директорлар кеңесіндегі немесе сондай басқару органындағы өкілдігі;

(b) дивидендтерге немесе басқа бөлістерге қатысты шешімдерді қабылдауға қатысуды қосқанда, саясатты әзірлеу барысына қатысуы;

(с) инвестор мен инвестициялар объектісі арасындағы ірі операциялар;

(d) басқару қызметкерлерімен алмасуы;

(е) маңызды техникалық ақпарат беруі.

Ұйым жазылу сертификаттарына, акциялар алуға арналған опциондарға, жай акцияларға айырбасталатын борыштық және үлестік құралдарға немесе орындау немесе айырбастау жағдайында компанияға дауыс құқығын беруге, немесе басқа ұйымның қаржылық және операциялық саясатын айқындауға қатысты мәселелерде басқа тараптың дауыс құқығын азайтуға (әлуетті дауыс құқығы) қабілетті сол секілді құралдарға ие бола алады. Ағымдағы сәтте іске асырылуы және айырбасталуы мүмкін әлуетті дауыс құқықтарының болуын және оның ықпалын ұйымның елеулі ықпалын бағалау кезінде есепке алу қажет. Егер, мысалы, әлуетті дауыс құқықтары болашақтағы белгілі бір күн немесе болашақ оқиға басталғанға дейін іске асырыла немесе айырбастала алмайтын болса, онда олар ағымдағы сәтте жүзеге асырылатын немесе айырбасталатын болып табылмайды.

Әлуетті дауыс құқықтарының елеулі ықпалға үлес қосатын-қоспайтынын бағалай отырып, ұйым басшылықтың талап-тілектерін және осындай құқықтарды жүзеге асыру мен айырбастау мәселелеріндегі қаржылық мүмкіндіктерді қоспағанда, әлуетті құқықтарға ықпал ететін фактілер мен жағдайларды (әлуетті дауыс құқықтарын іске асыру талаптарын және кез келген шарттық келісімдерді қосқанда жеке-жеке, сол сияқты бір-бірімен байланыста) зерделейді.

Ұйым инвестициялар объектісінің қаржылық және операциялық саясатының мәселелерінде шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін жоғалтумен бірге инвестициялар объектісіне тигізетін елеулі ықпалын жоғалтады. Елеулі ықпалды жоғалту абсолютті және салыстырмалы ие болу деңгейінде өзгерістер болған кезде де, сол сияқты осындай өзгерістер болмаған кезде де орын алуы мүмкін. Мұндай жоғалту, мысалы, қауымдасқан ұйым мемлекет тарапынан, сот, әкімшілік немесе реттеуші орган тарапынан бақылау объектісіне айналғанда орын алуы мүмкін. Ол сондай-ақ шарттық келісім салдарынан да болуы мүмкін.

2. Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі

Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісіне сәйкес, инвестициялар бастапқыда өзіндік құны бойынша танылады және олардың баланстық құны инвестордың алынған күннен кейінгі инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалындағы танылған үлесіне ұлғайтылады немесе азайтылады. Инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалының инвесторға тиесілі үлесі инвестордың пайдасы мен залалында танылады. Инвестициялар объектісінен алынған табыс инвестициялардың баланстық құнын азайтады. Инвестордың инвестициялар объектісіне қатысуының теңбе-тең үлесінің инвестициялар объектісінің меншік капиталындағы өзгерістердің нәтижесінде туындайтын, оның пайдалары мен залалдары туралы есебіне кіргізілмеген өзгерістерін көрсету үшін баланстық құнды түзету қажеттігі туындауы мүмкін. Әлуетті дауыс құқықтары болған жағдайда инвестордың инвестициялар объектісінің пайдасы мен залалындағы және инвестициялар объектісінің меншік капиталындағы өзгерістердің үлесі ағымдағы ие болу үлестерінің негізінде айқындалады және әлуетті дауыс құқықтарын ықтимал орындауды немесе айырбастауды көрсетпейді.

Үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолдану

(і) басқа ұйымның толық немесе ішінара меншігіндегі еншілес ұйым және оның басқа иеленушілері, оның ішінде басқа жағдайларда дауыс құқығы болмайтын, инвестордың үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолданбайтыны жөнінде хабардар етілген және қарсы болмайтындары да инвестор болып табылған;

(іі) инвестордың борыштық немесе үлестік құралдары ашық нарықта айналыста болмаған (ішкі немесе шетелдік қор биржасында немесе жергілікті және аймақтық нарықтарды қоса алғанда, биржадан тыс нарықта);

(ііі) ашық нарықта кейіннен қандай да бір құралдар класын айналысқа шығару мақсатында инвестор өзінің қаржы есептілігін бағалы қағаздар жөніндегі комиссияға немесе басқа реттеуші органға ұсынбаған немесе ұсыну барысында болмаған;

(іv) инвестордың соңғы және кез келген аралық бас ұйымы ашық қол жету үшін Халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының талаптарына сәйкес келетін шоғырландырылған қаржы есептілігін шығарған жағдайлардың бәрі қолданылатын жағдайларды қоспағанда, үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі пайдаланыла отырып есепке алынуға тиіс. Бұрын сатуға арналған ретінде жіктелген қауымдасқан ұйымға инвестиция мұндай ретінде тану критерийлерін қанағаттандыруын тоқтатқан кезде, ол сатуға арналған ретінде жіктей бастаған күннен бастап үлестік қатысу әдісін пайдалану арқылы есепке алынады. Тиісінше осындай қатысу үлесі сату үшін арналған деп жіктелген кезден басталатын кезеңдер үшін қаржы есептілігі тиісті түрде түзетілуге тиіс.

Алынған түсімдер негізінде табысты тану инвестордың қауымдасқан компаниянға салған инвестициясы бойынша алған табысының мөлшерлеріне сәйкес келмеуі мүмкін, себебі алынған табыстың қауымдасқан компания қызметінің нәтижелерімен байланысы шамалы болуы мүмкін. Инвестор қауымдасқан компанияға айтарлықтай ықпал ететіндіктен, ол оның қызметінің нәтижесіне, яғни, инвестицияның рентабельділігіне де мүдделі. Инвестор бұл мүдделілікті есепте өзі ұсынатын қаржы есептілігіне осы қауымдасқан ұйымның пайдалары мен залалдарындағы өз үлесін кіргізу арқылы көрсетеді. Қорыта келгенде, үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі есептілікте инвестордың таза активтері және таза пайдасы немесе залалы туралы егжей-тегжейлі ақпарат болуын қамтамасыз етеді. Инвестор үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қауымдасқан ұйымға елеулі ықпал етуді жоғалтқан күннен бастап тоқтатуға міндетті және осы күннен бастап инвестицияны қауымдасқан ұйым 31 IAS Халықаралық стандартының анықтамасына сәйкес еншілес ұйым немесе бірлескен қызмет мәртебесін алмайды деген шартпен 39 IAS Халықаралық стандартына сәйкес есепке алуға тиіс. Топтың қауымдасқан ұйымдағы үлесі бас ұйымның немесе оның еншілес ұйымдарының осы қауымдасқан ұйымға қатысу сомасына тең болады. Топтың құрамындағы басқа қауымдасқан ұйымдардың немесе бірлескен қызметтің иелену үлестері осы мақсаттарда ескерілмейді. Қауымдасқан ұйымның еншілес, қауымдасқан компаниялары немесе бірлескен қызметі болғанда үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін қолданған кезде пайдалар немесе залалдар және таза активтер ретінде шоғырландырылған қаржы есептілігінде танылатын (қауымдасқан ұйымның қауымдасқан ұйымдары мен бірлескен қызметінің пайдалары мен залалдарының және таза активтерінің оған тиесілі үлесін қосқанда), бірыңғай есеп саясатын жүзеге асыру үшін қажет кез келген түзетулерден кейінгі шамалар қолданылады

Инвестор (оның шоғырландырылған еншілес ұйымдарын қосқанда) мен қауымдасқан ұйым арасындағы «төменнен жоғары» және «жоғарыдан төмен» операцияларының нәтижесінде туындаған пайдалар мен залалдар инвестордың қаржы есептілігінде тек қана инвестордың осы қауымдасқан ұйымға қатысу үлесіне жатпайтын сомада ғана танылады. «Төменнен жоғары» операциясының бір мысалы активтерді қауымдасқан ұйымнан инвесторға сату болып табылады. «Жоғарыдан төмен» операциясының мысалы активтерді инвестордан қауымдасқан ұйымға сату болып табылады. Инвестордың қауымдасқан ұйымның осы операциялар нәтижесінде туындаған пайдалары мен залалдарындағы үлесі алынып тасталады.

Егер инвестордың қауымдасқан ұйымның залалдарындағы үлесі оның оған қатысу үлесін құраса немесе одан асып кетсе, инвестор одан арғы залалдардағы өз үлесін тануды тоқтатуға тиіс. Қауымдасқан ұйымдағы қатысу үлесі негізінен, инвестордың қауымдасқан ұйымға салған инвестициясының бір бөлігін құрайтын кез келген ұзақ мерзімді қатысу үлестерімен қатар, осы қауымдасқан ұйым инвестициясының үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісінің көмегімен есептелген баланстық құнына тең болады. Мысалы, өтелуі жоспарланбаған немесе таяу болашақта өтеу мүмкіндігі жоқ бап негізінен алғанда ұйымның осы қауымдасқан ұйымға салған инвестициясын ұлғайтады. Осындай баптарға артықшылығы бар акциялар және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек немесе кредиттер, бірақ сауда-саттық дебиторлық немесе кредиторлық берешек емес, немесе тиісті кепіл қамтамасыз етуі бар дебиторлық берешек, мысалы, қамтамасыз етілген кредиттер жатқызылуы мүмкін. Жай акцияларға салынған инвестициялардың үстіне үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі пайдаланыла отырып танылған залалдар кері бағыныштылық (яғни тарату кезіндегі басымдық) тәртіппен инвестордың қауымдасқан ұйымға қатысу үлесінің басқа баптарына жатқызылады. Инвестордың үлесі нөлге дейін төмендетілгеннен кейін қосымша залалдар қамтамасыз етіледі және міндеттемелер тек инвестор өзіне заңдық немесе жүктелген міндеттер қабылдаған немесе қауымдасқан ұйымның атынан төлемдерді жүзеге асырған дәрежеде ғана танылады. Егер қауымдасқан ұйым кейіннен пайдалар жарияласа, онда инвестор оның осы пайдадағы үлесі танылмаған залалдардың үлесімен теңестірілгеннен кейін ғана осы пайдадағы өзінің үлесін тануды жаңартады.

Мынадай ақпарат:

(а) солар үшін ашық баға белгілеулері бар қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялардың әділ құны;


  1. активтердің, міндеттемелердің, табыстардың және пайдалар мен залалдардың жалпы сомаларын қоса алғанда, қауымдасқан ұйымдардың қорытынды қаржы ақпараты;

  2. егер инвестор өзінің еншілес ұйымдары арқылы тікелей немесе жанама түрде инвестициялар объектісінің қолданыстағы немесе әлуетті дауыс құқығының 20 немесе одан көп пайызына иелік етсе, бірақ өзінің елеулі ықпалы жоқ деп есептесе, инвестордың елеулі ықпалы болмауының болжамы бұзылатын себептер;

  3. егер инвестор өзінің еншілес ұйымдары арқылы тікелей немесе жанама түрде инвестициялар объектісінің қолданыстағы немесе әлуетті дауыс құқығының 20 немесе одан көп пайызына иелік етсе, бірақ өзінің елеулі ықпалы жоқ деп есептесе, инвестордың елеулі ықпалы болуының болжамы бұзылатын себептер;

  4. үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылған кезде қауымдасқан ұйымның қаржы есептілігі пайдаланылса және инвестордың есептік күнінен және есептік кезеңінен басқа күні немесе кезеңде жасалса, қауымдасқан ұйым қаржы есептілігін жасаған күн және басқа есептік күнді және есептік кезеңді пайдаланудың себебі;

  5. қауымдасқан ұйымдардың инвесторға ақшалай дивидендтер, кредит немесе аванстарды қайтару түрінде қаражат аудару жөніндегі мүмкіндігіне қойылған кез келген шектеулердің (мысалы, кредит-заем уағдаластықтарының немесе әкімшілік талаптардың) сипаты мен дәрежесі;

  6. егер инвестор қауымдасқан ұйымның залалдарындағы өз үлесін тануды тоқтатса, қауымдасқан ұйымдардың кезең ішіндегі залалдарының, сол сияқты жинақталған, танылмаған үлесі;

Қауымдасқан ұйымға салынған, үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісі қолданылатын инвестициялар ұзақ мерзімді активтер ретінде жіктелуге тиіс. Инвестордың осындай қауымдасқан ұйымдардың кез келген тоқтатылған қызметіндегі үлесі бөлек ашып көрсетілуге тиіс. Инвестордың осындай қауымдасқан ұйымдардың тоқтатылатын қызметіндегі үлесі де жеке ашып көрсетілуге тиіс.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1. Қауымдасқан ұйымдар деген қандай заңды тұлғалар?

2. Қауымдасқан ұйымдардың қандай есептілігі бар?

3.Қауымдасқан ұйымдардың инвестицияларын есепке алуда қандай әдістер қолданылады?


Тақырып 11. Қаржылық инвестицияларды бағалау және оның есебі.(ҚЕХС 32)
Лекция жоспары: (2 сағат)

1.Қаржылық құралдар, олардың жіктелуі

2.Инвестициялар есебі

3.Еншілес серіктестіктерге инвестициялар



1.Инвестициялар деп өнеркәсіптің, кұрылыстың, ауыл шаруашылығының және экономиканың баска да салаларының кәсіпорындарына капитал түрінде салынып, жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялык қызметтің мақсаты — түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған) құн немесе таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер (кәсіпорындар) оны өзінің табысының (таратылған) қаражаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның меншігінде калған табысы саналады. Бағалы қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін алдын ала айқындайды.

Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзак мерзімді болып белінеді.

Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.

Нақты инвестициялар — бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік корын өсіруге салынатын салымдар.

Қаржылық инвестициялар — бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мөміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (қүнды) қағаздар екі топқа бөлінеді — ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай карыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштық бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар және т.б. жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан темен бағаға сатып алудың есебінен кдлыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.

Борыштық бағалы қағаздар пайыздарды (проценттерді) төлеуді және негізгі қарыздың негізгі сомасын графикке сәйкес жабуды эмитент өз міндетіне алады. Бұл кімнің эмитенті екендігіне қарамастан, оған барлық облигациялар, вексельдер жатады.

Инвестициялық бағалы қағаздар эмитент активтерінің бір бөлігін иемденуге құқық береді, оларға эмитенттердің барлық типтеріндегі акциялары тұтастай жатады.

Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен) ерекшеленеді және олар қор биржаларында айналысқа түседі.

Саудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: олар негізінен сауда операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру процесіне қызмет көрсетуге арналған.

Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық (айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлу мүмкін.

Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық немесе биржалық емес айналым шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.

Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше алмайды, яғни екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.

Ақша нарығы дегеніміз — қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен сатылуын көрсетеді және ол қаржылык. нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді бағалы қағаздардың әрекет ету мерзімі - бір күннен бастап бір жылға дейін болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы кағаздар, әдетте, төменгі төлем тәуекелімен катар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі жоғары болса ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық векселдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар жатады.

тараптандырудың (диверсификациялаудың) принципін ұстануы тиіс: инвестор қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бүл салымдардың тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын бір компанияның акцияларына салды делік. Бұл жағдайда ол акция курсының нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы неғұрлым аз ауытқитын біршама компаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса, онда ол инвестициялық (фондылык) портфел деп аталатын бағалы қағаздардың жиынтығымен байланысты болады.

Қоржындық (портфелдік) инвестициялаудың объектілері ретінде әртүрлі бағалы қағаздар: акциялар, облигациялар, бағалы қағаздардың шартты түрлері әрекет етеді. Қоржынның бір бөлігі ақша түрінде ұсынылуы мүмкін. Қоржындағы қағаздардың көлемі де әр түрлі болады. Қоржындық инвестициялау өзінің күрамына тәуелді, ол табыс немесе залал әкелуі мүмкін және тап сондай тәуекелділіктің де сол және баска да деңгейіне ие. Қоржынға енетін бағалы қағаздардың тізбесін де, келемін де инвестор өзгерте алады.

Қоржынды құрастыру кезінде инвестор келесі факторларды есепке алуы тиіс: тәуекелділікті, табыс дәрежесін, орындалу мерзімін, бағалы қағаздар типін. Инвестор инвестициялық Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды мақсатына тәуелді белгілі бір типтерді калыптастырады. Келесі типтерін бөліп көрсету қабылданған: бірінші тип - өсім коржыны, екінші тип — табыс коржыны.

Ақша нарығының қоржындары (портфелі) капиталды толық сақтау мақсатынан тұрады. Оның құрамына ақшалай қаражат пен тез сатылатын активтер кіреді. Егер де ұлттық валюта өзінің төмендеу бағамын көрсетсе, онда ол шетелдік валютаға айырбасталуы мүмкін. Сөйтіп, салынған капитал нольдік тәуекелділік кезінде өз өсімін сақтайды. Облигациялар қоржындары облигациялардың есебінен қалыптасады және нольдік тәуекелділік кезінде орташа табыс әкеледі.



Қоржындардың өсуіне қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді.Табыс қоржындары тұрақты құрамға және құрылымға ие.

Қоржын қызмет етуінің уақытына байланысты мерзімі шектелген және мерзімі шектелмеген болып белінеді.



Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді, инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды каржыландыратын және үзақ мерзімге несие беретін мамандандырылған инвестициялык банктер мен акционерлік қоғамдардың акцияларынан қүрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғүрлым пайдалы салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

Қаржылык инвестициялар техникалык-экономикалық есептеулер жасалған соң және сол инвестицияланатын объектіні қажетті зерделеуден өткізгеннен кейін барып, жүзеге асырылады. Осы жағдайда ғана нарықтык қарым-қатынастар жағдайындағы тәуекелділіктер төмендеуі мүмкін.

Қазақстан Республикасының заңдары экономиканың барлық саласын инвестициялық түрғысынан қолдауға бағытталған. Республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың тиімділігіне бағытталған жеңілдіктер мен преференциялар әзірленіп жасалған.

Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты- жаңа технологияларды, алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет керсету; отандықтауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа бағытталған және импортты алмастырушы ендірістерді дамыту, Қазақстан Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану; қазіргі заманғы менеджмент пен маркетинггің әдістерін енгізу, жаңа жүмыс орындарын қүру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

2.Қаржылық инвестициялардың есебі "Қаржылық инвестициялар" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған "Акциялар", "Облигациялар" және "Басқа қаржылық инвестициялар" шоттары кіреді.



Бұл шоттары активті, күрделі, негізгі болып табылады. Осы шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық инвестициялардың кему операциялары жазылады.

Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп инвестициялардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша жүреді.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста: не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.

Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық) құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы сияқты.

Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс болып танылады.



Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы немесе сатып алу қүнының ең төменгі бағасымен алынса, онда оның баланстық кұнын келесі негізде анықтайды:

  • жалпы қоржындық (портфельдік) жиынтығымен;

  • инвестицияның түрі бойынша қоржындык жиынтығымен;

  • жеке инвестициялары (әрбір инвестициясы) бойынша.

Бұл кезде сатып алынған бағасы ағымдағы (нарықтық) бағадан жоғары болса, онда олардың айырмашылығы шығыс ретінде танылады, ал керісінше жағдайда — табыс ретінде танылады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция бухгалтерлік баланста төмендегідей жолмен анықталады:

-сатып алу құнымен;



  • қайта бағалау құны ескерілген құнмен;

  • сатып алынған құнымен және ағымдағы құнның ең кіші (төменгі) бағасымен бағаланады, яғни қоржындық бағалы қағаздар негізінде.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды қайта бағалау үшін: қайта бағалаудың мерзімін анықтау қажет және бір уақытта ұзақ мерзімді инвестициялардың бір ғана түрі қайта бағаланады.

Инвестицияның үстеме бағасының сомасы, бұрын құны төмендеген болса, сол инвестицияның зияны өтелгеннен кейін меншік капиталына жатқызылады, яғни сол сомаға өседі.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар кұны төмендеген жағдайда сөзсіз бұл инвестициялардың баланстық құны қайта қарауды талап етеді. Құнды тап осылайша төмендету әрбір инвестиция үшін жеке анықталынады және есептелінеді. Бұл кезде инвестицияланған субъектідегі инвестордың үлес салмағы және тәуекелділіктің түрі ескерілуі керек. Қаржылық инвестициялар есептен шығарылғанда, оны сатқаннан түскен пайда мен баланстың құнының арасындағы айырмасынан шығындарды алып тастағаннан кейін (брокердің немесе дилердің қызметі) ол не табысқа, не шығысқа жатқызылады. Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған немесе ағымдағы құны бойынша бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы табысқа немесе қабылданған есеп саясатына сай бөлінбеген табысқа жатқызылады.

Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция қысқа мерзімді инвестициясына өтетін болса, онда оның сатып алу мен баланстық құны ең төменгі баға бойынша аударылады.

Егер инвестиция бұрынырақта қайта бағаланған болса, онда қайта бағалау сомасы аудару кезінде шығарылып тасталынады.

Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы құнмен есептелсе, онда ол баланстық құн бойынша аударылады.



Бұр арада бұрындары жүргізілген қайта бағалау сомасы инвестицияның табысы болып саналады.

Қысқа мерзімді инвестицияларды ұзақ мерзімді инвестицияға аударсақ, онда: олар сатып алу жөне ағымдағы құнның ең төменгі бағасы бойынша немесе ағымдағы кұны бойынша (егер де олар бұрындары осы кұны бойынша көрсетілген болса) бағаланады.

Кәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді каржылық инвестицияны ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын.

Депозитті сертификат - салушының депозитгі алуға құкығын куәландыратын ақшаларды депозитке өткізгені туралы қаржы мекемесі беретін куәлік.

Депозиттербос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары. Олардың түрлері жедел депозиттер, талап етілгенше салынатын депозиттер жөне шартты депозиттер (шотты ашу кезінде көрсетілген белгілі бір шарттарды орындағанда немесе бір жағдайлар туындағанда ғана салынуға, иелік етуге болатын басқа бір адамның салыным иесі атына салған қаражаттары) болып бөлінеді.

Бондармемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары суррогатгарының есебінде қолдана алады, ақша суррогаттарының ролін атқарады.

Қазыналық вексельдермемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің түрі; олардың пайыздық купондары болмайды. Негізінен, банктер арасында номиналдан кеміту немесе жеңілдік жолымен сатылады. Толық өзіндік құны бойынша сатып алынады. Вексельдердің иелері көрсетілген (номиналдық) бағалар мен сату бағасы арасындағы айырмашылыққа тең табыс алады.

Қазыналық ноталарқазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің бір түрі.

Опцион — опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы кағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқысы бар.

Варрантбұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар (корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі — оның сатып алушысы.

Варрантты сатушы тұлға болып сол шартты қағаздарды шығаратын (эмиссияны жүзеге асыратын) жөне варрант сатып алушыларға қатысты (тиесілі) міндеттемелерді қабылдайтындар. Бағалы қағаздардың варрант бойынша алынған бағасы, сол варранттың атқаратын бағасы болып аталады. Варранттар кей жағдайда, бағалы қағаздың өзімен бірге ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың кұнымен бірдей болуы мүмкін. Бұл бағалы қағаздардың кұны варранттардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы қағаздар нарығында (рыногында) өз бағамына ие болса және дербес қызмет ете алса.

Фьючерлік контракт — мәміле жасасу кезінде белгілі бір уақыт мерзімі ішінде белгіленген бағалар бойынша уағда етілген кұндылықтар көлемін жеткізіп беру туралы келісім жасалған құнды кағаздар. Фьючерлік контракт мәмілеге катысушыларға қор құндылықтарын жеткізумен ғана аяқталмауы мүмкін, бірақ ол нақты тауарды жеткізіп беруді де қарастыруы мүмкін. Бүл жағдайда фьючерлік контракт мәмілеге катысушылардың біріне контрактының құны мен биржалық бағаның арасындағы айырманы төлеуді қарастырады.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Қаржылық құралдарға нелер жатады?

2.Инвестицияларға анықтама беріңіз.

3.Қаржылық инвестициялар деген қандай инвестициялар?

4.Инвестициялар қандай шоттарда есептеледі?
Тақырып 12. Бірігіп бақыланатын активтер, бірігіп бақыланатын компаниялар (ҚЕХС 31)

Лекция жоспары: (2 сағат)

1.Бақылау түрлері

2.Бірлескен қызмет нысандары

3. Бірігіп бақыланатын операциялар


1. Бақылау – ұйымның қаржы және операция саясатын оның қызметінен пайда алатындай етіп басқару мүмкіндігі.Үлесті қатысу бойынша есепке алу әдісі – бірлесе бақыланатын ұйымдағы үлес бастапқыда өзіндік құн бойынша ескеріледі, содан соң кәсіпкердің бірлесе бақыланатын ұйымның таза активтеріндегі үлесінде сатып алудан кейін болған өзгерістер бойынша түзетіледі. Кәсіпкердің пайдасы немесе залалы бірлесе бақыланатын ұйымның пайдасындағы немесе залалындағы оның үлесін қамтиды. Бірлескен қызметке инвестор - бірлескен қызмет туралы шарт бойынша сол қызметке бірлескен бақылауға қатыспайтын тарап.Бірлескен бақылау шарт бойынша келісілген экономикалық қызметке бақылауды бөлуді білдіреді және мұндай қызметпен байланысты стратегиялық қаржылық және операциялық шешімдер бақылау бөлінген тараптар (кәсіпкерлер) арасындағы ортақ келісімді талап еткен жағдайларда болады.Бірлескен қызмет – екі немесе одан көп тарап экономикалық қызметке бірлескен бақылау бар жағдайда оны өзі бойынша жүзеге асыратын шартты келісім.

Тепе-тең шоғырлану – бірлесе бақыланатын ұйымның активтеріндегі, міндеттемелеріндегі, кірістері мен шығыстарындағы кәсіпкердің үлесі кәсіпкердің қаржы есептілігіндегі ұқсас баптармен құрамдастырылатын, не оның қаржы есептілігінде жеке жолдармен көрсетілетін есепке алу әдісі.

Жеке қаржы есептілігі – басты ұйым, қауымдасқан ұйым инвесторы немесе кәсіпкер бақыланатын ұйыммен бірлесе ұсынатын есептілік, онда инвестицияларға есеп инвестициялар объектілерінің есептілікте берілетін нәтижелері мен таза активтерінің емес, ал тікелей қатысу үлесінің негізінде жүргізіледі.

Елеулі ықпал - инвестициялар объектілерінің қаржы және операциялар саясатына жеке-дара немесе бірлесе бақылау жасау мүмкіндігі емес, ал сол саясаттың мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігі. Кәсіпкер – бірлескен қызмет туралы шарт бойынша сол қызметке бақылау жасаушы тарап.

Жеке қаржы есептілігі – тепе-тең шоғырлану немесе үлесті қатысу бойынша есепке алу қолданылатын қаржы есептілігі де, еншілес те, қауымдастырылған да ұйымы, бірлесе бақыланатын ұйымға қатысу үлесі де жоқ ұйымның қаржы есептілігі де емес.

Жеке қаржы есептілігі – шоғырландырылған қаржы есептілігіне, инвестицияларды есепке алу үлестік қатысу бойынша есепке алу әдісін пайдалана жүзеге асырылатын қаржы есептілігіне, кәсіпкерлердің бірлескен қызметтегі үлесі тепе-тең негізде шоғырландырылатын қаржы есептілігіне толықтыру ретінде ұсынылатын қаржы есептілігі. Жеке қаржы есептілігі мұндай есептілікті толықтыруға немесе сүйемелдеуге міндетті емес.

2.Бірлескен қызмет нысандары

Бірлескен қызметті түрлі нысандар мен құрылымдар түрінде жүзеге асыруға болады. Осы Стандартта үш негізгі түр белгіленген - бірлесе бақыланатын операциялар, бірлесе бақыланатын активтер және бірлесе бақыланатын ұйымдар – бұлар осылай деп жинақтап аталады және бірлескен қызмет анықтамасына сай келеді. Мына сипаттамалар бірлескен қызметтің барлық түрлеріне тән:

(а) екі немесе одан көп компания шартты келісіммен байланысты;

(b) шарттық келісімдерде бірлескен бақылау орнатылады.

Бірлескен бақылау

Инвестициялар объекті заң жүзінде қайта ұйымдастырылатын немесе банкрот болған, немесе кәсіпкерге қаражат аудару жөніндегі өз мүмкіндігіне қатысты ұзақ мерзімді қатаң шектеулер жағдайларында жұмыс істеген кезде бірлескен бақылау алып тасталуы мүмкін. Егер бірлескен бақылау одан әрі жалғасатын болса, ол оқиғалар сәйкес бірлескен қызметті есепке алудан бас тарту үшін өздігінен жеткілікті негіз бермейді. Шарттық келісімнің болуы бірлескен бақылауды қамтитын қатысу үлесін инвестордың елеулі ықпалы бар қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялардан өзгеше етеді. Өз негізінде бірлескен бақылау орнату туралы шарттық келісімі жоқ қызмет мақсаттарында бірлескен қызмет болып мойындалмайды. Шарттық келісімнің дәлелі, мысалы, кәсіпкерлер арасындағы шарт немесе олардың арасындағы келіссөздер хаттамасы болуы мүмкін. Кейбір жағдайларда келісім жарғыға немесе бірлескен қызметтің басқа да құрылтай құжаттарына қосылады. Нысаны қандай екеніне қарамастан, шарттық келісім, әдетте, жазбаша нысанда рәсімделеді және мына мәселелерге:

(а) бірлескен қызмет есептілігі бойынша қызметке, ұзақтыққа және міндеттемелерге;

(b) директорлар кеңесін немесе бірлескен қызметті басқарудың баламалы органын тағайындауға және кәсіпкерлердің дауыс беру құқықтарына;

(с) кәсіпкерлердің капиталға төлеген жарналарына;

және


(d) кәсіпкерлер арасында өндіріс көлемін, кірісті, шығысты немесе бірлескен қызмет нәтижелерін бөлуге қатысты болады.

Шарттық келісім бірлескен қызметке бірлескен бақылау орнатады. Мұндай талап бірлескен кәсіпкерлердің бір де бірінің бұл қызметке жеке-дара бақылау орнатуға мүмкіндігі болмайтынына кепілдік береді.

Шарттық келісім бір кәсіпкерді бірлескен қызметтің жетекшісі немесе басқарушысы етіп белгілей алады. Жетекші бірлескен қызметке бақылау жасай алмайды, ал шарттық келісімге сәйкес кәсіпкерлер келіскен және функционер ретінде оған табысталған қаржы және операция саясатының шеңберінде іс-қимыл жасайды. Егер жетекші экономикалық қызметтің қаржы және операция саясатын басқару жөніндегі өкілдіктерге ие болса, ол ондай қызметті бақылайды және ол бірлескен қызмет емес, ал оның еншілес ұйымы болып табылады.

3.Бірлесе бақыланатын операциялар

Бірлескен қызметтің кейбір түрлерінің операциялары корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе бірлескен кәсіпкерлерден бөлек қаржы құрылымын құруды емес, ал кәсіпкерлердің активтері мен өзге де ресурстарын пайдалануды көздейді. Әрбір кәсіпкер өзінің негізгі құралдарын пайдаланады және өз қорларын жасайды. Оның сондай-ақ өз шығыстары мен міндеттемелері болады, ол өз міндеттемелері болып саналатын өзінің қаржыландыру көзін алады. Бірлескен қызметті кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлері оның өзінің сондай қызметімен қатарластыра жүзеге асыра алады. Бірлескен қызметті тағайындау туралы келісімде әдетте бірлесе өндірілген өнімді сатудан түскен түсім және кез келген бірлесе жұмсалған шығыстар кәсіпкерлер арасында өз көмегімен бөлінетін құрал көзделеді.

Екі немесе одан көп кәсіпкер нақты өнімді, мысалы, ұшақты жасау, оны сату және тарату үшін өз операцияларын, ресурстары мен тәжірибесін біріктіретін жағдай бірлесе бақыланатын қызметінің мысалы бола алады. Әрбір кәсіпкер өндірістік процестегі өз бөлігін жүзеге асырады. Әрбір кәсіпкер өз шығынын жұмсайды және ұшақты сатудан түсетін түсімнен өз үлесін алады, ал бұл үлес шарттық келісімге сәйкес анықталады. Бірлесе бақыланатын активтерге өзінің қатысу үлесі жөнінде әрбір кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінің жекелеген нысандарында мыналарды:

(а) өзі бақылайтын активтер мен бар міндеттемелерді;

(b) жұмсалған шығыстарды және бірлескен қызметпен өндірілген тауарларды сату немесе қызметтер көрсету нәтижесінде кірістерден алатын өз үлесін мойындауға міндетті.

Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді.

Бірлескен қызметтің өзі үшін жекелеген есеп жазбаларының қажет етілмеуі, сол сияқты қаржы есептілігінің жасалмауы мүмкін. Алайда кәсіпкерлер бірлескен қызмет нәтижелерін бағалау үшін басқару шоттарын әзірлей алады.

Бірлесе бақыланатын активтер

Бірлескен қызметтің кейбір түрлері бірлескен бақылау болуын, көп ретте – бірлескен қызмет мақсатында салынған немесе алынған және бірлескен қызмет мақсаттарына жетуге арналған бір немесе бірнеше активтерді кәсіпкерлердің бірлесе иеленуін көздейді. Кәсіпкерлер ол активтерді пайда табу үшін пайдаланады. Әрбір кәсіпкер активтермен өндірілген өнімнен үлес алуына болады және әрбір кәсіпкер шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады.

Бірлескен қызметтің мұндай түрлері корпорация, серіктестік немесе өзге ұйым, немесе кәсіпкерлердің өздерінен бөлек қаржы құрылымын құруды қажет етпейді. Әрбір кәсіпкер болашақтағы экономикалық пайдалар үлесін бірлесе бақыланатын активтегі өз үлесі арқылы бақылайды. Мұнай мен газ өндіру саласындағы көптеген компаниялар, сондай-ақ минералдық шикізат өндіретін компаниялар бірлесе бақыланатын активтерді пайдаланады. Мысалы, бірқатар мұнай компаниялары мұнай құбырын бірлесе бақылай және пайдалана алады. Әрбір кәсіпкер мұнай құбырын өз өнімін тасымалдау үшін пайдаланады, ал оның орнына сол мұнай құбырын пайдалануға жұмсалатын шығыстардың келісілген бөлігін өз мойнына алады. Бірлесе бақыланатын активтің басқа мысалы - екі ұйым мүлікті бірлесе бақылайды, алынатын жалдау ақысының бір бөлігі әрқайсысына тиесілі және де шығыстардың тиісті бөлігін әрқайсысы өз мойнына алады.

Бірлесе бақыланатын активтерге қатысу үлесі жөнінде кәсіпкер өзінің қаржы есептілігінде:

(а) активтердің сипатына сәйкес сараланған бірлесе бақыланатын активтердегі өз үлесін;

(b)өзі қабылдаған кез келген міндеттемені;

(с) бірлескен қызмет жөнінде басқа да кәсіпкерлермен қатар кез келген міндеттемедегі өз үлесін;

(d) бірлескен қызмет нәтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен қызметке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге, сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты;

(е) бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесі жөнінде, мысалы, кәсіпкердің активтердегі үлесінің қаржыландырылуына, өндірілген өнімдегі өз үлесін сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды мойындауға міндетті.

Бірлесе бақыланатын активтерге қатысудағы өз үлесі жөнінде әрбір кәсіпкер:

(а) инвестициялар сияқты емес, ал бірлесе бақыланатын, активтердің сипатына сәйкес сараланатын активтердегі өз үлесін. Мысалы, бірлесе бақыланатын мұнай құбырының үлесі негізгі құрал ретінде сараланады;

(b) мысалы, активтердегі өз үлесін қаржыландыру жөнінде ол қабылдаған кез келген міндеттемелерді;

(с) бірлескен қызмет жөнінде басқа кәсіпкерлермен бірге қабылданған кез келген міндеттемелердегі өз үлесін;

(d) бірлескен қызмет нәтижесінде өндірілген өнімдегі өз үлесін, бірлескен қызметке байланысты жұмсалған кез келген шығыстағы өз үлесімен бірге, сатудан немесе пайдаланудан алынған кез келген табысты;

(е) бірлескен қызметке қатысудағы өз үлесі жөнінде, кәсіпкердің активтердегі үлесін қаржыландыруға және өндірілген өнімдегі өз үлесін сатуға байланысты ол жұмсаған кез келген шығыстарды өзінің есеп жазбаларына қосады және қаржы есептілігінде мойындайды.

Активтер, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар кәсіпкердің қаржы есептілігінде мойындалғандықтан, ол шоғырландырылған есептілікті ұсынған кезде бұл баптарға түзетулер немесе шоғырландырудың басқа рәсімдері қажет етілмейді.

Бірлесе бақыланатын активтерді есепке алу тәртібі бірлескен қызметтің мазмұны мен экономикалық мәнін және, әдетте, заңдылық нысанын көрсетеді. Бірлескен қызметтің өзіне арналған жекелеген есептілік жазбалар кәсіпкерлер бірігіп жұмсаған және, түптеп келгенде, қатысудың келісілген үлестеріне сәйкес олардың арасында бөлінген шығыстармен шектелуі мүмкін. Бірлескен қызметтің қаржы есептілігінің жасалмауы да мүмкін, дегенмен кәсіпкерлер бірлескен қызметтің тиімділігін бағалауларына мүмкіндік беретін басқару шоттарын дайындай алады.

Бірлесе бақыланатын кәсіпорындар

Бірлесе бақыланатын ұйым – корпорация, серіктестік немесе әрбір кәсіпкерлерде өзінің қатысу үлесі бар басқа ұйым құруды көздейтін бірлескен қызмет. Ондай ұйым, кәсіпкерлер арасындағы шарттық келісім оның экономикалық қызметіне бірлескен бақылау орнататыннан басқа жағдайларда, өзге ұйымдар сияқты жұмыс істейді.

Бірлесе бақыланатын кәсіпорын бірлескен қызметтің активтерін бақылайды, міндеттемелер қабылдайды, шығындар жұмсайды және пайда алады. Ол өз атынан бірлескен қызмет мүдделерінде шарттар жасайды және қаржы алады. Әрбір кәсіпкер бірлесе бақыланатын ұйым пайдасының бір бөлігін алуға құқылы, алайда кейбір бірлесе бақыланатын ұйымдар бірлескен қызмет нәтижесінде алынған өнімнің бөлінуін көздейді.

Бірлесе бақыланатын кәсіпорынға тән мысал - екі ұйым нақты саладағы өз қызметін тиісті активтері мен міндеттемелерін бірлесе бақыланатын ұйымға беру жолымен біріктіретін жағдай. Оның басқа бір мысалы – ұйым басқа елдің үкіметімен немесе басқа агенттігімен ынтымақтаса отырып, сол ұйымның, үкіметтің немесе агенттіктің бірлескен бақылауында болатын жеке компания құру жолымен өз ісін сол елде бастайтын жағдай.

Көптеген бірлесе бақыланатын ұйымдар іс жүзінде бірлесе бақыланатын операциялар немесе бірлесе бақыланатын активтер деп аталатын бірлескен ұйымдарға ұқсас. Мысалы, кәсіпкерлер мұнай құбыры сияқты бірлесе бақыланатын активті салықты немесе басқа да себептерді басшылыққа ала отырып бірлесе бақыланатын ұйымға аудара алады. Кәсіпкерлер бірлесе пайдаланылатын активтерді бірлесе бақыланатын ұйымға нақ солайша енгізе алады. Кейбір бірлесе бақыланатын операцияларда қызметтің нақты аспектілерін жүзеге асыру үшін, мысалы, өнімді әзірлеу, өткізу, тарату немесе тауарды сатудан кейін қызметпен қамту үшін бірлесе бақыланатын ұйым құру көзделеді.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бақылау түрлері қандай болады

2.Бірлескен қызметте қолданылатын қаржылық есептілік түрлері

3. Бірігіп бақыланатын операциялар, активтер, міндеттемелердің анықтамасы және ерекшеліктері


Тақырып 13. Акциядан пайда (ҚЕХС 33)
Лекция жоспары: (2 сағат)

1.Пайыздық және пайыздық емес акциялар

2.Бағалы қағаздардан табыстар
1. Таратылуға қарсы - акцияға келетін пайданы ұлғайту немесе кеміту, оның өзі айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар мен варранттарды орындаудың немесе белгілі бір шарттар орындалғаннан кейін жай акциялар шығарудың нәтижесі болып табылады.

Орналастырылуы кейінге қалдырыған акциялар шығару туралы шарт – акциялар шығару туралы белгілі бір шарттардың орындалуына байланысты келісім.

Орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар - орналастырылуы кейінге қалдырылған акциялар шығару туралы шартта белгіленген талаптар орындалғаннан кейін шағын ақшалай өтем төлеуге айырбас ретінде немесе қандай да болсын, соның ішінде шағын ақшалай өтем төлеусіз шығарылатын жай акциялар.

Тарату - акцияға келетін пайданы кеміту немесе акцияға келетін залалды ұлғайту, бұл айырбасталатын құралдарды айырбастауға қатыстырудың, опциондар немесе варранттар орындау немесе белгілі бір жағдайлар орындалғаннан кейін жай акциялар шығару нәтижесі болып табылады.

Опциондар, варранттар және олардың баламалары - өздерін ұстаушыға жай акциялар сатып алу құқығын беретін қаржы құралдары.

Жай акция – үлескерлік құралдардың барлық басқа сыныптарына неғұрлым төмен статусы бар үлескерлік құрал.

Әлуетті жай акция - өз иесіне жай акцияларды иелену құқығын бере алатын қаржы құралы немесе өзге шарт.

Жай акцияларды сату опциондары – мұндай опционды ұстаушыға жай акцияларды белгілі бір баға бойынша белгілі бір кезең ішінде сату құқығын беретін келісім-шарттар.

Жай акцияларды ұстаушылар кезеңдегі пайданы бөлуге тек артықшылықты акциялар сияқты басқа акция түрлері иелерінен кейін ғана қатысады. Ұйымда жай акциялардың бірнеше сыныбы болуы мүмкін. Бір сыныптағы жай акцияларды ұстаушылар дивидендтер алуға тең құқылы.

Әлуетті жай акциялардың мысалдары:

(а) қаржы міндеттемелері немесе үлескерлік құралдар, соның ішінде жай акцияларға айырбасталатын артықшылықты акциялар;

(b) опциондар мен варранттар;

(с) шарт келісімдерінде көзделген талаптар орындалғаннан кейін, мысалы, кәсіпорын немесе басқа активтер сатып алу кезінде шығарылатын акциялар.

Ұйым артықшылықты акцияларды сататын жеңілдікті өтеу есебіне бастапқы төмен дивидендтерді немесе дивидендтерді неғұрлым кейінгі кезеңдерде инвесторлар артықшылықты акцияларды сатып алатын үстемені өтеу есебінен «рыноктан жоғары» төлеуді көздейтін артықшылықты акциялар кейде ставкасы ұлғайтылған артықшылықты акциялар деп аталады. Артықшылықты акциялар шығару кезіндегі кез келген жеңілдік немесе үстеме ставканың ұлғаюына қарай пайыздың тиімді ставкасы әдісін пайдалана бөлінбеген пайдаға амортизацияланады және есепке алуда акцияға келетін пайданы есептеу мақсатында артықшылықты акцияға дивиденд түрінде көрсетіледі.

Артықшылықты акцияларды ұйымның соларды ұстаушыларға тендерлік ұсынысы шеңберінде сатып алуға болады. Артықшылықты акциялар ұстаушыларға төленген өтемді төлеудің әділ құнының сол артықшылықты акциялардың баланстық құнынан асып кетуі артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс және ұйымның бөлінбеген пайдасынан шегерім болып табылады. Бұл сома басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеу кезінде шегеріледі.

Айырбасталатын артықшылықты акцияларды мерзімінен бұрын айырбастауды ұйымның айырбастаудың бастапқы жағдайларын қолайлы түрде өзгерту немесе қосымша ыңғайласпа қосымша ұсынысты төлеу арқылы ынталандыра алады. Жай акциялардың әділ құнының немесе төленген басқа өтемді төлеудің айырбастаудың бастапқы шарттарына сәйкес орналастырылатын акциялардың әділ құнынан асуы артықшылықты акциялар ұстаушылар пайдасындағы кіріс болып табылады және басты ұйымның артықшылықты акцияларын ұстаушыларға келетін пайданы немесе залалды есептеу кезінде шегеріледі.

Артықшылықты акциялардың баланстық құнының оларды өтеу кезіндегі өтемді төлеудің әділ құнынан кез келген асуы басты ұйымның жай акцияларын ұстаушыларға келетін кезеңдегі пайданы немесе залалды есептеу кезінде шегерілуге жатады. Акцияға келетін негізгі пайданы есептеу үшін жай акциялардың саны кезең ішіндегі айналыстағы жай акциялардың орташа алынған санына тең болуға тиіс.

Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған санын пайдалану акционерлік капитал мөлшерінің түрлі кезеңде акциялардың көп немесе аз санының айналыста болатындығына байланысты өзгеруінің ықтималдығын көрсетеді. Кезең ішінде айналыста болатын жай акциялардың орташа алынған саны кезеңнің бас кезінде айналыста болатын жай акциялардың кезең ішінде сатып алынған немесе орналастырылған жай акциялар саны бойынша түзетілген, орташа алынған уақыт коэффициентіне көбейтілген санына тең болады. Орташа алынған уақыт коэффициенті акциялар айналыста болатын күндер санын есепті кезеңдегі күндердің жалпы санына бөлудің бөліндісі ретінде айқындалады; көптеген жағдайларда, жеткілікті негіздер бар болған жағдайда, орташа алынған көрсеткішті шамамен есептеуге жол беріледі. Акциялар айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне, әдетте, оларды өтеу жөніндегі дебиторлық берешек пайда болған сәттен (әдетте олар орналастырылған күннен) бастап қосылады, мысалы:

(а) ақша қаражатын төлеу арқылы орналастырылған жай акциялар есепке оларды төлеу бойынша дебиторлық берешек пайда болған сәттен бастап қосылады;

(b) жай немесе артықшылықты акциялар бойынша дивидендтерді ерікті қайта инвестициялау барысында орналастырылған жай акциялар есепке дивидендтер төленген күннен бастап қосылады;

(с) қарыз құралын жай акцияларға айырбастау нәтижесінде орналастырылған жай акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады;

(d) басқа қаржы құралдарының пайыздарын немесе негізгі сомасын төлеу есебінен орналастырылған жай акциялар есепке пайыздар есептеу тоқтатылған күннен бастап қосылады;

(е) ұйымның міндеттемелерін орындау есебінен орналастырылған жай акциялар есепке міндеттемелер орындалған күннен бастап қосылады;

(f) ақша қаражаты болып табылмайтын активті сатып алған кезде өтемді төлеу ретінде орналастырылған жай акциялар есепке сатып алынған актив ұйым балансында мойындалған күннен бастап қосылады;

және

(g) ұйымға көрсетілген қызметке ақы төлеу есебінен орналастырылған жай акциялар есепке ондай қызметтердің көрсетілуіне қарай қосылады.



Жай акцияларды айналыстағы акциялардың орташа алынған санының есебіне қосу сәті оларды шығаруға және орналастыруға байланысты жағдайлармен айқындалады. Акцияларды орналастыруға қатысты кез келген шарттың мазмұнын тиісті түрде ескеру қажет.

Кәсіпорындар бірігуі құнының құрамдас бөліктерінің бірі түрінде шығарылған жай акциялар орташа алынған акциялар санының есебіне сатып алынған күннен бастап қосылады. Мұның өзі сатып алушы ұйымның сатып алынатын ұйым пайдалары мен залалдарын сол күннен бастап пайдалар мен залалдар туралы өз есебіне қосуының нәтижесі болып табылады.

Төленуге тиісті вексельдер – жазба түрде бекітілген міндеттеме, вексель ұстаушы белгілі уақытта екінші жаққа келісілген соманы төлеуді міндетке алады. Вексель ұйым банктен займ алғанда жасалады немесе басқа қаржылық институтта жасалуы мүмкін. Вексельдер ұзақ мерзімді объектілерді: жабдықтарды, станоктарды және басқа да активтерді несиеге алғанда да пайдаланылады. Вексельдер кепілдікпен қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді.

Вексельдер көбінесе пайыздық болады. Пайыздық вексельде пайыз ставкасы вексель сомасынан бөлек жазылады. Пайыздық емес вексельде пайыз дисконтты бекіту жолымен төленеді, онда пайыз нормасы жанама түрде көрсетіледі, ол нақты пайыздық ставка немесе пайыздық табыс деп аталады.

Атауынан тәуелсіз, барлық қарыздық құжаттар тікелей және жанама түрде қарыз алушыға пайыз төлеуді талап етеді. Бұл уақыт ағымында ақшаның құнсыздануына байланысты. Қарыздық міндеттеме бойынша кезеңдік пайыз сомасы мына тәртіпте анықталады.
Қарыздың негізгі сомасы х Пайыздық ставка х Уақыт = пайыз сомасы
Пайыздық ставка – қарыздық құжатта көрсетілетін пайыз нормасы, ол қарыздың негізгі сомасына төленетін пайыздық төлемдердің сомасын анықтайды.

Қаржылық нарықта пайыздық ставка экономикалық ситуациямен анықталады және уақыт ағымына қарай өзгереді.

Қарыз бойынша нақты пайыздық ставка қарыз сомаларының белгілі кезеңдегі нарықтық ставкаларына сәйкес келеді. Нақты пайыздық ставка болашақтағы ақша төлемдерін дисконттау үшін пайдаланылады. Ақша қаржыларының сомасына немесе ақша эквиваленттеріне нақты пайыздық ставка қолданылады. Қарыздың толық сомасы – пайыздық төлемдерсіз белгілі уақытқа төленетін негізгі сома. Пайыздық вексельдің орнына вексельдің беттік жағында көрсетілген пайыздық ставкасы көрсетілмеген пайыздық емес вексель қолданылуы мүмкін. Бірақ онда пайыз есептеле береді, өйткені вексель шығару пайыз төлеумен байланысты. Қарыз алушы ақша қаржыларының орнына вексельдің дисконтталған құнын алады. Дисконтталған құн номинальдық құннан пайызды алып тастағанға тең. Банк вексельді шығарғанда сыйақысын бірден алады, оны өтеу уақытын күтпейді.

Мысал: 2011 жылдың 10 қазанында ұйым номиналдық құны 100 000 тенге вексель алды, жылдық вексель төлемі өтеу кезінде 12%. Есептік жыл 2011 жылы 31 желтоқсанда бітеді, ал вексельді өтеу уақыты -2012 жылдың 30 қыркүйегі. Бұл операциялар бузгалтерлік шоттарда былай көрініс табады:

1.10.2011.Вексельдің ағымдағы құны:

Д «Ағымдағы, банктік шоттардағы ақша»

100000 тенге

К «Басқалар» субшот «Төленуге тиісті вексель»

100000 тенге

31.12.2011. Пайыздар есептелді:

Д «Сыйақы түріндегі шығындар»(100000*12%*3/12)

3000 тенге

К «Төленуге тиісті сыйақы»

3000


31.12.2011. Табыстар мен шығындар туралы есептегі жазба:

Пайыздар бойынша шығындар 3000 тенге

Бухгалтерлік баланстағы жазба:

Ағымдағы міндеттемелер:

«Төленуге тиісті вексель» 100000 тенге

«Төленуге тиісті сыйақы» 3000 тенге

Вексельді өтеу кезіндегі жазба:

30.09.2012. Өтеу уақытында номиналдық сома мен пайыздарды төлеу:

Д «Төленуге тиісті сыйақы» 3000 тенге

«Төленуге тиісті сыйақылар» 9000 тенге

«Басқалар», субшот «Төленуге тиісті вексель»100000 тенге

К «Ағымдағы, корреспонденттік шоттардағы ұлттық валютадағы ақша»

112000 тенге.

2.Облигация – ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер ұзақ мерзімді негізде үлкен капитал сомаларын қорғау үшін шығаратын қарыздық куәлік. Облигациялар – эмитент-ұйымның негізгі соманы және капиталды қайтарғандағы пайызды төлеуі туралы формальды серті бар құжат.

Облигациялар бірнеше тәсілдер арқылы сатылады.Әдетте, облигацияның барлық эмиссиясы банк- инвестормен сатылады. Инвестициялық банктер жеке инвесторларға белгілі баға бойынша облигация эмиссиясын жасауға кепілдік береді.( сатуға көмектесіп,тәуекелдің бір бөлігін өзіне алады) Қаржылық ұйымдар мен жеке инвесторлар арасында тікелей тарату альтернативті кепілдік болып табылады.

Облигация эмиссиясының көпшілігі құжаттық формада жүргізіледі. Ұйым облигация шығарғанда, кредиторға кезең сайын мүддесін төлеп отыруға міндеттеме алады және белгіленген күнде алынған соманы төлеп отырады.

Егер бухгалтерлік есепте тіркелгенде бір жылдан артық уақытқа шығарылса, облигациялар ұзақ мерзімді деп аталады. Халықаралық тәжірибеде ұзақ мерзімді облигациялар 10 жылдан 50 жылға дейін беріледі.

Шығарылған облигациялар сатылып алынады және көптеген салымшылардың қолында болады. Ұйымдар облигациялық келісім шарт жасап,онда облигация ұстаушылардың құқықтарын,облигацияны өтеу уақыттарын, пайыздық үстеме мөлшерлерін және оларды төлеу уақыттарын көрсетеді. Облигациялар бухгалтерлік баланста ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінде көрсетіледі.



Облигация дегеніміз — ұстаушысына (иесіне) өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар және басқалары) облигацияны шығарушының кредиторы болып табылады. Облигация - жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.

Облигациялармен байланысты операциялардың есебі "Облигация" шотында жүреді.

Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық атауы және эмитенттің тұрған жері (облигацияны айналымға шығарушы мемлекет, кәсіпорын, мекеме); фирмалық атауы немесе сатып алушының аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық құны, қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды (проценттерді) төлеу мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигацияның сериясы мен нөмірі, эмитенттің өкілетті түлғаларының қол қою үлгілері. Облигацияның мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның кандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін және шығару туралы шешімін эмитент айқындайды.

Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.

Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы бойынша (сыйлығымен) және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша (жеңілдіктермен). Облигация номиналдық құны бойынша немесе облигация сыйлығымен (сыйақысымен) немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін. Ұйым облигацияны сатып алғанда не номиналдық құнынан төмен, не жоғары бағаға сатып алады. Бірақ осы екі жағдайда да олардың сатып алу құны мен номиналдық құнының арасында айырма болады. Облигацияның табысын есептеу осы айырманың төңірегінде жасалады.

Заемдар бойынша шығындар қандай кезеңде болса, сол кезеңде есепке алынады.Заемдар бойынша шығындар есебінде мына әдістер қолданылады:



  • негізгі әдіс;

  • альтернативтік әдіс.

Заемдар бойынша шығындар капитализацияланады. Капитализациялауға белгілі бір активті сатып алуға, құрылысқа және өндіріске арналған шығындар жатады. Актив бойынша операциялар тоқтаған кезде капитализация да тоқтайды.

Капитализация нормасы – есепті кезеңде өтелмеген заемдар бойынша шығындардың орта өлшенген құны.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Акциялар қандай бухгалтерлік шотта есептеледі?

2.Облигациялар есебінде қандай әдістер қолданылады?

3.Заемдар бойынша шығындар қандай шығындар?

4.Облигациялар қалай сатылады?
Тақырып 14. Компанияның есеп саясатындағы өзгерістер (ҚЕХС 8)
Лекция жоспары: (2 сағат)

1.Есеп саясаты және оның негізгі қағидалары

2. Есеп саясатындағы түпкілікті қателіктер түзету, есеп саясатын өзгерту

1.Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік нұсқауларында басқарушылық және қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.

Кәсіпорынның бастапқы бақылауын жүзеге асыру үшін таңдап алынған тәсілдер жиынтығы,құндық өлшемдері, ағымдағы топтастыруы және бухгалтерлік есептегі шаруашылық қызметіне жасалған қорытынды шолу фактілері кәсіпорынның есеп саясатында көрініс табуы тиіс. Есептік саясат – бұл бухгалтерлік есептің әдісін жүзеге асыратын тетігі.

Бухгалтерлік есеп жүйесін жүргізудің жалпы қағидасы мен ережесі нормативтік – құқықтық құжаттарда белгіленген. Есеп саясатының басты міндеті мен негізгі арналымы – кәсіпорынның қызметін барынша пара – пар көрсету,іс мүддесі үшін осы қызметтің тиімділігін реттеу мақсатында толық, объективті және шынайы ақпаратпен қаптастыру.

Әдістемелік аспектісі деп кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын есептеу, амортизацияны шығару, міндеттеме мен мүлікті бағалау үшін пайдаланатын әдістерін айтады; ұйымдық деп осы әдістердің бухгалтерлік қызмет тұрғысынан жүзеге асқандығын, оның кәсіпорындағы басқару құрылымындағы алатын орнын айтады.

Есеп саясатының әдістемелік бөлігі нақты шаруашылық ахуалынан, олардың қолдану тәртібінде белгіленген және бухгалтерлік есеп стандартының біршама рұқсатымен бухгалтерлік есепті жүргізудің белгілі бір әдістерінен таңдап алу жолымен қалыптасады. Егер де стандартты бухгалтерлік есепті жүргізудің кейбір объектілері көрсетілмесе, онда бухгалтерлік есеп бойынша нормативтік актілер мен заң талаптарына сәйкес, кәсіпорынның өзі есеп жүргізудің прцедурасын дербес әзірлей алады.

Есеп саясаты және оның ашылуы бухгалтерлік есептің бірінші стандартында көрініс тапқан.

Ұйымның өзінің есеп саясатын өндеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтарлік есеп пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда (стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез келген мәселелерін шешудің көп түрлілігімен анықталады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Қазақстан Республикасының заңы мен Бухгалтарлік есеп принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі көрсетілген. Бұл бекітілетін құжаттардың қатарына мыналар жатады:



  • бухгалтерлік есептің уақытылы және есеп берудің толық тиісті талаптарына сәйкес жүргізілуі;

  • бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізуде қолданылатын синтетикалық және аналитикалық шоттарының жұмысын жоспары;

  • алғашқы есеп құжаттарының типтік нысандары;

  • ұйымның ішкі бухгалтерлік қорытынды есеп құрудағы құжат нысандары;

  • актив пен міндеттемелерді бағалау әдістері;

  • актив пен міндеттемелер түгендеуін (инвентарзациясын) өткізу тәртібі (реті);

  • құжат айналымы ережелері мен есеп ақпараттарын өндеу технологиясы;

  • шаруашылық операциялары бақылау тәртібі;

  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға қажетті басқа шешімдер.

Кәсіпорының қабылдаған есеп саясатын сол ұйымдағы бухгатерлік есептің маңызды мәселелерінің бірі.

Ұйымның есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:



  • меншік нысанымен құқықтық-ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, өндірістік кооператив және тағы басқа);

  • салалық қызметтің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл шаруашылығы және тағы басқа);

  • қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік саны және тағы басқа);

  • салық салу жүйесімен арақатынасы (әр түрлі салық түрлері бойынша жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы басқа);

  • қаржы-шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері, инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспективалық) мәселелерді шешудің тактикалық тәсілдері);

  • ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті барлық бағыттары бойынша);

  • материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да оргтехника жабдықтарымен қамсыздандырылуы, бағдарламалық- әдістемелік қамсыздандыру және тағы басқалар);

  • кәсіпорындағы бухгалтерлік мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің) біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен тапқырлық деңгейі.

Кез келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама қайшылықсыздығы мен орындылық талаптарына сай болу қажет.

Көрсетілген талаптардың әрқайсының мазмұнын қарастырайық.

Толықтылық.Кәсіпорынның таңдап алған есеп саясаты оның есептеу жолын толық қамтамасыз етуі керек.

Уақыттық.Кәсіпорының шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен беруде уақытында көрініс табуы қажет. Ешқандай операциялар бухгалтерлік есеп шоттарында тіркеу барысында кешіктірілмейді немесе орындалмай тұрып есепке алынбайды.

Сақтық.Қолданылатын есеп әдістері бухгалтерлік есепке алынуға тиісті кірістер мен табыстарға қарағанда, жасырын резервтердің жасалуына жол бермей, шығындар мен міндеттемелерді айқын бейнелеуге дайын болуды қамтамасыз ету керек, яғни есепке алынған немесе алуға нақтылы мүмкіндік (кепілдік) бар болатын кірістер алынады.

Қарама-қайшылықсыздығы. Есептің таңдалынған әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік күніне айналымның талдамалық есебі мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етіп отыруы қажет.

Орындылық. Кәсіпорынның есеп саясаты бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Кәсіпорынның есеп саясаты сол кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Есеп саясатының әдістемелік жағына мына элементтер кіреді: мүлік пен міндеттемелерді бағалау әдістері, мүліктің әрбір түрлері бойынша амортизация (тозу) есептеу әдістері, табысты (түсімді) есептеу әдістері және тағы сол сияқты.



Осылайша белгіленген заңға сәйкес кез келген заңды тұлға болып табылатын ұйым өзінің есеп саясатын құрастырған уақытта төменде аталған бухгалтерлік есептің негізгі әдістемелік аспектілерін айқындауы қажет:

  • Негізгі құралдарына амортизациялық аударым сомасын есептеу әдістері.

  • Материалдық емес активтеріне амортизациялық аударым сомасы есептеу және олаврды есептеп шығару жолдары.

  • Шығындарды топтау мен өндіріс шығындарына жатқызу (апару) әдістері.

  • Өндіріс шығындарын және өнімнің өзіндік құнын есептеу, яғни калькуляциялау жүйесі.

  • Жанама шығындарды анықтау және оларды объектілер арасында тарату әдісі.

  • Дайын өнімдерді кіріске алудың есебі.

  • Аяқталмаған өндірісті анықтау және бағалау және бағалау жолдары.

  • Материалдық қорларды бағалау әдістері.

  • Негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындар есебін ұйымдастыру.

  • Курстық айырманы есептеу.

Есеп саясатын негіздеу және таңдау кезінде барынша жалпы танылған талаптар мен қағидалар басшылыққа алынады, оны сақтаған жағдайда кәсіпорын үшін де, шаруашылық жағдайына бейімделген есеп саясатын қалыптастыру мүмкіндігі туады. Есеп саясатын әзірлеген кезде кәсіпорын өз мүліктері мен міндеттемелерін басқа кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелерінен бөліп көрсетуі тиіс, кәсіпорын өзінің көз жетерлік болашақ кезеңінде өз қызметін жалғастыруды көздейтін болса, яғни өз қызметін тоқтату жөнінде ниетінің жоқтығын білдірсе, онда толассыздық, үздіксіздік қағидасын сақтағаны болып табылады, кәсіпорын өзі таңдап алған бухгалтерлік есепті жүргізудің тәсілін жүйелі пайдаланып, тек тиімді түзетулерді ғана жасап отырса,онда ол жүйелілік қағидасын сақтағаны, ал егерде кәсіпорында орын алған барлық шаруашылық фактілерін сол кезеңіне жатқызатын болса, онда мерзімділігі анықталған қағидасын ұстағаны болып табылады. Бұдан басқа да мына талаптарды ұстайды:

  • шаруашылық қызметінің барлық фактілерін бухгалтерлік есепте толығымен көрсету;

  • сақтық жағдайын ұстау керек, яғни бухгалтерлік есепте жоғалту мен пассивтерді көрсетуге дайын болуы тиіс,активтер мен табыстарға қарағанда;

  • шаруашылық нысанының басымдылық мазмұнын, яғни шаруашылық қызметінің барлық фактілерін есепте көрсетілуін қамтамасыз ету керек, демек, оның тек құқықтық негізін ғана емес, сонымен қатар, пайда болған шаруашылық ахуалын, оның экономикалық мазмұнын да қамтуы керек;

  • қайшылықсыз деп әрқилы есеп түрлерінен қалыптасқан мәліметтердің сәйкестілігін, бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштерінің және синтетикалық, аналитикалық есеп мәліметтерінің ұқсастылығын айтады;

  • ұйымдылық кәсіпорынның көлемімен, оның қызмет масштабына лайықты келетін есепті жүргізудің қолайлылығын білдіреді.

Аталған қағидалар мен талаптар кез – келген кәсіпорынның есептік саясатын әзірлеу барысында оның негізін қалайды.Егер де олар толығымен сақталмаса, онда бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыс еместігі ретінде танылуы және кәсіпорын мәліметтерінің бұрмалануы мүмкін.

«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР-ның заңы бойынша кәсіпорындардағы бухгалтерлік есепте қолданылатын тіркелімдердің мазмұны мен бухгалтерлік ішкі есеп мәліметтері коммециялық құпия болып табылады.

Есеп саясатының қалыптасуы бухгалтерлік есептің барлық жағын қамтиды:


  1. Методологиялық (әдістемелік) – яғни, негізгі ереже, тәртіп пен заңды нормативтер, есеп жүйесінің жағдайы, міндеттемелер мен мүлік бағасының әдісі, НҚ, ТМҚ, материалдық емс активтер есебін жүргізудің ерекшеліктері мен бағасы, НҚ кейбір түрлеріне амортизация есептеудің тәсілін таңдау, кірістерді есептеудің тәсілі және т.б;

  2. Техникалық – есеп жүргізу түрін таңдау және есептердің меншікті жұмыс жоспарының әзірлемесі, есеп тіркелімінің тізімі, олардың құрылымы, жазбаның кезегі мен техникасы, олардың байланыстылығы, сонымен қатар бухгалтерлік бақылаудың алдын ала, күнделікті және болатын жүйесі. Бұдан басқа есеп саясатының техникалық аспектісіне өндіріс басқаруы бойынша және оған қызмет ету, шығындарды бөлудің әр түрлі нұсқауларының әзірлемесі кіреді, бухгалтерлік есеп жүргізудің түрлері, басқарма ақпараты үшін өнеркәсіп есебінің құрамын анықтау;

  3. Ұйымдастыру – бухгалтерлер аппаратының құқықтары мен міндеттерін анықтау, олардың құрылымын, лауазымды міндеттерін (функцияларын) анықтау және субъектінің бухгалтерлік тұлғаларын реттемеу үшін қажетті мәселелер. Басқаша айтқанда, есеп саясатының ұйымдастыру аспектісінің құрамды бөлігі есеп персоналының еңбекті бөлу шекарасы болып табылады.

Шаруашылықтың ірі және орта субъектілерінде қазіргі уақытта мынадай бөлімшенің үш түріне бөлінеді:

а) пән (зат) нұсқасы, бөлімдер атауына сәйкес бухгалтерлік есепті ұйымдастыру: есептесу (еңбекақы төлеу); материалдық, өндірістік, қаржылық есептесу және өткізу, жалпы, т.б. Мұндай ұйым күнделікті есепті жүргізуге тиімді (құжат алу кезінде, оны өңдеу, тиісті есеп тіркелімдеріне енгізу (кітаптар, тізімдемелер,т.б.). Бұл нұсқа кезінде мәліметті дайындау сапасы жоғары, сондықтан бухгалтер есептің нақты көлеміне жақындайды.

ә) функциялық нұсқа – есеп ұйымдастыру үшін керек, мұнда әр орын жеке компьютермен жабдықталған, олар қазіргі заман талабына сай толығымен жауап береді. Есеп мәліметтерін қалыптастыруда технологиялық процесс сатысына сәйкес, есеп операциясының біртектілігі бойынша қызметкерлердің жеке және топпен анықталған мамандықтарын орындауды қарастырады. Бұл нұсқаның жағымды ерекшеліктері бір жұмыстан басқа жұмыстарды орындауға ауысқанда өндірістік операцияларға жіберілетін уақытты үнемдеу немесе қысқарту;

б) өнеркәсіп құрылымдық бөлімшелер үшін тұрпатты болып жеке еңбек бөлінісінің желілі нұсқасы (учаскелер, өнеркәсіп цехтары) табылады. Аталған есеп топтарына есеп мәліметтерін өңдеу және қорыту, жинау, байқаудан бастап есеп процесін жүктейді.

Субъектілерге ішкі өнеркәсіп бақылаудың жүйесін енгізедіжәне құруда тізбектелген нұсқалардың әртүрлі үйлесуі қаралады,есеп процесін қисындастырып бөлу құқығын береді. Бұл жағдайда әр бухгалтердің жеке жауапкершілігі үлкен рөл атқарады.

Есеп саясатының таңдауы мен негіздемесі 1-кестедегі факторларға әсер ететінін атап өтпеуге болмайды:


Кесте 1- Есеп саясатына әсер ететін негізгі факторлар

Факторлар

Көрінісі (білінуі)

Субъектінің құқықтық және ұйымдастыру-экономикалық мәртебесі

Меншік нысаны (мемлекеттік, меншікті).

Ұйымдастыру-құқықтық нысаны (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі, т.б.).

Қызмет түрі мен саласы (сауда, өнеркәсіп, құрылыс, көлік, т.б.).

Мөлшері (қызмет ауқымы, персонал саны, сату көлемі, т.б.).



Күнделікті және ұзақ мерзімді мақсаттар

Қосымша қаржы ресурстарын тарату.

Инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру.

Нарықтағы бәсекелестік ұстанымды бекіту.


Қызметтің ерекшеліктері

Өнеркәсіптік (технологиялық құрылым, ресурстарды пайдалану).

Сауда (жабдықтау және өткізуді ұйымдастыру, есептесудің түрлері мен жүйесі, сатып алушылармен өзара байланыс).

Қаржылық (банктермен және басқа қаржы институттарымен өзара байланыс, салық жүйесімен байланыс).

Басқару (құрылым, меншіктен тәуелсіз болу, олардың алдында есеп беру, техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде компьютер техникасы).



Кадрлық қамтамасыз ету

Персоналдың біліктілік деңгейі (тәжірибесі, машығы, алдында тұрған мақсаттар мен мәселелерді түсіну деңгейі, оларды шешу қабілеті).

Шаруашылық ахуалы (жағдайы)

Инфрақұрылымдық нарықтың дамуы, шаруашылық, салық және бухгалтерлік заңнамалардың жағдайы, инвестициялық климаттың қолайлылығы, т.б.

Субъектінің қабылдап алған есеп саясаты ұйымдастыру-өкімдік құжатқа сәйкес рәсімделеді (бұйрықтар, өкімдер, т.б.). Аталған есепті жүргізу әдісі жылдық есеп беру үшін бухгалтерлік есеп құрамына енеді.

Есеп саясатының элементтері:


  • шоттардың жұмыс жоспары, есеп беру мен есептің толықтылығы мен уақыттылығының талаптарына сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу үшін синтетикалық және аналитикалық есептер қажет;

  • бастапқы есеп құжаттарының нысандары, типтік түрлері қаралмаған, сонымен қатар ішкі бухгалтерлік есептің құжат түрлері (бастапқы құжат, жинақ құжаты, тіркемелер) бойынша шаруашылық қызметін рәсімдеу үшін пайдаланылады;

  • шаруашылық субъектісінің активтері мен міндеттемелерін түгендеудің тәртібі;

  • активтер, міндеттемелер мен капитал бағасының әдісі;

  • есепті ұйымдастыру үшін қажетті шаруашылық операциялар мен басқа

мәселелерді бақылауды жүзеге асыру тәртібі;

  • есеп мәліметінің құжат айналымы ережесі мен технологиясын өңдеу.

Есеп саясатын тіркемелеуде келесі талаптарға мән беріледі:

а) есеп саясаты ұйымның барлық құрылым бөлімшелерінде қолданылады.Болашақта енгізгенде өз қызметін жалғастыру көзделеді;

б) шарушылық қызмет фактілері есеп беру мерзімінде көрсетіледі.

2.Есеп саясаты көптеген жылдар бойы қолданылып келеді. Субъектінің қолданатын есеп саясатын тағайындау біріншіден субъектінің шаруашылық жұмыстарының жағдайы туралы толығырақ, объективті және дұрыс мәліметтер алу үшін керек. Мұндай мәліметтер шаруашылық құрамындағы немесе оның құрамына енетін барлық категориялық тұлғаларды қызықтырады. Есеп саясатын таңдауда келесі талаптарға сүйеніп жетекшілік етеді: толықтылығы, ұқыптылығы (құнттылығы), формалардың басымдылық мазмұны, қайшылық еместігі, тиімділігі, т.б.

Осы талаптарға сәйкес қабылданған есеп саясаты өнеркәсіпте бухгалтерлік есеп жүйесінің біртұтастығын қамтамасыз етеді.

Есеп саясатына келесі жағдайларда түзетулер енгізуге болады:

- қайтадан ұйымдастырғанда (біріккенде, бөлінгенде, қосылғанда);


  • меншік иесі өзгергенде;

  • Қазақстан Республикасы заңдарындағы өзгерістер немесе бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік жүйесі;

  • бухгалтерлік жаңа әдістерін әзірлегенде.

Мұндай жағдайда кез келген өзгеріс есеп саясаты сияқты тәртіп бойынша негізделіп, рәсімделеді.

Шаруашылық субъектісі есеп саясатың қабылдай отырып, опрацияларды бейнелеу үшін анықталған өлшеуіштерді алдын ала қарауға міндетті. Есеп саясатына қатысты барлық талаптарды орындау бухгалтерлік есепті нормативтік жүйеде, сонымен қатар шаруашылық өмірінде маңызды өзгерістер түрінде белгілі бір қиындықтар туғызады. Есеп процесінің артық регламентациясының күші жойылғанда және есеп әдісін таңдаудағы бостандық ішкі пайдаланушылар мүддесі мен оның мүддесі арасындағы оптималдық арақатынастың мәселесін субъектінің алдына қояды. Есеп саясатын әзірлеуді және жүзеге асыруды өнеркәсіптегі бухгалтерлік есепті практикалық жүзеге асыруға байланысты және мемлекеттік тіркеме күнінен бастап қолданылады деп есептеледі.

Көптеген дамыған елдерде өткізілгендей есеп саясатындағы өзгерістердің зардабын алдын ала қарау қажет.

Дұрыс орындалған және рәсімделген есеп саясаты мүмкін болатын айыптардан (салық органдары, бюджеттен тыс қорлар) құтқарады, сонымен бірге залалдарды нақты төмендетуге рұқсат етіледі және бизнестің тиімділігі артады. Бүгінгі таңда есеп саясаты мен есеп процесін автоматтандыруға тығыз байланыс бар, өйткені керекті мәліметтер көлемін ұлғайтуда тұтынушылық (қажеттілік) туындайды. Сондықтан, есеп саясаты басқарудың нақты құралы және жетекшінің атқарушы көмекшісі болып табылады. Есеп саясатының концепциясын жүзеге асырумен бірге субъектілер қызметіне тәуелсіздік пен кеңдікті қамтамасыз ете отырып, ішкі пайдаланушылар мүддесіне қысым жасайды, оларды енгізу мүмкіндігін заңдастыруда жаңылады, әр түрлі есеп саясатын пайдалану өнеркәсіп қызметінің қорытындысы туралы мәліметтердің салыстыруын шығарады. Мүдделер балансы бұл жағдайда өнеркәсіп пайдасында бұзылды деп саналады. Есеп саясатын жетілдіре отырып, бухгалтерлік есеп туралы ұсымынынан шығатын қоғам қатынасының жиынтығы сияқты.

Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және практика.
Есептік бағалаудағы өзгеріс – бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынудың активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды.

Қаржы есептілігінің баптары туралы ақпараттың елеулі түрде бұзылуы немесе бұрмалануы, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтығымен пайдаланушылардың осы қаржы есептілігі негізінде қабылдаған экономикалық шешімдеріне әсер етсе, маңызды болып табылады. Маңыздылық ақпараттың нақты бұзылуының немесе бұрмалануының ілеспе жағдайлардың мәтініндегі бағаланатын мөлшеріне және сипатына қатысты болады. Қаржы есептілігінің тиісті бабының не мөлшері, не сипаты, не екеуінің де үйлесуі шешуші фактор болуы мүмкін. Өткен кезеңнің қателері – бұл ұйымның бір немесе одан көп кезеңдегі мынадай сенімді ақпаратты пайдаланбауы немесе қате пайдалануы салдарынан қаржы есептілігіндегі қателер және сенімсіз деректер:



  • осы ақпарт осы кезеңдердің қаржы есептілігін бекіту үшін рұқсат етілсе;

  • осы ақпаратқа қатысты оның осы қаржы есептілігін дайындау және ұсыну кезінде алынатын және ескерілетінін күту дұрыс болады.

Мұндай қателерге есептеулердегі дәлсіздіктердің, есеп саясатын қолдану кезіндегі қателердің, фактілерді толық бағаламаудың немесе дұрыс түсіндірмеудің, сондай-ақ алаяқтықтың салдары кіреді.

Ретроспективалық қолдану – бұл жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға осы саясаттың үнемі қолданылатындай түрде қолдану.

Ретроспективалық есеп айырысу – бұл егер өткен кезеңнің қателері ешқашан болмаса қаржы есептілігінің элементтеріндегі сомаларды тануды түзету, бағалау және ашып көрсету.

Мүлдем мүмкін болмау – ұйым осы үшін барлық тиімді күшті қолдана отырып, қандай да болмасын талапты қолдану мүлдем мүмкін болып табылмайды, бірақ осы талапты қолдана алмайды. Өткен жеке кезеңге қатысты есеп саясатындағы өзгерісті ретроспективалық қолдануға немесе

қателерді түзету үшін ретроспективалық қайта санауды орындауға мүлдем болмайды, егер:


  • осындай ретроспективалық қолданудың немесе рестроспективалық қайта санаудың нәтижесін белгілеуге болмаса;

  • тиісті ретроспективалық қолданудың немесе ретроспективалық қайта санау ұйым басшылығының қарастырылып отырған кезеңдегі ниеті қандай болғаны туралы жорамал жасауды талап етеді;

  • тиісті ретроспективалық қолдану немесе ретроспективалық қайта санау сомалары бойынша маңызды бағалау есептерін жүргізуді талап етеді және бұл ретте осындай есептер туралы осындай ақпаратты объективтік түрде атап көрсету мүмкін емес, ол:

 қарастырылып отырған сомалар танылуы, бағалануы немесе ашып көрсету тиіс болған күні (күндері) болған осындай жағдайлар туралы растайды;
 осы кезеңдегі есептілігін шығару үшін бекітілген кезде қол жеткен болуы тиіс.

Есеп саясатындағы өзгерістерді перспективалық қолдану және өзгерістің қандай да болмасын есептік бағалауға әсер етуін тану – бұл, тиісінше:



  • жаңа есеп саясатын операцияларға, басқа оқиғаларға және саясат өзгерген күннен кейін орын алған басқа оқиғаларға және жағдайларға қолдану;

  • осы өзгерітің ағымдағы және болашақ кезеңдердегі есептік бағалауға осы өзгеріспен болған әсер етуін тану.

Ақпараттың осы нақты бүлінуі немесе бұрмалануы пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер ететінін не етпейтінін және қандай түрде маңызды болатынын бағалау осы пайдаланушылардың нақты ерекшеліктерін зерттеуді талап етеді. «Қаржы есептілігін дайындау және ұсыну қағидаттарында», былай делінген: «пайдаланушылардың іскерлік және экономикалық қызмет және бухгалтерлік есеп саласында жеткілікті білімі және ұсынылған ақпаратты тиісті талаптанумен зерделеуге дайындығы бар екені жобаланады». Осылайша, осы бағалауды жүргізген кезде осындай сипаттағы қасиеттері бар пайдаланушылардың экономикалық шешім қабылдау кезінде әсер етуге ұшырап қалатынын қандай түрде тиімді күтуге болатынын ескеру қажет.

Кәсіпкерлік қызметке тән айқындалмау нәтижесінде қаржы есептілігінің көптеген баптары дәл есептелмейді, тек бағалануы ғана мүмкін. Бағалау ең жаңа қол жеткізілетін, сенімді ақпаратқа негізделген пайымдауды білдіреді. Мысалы, мыналарды бағалау қажеттілігі туындауы мүмкін:



  • сенімсіз борыштарды;

  • қорлардың ескіруін;

  • қаржы активтерінің немесе қаржы міндеттемелерінің әділ құнын;

  • пайдалы қызмет ету мерзімдерін немесе амортизацияланған активтерден экономикалық пайда алудың күтілетін схемасын;

  • кепілдік берілген міндеттемелерді.

Негізделген есептік бағалауларды пайдалану қаржы есептілігін дайындаудың маңызды бөлігі болып табылады және оны шынайы жасамайды.
Есептік бағалау, егер ол негізделген жағдай өзгерсе немесе жаңа ақпараттың пайда болуы немесе тәжірибе жинақтаудың нәтижесінде қайта қаралуы мүмкін. Бағалауларды қайта қарау өз табиғатында өткен кезеңдерге жатпайды және түзетілген қателер болып табылмайды.
Бағалаудың қолданылатын негізіндегі өзгеріс – есептік бағалаудағы өзгеріс емес, есеп саясатындағы өзгеріс. Есеп саясатының өзгерісін есептік бағалаудың өзгерісінен айыру қиын болған кезде, бұл өзгеріс есептік бағалаудың өзгерісі ретінде қарастырылады.

Қандай да болмасын есептік бағалаудағы өзгерістің нәтижесі міндетті түрде оны пайдаға немесе залалға енгізу арқылы перспективалық түрде танылуы тиіс:



  • өзгеріс болған кезеңде, егер ол осы кезеңге ғана әсер етсе;

  • өзгеріс болған кезеңде және болашақ кезеңдерде, егер ол қайсысына да болмасын әсер етсе.

Есептік бағалаудағы өзгеріс активтердің және міндеттемелердің өзгеруін туғызғанға дейінгі дәрежеде немесе меншікті капиталдың бабына байланысты болса, ол міндетті түрде осы өзгеріс кезеңіндегі тиісті активтің, міндеттемелердің немесе меншікті капитал баптарының баланстық құнын түзету арқылы танылуы тиіс.

Есептік бағалау өзгерісінің әсер етуін перспективалық тану осы өзгерістің операцияларға, басқа оқиғаларға және жағдайларға есептік бағалаудағы өзгеріс болған күннен бастап қолданылатынын білдіреді. Есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңнің пайдасына немесе залалына ғана не ағымдағы және сол сияқты болашақ кезеңдердің пайдасына және залалына әсер етуі мүмкін. Мысалы, сенімсіз борыштардың сомаларын есептік бағалаудағы өзгеріс ағымдағы кезеңнің пайдасына немесе залалына ғана әсер етеді және сондықтан ағымдағы кезеңде танылады. Дегенмен пайдалы қызмет етудің бағаланған мерзімінің немесе амортизацияланған активтен экономикалық пайда алудың жобаланған схемасының өзгерісі ағымдағы кезеңде және активтің пайдалы қызмет етуінің қалған мерзімінің әрбір келесі кезеңіндегі амортизациялық шығыстарға әсер етеді. Екі жағдайда да ағымдағы кезеңге қатысты өзгерістердің әсер етуі ағымдағы кезеңде табыс немесе шығыс ретінде танылады. Болашақ кезеңдерге тиісті әсер ету, егер ол болса, осы болашақ кезеңдердегі табыс немесе шығыс ретінде танылады.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Есеп саясаты қандай бухгалтерлік стандартта көрсетілген?

2.Есеп саясатының негізгі талаптары қандай?

3.Есеп саясатын қандай жағдайларда түзетеді?



Тақырып 15. Байланысты тараптар (ҚЕХС 24)
Лекция жоспары: (2 сағат)

1.Кепілді міндеттемелер.



2.Байланысты жақтар туралы ақпарат

1.Есептік кезеңде кез келген заңды тұлғаның қызмет нәтижесін ашу керек, өйткені қаржылық есеп беруде келтірілген сандар (цифрлар) болған оқиғаның себебін толық аша бермейді.

Көптеген себептердің ішінен ең маныздысы зерттеледі, әсіресе бір занды тұлғаның екінші бір нарық субъектісімен болған ара қатынасы, яғни шаруашылык жүргізуші субъектің қаржылық нәтижесіне қатты кері әсер еткен факторлар алынады. Егер де екі субъекттің арасында айрықша қатынастар қалыптасса, онда олар "байланысқан тараптар" деп аталады. Ондай байланысқан тараптар қатынасын № 10 ҚЕХС реттеледі. Занды тұлғаның қызметіне, яғни қаржылық нәтижесіне және жағдайына әсер ететін негізгі факторлар, ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

Ішкі факторларға осы заңды тұлғаның қызметіне қатысты шешімдерді қабылдауға және басқаруға, жоспарлауға тікелей араласатын басшылардың іскерлік атағын (репутациясын) және жіктемесін жатқызуға болады. Кей кезде басшылардың қабылдаған шешімдеріне жақын туысқандары едәуір әсер етуі мүмкін. Сыртқы факторларға инвестициялық және контрактылық жағдайды жатқызуға болады.

Көптеген заңды тұлғаларға инвестиция көбінесе қосымша қаржылық ресурстарының көзі ғана болып табылады. Заңды тұлғаның бағалы қағазын ала отырып, инвестор оның басқару қызметімен байланысты құқын және оның мүлкін бірлесіп қожалық етуші болып табылады.

Контрактылық факторға заңды тұлғаның басқа субъектілермен жасасқан контрактісін, басқару аясына берілетін қызметін, есеп жүргізу тәсілін, ақпараттық қызмет көрсетуін жатқызуға болады. Бұл қызмет түрлерін басқарушы қызметкер шешім қабылдау үшін пайдалануы мүмкін және онымен айлалы (немесе епті) әрекет жасап және оны біршама өндеп содан соң жүзеге асыруы мүмкін.

Жоғарыда айтылғандар (жазылғандар) шын мәнінде заңды тұлғаның қызметіне едәуір әсер етуі мүмкін, сондықтан бір-бірімен байланысты тараптар болып келесі жағдайларды сақтағанда ғана танылады:

  • занды түлға тікелей немесе жанама бір немесе бірнеше бақылаушы делдалдар арқылы бақыланатын кәсіпорынның қызметін бақылайды;

  • жеке тұлға өзі есеп беретін занды тұлғаның үлестік акциясын иелену арқылы жанама немесе тікелей бақылай алады;

  • басшы қызметкерлер (жоспарлауға, басқаруға, бақылауға жауап беретін
    және соған құқы бар тұлға), сондай-ақ жақын туыстық байланыстары бар жеке
    тұлғалар да.

2.Егер де екі занды тұлғаның жалпы басшысы бір ғана тұлға болса шаруашылык жүргізуші субъектер 10 БЕС сәйкес байланысты тараптар болып танылмайды, өйткені ол бұл екі занды тұлғаның өзара іскерлік қатынасына саяси әсер етпейді; занды тұлға несиелік-қаржылық кәсіподақтық, қайырымдылық қызметте құрылса; егер де жабдықтаушылармен, сатып алушылармен, сауда агенттерімен басқа да ұйымдармен экономикалық тұрғыдағы тәуелділіктерін аса үлкен емес үлестік қатынаста жасаған операциялары болады.

Заңды тұлғаның қызметі белгілі бір дәрежеде нарықтың басқа субъектілеріне (жабдықтаушы, сатып алушы) тәуелді болып келеді, бірақ олар бұл кезде оның саясатына әсер ете алмайды, өйткені олардың ара қатынасы келісімшарттық негізде жүреді, тек егер субъект басқа субъектпен басқару немесе ақпараттармен қамтамасыз ету келісім-шарттарын қоспағанда, бұл соңғы жағдай бір тараптың екінші тарапқа әсер етуіне әкеледі, демек олар байланысқан тараптар ретінде танылуы мүмкін. Байланысқан тараптар арасындағы жасалатын операциялар шаруашылық қызметтің жай түрі болып табылады.

Кәсіпорын-инвестор өз қызметін тәуелді немесе еншілес занды тұлғалар арқылы жүзеге асырып, олар арқылы басқа заңды тұлғаның үлесін алады да, инвестицияланған занды тұлғаның саясатына біршама әсер етеді немесе оларды бақылауына алады.

Байланысқан тараптардың арасындағы операцияларды жасаған кезде анықталатын баға біршама дәрежеде түрлендірілуі мүмкін, ал байланыспаған тараптардың арасындағы операцияларды жасаған кезде мұндай мүмкіндік туындамайды.

Байланысқан тараптардың арасында өзара жасалатын операцияларға бағаны белгілеу үшін әртүрлі әдістер қолданылуы мүмкін:

  • бақыланбайтын бағаларды салыстыру әдісіэкономиканың салыстырмалы нарығында сатып алушыларға сатылатын сатушымен ешқандай байланыста емес,
    ондағы салыстырылатын тауарларға сүйене отырып баға белгіленеді;

  • қайта сатылатын бағасы бойынша — бұл әдіс тауарларды басқа тәуелсіз
    жаққа сатқанға дейін байланысты тараптардың бірінен екіншісіне аударған
    жағдайда пайдаланылады. Бұл кезде сатушы тараптардан өз пайдасын және өз
    шығындарын өтеп алу үшін қайта сатылатын бағалар төмендетіледі;

- қосымша шығындар әдісіжабдықтаушылардың жасаған шығындарына қолайлы үстемелер қосылады.

Қайта сату бағасын анықтау үшін орташа рентабельділік деңгейін пайдаланады, ал ол ұқсас өнеркәсіп саласының айналысын немесе капиталды пайдалануын салыстыруға мүмкіндік береді.

Кей жағдайларда байланысты тараптардың пайдаланатын мәмілелерінде тек жасалған шығындар деңгейінде (өнімнің өзіндік құны бойынша) баға белгілеу басшылықка алынуы мүмкін немесе жалпы баға белгілеуден бас тартады (демек, тегін қызмет көрсетеді).

Байланысты тараптар сатып алынған акциялары бойынша, сондай-ақ құрылтайшылық құжаттары, жарлығы, акцияны шығару туралы ақпараттары бойынша анықталады. Занды түлғалардың байланысты тараптар екендігін анықтаған соң, олардың арасындағы инвестициилық қатынастың сипатын ашу керек, ал ол инвестицияның пайызбен көрсетілетін деңгейімен анықталады.

Есептік кезең өтеу мен қаржылық есеп беруді жасау кезінде түсіндірме жазбада байланысты тараптар туралы ақпараттар ашып көрсетіледі. Байланысты тараптардың арасында операциялар болмаса да, қатынастық жағдайы ашылып көрсетіледі. Есеп беруші занды тұлға тек байланысты тараптар болып қана қоймай, сонымен қатар тараптардың қатынастық (инвестициялық немесе контрактылық) сипатына қарап ашылады. Әрбір қатынастың сипатына қарамастан, олар міндетті түрде ашылуы тиіс.

Есеп беретін тараптар келесі операциялардың түрлері мен элементтерін ашады: құндық немесе пайыздық түрінде көрсетілген операциялардың көлемі;белгіленген баға саясаты; тауарларды сатып алу немесе сату; жылжымайтын жөне басқа да активтерді сатып алу немесе сату; қызметті көрсету немесе алу; жал бойынша келісім; зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстың нәтижесін беру; лицензиондық келісім; қаржылык операциялар (қарызды және колма-қол нысанында салынған үлестерді қоса алғанда); кепілдік; басқару бойынша контракті; марапаттау және басқарушы қызметкерлердің алатын қарызы; басқа да өзара жасалатын операциялар.

Есеп беретін тараптар бір-бірімен байланысты тараптар болса, онда жасалатын операциялардың бағасын белгілеудін әдісі мен тәсілдері ашылады.

Кей жағдайда байланысты тараптар арасындағы операциялардың мазмұны ашылмауы мүмкін: екі субъекттің арасында өндірілетін болса және олар бір консолидацияланған қаржылық есеп беруге енетін болса; негізгі шаруашылық серіктестіктерінің қаржылық беруі, консолидацияланған қаржылық есеп беруінде ашық түрде баспасөзде жарияланады



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Байланысқан жақтарға анықтама беріңіз?

2.Байланысқан жақтардың есеп берушілігі қандай?

3.Тараптардың арасындағы келісімдер қалай өңделеді?

4.Байланысқан жақтар арасында бағаларды белгілеуде қандай әдістер қолданылады?

3. ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАР
Тақырып 1. Кәсіпорындарды біріктіру. Сатып алу әдісі (ҚЕХС (IFRS) 3)
Тәжірибелік сабақ жоспары:

1.Бизнесті біріктіру түсінігі.

2. Біріккен кәсіпорындар формалары

2.Қаржылық есептің ақпараттарын ашу.


Сабақтың мақсаты- бизнесті біріктіру және оларды қаржылық есептілікте көрсетуді меңгеру.

Әдістемелік нұсқаулар-бизнесті біріктіру қандай жағдайларда жүргізілетіндігін және азшылық үлес мөлшерін анықтау.

Әдебиеттер

1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы .Астана 2007ж

2. Тулешова Г.К. Финансовый учет и отчетность в соответствий с международными стандартами. Учебное пособие. Алматы. 2005.

3.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл


Тақырып 2. Шоғырландырылған және бөлек қаржылық есептілік (ҚЕХС (IFRS) 27)
Тәжірибелік сабақ жоспары:

1.Консалидарлық бухгалтерлік баланс

2.Бөлінбеген пайда туралы консолидарлық есептілік

Сабақ мақсаты-қаржылық есепті консалидациялау сұрақтарын меңгерту.

Әдістемелік нұсқаулар-ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, қойылған сұрақтарға өзіндік талдау жасау.

Әдебиеттер

1.Төлешова Г.К. Дамыған қаржылық есеп. Оқулық. Алматы. 2005жыл

2.Сейдахметова Ф.С. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп Алматы 2008 жыл

3.Толпаков, Ж.С. Бухгалтерлік есеп. II.-Қарағанды, 2009 жыл

4.Кеулімжаев Қ.К., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есептің теориясы және негіздері Алматы 2006 жыл
Тақырып 3. Инвестициялық меншік (ҚЕХС 40)
Тәжірибелік сабақ жоспары:

1.Инвестициялық меншік түрлері.

2.Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

Сабақ мақсаты-инвестициялық меншік сұрақтарын меңгерту.

Әдістемелік нұсқаулар-ұсынылған әдебиеттерді пайдалана отырып, қойылған сұрақтарға өзіндік талдау жасау.

Әдебиеттер

1.Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру принциптері Алматы 2006 жыл

2.Миржакыпова С.Т., Аппакова Г.Н. Основы бухгалтерского учета по МСФО. Алматы 2009

3.Вахрушина М.А., Мельникова Л.А. Международные стандарты финансовой отчетности Омега – Л 2009

4.Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы 2003
Тақырып 4. Сатуға арналған айналымнан тыс активтер (ҚЕХС (IFRS) 5)
Тәжірибелік сабақ жоспары:


жүктеу 0,66 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау