Қаржы кафедрасы Г. С. Майкопова Шет мемлекеттерінің қаржысы



жүктеу 0,91 Mb.
бет2/2
Дата10.02.2018
өлшемі0,91 Mb.
#9156
түріКонспект
1   2

3 Францияның салық жүйесінің ерекшеліктері:

Міндетті аударымдардың жоғары үлесі; 90Ғ

Әлеуметтік бағыттағы қорларға аударылатын жарналардың жоғары үлесі;

Тікелей салық салудың төмен деңгейі мен жанама салықтардың жоғары деңгейі.

Францияның салық жүйесі салықтарды орталық бюджетке түсетін салықтар және жергілікті салықтар деп бөледі. Мемлекеттік салықтар орталық бюджеттің табыс базасы болып саналады. Жалпы бюджеттің шамамен 60Ғ жуығын жанама салықтар береді, әсіресе ҚҚС-ғы.

ҚҚС-ң отаны да осы Франция мемлекеті болып саналады. Ол 1954 жылы Лоре оқымыстының еңбегімен енгізілген. Салық бюджеттік түсімдердің 45Ғ ҚҚС-ның үлесінде.

Қазіргі кезде бұл салықтың негізгі ставкасы 18,5Ғ. Кейбір тауар түрлеріне, мысалы: автомобиль, кино тауарлары, темекі бұйымдары, бағалы терілерге жоғарылатылған мөлшерлеме 22Ғ қолданылады. Ал, төмендетілген 5,5% азық-түлік тауарларының көптеген түрлеріне, ауыл шаруашылық өнімдеріне, кітаптар мен дәрі-дәрмектерге қолданылады.

Бұл салық бойынша айтарлықтай жеңілдіктер де қарастырылған. Мысалы, 1991 жылдың қаржы заңдылығындағы 25 бапқа сәйкес, кәсіпорын, егер қаржы жылындағы айналымы 70 мың франктан аспаған жағдайда, бұл салықтан босатылады.

Осымен қоса, ҚҚС-нан мыналар босатылады:

Мәдени, спорттық, тәрбиелік, әлеуметтік, әкімшілік салалардағы істерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер;

Медицина және білім беру;

Кейбір еркін мамандықтар: жеке мұғалімдік іс, жеке тәжірибеленуші дәрігерлер, рухани шығармашылықпен айналысатын адамдар.

Салық төлеушіге таңдау мүмкіндігі де берілетін жайлар болады, яғни ҚҚС-н төлеу ме, немесе табыс салығын төлеу ме? Бұл ғимаратты жалға бергенде, қаржы және банк ісінде; әдеби, әртістік, спорттық салада, жергілікті шаруашылықта берілетін жеңілдік түрлері.

Сондай-ақ, тұтыныс салықтары ҚҚС-мен қоса басқа да жанама салықтармен толықтырылады, яғни акциздер. Акцизделетін тауарлар тізіміне мыналар кіреді: алкоголь ішімдіктері, темекі бұйымдары, сіріңке, оттық, бағалы металдан жасалған бұйымдар, қант және кондитер бұйымдары, сыра және минералды суы, автомобиль көліктерінің кейбір түрлері, ұшқыш аппараттары.

Кеден баждарын да қажетті салықтар қатарына қосуға болады. Кеден баждарының басты мақсаты – табыс табу емес, ішкі нарықты қорғау, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен ұлттық өнеркәсіпті де қорғау болып табылады. Кеден баждары мемлекеттің экономикалық саясатының құралы ретінде пайдаланылады.

Табыс салықтарын кәсіпорындар және жеке тұлғалар төлейді. Кәсіпорындардың таза табысына салық салынады. Салықтың жалпы мөлшерлемесі – 34%. Кейбір жағдайларда ол 42% көтеріледі. Әлдеқайда төмен мөлшерлемелер 10-нан 24% жер пайдаланылуынан түскен табыстарға, құнды қағаздарға салынған салымдарға т.б. қолданылады.

Ал жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы Францияның мемлекеттік бюджеттеріндегі түсімдердің 20% жуығын қамтамасыз етеді. Бұл салық мөлшерлемесі прогрессивті сипатта. 0-ден 56,8% мөлшерлемесі табыс көлеміне қарай қолданылады. 0 – мөлшерлеме дегеніміз, табысы 18140 франктен аспайтын жеке тұлғаларға қолданылады, яғни салыққа ілінбейді деген сөз.

Барынша көп мөлшерлеме 246770 франктан асатын табыстарға салынады. Ақшалай капиталдардан түскен табыстарға да салық салынады. Қозғалмайтын мүлікті сатудан түскен пайда, салық салынатын табыстарға қосылады. Ал құнды қағаздар операциясынан түскен пайдаға 16% мөлшерлеме қолданылады.

Қозғалмайтын мүлік операциясымен байланысты пайдаға да салық салынады, егер келісім шарт саласы 20 мың франктан асса. Бұл жағдайда үш мөлшерлеме қарастырылған - 4,5% және 7% өнер бұйымдарына және де 7,5% бағалы келісім шарттары үшін.

Келесі жерде меншікке салынатын салық туралы тоқтаған жөн. Мүліктер қатарына мыналар жатады: ғимараттар, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындары, қозғалмалы мүлік, құнды қағаздар т.б. Салық мөлшерлемелері мүлік құнына байланысты ажыратылады.


6-кесте. Франциядағы меншікке салынатын салық мөлшерлемелері

Меншікке салынатын салықтар тобына сондай-ақ, тіркеу және елтаңбалық алымдарды да қосуға болады, сонымен қатар кәсіпорындар мен компаниялардың көлік құралдарына салынатын салық та осы топқа жатқызылады. Францияның салық жүйесінде жергілікті салықтар мен алымдардың алатын орны ерекше. 1982 жылдан бері жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтарын кеңейту мәселелері жиі қозғалып келеді.

Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табыстарының шамамен 40% құрайды. Жергілікті салықтар құрамындағы төрт негізгі салықтарды атап айтуға болады:

Құрылған учаскелерге салынатын жер салығы;

Құрылмаған учаскелерге салынатын жер салығы;

Тұрғын үй салығы;

Кәсіби салық.

Бұл салықтардың мөлшерлемесін жергілікті органдар анықтайды. Құрылған учаскелердің жер салығы тұрғызылған учаскелерден алынады. Салық қозғалмайтын мүліктің бәріне қатысты, яғни ғимараттар, резервуарлар, мұнаралар т.б. сонымен қатар өнеркәсіп пенг саудаға арнап пайданылатын учаскелерге де қатысты.

Бұл салықтан мемлекет меншігі босатылады; қала шетінде орналасқан және ауыл шаруашылық мақсатта пайдаланылатын ғимараттар да босатылады, жасы 75-тен асқан жеке тұлғалар да, сондай-ақ қоғамдық қорлардан жәрдем ақы алатын, немесе мүгедектік жөнінде жәрдем ақы алатын жеке тұлғалар да босатылады.

Ал, құрылмаған учаскелерге салынатын жер салығы алқаптар, ормандар, жайылымдар т.с.с. қатысты. Бұл салықтан мемлекет меншігіндегі учаскелер босатылады.

Тұрғын үй салығы тұрғын үй иелерімен қоса, жалгерлерден де алынады. Тұрмысы төмен адамдар бұл салықтан біртіндеп босатылады. Кәсіби салықтарды белгілі бір кәсіппен айналысатын, бірақ оған еңбек ақы алмайтын заңды және жеке тұлғалар төлейді. Салықты есептеу үшін екі элемент алынып, жергілікті органдар бекіткен мөлшерлемелерге көбейтіледі.

Олар мына элементтер:

Қозғалмайтын мүліктің жалгерлік құны;

Салық төлеушінің өзінің қызметкерлеріне төлейтін еңбек ақысынан қайсібір процент (пайыз) (әдетте 18% ), сонымен қатар жалпы пайдасы (әдетте 10%).

Осы элементтер бойынша есептелген салық мөлшері өндірілген қосымша құнның 3,5%-нан аспауы керек. Бұл заңды түрдегі шектеу.

Осы негізгі төрт салықтан басқа, жергілікті органдар басқа да жергілікті салықтарды енгізе алады:

Территория тазалауға салық;

Кеніштерді игеру үшін жергілікті алымдар;

Электр жарығын орнату үшін алымдар;

Көлік құралдарына салынатын баждар;

Департамент бюджетіне аударылатын, ғимаратты сатуға салынатын салық т.с.с. жергілікті деңгейдегі көп түрлі алымдар мен төлемдер алынады.

Франциядағы салық жүйесіне тән мәселелердің барлығын Бас Салық Басқармасы (БСБ) қарастырады. БСБ қаржы және экономика министрлігінің құрамында. Жалпылама елде 830 салық орталығы және 16 ақпарат орталығы орналасқан. Салықтық бақылау көбінесе құжаттық және калиралдық тексерулер арқылы жүргізіліп отырады. Салықтан жалтару қатаң қадағаланып, тіпті қажетті жағдайда қылмыстық жауапкершілікке де тартылады. Қарапайым жағдайда байқаусызда, яғни қасақана емес, білместікпен декларация қате толтырылып қалса, нәтижесінде табыс азайтылып көрсетілген жағдайында 0,75% мөлшерінде айыппұл салынады.Қасақана табысты жасыру жағдайлары анықталған жағдайда салық екі есе мөлшерде өндіріледі.

БСБ-сы арқылы орталық және жергілікті бюджеттердің жиынтық табысының шамамен 50% жиналады.

БСБ-ң жалпы басқару жұмыстарын бас директор жүзеге асырады, оның бірнеше кеңесшілерімен бір орынбасары бар.

БСБ құрамы мынадай орталық қызметтерден тұрады: дербес қызметкерлер және бюджет; ұйымдастыру және ақпарат; ұлттық салық мектебі; ішкі және сыртқы тексеру басқармасы; ұлттық салық тергеу басқармасы; статистикалық және құжаттық тексеру басқармасы т.с.с.

БСБ Францияның қаржы және экономика министрлігіндегі алдыңғы қатарлы, ерекше бөлімше. 90-шы жылдардың басында министрліктегі еңбекпен қамтылғандардың 45% осы салада қызмет атқарған, бұл шамамен 83 мың адам.

Салық қызметіндегілердің негізгі бөлігі салық инспекторлары мен бақылаушылары. Салық инспекторларын оқыту Ұлттық салық мектебінде жүргізіледі (Париж және Киперман-Ферран бөлімшелерінде) немесе Тулуза қаласындағы ұлттық кадастр мектебінде оқытады.
4 1980 жылғы ерекше назар аударатын жайттардың бірі – билік басындағы, бағыттың өзгеруі болды. 1981 жылдың мамырында өткен сайлауда жеңіске жеткен социалистер үкіметі коммунистердің қатысуымен жаңа бағыт-бағдарламаларды жүзеге асыруға кірісті.

Бағдарламаның басты бағыты – іскерлік белсенділікті ынталандыру, жалақы мен жәрдемақыларды көбейту. Ұлттық валютаны нығайту саясаты да қолға алынды. 1982 жылы ақпан айында маңызды реформаның бірі – «ұлтшылдандыру туралы» Заң қабылданды. Ұлтшылдандыру ірі-ірі бес бірдей өнеркәсіп топтарын қамтыды. Осы реформа нәтижесінде Франция ең ірі мемлекеттік секторларды иеленді, мұнда әуе және ғарыш өнеркәсібі 8,5%-ды қамтыды, 80% қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібінің тең жарымын қаратты.

Ұлтшылдандыру секторымен қоса қайта құрудың бағыттары шағын бизнеске де бұрылды. Жаңа технологиялар іске қосылып жатты.

«Делор жоспары» деген атпен шыққан саясат бірнеше пункттерден тұратын бағдарлама еді. Саясат негізі – қатаң экономика, «Делор жоспарының» басты мақсаты – сыртқы сауда тапшылығын қысқарту болды. Қарастырылған мәселелер – салықтарды, заемдарды көтеру, мемлекеттік шығындарды азайту. Осының барлығы экономиканы біршама тұрақтандырғанымен, әлеуметтік қысымның жоғарылай түсуі 1986 жылдың наурызында өткен сайлауда консерваторлардың билікке келуіне әкеліп тіреді.

Осылайша, Ж.Ширак басшылығымен үкімет қалыптасты. Жаңа әкімшілік өз бағытын ұстанып, мемлекеттің экономикаға араласуын бәсеңдетуді мақсат етті. Жаңа үкіметтің тағы бір мақсаты мен бағыты салық салуды төмендету мен жеке кәсіпкерлік еркіндігін молайту болып саналды. Нәтижесінде 1986-1989 жылдары елде экономикалық өрлеу байқалып, ЖІӨ-нің жыл сайынғы өсімі 3% құрады.

1993 жылдың аяғына қарай жағдай бұрынғысынан жақсара түсті, үкімет экономиканы сауықтыру бағдарламасын жасап, қоғамдық жұмыстарды ұлғайту мен өндірісті ынталандыру сияқты мәселелерді көтерді. Ақша-несие саясаты түзетулерге ұшырады. 1993 жылы жұмыссыздықпен күресу мақсатында мемлекеттік заем шығарылып, 110 млрд франк жиналды. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, жұмыспен қамту жобаларын қаржыландыруға мүмкіндіктер туғызды.

Батыс Еуропа бойынша ең ірі бағдарлама болып саналатын – жекешелендіру шаралары жүргізіле басталды. Ең алдымен бәсекеге қабілетті мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендірілді, бұлардан қазынаға 80 млрд франктан астам қаржы түсті. Нәтижесінде 1995 жылы ЖІӨ-нің өсу қарқыны жоғарылап, жұмыс орындары көбейіп, инфляция жылына 1,8% төмендеді.

Басқа дамыған елдерге қарағанда Францияның әлемдік экономикаға енуі бірқатар қиыншылықтар туғызды, бұған себептің бірі – әр үкіметтің кезектесіп билікке келіп, өз бағыттарын ұстанып, түрлі экономикалық бағдарламаларын ұсынуы, сонымен қатар елдің әлеуметтік-саяси және экономикалық коньюнктурасының ауытқып тұруынан да байқалды. 1997 жылы тауар өндірісі 1996 жылғы 1,7% салыстырғанда 6,7% өсті. Сонымен қатар 1997 жылдың айрықша ерекшелігі, ішкі сұраныстың ұлғаюы болды.


5 Соңғы жылдардағы Францияның даму ерекшеліктері экстенсивті сипатта байқалады. Әсіресе, бұл бағыт еңбекпен қамту саласын кеңейтумен тікелей байланысты. Сондай-ақ, макроэкономикалық өзгерістер жағымды факторлармен айқындалуда, атап айтқанда жұмыссыздықпен күрес. 1997-1999 жылдар аралығында еңбекке жарамды халықтың ішінде жұмыссыздар үлесі 12,5% -дан 10,7%-ға төмендеді. 2000 жылдың қаңтар айында мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдау мақсатында үлкен қадам жасалып (2001-2003) дамудың орта мерзімдік бағдарламасы жарияланды. Бағдарламадағы негізгі мақсат – салық ауыртпалығын азайтып, 2003 жылғы ЖІӨ-ң 43,7% дейін салық ауыртпалығын төмендету.

Францияның қаржы министрлігінің мәліметіне сәйкес, 2000 жылғы елдегі бюджет тапшылығы салықтардың төмендетілгеніне қарамастан, бекітілген болжамнан төменірек болып шықты. Бұл көрсеткіш 205 млрд франктен (1,25 млрд еуро) асқан жоқ, 1999 жылдың аяғында 215 млрд франк шамасында болып қалуы мүмкін деген болжамға қарамастан, 2000 жылдың қаңтар айында шыққан үш жылдық жоспар бойынша Франция 2003 жылы салықтық төлемдерді жылына 40 млрд франкқа қысқарту арқылы бюджет тапшылығынан арылуды мақсат етті. Бұл процесс 2001 жылы басталып кетті.

2002 жылдың қаңтарында Францияның бюджет тапшылығы 6,05 млрд, еуроға қысқарды. Бұл 2001 жылмен салыстырғанда әлдеқайда айтарлықтай қысқару еді.

2002 жылдың алғашқы айында бұл көрсеткіш 6,05 млрд еуро болған болса, 2001 жылы бюджет тапшылығы 7,69 млрд еуро болған еді. Бюджетке түсетін түсімдер көлемі 4,1% жоғарылап,бюджеттің шығыс бөлімдері 2,5% қысқарған болатын.

Жуық арадағы 15 жыл бойы шаруашылық дамуы батыс Еуропа аймақтарының жалпылама даму тенденцияларына сәйкестендіріліп жүргізіледі деген сенім бар. Осы кезең аралығында Францияның орташа жылдық өсу қарқыны кем дегенде 2,4 – 2,6% шамасында болуы тиіс. Франция үшін жеке бизнес саласын қолдап, әсіресе қабілеттілігін жоғарылату қажет.

Бүгінгі жаңа ең ірі ұлттық жеке фирмалар – «Данон» және «Л Ореаль» деп танылып отыр.

Еңбек нарығын реттеу арқылы, жұмыссыздықты әлдеқайда төмендетуге болатынын Франция әлдеқашан түсініп, оған қажетті шараларды іске асыруда.

Әдебиет 1,4,7,9,10,11,12,15
Бақылау сұрақтары:

1. Францияда ақшалай – несиелiк қатынас эволюциясы қалай өттi

2. Францияның қазiргi ақшалай айналысы қалай сипатталады

3. Францияның бюджеттiк жүйесi қанша звеноны бекiтедi


Тақырып 7 Ұлыбританияның қаржы жүйесі
Дәріс мақсаты: Унитарлы мемлекет сияқты Ұлыбританияның қаржылық жүйесімен танысу.

Дәріс сұрақтары:

1. Ұлыбританияның экономикалың дамуының ерекшелігі.

2. Ұлыбритания-Еуропаның ірі қаржы орталығы.

3. Мемлекеттік бюджет құрылымы:кірістер мен шығыстары

4. Ұлыбританияның салық жүйесі.
1 Ұлыбритания хандылығы және Солтүстік Ирландияның қосылуы дүние жүзіндегі дамыған елдердің бірі болып саналады. 20 ғасырдың басында Ұлыбритания басқа елдерден бұрын өндірістік айналым жасаған және өзінің монопольді қалпын жоғалтты. Бірінші оң жылдықта ЖҰӨ өлшемі бойынша Ұлыбритания Германиямен екінші және үшінші орындарды бөлді, содан кейін Ұлыбритания екінші орынға ауысты.

2000-2001 жылда Ұлыбританияда инфляция деңгейі төменгі деңгейде қала берді. Инфляцияның төмендеуі өндірістік еңбегінің өсуімен түсіндіріледі, ал ол өз кезегінде ақпараттық технологиялар және жасандану және Еуропалық Одақтық бір нарықтың қатысуымен бәсекелестіктен туындайды. Инфляцияның ағымдағы өсуі еуроға қатысы фунт курсының жоғарлануына байланысты тоқтатылды.

Ұлыбританияның антиинфляциялық саясатының негізгі элементі-пайыздық ставкаларының өзгеруі болып табылды.

Ұлыбританияның қызығушылығы батыс Еуропаға АҚШ-на және Жапонияға бағытталған. Дамушы елдердің үлесі қысқарды да, басқа дамыған елдермен салыстырғанда ол үлкен мөлшерді құрайды. 20 ғасырда қызметтерді экспорттау құрылымында елеулі өзгерістер байқалды. Осы саласы бойынша Ұлыбритания тек қана АҚШ-на жол беріп, екінші орынға ие болды. Мемлекет негізгі кірісті заңгерлік және бухгалтерлік қызметтерімен қоса іскерлік қызметтерді экспорттан алады. Жекешелендіру облысында Ұлыбританиялық банктердің кеңес қызметтері үлкен сұранысқа ие болды. Компьютерлік және ақпараттық қызметтерін экспорттауы ең тез дамитын салалар болып табылды.

Ұлыбританияның фунт стерлингтік ақша бірлігі орталықтандырылған мемлекеттің алдында Британиялық аралдарда пайда болды. Нормандық басуына дейін жергілікті тұрғындар күміс пенстарды немесе стерлингтерді қолданды. Күмістің 1 фунттан 240 пенстарды шығарды, осыдан «фунт стерлинг» атауы пайда болды.

Төрт ғасырға созылған биметалдық ақша жүйесі 1816 жылы шыққан алтын стандарт туралы заңы негізінде тоқталды. 20 ғасырдың басында Ұлыбритания экономикасы капиталдың экспортымен ерекшеленді. 1904-1913 ж.ж. капиталдың шығаруы – ішкі капиталдық салымдарға тең болды. Британиялық империяның елдері шамамен оның шетелдік инвестициялардың жартысын басты. 1910 – 1914 ж.ж. шетелдік инвестициялардан шығатын таза кірістері елдегі ЖҰӨ - нің 8%-н асып түскен.

1914 жылы үкімет әскери шығындарды жабу үшін қазыналық билеттерді шығара бастады. Елде банкноттардың алтынға айырбастауын тоқтатты. Сол арқылы айналымнан алтын монеталар шығарды. 1925-1931 жылдар аралығында болған алтын кесекті стандартты қазіргі уақытта қолданылатын айырбасталмаған несиелік ақша жүйесін ауыстырды.

1925-1928 жылдарда ақша реформасы жүргізілді, сол реформа кезінде қазыналық билеттер айналымнан шығарылды. 1931 жылы Ұлыбритания стерлинг блогын басқарды. Бұл блок екінші дүние жүзілік соғыстың басында стерлинг зонасына ауысты және оған әлемнің 1/6 тауарлық айналымы сәйкес келді.

1979 жылы Ұлыбритания және басқа елдердің аралығында капитал айналымның қиындататын валюталық бақылау алып тасталынды.

2 Ұлыбритания әлемдік экономикада маңызды рөл атқаратын ұлы держава.Еуропадағы ірі қаржы-сауда орталығы болып саналады.

Қазіргі таңда осы мемлекетте шамамен 11 мыңға жуық шетел компаниялары, әсіресе Солтүстік Америка, Еуропа, Жапония сияқты мемлекеттерден өз бизнестерін жургізуде.

Ұлыбританияның қаржы министірлігі жасаған талдамасы бойынша 2003 жылы тікелей инвестицияларды алушы ретінде әлемдік деңгейде АҚШ пен Қытай мемлекеттерінен кейінгі үшінші орынды иеленеді. Инвестиция бағыты бойынша ел экономикасына 36,9 млрд доллар құйылған.

Ұлыбритания экономикасында басты рөлді өнеркәсіп саласы иеленген, оның үлесіне ұлттық жиынтық өнімнің 55%, ал экспорт құнының 90% тиеді. Қазба өнеркәсібі бойынша 4-ші орынға ие. Қара және түсті металлургия жақсы дамыған (болат, мырыш, алюминий, қорғасын т.б)

Химия өнеркәсібі де жоғары деңгейде, синтетика материалдары, пластмасса, бояулар, дәрі-дәрмек, парфюмертя, тұрмытық химия т.б. өндіріледі. Тоқыма өнеркәсібі барлық мата түрлерін шығарады деуге болады (әлем бойынша 3-ші орында).

Ауыл шаруашылығының басты бағыты - мал шаруашылығы.

Егін даласында бидай, сұлы, арпа, картоп, жеміс-жидек, көкөніс өсіріледі. Алайда, Ұлыбританияның ауыл шруашылығы елді азық-түлік өнімдерімен толық тқамтамасыз ете алмайды, бұл жайт өз кезегінде елдің импортқа тәуелділігін өсіре түседі.

Экспорт бойынша байланыстағы мемлекеттері - Еуропа қауымдастығы 58% (Германия 12%, Франция 10%, Нидерланды 8%, АҚШ 15%).

Импорт бойынша байланысы – Еуропа қауымдастығы бойынша 53% (Германия 14%, Франция 9%, Нидерланды 7%, АҚШ 13%, Жапония 15%).

Бүгінгі таңда Ұлыбритания қазіргі заманға сай өнеркәсіптік мемлекет.

Ұлыбритания БҰҰ-ның қауіпсіздігі кеңесінің мүшесі. Кейінгі жылдардағы статистикалық мәліметтері бойынша, елдің макроэкономикалық көрсеткіштерінің сипаты төмендегідей:

Халық саны – 59 млн 700 мың адамға жуық;

Халықтың өсу динамикас0,23%;

Жалпы ішкі өнімі – трлн доллар;

ЖІӨ - жан басына шаққанда – 22800 доллар;

Кедейшілік шегіндегі халық саны – 17%;

Еңбекке жарамды халық саны – 29,2% млн адам;

Жұмыссыздық деңгейі – 5,5%

Бюджет көрінісі: кірістер – 555,2 млрд доллар;

шығыстар - 510,8 млрд доллар;

Өнеркәсіп өндірісінің өсу деңгейі – 2%;

Экспорт - 282 млрд доллар, импорт 324 млрд доллар

Қаржы жылы – 1-ші сәуірде басталып, 31 наурызда аяқталады.

3 Бүгінгі таңда Ұлыбританияның мемлекеттік қаржылары құрамына – мемлекеттік бюджет, арнайы бюджеттен тыс қорлар,жергілікті билік органдарының қаржылары, мемлекеттік корпорациялық қаржылары кіреді. Англияда да басқа мемлекеттердегідей бюджет ең маңызды экономикалық заң. Жалпы бюджеттің қалыптасуы мен бекітілуінің отаны болып Англия саналады.1686-1689 жж.революиядан кейін патша парламент келісімінің салықтар бекіту құқығынан бас тартуға мәжбүр болады. Мемлекет шығындары екіге бөлінді – азаматтық және әскери. Әскери шығындар жыл сайын бекітіліп отырады, ал азаматтық шығындар – тек патша оған қайсібір өзгерістер енгізген жағдайда ғана бекітіліп отырды.Нәтижесінде азаматтық шығындар парағында патша мен сарайды ұстап тұру(қамтамасыз ету) шығындары ғана қалды.

Ұлыбританияда үкіметтің бюджеттік инициативасы бар. Лордтар палатасы заң бойынша бюджеттік құқықтары жоқ, яғни бюджетті парламенттің жоғарғы палатасымен бекітілуі, және де патшаның қол қою шаралары тек қағаз жүзінде ғана қалды. Ал, қауымдастық палатасы бюджетік қаражаттың жоғарылау немесе төмендетуге құқылары жоқ. Бюджет дауыс беру арқылы бекітіледі.

Бюджет жылы 1 сәуірде басталып 31 наурызда аяқталады.

Ұлыбританияның мемлекеттік табыстарының негізгі көздері болып салықтар саналады, салықтар кірістердің 90% қамтамасыз етеді.

1998 – 1999 жылғы қаржы жылының мемлекеттік бюджет туралы заңын жаңа қазыналық (фискалды) түрақтылық Кодексі бекіткен болатын, бұл жерде қазыналық саяасат пен мемлекеттік қарызды басқару бес қағидаларға сәйкес жүргізілуі тиіс:

1) қазыналық саяастты орнатудағы түсініктілік;

3) қазыналық саяасатты жүзеге асыру процесіндегі тұрақтылық;

2) мемлекеттік қаржыларды басқарудағы жауапкершілік;

4) әділеттілік, соның ішінде ұлттар арасында;

5) қабылданған шешімдердің іске асуы.

Ұлыбритания үкіметінің мемлекеттік шығындар саласындағы басты ұзақ мерзімді мақсаты әлеуметтік қамсыздандыру мен денсаулық сақтауға қаражаттың өсуі, бұл қорғаныс шығындарын азайту негізінде жүзеге асуда.

Мемлекет шығындарына талдау жасалып, қаржы ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында тексеру істері жүргізілген. Осы талдаулардың нәтижесінде мемлекет ресурстарының қомақты төлемі 1987 – 2002 жж. Аралығында мындай бағыттарға жұмсалуы тиіс:



  • Білім беру жүйесінде, жалпы алғанда, екі-үш жыл көлемінде шығындар 19 млрд фунт стерлинген жоғарылауы тиіс болды;

  • Денсаулық сақтау, бұл жерде қосымша ресурстар ретінде 20 млрд фунт стерлинг бөлу көзделген;

  • Қоғамдық транспорт, бұл салаға 1,7 млрд фунт стерлинг бағытталды;

  • Қалаларды және ауылды жерлердің ресурстарын қалпына келтіру, бұл мақсатқа 4,4 млрд фунт стерлигтен аса қаржы бағытталды.

Шығындарын азайту қажет деп саналған салалар мыналар болды – қорғаныс, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару шығындары. Экономика саласында мына министірліктерге ерекше мән беріліп, қаражаттар аударылады:

  • әлеуметтік қамсыздандыру министірлігі(95,2млрд фунт стерлинг);

  • қоршаған орта департаменті;(42,3 млрд фунт стерлинг);

  • денсаулық сақтау министлігі(37,2млрд фунт стерлинг).

Осы жылдары белгіленген шаралары Т.Блэр үкіметінің тұсына, әсіресе 90- шы жылдардың екінші жартысындағы жетістіктермен де байланыстырылады. Жалпы Ұлыбританияның мемлекеттік бюджет құрылымын нақты екі-үш жылдар аралығында салыстыра отырып, кесте арқылы көрсетуге болады.

1-кесте.Ұлыбритания мемлекеттік бюджетінің кірістері мен шығыстары (жалпы көлемге %)








1987-1988 қаржы жылы

1997-1998 қаржы жылы

1

Жеке тұлғалардың табыс салығы

25,7

25,9

2

Әлеуметтік сақтандыру төлемдері

18,2

17,1

3

ҚҚС

15,1

17,1

4

Акциздер

10,5

11,3

5

Корпоративтік салық

9,8

10,3

6

Консулдық алым

-

3,7

7

Патша алымы және басқа да салықтар

10,1

9,5

8

Салықтық емес түсімдер

10,6

5,1




Барлық табыстар

100

100

9

әлеуметтік қамсыздандыру

31,5

35,8

10

Білім беру

15,8

19,3

11

Қорғаныс

12,8

7,7

12

Тәртіп сақтау

5,3

6,2

13

Тұрғын үй құрылысы және қоршаған ортаны қорғау

6,2

4,8

14

Транспорт

3,7

3.3

15

Сауда, өнеркәсіп, энергетика, еңбекпен қамту

4,5

3,2

16

Басқа да шығыстар

7,5

6,4




Барлық шығындар

100

100

Ұлыбританиядағы қаржыларды басқару, мемлекеттің жалпы қаржы саяасатын жүргізуі, қаржылардың жоспарлануы, қаржы ресурстарын түзетуі, қаржы заңдылығын өңдеуі сияқты мәселелерді қамтиды. Сондай-ақ бұл жерге бюджет құрылуы мен орындалуын, салықтардың жиналуын, займдар шығару, мемлекеттік шығындарды басқару да кіреді.

Ұлыбритания Қазынашылығының өзге елде өзіне ұқсастығы жоқ жалғыз ғана мемлекеттік қаржы институты болып табылады. Бұл үкіметтің маңызды министірлігі. Қазынашылық елдің жалпы экономикалық стратегиясын даярлауға жауапты.

Әкімшілік жағынан қарағанда, қазынашылық құрамына қазынашылықтың бірнеше лорды, сондай-ақ премьер-министр, қаржы министірі және кіші лордар кіретін басқарма болып табылады.

Салық заңдарын үкімет бекітеді. Салық қызметін ұйымдастыру Қазынашылыққа бағынышты екі бірдей үкімет департаменттеріне жүктелген. Олар: Ішкі табыстар басқармасы (ІТБ) және БАЖ бен акциздер басқармасы (БАБ).

ІТБ – сы өз өзімен үкімет мекемесі болып табылады. Оның басты қызметі заңды және жеке тұлғалардан алынатын салықтарға бақылау жасау. Әкімшілік жағынан қарағанда бұл бақылауларды Лондандағы бас салық инспекторының кеңсесі жүзеге асырып отырады.

Ал, жанама салық салу жүйесінің барлық мәселелерімен БАЖ және акциздер басқармасы айналысады.
4 Дамыған елдерде салық инспекциялары территориялық белгілеріне қарай ұйымдастырылған. Мысалы, Ұлыбританияда округтік бақылаушыларға (Ұлыбританияда барлығы 15 салық округтері ) әкімшілік түрде бағынышты 600- ге жуық аудандар бар.

Салық инспекторларының қызметтеріне жататыны: Салық декларацияларды талаптарын қарап шығу; толтырылған декларацияларды тексеру; толтырылған декларацилар негізінде салық есептерін даярлау; дау- дамай мәселелерін реттестіру; шешімін таптаған мәселелерді арнайы коммисия туындауына ұсыну; т.б. сол сияқты мәселелер. Инспекторларының кәсіби деңгейлерінің жоғарылығын айрықша атап өтуге болады.

Ұлыбританияда салық инспекторларын даярлау (оқыту) шамасы мың фунт стерлинг көлемінде қарастырылады.

Жалпы Ұлыбританияның салық жүйесі екі деңгейлі негізде жүргізіледі: жалпы мемлекеттік салықтар және жергілікті салықтар.

Салық ісінің негізгі заң актілері 1970,1979,1996,1999 жылдармен байланыстырылады.

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы салықтардың үлесі шамамен 90%.

Ұлыбританияның салық жүйесінің құрылымы мынадай:


  1. орталық салықтар:

    • халықтан алынатын табыс салығы; (10%-дан 40%дейін)

    • корпарациялардан алынатын табыс салығы (шағын бизнеске 10-20%,корпорациялар үшін – 33%)

    • мұраға салынатын салық (мұра саласы 223000 ф.ст.дейін - 0% және одан жоғары 40%) бұл салық 1965 жылы енгізілген.

    • Жанама салықтар:ҚҚС (17,5%) 1975 жылы енгізілген, сондай- ақ акциздер, баждар, мұндайдан түскен табысқа салықтар, елтаңбалық алым.

  1. Жергілікті салықтар:

  • мүлікке салынатын салық.

Жеке табыс салығын Ұлыбританияның табыс бар барлық халық төлейді.Дегенмен,салық салыу тәртібі салық төлеушінің мәртебесіне байланысты.Салық заңдылығына сәйкес салық төлеушілер резиденттер және резидент еместерге бөлінеді.Резидент табыстары шығу көздеріне еш байланыссыз толығымен салыққа тартылады,ал резидент тек осы мемлекет территориясынан тапқан табысынан ғана салық төлейді.

Ұлыбритания территориясында алты айдан астам уақыт болған тұлға резидент есебінде санала бастайды.

Ұлыбритания салық жүйесінің бір ерекшілігі,табыс салығы жиынтық табыстан емес (шедула),яғни бөлектемелі жүйесі арқылы алынады.Салық салу түрлі алты шедулалар арқылы жүзеге асырылады:


  • А шедуласы бойынша,жер,құрылыс меншігінен тапқан пайдасына салық салынады;

  • В шедуласы бойынша коммерциялық мақсатта қолданылатын орман алқаптарынан түскен табысқа салық салынады;

  • С шедуласы бойынша белгілі бір үкіметтің құнды қарғаздарынан түскен табыстарға салық салынады;

  • Д шедуласы бойынша,өндірісті-коммерциялық саладан түскен табыстарға (сауда, өнеркісіп,ауыл шаруашылығы,көлік);еркін мамандық иелерінің табыстарына;пайыз түрінде табылған табылған табыстарға салынад;

  • Е шедуласы бойынша, еңбек табыстарына: еңбекақы, зейнетақы т.б., салық салынады;

  • F шедуласы бойынша,дивидеттерге және басқа да бөлінетін компания табыстарына салық салынады.


2-кесте.Ұлыбританиядағы жеке табыс салығының мөлшерлемелері


Мөлшерлеме түрі

Табыс көлемі(ф.ст.)

Мөлшерлемесі %

Төменгі

1500 дейін

10

Негізгі

1501-28000

22

Жоғары

28000 аса

40

Ал, корпарациялық табысна салық салу, олардың шағын немесе ірі сиақты түрлеріне байланысты алынады. Салықтың негізгі мөлшерлеме – 30%. Ал, табыс мөлшері 30000ф.ст. дейінгі (шамамен 465000$) корпорацияларға бекітілген мөлшерлеме - 20%. Табысы 300000ф.ст.тен 1.500 мың ф.ст. корпорациялар үшін (бұл шамамен 2340000$) қолданылатын мөлшерлеме 32.5. Ал, 23% 33% құрайды.

Діни бағыттағы кәсіпорындарға, қайырымдылық ұйымдарына,зейнетақы қорлары, кәсіподақтар және жұмысшылар мен тұрғын-үй қауымдастықтарына салық салынбайды.

Салықтар ішінде ҚҚС ерекше рөл атқарады.Ұлыбританияда ҚҚС-тың үш мөлшерлемесі қолданылады:




  • 0%,тауарлардың 17тобына қолданылады:азық-түлік тағамдары,сумен қамтамасыз ету,кітаптар,соқырлар мен мүгедектердің жәрдемақысы;

  • 17,5% стандартты мөлшерлеме көптеген тауарлар мен қызмет түрлеріне;

  • 8% коммерциялық емес сипаттағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметіне қолданылады.

ҚҚСтанбосатылатындар:жер,сақтандыру,патшақызметі,бизнес,лотерея,қаржылар,білім беру,денсаулық сақтау,жрлер қызметі,спорт жарыстары,өнер шығармалары т.б.

Жылдық айнымалы 52000 ф.ст. асқан салық төлеуші салық органына ҚҚС төлеуші ретінде тіркелуі тиіс.

Ал,акциздер темекі,алкоголь,авто жанармайы,автокөліктерге салынады.Спирттік ішімдіктер мен жанармайға тауар бірлігінің сомасынан алынады.Темекі өнімдеріне тауар бағасының қосымшасы ретінде (пайызбен) бекітіледі.Акциз төлемдерінің мөлшерлемесі 10-30% аралығында.

Елтаңбалық алым болса, Ұлыбританиядағы ең көне салықтар.Ол 1694 жылы енгізілген.Бұл құжаттарға салынатын салық 1891 жылы заң негізінде жүзеге асырылып жатқан-тұлғалар арасында азаматтық- құқықтық келісімшарттар бекітілген жағдайларда алынады.

Елтаңбалық алым келісімшарттардағы меншік құнының белгілі бір пайызы ретінде алынады.Мысалы,меншік құны 60000 ф.ст.-ке бағаланса,елтаңбалық алым мөлшерлемесі 1% т.с.с.Ал

Мұнай өндірумен айналысатын компаниялар табыс салығынан бөлек тағы екі түрі салықтар төлеуге міндетті.Оларға арнаулы салық режимі қарастырылған.Қосымша екі салықтар мыналар:



  • роялти, мөлшерлемесі 12,5%,бұл төлемдері 1982 жылдың 1 наурызына дейін мұнай өндіруге лицензия алған компаниялар төлейді.

  • Мұнайдан түскен табысқа салынатын салық 1975жылы енгізілген.Бұл салықпен мұнай табыстарына салық салу басқармасы айналысады.

Ал,жергілікті деңгейдегі мүлік салығы 1990 жылға дейін жергілікті бюджетті қалыптастырып келген негізгі нысан болатын.Салық жылжымайтын мүліктен жер,тұрғын үйлер, дүкендер, мекемелер, зауыттар мен фабрикалардан алынған.Салық базасы болып мүліктің таза жылдық құны саналған.Бірақ, 1990 жылдың наурыз айында М.Тэтчер үкіметі мүлік салығының жойылып, орнына жан басының салығы пайда болғанын хабарлады.

Бұл салық жергілікті емес,ұлттық сипаттағы салық еді.Жасы 18-ге келген әрбір ағылшын азаматына қатысты бұл салықты Ұлыбритания азаматтарының барлығы төлеуі тиіс болды.Нәтижесінде бұл реформа халықтың наразылығын тудырып,жан салығы біртіндеп жүйеден шығарылып тастайды да, орнына жылжымайтын мүлікке салынатын салық деген атпен алмастырылды.

Қорыта айтқанда, Ұлыбританияның салық жүйесі түрлі реформаларды жүргізе отырып, жетілдірілу үстінде. Барлық салықтық түсімдер ішінде халықтан алынатын табыс салығының үлесі айтарлықтай, ол мемлекеттік бюджетке тікелей салық ретінде түсімдердің 64% қамтамасыз етеді, ал компания табысына салынатын салықтар үлесі шамамен 19% құрайды.

Жалпы Ұлыбританияда салықтарды жинау бойынша шығындар салықтық табыстардың 2% құрайды, бұл Швеция мен Канадағы қарағанда екі есе жоғары, АҚШ-қа қарағанда төрт есе жоғары.

Салықтық тәртіп бұзушыларға заң бойынша қарастырылған шаралар төмендегідей:


  • қылмыстық іс үшін, салықтың үш дүркін өтелуі(қайтарылуы) немесе 6 айдан 7 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айырылуы қарастырылған;

  • бұзақылық, салық сомасының қосымша ұсталуымен жазаланады;

  • тіркеуді кешіктіру үшін, салық сомасының 30% мөлшерінде айыппұл салынады,т.с.с.



Әдебиет 1,4,7,9,10,11,12,15
Бақылау сұрақтары:

1. Ұлыбританияның антиинфляциялық саясатының элементi болып не табылады

2. Англия банкiнiң приоритеттiк мақсатын айтыңдар

3. Қандай банктер несие жүйесiнiң дамуында маңызды роль атқарады

4. Ұлыбританияда негiзгi салық жүйесi қашан салынды

Тақырып 8 Жапонияның қаржы жүйесі
Дәрiс мақсаты: Дамыған елдердiң бiрi ретiнде Жапонияның қаржы жүйесiнiң ерекшелiктерiн оқу.

Дәрiс сұрақтары:

1. 2 дүниежүзүлік соғыстан кейін Жапонияның ірі индустриалды державаға айналуы.

2. Жапонияның негізгі саяси-экономикалық және тарихи мәліметтері.

3. Жапонияның бюджет жүйесі.

4. Жапонияның салық жүйесі.
1 Соғыс аяқталған соң Жапония экономикасы қиын кезеңдерді бастан кешірді. Соғыс салдарынан мемлекет өзінің материалдық жағдайының 40%-нан айырылуы, ауыр өнеркәсіп жабдықтарының 30% жоғалтып, Нагасаки мен Хиросима атом бомбалауынан толығымен жойылып кетті. Тауар мен материал, азық-түлік жетіспеушілігі жалпыға бірдей сезілді. Инфляция 50%-ға дейін жетті. Жапондық иен курсы американ долларына шаққанда алдеқайда төмендеп, құлдырай түсті. Көптеген кәсіпорындар жабылып қалды. 1946 жылы өнеркәсіп өнімінің деңгейі соғысқа дейінгінің 14% құрады. 1945 жылдан 1947 жылдар аралығында қағаз ақша саны 4 есе өсіп кетті. 1945 жылы жұмысшылардың жалақасы соғысқа дейінгі дейгіндің 13% құрады. Барлығын қайтадан, жаңадан бастауға тура келді.

1947 жылы оккупациялық әкімшілік жаңа Жапондық Конституция (Ата Заң) даярлап жығарды.

Жапония экономикасының соғыстан кейінгі дамуы 3 кезеңге бөлінді.

1-кезең: (1945-1960 жж.) экономикасының түбегейлі өзгеруі, әлемдік экономикада АҚШ-тың басымдығы. 1950 жылдардан Жапония экономикасының орташа жылдық дамуы 9,2% болған.

1949 жылы салық жүйесінде реформа жүргізілді. Жалпы алғанда салықтар көтерілді, басқару әкімшілік аппараты қалыпқа келтірілді, мемлекеттік бюджет шығыстары қысқартылды. Өз ішінде ғылыми-техникалық базаның жоқтығынан Жапония алдыңғы қатардағы технологияларды шет елдерден алып, оларды өндірісінде тиімді де қолайлы етіп жетілдіріп отырған.

Банк жү»есі секілді саясаттардың басымды бағыттарын мемлекет бақылап отырды.

50-жылдардың ортасынан бастап Жапон экономикасының өсуі жылдам қарқынмен өрлеуге беталды, осы кезеңнен бастап «Жапондық ғажап» өз бастамасын көрсете бастаған болатын.

2-кезең: (1970 ж.) Жапония экономикасында айтарлықтай құрылымдық өзгерістер орын алды.

1951-1970 жж. Аралығында өнеркәсіп өнімінің орташа жылдық көлемі 15,2% құраған, ал ол кезде бұл көрсеткіш басқа елдерде төменгідей болатын, мысалы: ФРГ мен Италияда – 7,4%, Францияда – 6,2%, АҚШ-та - 4%, Англияда-3%.

Жапонияның ірі державаға айналуына біршама факторлар әсер етпей коймады. Олар ең алдымен:

● энергоматериалдарды азайту арқылы өндірісті белсендіру;

● электроника және технология салаларын толықтай игеру;

● экономиканы реттеуші мемлекет ролінің өзгеруі, инфляция, ұлттық

валютаның тұрақтануы, нарықтық механизмдерді құру секілді қосалқы

әдістер арқылы экономиканы реттеу;

● сыртқы экономикалық қатынастарда да көзге көрінер өзгерістер болды.

Жапония шет елдерге ірі көлемдегі инвестиция құйып, экспортқа деген

Тәуелділігінен біртіпдеп арыла бастады.


3-кезең: Интенсивті үлгіге негізделген экономиканың қарқынды дамуы, салық реформалары, өзіндік технологиялық жетістіктер.

Жапонияның сыртқы экономикалық қатынастарының дамуына төменгі факторлар әсер етті:



  1. Ғылыми-техникалық өзгерістерді (жетістіктерді) кеңінен пайдалану;

  2. Өндірістің орталықтануы мен шоғырлауын мемлекеттің реттеуі;

  3. Батыс Еуропа мен АҚШ-қа қарағанда капитал көлемінің көбеуі;

  4. Жапония мененджментің сырттан келетін импортқа бейімделуі;

  5. Қорғаныс пен қаруландыруға қаржының аз бөлінуі;

  6. Ұлттық кірісті мемлекет саясатымен кайта карауы;

Осының арқасында Жапония аз уақыт ішінде Оңтүстік Шығыс Азия, Астралия және Жаңа Зеландияның нарық жүйелерін кеңінен бысып алды.

2 Жапония Шығыс Азиядағы 4 ірі-ірі – Хоккайдо, Хансю, Сикоку, және Кюсю аралдарында орналасқан орналасқан мемлекет. Территориясы – 372,2 мың кв км. Халқы – 122,2 млн-ға жуық. Астанасы – Токио. Ресми тілі – жапон тілі. Негізгі діндері – синтоизм және буддизм.

Жапония – конституциялық монархия.

Конституция бойынша император «мемлекет пен халық бірлігінің символы» болып саналады.

Заң шығарушылық билікті парламент жүзеге асырады (оның құрамы 512 депутаты бар палата өкілдері мен 252 депутаты бар кеңесшілер палатасынан тұрады). Депутаттардың қызмет ету мерзімі 4-6 жылға дейін. Ал, атқарушы билік, министрлер кабинетінің құзырында.

Жапония - жоғары дамыған мемлекет.

Бүгінгі таңда өзінің экономикалық потенциалы жағынан әлемдегі алдыңғы қатардағы мемлекеттер ішінде. Елдің жалпы ішкі өнімі шамамен 2,4 трлн доллар. Әлемдік өнеркәсіп өндірісінің 12% Жапония үлесінде. Бұл мемлекет автокөлік, кеме, темір өңдеу жабдықтары, тұрмыстық-электрондық техника, роботтар шығарудан әлем бойынша біріші орында.

Ауыл шаруашылығында шағын шаруа қожалығы жақсы дамыған. Басты ауылшаруашылық өнім – күріш.

Сонымен қатар жеміс-жидек, көкөніс өндірісі, сондай-ақ балық аулау саласы.

Ұлттық валютасы – иена.

Негізгі экспорт тауарлары: машиналар мен жабдықтар, электроника, металдар және металл бұйымдары, химиялық өнімдер.

Негізгі импорт тауарлары: өнеркәсіптік шикізат пен жартылай шикізаттар, жанармай және азық-түлік. Жапонияның тауар айналымындағы АҚШ-тың үлесі 90-шы жылдары 30,4% тең болды, ал жұмыссыздар саны осы жылдары 1,56 млн адам болған, ал сыртқы сауда көрінісі, экспорт 146 млрд доллардан асып, импорт – 126 млрд доллар болған.

90-шы жылдардығы Жапония экономикасы ұзаққа созылған тоқыраудан бір жола шыға қойған жоқ, бұған бірден бір себеп болғаны – қозғалмайтын мүлік нарығындағы күйзеліс нәтижелері. Банк жүйесі де айтарлықтай шығынға ұшырады. Соғыстан кейінгі мерзімде бірінші рет банктердің тақырға отыруы байқала бастады. Мемлекеттік бюджет жүйесі де көптеген қайта қарауға тән жақтарын көрсете бастады.

Осылайша 90-шы жылдардағы үкіметтің алға қойған басты мақсаты болып, экономиканы өсіру, тоқыраудан шығу сияқты мемлекет деңгейіндегі өзекті мәселелер болып саналады.

3 Жапонияда мемелкет өмірін қамтамасыз етуші бірнеше бюджеттер қалыптасқан. Олар: орталық бюджет (орталық бюджеттің жалпы шоты), инвестициялық бюджет (даму бюджеті) және бірнеше арнайы шоттар.

Орталық бюджет табыстары салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен құралады. Басқа дамыған елдерге қарағанда Жапония бюджетті салықтық емес түсімдердің үлесі жоғарылығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік бюджеттің 84% - салықтар қамтамасыз етсе, салықтық емес түсімдер 16% береді, ал жергілікті бюджеттерде салықтық емес түсімдер 25% жуық қамтамасыз етеді.

Салықтардан айтарлықтай қомақты қаржыны жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың табыс салығы берді ( шамамен 40%).

Бюджет табысының салықтық емес түсімдеріне жататындар: мемлекеттік кәсіпорын қызметтерінен түсетін түсімдер, мемлекеттік меншікті сатудан немесе жалға беруден түсетін түсімдер.

Орталық бюджет шығындары өзіне тән функционалдық белгілері бойынша құралдары және мемлекттің негізгі міндеттері мен қызметтерін көрсетеді.

Олар, негізінен, экономикалық және әлеуметтік шығындары қаржыландыруға, жергілікті бюджеттерді толықтыруға, мемлекеттік қарызды басқаруға, император сарайын қамтамасыз етуге, басқару органдарына және басқа да мақсаттарға бағытталады.

Ал, инвестициялық бюджет дегеніміз – күрделі салымдар мен займдардың жыл сайын бекітілетін бағдарламасы.

Арнайы шоттар болса — мемлекеттік кәсіпорындар мен корпорациялар шоттарын, мүліктерін, қорларын қамтиды.

Арнайы шоттардың көптігі Жапония қаржы жүйесіне тән ерекше белгінің бірі.

Жергілікті билік органдарында шамамен 7 мыңға жуық аталмыш шоттар бар.

Жапонияда бюджет жылы 1-ші сәуірде басталып 31 наурызда аяқталады.

Жеке тұлғалар мемлекеттік табыс салығын 10-50 пайыз аралығында прогрессивтік шкаламен төлейді. Префектуралық табыс салығын 5;10;15 пайыздық мөлшерлемемен төлейді. Бұдан басқа алған табыс мөлшерінен тәуелсіз әрбір жеке тұлға 3200 иен мөлшерінде жергілікті табыс салығын төлейді. Көп балалы отбасыларға салық салынбайтын ең аз мөлшері бекітілген, 16-дан 22 жасқа дейін білім алып жатқан балаларының білім алуға кеткен шығындары, егер жолдасы жұмыс істемей, асырауында болса, оған бекітілген салық салынбайтын ең аз, сондай-ақ емделуге кеткен шығындар салық салынатын табыстар шегеріліп тасталады.

Мүлікке салынатын салықтарды заңды және жеке тұлғалар мүлік құғынан 1,4 пайыздық біртұтас мөлшерлемемен төлейді. Мүлікті қайта бағалау үш жылда бір рет жүргізіліп тұрады. Салық салуға барлық жылжымайтын мүліктер, жер, бағалы қағаздар, банк депозиттері бойынша пайыздар, т.б. қамтылады. Екінші топқа лецензияны тіркеу салығы жатады. Жанама салықтардың бірі — сатудан алынатын салық 3 пайыздық мөлшерлемемен алынады және бюджеттің кірісінің 9 пайызың қамтамасыз етеді. Оны есептеу барысында тауарлар мен қезметтердің құны келісім шарт бағасы бойынша анықталады. Қосылған құңға салынатын 1998 жылдан бастап қолданыла бастады. Қосылған құң салығын есептеу барысында төрт түрлі әдіс пайдаланылады:

● тура немесе бухгалтерлік әдіс;

● жанама әдіс;

● тікелей шегеру әдісі;

● жанама шегерім немесе шоттар бойынша есепке алу әдісі;

Жапонияда тәжірибесінде, негізінен, төртінші әдіс кеңінен қолданылады.


4 Жапонияның салық жүйесінің негізі ХlХ ғасырда қаланды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, 1949 жылы қаржы саласындағы американ маманы, профессор Шалптың ұсынысымен салық реформасы жүргізіледі. Кейіңнен бұл реформа нәтижесі ұзақ уақыт бойы қолданылды.

1987 жылдың қыркүйекгінде және 1988 жылдың желтоқсанында Жапонияның салық жүйесіне үлкен өзгерістер әкелген салық реформалары жүргізілді.

Нәтижесінде салық мөлшерлемелерінің шкаласы оңайлатылды және төмендетілді. Егер реформаға дейін салық мөлшерлемесі 10,5 – 70 пайыз аралығында болса, реформадан кейін 10–50 аралығына дейін төмендетілді.

Қазіргі кездегі қолданыстағы салық жүйесі 1989 жылы 1 сәуірде іске қосылды. Мемлекеттік бюджеттің 84 пайызы салықтар есебінен, ал оның 16 пайызы салықтық емес түсімдердің есебінен құралады.

Жапонияда салықтар:

● Мемлекеттік;

● Жергілікті болып жіктелді;

Мемлекеттік бюджеттің 64 пайызы мемлекеттік салықтар, ал 36 пайызы жергілікті салықтар есебінен құралады. Салықтық түсімдердің бір бөлігі жергілікті бюджеттерге аударым түрінде қайта бөлінеді. Ел аумағында 3045 қала, поселка, аудандардың және олардың біріктіретін 47 префектураның өздерінің дербес бюджеттері бар. Жапония салық жүйесі АҚШ және Еуропа елдерінің салық жүйелері сияқты салықтарының көп түрлілігімен ерекшеленеді. Олардың аумақтық басқарудың кез келген органының алу құқығы бар. Бірақ, барлық салықтар әрбір түрі заңмен реттелді. Жергілікті салықтар туралы Заң олардың түрлері мен шекті мөлшерлемесін анықтап береді. Жергілікті салықтар қатысты басқа меселелерді жергілікті парламент реттейді. Жалпы елде 25 мемлекеттік, 30 жергілікті салықтар жұмыс жасайды. Олардың үш үлкен топқа топтастыруға:

● Заңды және тұлғалардың табыс салығы;

● Мүлік салығы;

● Жанама салықтар.

Тұтынуға салынатын салық 1989 жылы 1 сәуірден бастап енгізілді. Қазіргі кезде мемлекеттік бюджет кірісіндегі үлесі жағынан және тұлғалардан алынатын табыс салығынан кейінгі үшінші орынды алады. Салық мөлшерлемесі – 5 пайыз. Кәсіпкерлікке салынатын салық салынатын пайдадан 6-12,6 пайыз аралығындағы мөлшерлемемен алынады.

Бюджет кірісін толтыруда автокөлік иелеріне салынатын салық спирт және

темекі өнімдеріне, мұңай, газ, бензинге салынатын акциздер, кеден баждары, т.б. елеулі роль атқарады.

Салық шкаласы 13 деігейлі болып келеді, салық мөлшерлемесі 10-70 пайыз аралығында мұра сомасы байланысты өзгеріп отырады. Жапонияда отандық және шетелдік инвестицияларды ынталандыру жүйесі жеткілікті деігейде дамыған.

Оларды қолдаудағы басты мақсат ұлттық экономиканың дамуына оң ықпал ететін факторларға қолайлы жағдай туғызу болып табылады. Инвестицияны ынталандыратын басты құрал ретінде негізінен салық жеңілдіктері мен субсидиялар қоршаған ортаны қорғау және әлеуметтік инфрақұрылымды құру барысында, өндірістік обьектілерді жаңа жерлерге көшіргенге беріледі.

Салық салу деңгейі бойынша (оның ұлттық табыстағы үлесі 27,9 %) Жапония басқа жоғары дамыған дамыған мемлекеттерге жол береді, мысалы Германия ( 130,6%), Франция (33,9%) т.б. Тек АҚШ-тан басқалары (26,11%).

Қазіргі кездегі Жапонияның салық жүйесі 1989 жылдың 1 сәуірінен алады.
Әдебиет 1,4,7,9,10,11,12,15
Бақылау сұрақтары:

1. Жапония экономикасының моделi неге белгiленген

2. Жапонияның экономикалық қатынас жүйесi қалай қалыптасты

3. Салық жүйесi өзiне ненi бекiтедi


Тақырып 9 Ресей Федерациясының қаржы жүйесі
Дәрiс мақсаты:Ресей дiң қаржы жүйесiнiң негiзiн қалыптастыруда ерекшелiгiн оқу.

Дәрiс сұрақтары:

1. Ресейдiң қаржы саясаты

2. Ресейдiң банк жүйесi

3. Ресейде салықсалу
Қазіргі уақытта Ресей Федерациясының экономикалық және әлеуметтік дамуына әсер тигізетін қаржы саясатының кемшіліктері көріне бастады. Оларға келесілер жатады:

- -стратегиялық жобалардың болмауы;

-жедел пайда табуға бағытталған, бөлшектелген, тактикалық шараларды өткізіледі;

-Ресей Федерациясының мемлекеттік бюджетінің баланстауының бұзылуы;

-азаматтық - әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қаржылық базасын анықтауда қалдық жолы.

Бұның барлығы мемлекеттің қаржы саясатына және бюджет жүйесінің дамуына әсерін тигізеді. Осылай Ресейдің Мемлекеттік Статистикалық Комитеті бойынша бағытталған мақсаттары 1999 жылы жүзеге асырылмаған, ал бюджеттік жүйенің даму негізіне салынған маңызды экономикалық көрсеткіштер орындалмаған.

Бүгінде бюджет қаражаттары ведомствалардың құқықтық – бұйрық көлемі азаймаған, ал бюджеттік ресурстардың бақылауы өсті.

Федералдық бюджет бағдарламасы арқылы қазынашылық органдар объектілерді қаржыландыру түсінікті схемаларын алады. Бұл аумақтың қаржылық – экономикалық және әлеуметтік климатына пайдасын тигізеді.

Ресейдің қаржылық саясатындағы кейбір кері тенденцияларға қарамай өткізіліп жатқан реформалар мемлекеттік және экономикалық жеке секторында үлкен даму мүмкіндіктері ашылады. Ресейдің қазіргі банктік жүйесі өзімен өтпелі кезеңді білдіреді. Ол нарықтың әдісі ретінде екі ярусқа бөлінген: бірінші бөлігі ақшаны айналымға (эмиссия) шығарылатын Ресей Федерациясының орталық банк мекемесі болады, оның негізгі қызметі рубльдің тұрақтылығын қамтамасыз ету, коммерциялық банктің қызметіне бақылау жасау. Екінші бөлігі әр түрлі банктерден құралады. Олардың қызметі – клиенттерге (ұйымдарға, мекемелерге, қоғамға) қызмет көрсету, оларға әр түрлі қызмет жасау (несиелендіру, есеп беру, кассалық, депозиттік, валюталық операциялар және тағы басқа). Банктік жүйе өтпелі жүйенің кезеңінде болып жатыр. Ол банктік жүйенің нарықтық компонентінен құралады, бірақ олардың ара – қатынасы әлі де дамымаған. Орталықтанған жүйеден пайда болған нарықтық жүйе өтпелі кезең шартында нарықтық идеологиямен толған.

Ресей заңдылығымен сәйкес мемлекеттік деп федералдық мүлік және федерацияның субъектілері болып саналады.Банктің қызмет масштабына қарай оларды капитал мөлшеріне қарай бөлуге болады. 1997 жылы Ресей коммерциялық банктердің көбісі үлкен емес болып қала береді. Банктің көп бөлігі - 45 % (1995 жылы 1 шілде) орталық аудандарда көбінесе Мәскеуде орналасқан. Ең кіші банктердің бөлігі Орталық ауданында, яғни 1,5 % орталасқан.

Жаңа банктерді құру процесі динамикалық агрессиялық банктік құрылыс саясатын ұлғаюымен бірге келеді. 1991 жылы қыркүйек – 1994 жылдар аралығында он бір коммерциялық банктер акционерлер жиналысы шешімімен жабылды. Осы уақыт аралығында 250 банктер үлкен банктер филиалдарына айналды. 1995 тамыз – қыркүйек айларында банктік ликвид кризисі Ресей банктердің қайта құруына және ұлғаюына әсерін тигізді. 1995 жылы 225 банктер лицензиясынан айырылды және 800 несиелік ұйымдар жылдық шығынмен айналды. Болашақта кіші банктердің ұлғаю процесі өсе береді. Ресей коммерциялық банктердің ұлғаю процесін бақылауды Ресей Федерациясының Орталық банкі жүргізеді және 20 – 30 ең ірі банктерге арнаулы бақылау жасайды.

1992 жылдан бастап Ресейде жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттік арасында, салық заңдарына негізделген, қаржылық арақатынас жүйесі жұмыс жасайды. Құқықтық формасына қарай бәріне де міндетті болып келеді және мемлекет алдында бәсекелес ережелері және тең қаржылық тәуелділікті енгізді. Ресейдің салықтық жүйесі дүние жүзінде ең жас болып саналады. Оның алғашқы құрылуында Батыс елдердің тәжірибесі зерттелген.


Әдебиет 2,6,8,17,18
Бақылау сұрақтары:

1.Ресей Федерациясының экономикалық және әлеуметтік дамуында қандай кемшіліктер туындайды

2. Ресей банктік жүйеде қандай әдіс болып табылады

3. Ресей Федерациясында банктік жүйе қанша және қандай ярустарды кіргізеді

4. Ресей Федерациясының салық жүйесінің сызықтық негізі қандай

Тақырып 10 Орта Азиялық республикалардың қаржылық жүйелердің негізгі белгілері мен ерекшеліктері
Дәріс мақсаты: Орта Азиялық республикалардағы қаржылық жүйелерді ұйымдастыру ерекшеліктерімен танысу.

Дәріс сұрақтары:

1.Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі кезеңдері.

2.Өзбекстан Республикасының қаржы-экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама.

3. Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы жағдайына қысқаша сипаттама.

4.Түрікменстан Республикасының экономикалық, қаржылық жүйесіне қысқаша шолу.
1.Қырғызстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі кезеңдері.

Алғашқы кезең.

Кеңес үкіметі тараған соң оның құрамында болған Қырғызстан 1991 жылдан бастап экономикалық тұрғыдан алғанда қиын жағдайда қалды.

Осылайша, Қырғызстан Республикасы үшін өз экономикалық саясатын, іс-қимылдары мен бағыт-бағдарламаларын ойластыру қажеттілігі туындай бастады. 1992 жылдың қаңтарында реформаның алғашқы қадамының бірі болып-баға босату саналады, бұған қосымша негізгі мәселе-жекешелендіру саясаты да алға қойылды.

Сонымен қоса экономикалық реформаның ұстанған басты бағыттары- инфляция деңгйін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қысқарту, экономиканың кейбір секторларын монополизацияландыру, мемлекеттік жекешендіру бағдарламасын орындау, халықты әлеуметтік қорғауды нығайту болып саналды.

Нәтижесінде Қырғызстан үкіметі ХВҚ-мен бірлесе отырып, келесі құрылымдық бағдарламаларды даярлап қабылдады.

ESAF 1. 1994 жылдың маусымында Қырғызстан Республикасы мен ХВҚ арасында үшжылдық мерзімді қамтитын, яғни 1994-1997 жылдар ішінде экономикада құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін кешенді бағдарлама жүргізу туралы келісімге қол қойылды.

Аталған бағдарламаға сәйкес 1994-1995 жылдары инфляция деңгейін төмендету мен тұрақтандыру, ұлттық валюта тұрақтылығын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қысқарту, сыртқы қарыздарды реттеу, тиімсіз кәсіпорындардың құрылымын қайта қарау, реформаларды нығайту үшін құқықтық базаны жетілдіру сияқты кең көлемді шаралар қамтылды.

Келесі негізгі бағдарлама ESAF 11. 1999 жылдың 29 қаңтарында Қырғызстан Республикасы жаңа Үкіметінің алғашқы отырысында көтерілген басты мәселе- 1999-2001 жж. Қырғыз Республикасының әлеуметтік-экономикалық жағдайын тұрақтандыру шарларын бекіту болды.

1997 жылдың 28 мамырында Үкімет «Адамзатты тұрақты дамытудың ұлттық стратегиясын» қабылдады. Аталмыш стратегияның басты бағыты мен міндеті-кедейшілікті қысқарту саясатын даярлау, халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы қызмет көрсетулерді толық әрі тиімді қамтамасыз ету.

Бұл стратегияны іске асырудағы Қырғыз Республикасының басты міндеті халықтың әл-ауқатын жоғаолату болатын.

Әкімшіл-әміршіл жүйенің тәртібінен бірден нарық қатынасына көшу экономикада, сондай-ақ әлеуметтік салада тығырыққа әкеліп, күрделі мәселелер туындайды. Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер реформа жылдарындағы экономика жағдайын сипаттайды.



Қырғызстан макроэкономикалық көрсеткіштері

(1990ж. %-бен)





1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

ЖІӨ

94,8

70,1

58,2

42,9

42,9

40,2

42,5

46,9

Өнеркәсіп өнімі

99,5

73,3

55,5

41,9

41,9

36,7

40,5

59,4

Ауыл шаруашылық өнімі

85,9

64,4

51,5

23,2

23,2

38,1

45,1

29,2

Күрделі салымдар

189,7

954,6

1358,4

187,2

187,2

151,6

131,4

125,4

Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын талдай отырып реформа басталған сәттен бастап арадағы кезеңді екі кезеңге, немесе сатыға ажыратуға болады: алғашқы кезең-1992 жылдан 1994 жылдың аяғына дейін, бұл кезде экономикалық ақуал бірден төмендеп кеткен кезең, және екінші кезең -1995 жылдан басталып, экономика құлдырауы бәсеңбеп, өрлеуге бет алған кезең (1995-1997жж).

Кезеңдерді қарастыру барысында тұрақтандыру саясатының негізін құраушы: жекешелендіру, баға босату, инфрақұрылым қалыптастыру сияқты жақтарын ескере кеткен жөн.

Қырғызстанда жүргізілген реформаладың

басты факторлары


Тұрақтандыру саясатының факторлары

Алғашқы кезеңде әсер ету деңгейі

Екінші кезеңдегі әсер ету деңгейі

Жекешелендіру

Жоғары

Орташа

Либерализация

Жоғары

Төмен

Тұрақтандыру

Жоғары

Жоғары

Қайта құрылымдық (Реструктризация)

Орташа

Жоғары

Инфрақұрылым құру

Төмен

Жоғары

Алғашқы кезең: КСРО-ң ыдырауы саладарынан болған ішкі және сыртқы сауда қатынастарының үзілуі, сұраныстың азаюы нәтижесінде ішкі өндірістің құлдырауы сияқты құбылыстарға бкйімделу, оны мойындау болды.

Бұл кезең барлық экономикалық көрсеткіштердің әлсіз, нашар тұрғыдағы сипаты, тіпті өндірістің жылдан жылға қысқаруы, мысалы 1993 ж-16%-ға, ал, 1994ж -20%-ға азаюымен байланысты.

Ал, тауар өндірісі саласының шығарылымдары айтарлықтай төмендеп, 1994 жылы барлық ЖІӨ-нің шамасымен 60%-ға жуығын құрады, ішкі сұраныс пен өндіріс көлемінің төмендеуі төлем балансының ағымдағы операциялар шотының тапшылығын төмен деңгейде ұстады-шамамен 85 млн доллар 1993-1994 жылдары. Жиынтық ұлттық жинақтар ЖІӨ-ге 1993 жылы 6,7 төмендеді.Ал еңбекпен қамту 1993 жылы-155,3 мың адамға азайды, ал 1994 жылы 35,2 мың адамға.

Осы құбылыстардың нәтижесінде елде әлеуметтік жағдай құлдырап кетті. Дәл осы тұста ұлттық валютаны енгізу барысы да орын алды.

Қырғызстандағы жүргізілген жекешелендірудің мақсаты азаматтарға меншіктерді бөліп, оны Қырғызстанның нарық экономикасына көшудегі басты құралдарының біріне айналдыру болатын. Жекешелендірудің өзі екі кезеңнен өтті.

Алғашқы кезең 1993-1994 жылдар. Мемлекет меншігінен алу процестері 1991 жылы басталып кетті. 1991-1993 жылдар аралығында мемлекет меншігінің шамамен 40% жуығын жекешелендірілді.

Екінші кезең. 1994-1995 жылдар. Қазіргі заманғы заң базасы даярланып енгізілді, жекешелендіруді жүргізу тәртібі мен тәсілдері жеңілдеді. Купондық жекешелендіру басталды.

Мемлекет меншігіндегі объектілерді сатудың негізгі тәсілдері- аукциондар мен конкурстық сату болды. 100 адамға жуық құрамы бар кішкене өнеркәсіп, кәсіпорындары аукциондар арқылы жекешелендірілді.100 адамнан 1000 адамға дейін құрамы бар орташа кәсіпорындар конкурстық іріктеу арқылы жекешелендірілді.

1991-1995 жылдар аралығында Республикада мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындардың 5896 жекешелендірілді, басқаша айтқанда жалпы санның 59-ы. Баға босатуға келер болсақ, 1991 жылы баға босатылып, баға бірден көтеріліп кетті.


Қырғызстанда сыртқы сауда дамуының негізгі көрсеткіштері, 1992-1995 жылдары (АҚШ-тың млн, долларымен)





1992ж

1993ж

1994ж

1995ж

Сыртқы сауда айналымы

737,7

808,0

744,4

967,8

Экспорт

317,0

360,2

340,1

408,9

Импорт

420,7

447,8

404,3

558,9

Сыртқы сауда тапшылығы

103,7

87,6

64,2

150,0

Ақпарат көзі: Қырғыз Республикасының ұлттық статистикалық комитеті, қысқаша статистикалық жинақ,1997жыл.
Республика маңынан, әсіресе, Ресей жағынан әрдайым инфляциялық қысым жоғарылай түсуіне байланысты 1993 жылдың мамырында рубльдік тәртіптен шығып Қырғыз Республикасының өз ұлттық валютасы- сом енгізілді. Сом енгізілген сәтте «валюта туралы заң» күшіне енді.

Бұрынғы экономикалық жүйенің құлдырауы, өндірістің құлдырауы және салықтық жауапкершілік осалдығы-осының бәрі бюджет түсімдерінің азаю себептеріне айналды. Сонымен қатар банк жүйесінде де реформа жүргізілді. Ұлттық банк пен үкімет бірлесе отырып, 1994 жылы тиімсіз кәсіпорындарды бюджет қаражатымен қаржыландыруды тоқтатушешімін қабылдады. 1994 жылдың қаңтарында «тақырға отыру туралы» заң қабылданды.

Осылайша, түбегейлі реформалардың алғашқы кезеңінде барлық экономикалық көрсеткіштердің төмендеуі халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын да төмендетті.

Өмір сапасын анықтайтын үш бірдей негізгі көрсеткіштері: халық табысы, өмір сүру деңгйі, сауаттылық деңгейі мүлдем құлдырады.

Жоғарыда талып кеткендей, гиперинфляция нәтижесінде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында халықтың айтарлықтай бөлігі кедейшілік шегінде болды. 1992-1993 жылдардағы инфляция халықтың өмір деңгейін төмендету процесін жеделдете түсті. Көптеген жұмыс орындары қысқарып, жеке еңбекпен айналысу саласында жұмысшылар санын көбейе түсті.Демографиялық жағдайда көзге көрінер құбылыстар байқалып жатты, экономиканың құлдырауы ерлердің өмір сүру деңгейін 62,9-дан 61,4 жасқа дейін өзгертті, ал, әйелдер 71,7 жастан 70,4 жасқа ығысты.

Осылайша әлеуметтік-экономикалық реформалардың алғашқы кезеңі жалпы экономиканың барлық салаларында күрделі құлдыраумен сиппатталып, жаңа экономикалық бағыттарға бейімделе бастауды қажетсінді.

Қырғызстанның әлеуметтік-экономикалық дамуның екінші кезеңі 1995 жылдан бастау алады. Бұл кезең негізгі реформаның аяқталуы, экономикалық құлдыраудың бәсеңдеуі және 1996-1997 жылдары экономиканың көтеріле бастауымен байланыстырылады. 1997 жылы мемлекеттік бюджет тапшылығы ЖІӨ-ге 5,2% қысқарды.

Екіншікезеңдегі басты бағдарламалар мен жобалар.

ПЕСАК-шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды жою немесе қайта құру бағдарламаны. 1994-1996 жылдар аралығында 28 ірі кәсіпорындарда тексеру аяқталып, өндірістік шығынды кәсіпорындар өз қызметтерін тоқтатты, нәтижесінде еңбекпен қамту мәселесі бой көтеріп, жұмыссыздық деңгейі өсті Бұл жобаны қаржыландыру 1996 жылы шамамен 0,2 млн доллар құрады.

АПЕАК-ауылшаруашылық секторын дамыту бағдарламасы ол 1995 жылы басталды. Бұл жоба бойынша алынған қаражаттардың жалпы сомасы 41,8 млн доллар болды. Бұл жобаға қаржылық даму барысында Азия даму банкі 1996 жылы 19,3 млн доллар қосымша бөлді.

ФинСАК-қаржы секторын қайта құру бағдарламасы. Бұл бағдарлама 1996 жылдың қыркүйегінде күшіне енді. Аталмыш бағдарламаның басты міндеттері болып:


  • жаңа банктік емес институттарды құру жолымен қаржы секторын қайта құрылымдау;

  • ҚР ҰБ-не кеңестік көмек көрсету;

  • Қаржы министрлігіне коммерциялық банктерге көмек көрсету саналды.

ФинСАК бағдарламасы бойынша 1996 жылы 22,6 млн доллар түскен.

Келесі жерде әлеуметтік бағдарламалар қолға алынды. Қырғыз Республикасы Үкіметі кедейлікті жоюмен байланысты бірнеше бағдарламалар қабылдады. Олар төмендегідей:

«Манас»-денсаулық сақтауды қайта қалыптастырудың кешенді шаралары.

«Білім»-білім беру саласы.

«Ализат»-тендерлік бағдарлама.

«Ардагер»-қарт адамдарға әлеуметтік қорғау көрсету бағдарамасы.

«Аракет»-1998 жылы қабылданған кедейлікті жеңу бағдарламасы.

«Эмгек»-«1999-2000 жылдары және 2005 жылға дейінгі Қырғыз Республикасындағы халықты еңбекпен қамту және еңбек нарығы» атты ұлттық бағдарлама.

ТМД елдерінің ішіндегі Қырғызстанның басты сауда әріптестері болып Ресей, Қазақстан саналды. Ал, ТМД құрамына кірмейтін мемлекеттер ішінен басты сауда әріптестері болып АҚШ, Турция, Қытай мемлекеттері болды.

1998жылы сом курсы АҚШ долларына шаққанда бірден төмендеді, бұған Оңтүстік Шығыс Азия мен Ресейдегі қаржы тоқырауы да септігін тигізді. Нәтижесінде импортталатын тауарлардың бағалары бірден өсіп, іскерлік белсенділік төмендеп, өндіріс бәсеңдеп, сом құны едәуір құлдырады.

Қорыта келе түйіндейтін пікіріміз Қырғыз Республикасы нарық қатынасына көшу процесстерінің алғашқы да, кейінгі де кезеңдерін қиыншылықпен өткерді.

Қырғызстан Республикасының макроэкономикалық

көрсеткіштері


Халық саны

4,9млн

Еңбекпен қамтитын халық саны

(бір жылғы орта есеппен)



1,8 млн адам 1

Жұммыссыздық деңгейі

3,1

Жалпы ішкі өнім

99,5

Өнеркәсіптік өнім көлемі

87,0

Біріккен бюджет табыстары 2

10,3(млр ұлт.вал.)

Біріккен бюджет шығыстары3

11,3(млр ұлт.вал.)

Экономика саласындағы еңбекпен қамтылғандар саны

1,8 млн адам

Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер Қырғыз елінің бүгінгі таңдағы экономикалық жағдайына, халықьың әл-ауқатына көз жүгіртіп, белгілі мөлшерде талдау жасауға мүмкіндік береді.


Өзбекстан Республикасының қаржы – экономикалық жағдайына қысқаша сипаттама
1991 жылдың 31 тамызында Ташкент қаласында Өзбекстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігі жария етілді. Өзге де Кеңес Үкіметінің құрамындағы ыдыраған өз алдында егемендік алған мемлекеттер сияқты Өэбекстан Республикасы ашық демократиялық мемлекет құру долында біраз қиыншылықтарға кезікті.

Дегенмен, Өзбекстан дамыған елдер тәжірибесін қайталамастан, өз азаматтарына сапалы өмір қамтамасыз ету жолында тырысып келеді.

Тәуелсіздік жылдары бойы Өзбекстанда экономикалық реформалар үздіксіз жүргізілуде Кеңес Үкіметі құрамынан қалған елдердің ішінде тек Өзбекстан ғана 90-шы жылдары өнеркәсіп өндірісін айтарлықтай шамада игере алды.

Индустрияның негізгі салалары-газ, мұнай, энегетика,әуе, жеңіл өнеркәсіп және машина жасау түрлері сақталып қана қоймай, әрі дами түсуде. Республика толығымен энергетикалық және астық тәуелсіздігін қамтамасыз етуде.

Экономикалық салада инвестицияларды тарту арқылы ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру мемлекет жүргізіліп жатқан басты сипаттарының бірі. Минералды шикізат пен энергетика ресурстарының табыстары,сондай-ақ шетелдік инвестициялар да Өзбекстан экономикасына үлкен септігін тигізуде, олардың жалпы салымы АҚШ-тың 10 млрд долларынан асып түсуде.

Жалпы Өзбекстан жері Минералды шикізатың шамамен 100-ге жуық түріне ие. Пайдалы қазбалар алтын, уран, күміс, вольфрам, цинк сияқты қорлар өз пайдаларын беруде. Республика территориясының үлкен бөлігі табиғи газ бен мұнай өндіру үшін қолайлы. Тәуелсіз жылдар бойы мұнай өндіру мен газ конденсатын өндіру 3 млн тоннадан 8 млн тоннаға көтерілді. Жылына 4 млн тоннаға дейін мақта экспортеры болып әлемдік нарықтағы ірі өндірушілер қатарына қосылуда.

ТМД елдерінің ішінде Өзбекстан жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіруден алдыңғы қатарда келеді. Меншікке байланысты қайта құрулар-экономикадағы реформалаудың басты мәселелерінің бірі. Мемлекет тарапынан жеке бизнесті дамытуға қолдау көрсету, кәсіпкерлікке еркіндік беру қарастырылған.

Бүгінде Өзбекстан табиғи ресурстарға бай, көне мәдениеті бар жас егемен мемлекет ретінде әлемдегі қызығушылықты тудырып жатыр. Республиканың егемендік мәртебесін 165-тен астам мемлекет мойындап отыр, әлемнің 100-ден астам елімен дипломатиялық қатынастар бекітілді. Ташкентте 50-ден астам елшіліктер мен халықаралық ұйымдар өкілеттіліктері ашылған. Өзбекстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымының теңқұқылы мүшесі болды. Төмендегі макроэкономикалық көрсеткіштер Өзбекстан экономикасына жалпы қысқаша шолу жасауға мүмкіндік береді.



Өзбекстан Республикасының макроэкономикалық

көрсеткіштері (2002ж)


Халық саны

25,1млн адам

Еңбекпен қамтылған халық саны

(бір жылға орта есеппен)



9,3 млн адам

Жұмыссыздық деңгейі

0,5

Жалпы ішкі өнім

103,1

Өнеркәсіптік өнім көлемі

108,0

Экономика саласындағы еңбекпен қамтылғандар саны

9,0 млн адам

Ақпарат көзі:





Тәжікстан Республикасының нарық экономикасы

жағдайындағы қаржы жүйесі.

Тәжікстан мемлекеттік тәуелсіздік алған сәттен абстап-ақ нарық экономикасын қалыптастыру үшін қажетті құқықтық база құра бастады.

Республиканың экономикалық саясаты-тауар өндірушілердің шаруашылық дербестігін дамыту, экономиканы дамыту, нарықтық және мемлекеттік ретеушілерді қатарымен үйлестіре отырып анықтау сияқты бағыттарды қолдау болды.

Нарықтық экономикаға көшу кезінде қаржылық қайта қалыптасу саласында алғашқы негізгі құжат болған Тәжікстан Республикасы Президентінің «Нарықтық қатыгастар және экономикалық қайта қалыптасуды тереңдету бойынша алғашқы кезектегі шаралар туралы» заңы.

90-шы жылдардың алғашқа жартысы республика экономикасы үшін қаржылық жағдайдың ойсырауымен сипатталады,оған себеп: қолма*қол ақша мен қолма-қолсыз ақша айналымының арасындағы айтарлықтай айырмашылық, ТМД елдерімен төлем жасай алмау, және де ең басты мемлекеттік бюджет тапшылығы.

Бұл өз кезегінде республиканың сырқы қарызын ұлғайта түсті. Осылайша, тығырықтан шығу мақсатында 1995 жылдың 10 мамырында ұлттық валюта-сомони енгізілді.

Ұлттық валюны енгізу алыс жаұын шетелдермен экономикалық бірлемуге келісім жасау т.б. шаралар экономика, қаржы, бюджет, жалпы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтана бастауына қадам жасауға мүмкіндік береді.

Қаржы ревермасындағы келесі маңызды кезең 2002 жылы қабылданған «Тәжікстан Республикасының мемлекеттік қаржылары туралы» заңы болды, сондай-ақ шығындарды ортамерзімді жоспарлау бағадарламасы қабылданып, осы бағдарлама негізінде 2008 жылғы мемлекеттік бюджет даярланып бекітілді.

Дегенмен, Тәжікстан сарапшылары бүгінде бір нәрсені мойындап отыр, осы уақытқа дейін қол жеткізген нәтижелер халықтың өмір сүру деңгейін жақсарта түсу үшін жеткіліксіз. Тәжікстан үкіметі әлуметтік саясаттағы негізгі бағытын, назарын кедейшіліктің мәселесін шешуге бағыттап отыр.

Сонымен қатар күрделі мәселені туындатып отырған нәрсенің бірі-инвестициялық капитал тапшылығы. Жеңілдік негізінде сырттан қаражат тарту қажеттілігі туындап отыр.

Салықтық –бюджеттік саясат аясында қаржы реформаларының басты міндеті-2008-2005 жылдарға жоспарланған орта мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыру.

Осыған байланысты, бүгінде қаржы министрлігі төмендегі стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу мен оларды басшылыққа алуды көздеп отыр:



  • ЖІӨкөлемін жыл сайын 5 көтеру;

  • Бюджет табыстарын көлемін ЖІӨ-ге пайызбен алғанда 2006 жылы 18 дейін көтеру.

  • Бюджет тапшылығын біртіндеп жою.

  • Әлеуметтік секттордағы бюджет шығындарын жыл сайын көтеру.

  • Кедейшілікпен күрес бағдарламасын іске асыруға арналағн арнайы ассигнованиялар бөлу.

Осы аталаған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін Тәжікстан Республикасы Салық Кодексіне де біршама толықтырулар мен өзгерулер енгізуде.
2008 жылғы Тәжікстан Республикасы бюджет жүйесінің негізгі көрсеткіштері, мың сомони





1 тоқсан

1 жарты жылдық

9ай

1жыл

1

2

3

4

5

Табыстар













Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

169385,5

36932,3

54918,2

824354,4

Республикалық бюджет

11349,2

243440,3

361687,2

555913,5

Жергілікті бюджет

53626,6

121278,7

191213,1

263284,3

Шығыстар













Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

119506,5

315022,7

500834,0

7723118,1

Республикалық бюджет

67138,7

191182,5

314752,8

505935,9

Жергілікті бюжет

47577,5

108645,4

171058,8

242453,3

Тапшылық(-) Артықшылық (+)













Мемлекеттік бюджет, оның ішінде

49879,0

48909,6

48784,2

52036,3

Республикалық бюджет

47210,5

52257,8

46934,4

49977,6

Жергілікті бюджет

6050,1

12633,3

20154,3

20831,0



Түрікменстан Республикасының экономикалық қаржылық жүйесіне қысқаша шолу

Түрікменстан Республикасы Орта Азия мемлекеттерніңі ішіндегі халық саны шамамен 4,8 млн адамнан тұратын, экономикалық жағдайы өздеріне ғана тән айырықша мемлекет. Ел президенті Э. Рахмонов жасаған баяндамалары мен мәлімдемелерінің негізгі сипаты –мемлекет билігі мен халық мүмкіншіліктеріне сараптама жасау.

Мемлекет газ, мұнай, шикізат т.б. байлықтарын өңделмеген түрде сатудан бас тартып, ел ішінде өңделген соң ғана басқа мемлекет нарықтарына ұсынбақ.

Қазіргі кезде Түрікменстанда шетелдік капиталдың қатысумен біріккен кәсіпорындар жұмыс жасауда. Бірлескен кәсіпорындардағы жұмысшылардың басым көпшілігі шетелдіктер, сондықтан да еңбекпен қамту мәселесіндегі бірден-бер қажет шарт-жергілікті халықты еңбекпен қамтып, ұлттық кадрлар мәртебесін көтеру болып отыр. Осыған орай Э. Рахмонов өз баяндамаларының бірінде аталмыш кәсіпорындардағы жұмысшылардың кем дегенде 30айызы жергілікті халық болуы тиіс деген.

Сонымен қатар еңбек ақы мәселесі де әлі күнге оң шешімін таппаған. Мысалы, бірлескен кәсіпорындардағы түрікмен мамандары мен білікті жұмысшылардың жалақысының көлемі-шамамен 400АҚШ доллары, бірақ та шетелдік жұмыс берушілер ел президентінің еңбек ақыны шетел валютасымен емес ұлттық валюта, яғни- манатпен беру бұйырығына сілтеме жасап, жұмысшыларға ұлттық валютамен еңбек ақы төлейді.

Еңбек ақы есептеу валютаның нақты құнымен емес, ресми құнымен есептелінеді де , жұмысшылар өздеріне тиесілі 400 доллар орына тек шамамен 100 доллар ғана алуларына тура келеді.бірлескен кәсіпорындардағы жұмыс күні12 сағат, тіпті кейде 16 сағатқа созылады.

Бүгінде оппазиция осы мәселені қайта-қайта көтеріп, жергілікті халықты пайдалану мен қорлаудың шегі жетіп, алғашқа жерде халық мүддесі тұруы керектігін айтуда.

Әдебиет 1,4,7,9,10,11,12,15,23
Бақылау сұрақтары

1. Қырғызстанның бюджет жүйесі үшін актульдығы болып не табылады

2. Қырғызстанда негізгі банктік секторы болып қандай құжат табылады

3. Орта Азия елімен байланысы қандай



Ұсынылған әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1.Берстембаева Р.К. Организация государственных финансов в отдельных развитых странах – Алматы., Институт развития Казахстана. 2007 г.

2.Болдырев Б.Г. Финансы капитализма – М,. «Финансы и статистика», 1990 г.

3.Гусейнов Р.М., Горбачева Ю.В., Рябцева В.М. История экономических учений. – М., ООО «Издательский дом ИНФРА - М»,2000 г.

4.ДернбергР.Л. Международное налогообложение. Краткий курс. М.: ЮНИТИ, 1997 г.

5.Ильясов К.К. Мельников В.Д. Финансы. Учебник для экономических специальностей вузов. Алматы, 2007 г.

6.Налоги и налогоогбложение. – Учебное пособие под редакцией Русаковой И.Г., Кашина В.А. – М., «Финансы»6 ЮНИТИ6, 2006 г.

7.Ломакин В.К. Мировая экономика. – М., « Финансы и статистика», 2005 г.

8.Основы налоговой системы. – Учебное пособие под редакцией Черника Д.Г.- М., «Финансы»6 ЮНИТИ, 2005 г.

9.Пушкарева В.М. История финансовой мысли и политики налогов. Менеджмент., Инфра – М,1996 г.

10. Халевинская Е., Крозе И. Мировая экономика. – М., Юристь, 2006 г.

11.Экономическая история зарубежных стран. – Учебное пособие под редакцией Голубовича В.И. – Минск., ИП «Экоперспектива», 2005 г.


Қосымша:

12.Мировая экономика и международные отношения, ежемесячный журнал.

13.Вопросы экономики, ежемесячный журнал.

14.Қаржы-қаражат-Финансы Казахстана, ежемесячный журнал.

15.Вестник КазГУ, Научно-теоретическое издание Казахской Государственной Академии Управления. Алматы, «Экономика».

16.»Панорама», еженедельная газета Республики Казахстан.



18.Азия: экономика и жизнь. Еженедельная газета.





жүктеу 0,91 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау