Мұғалімдерге топтық жұмыстың тиімділігін көрсету мақсатында Топтық жұмыстың мақсатын түсіндірер алдын мұғалімдерге мынадай нұсқаулық беремін: «Егер сіз алдын ала елсіз аралға баратыныңызды білсеңіз, өзіңізбен бірге ең маңызды деген бес зат қана алуыңыз керек» осы жайлы әуелі жеке, сонан соң жұпта, топта талқылайды.
Тыңдаушылардың топтық жұмыстың маңыздылығы туралы бастапқы білімдерін байқау үшін төмендегідей сұрақтар қоя отырып, пікірлерін тыңдаймын.
-Сіз команда түрінде қаншалықты тиімді жұмыс орындадыңыз? -Бір-біріңізге көрсетілген қолдау қаншалықты көп болды?
-Топтық жұмыста қандай түйінді сәттер жақсы өткізілді?
- Қандай түйінді сәттер нашар өткізілді?
-Осыдан қандай сабақ алуға болады?
-Сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді.
Тренинг «Батпақ»
Топ мүшелерін бір-бірімен қатарластыра отырып, аяқтарын скотчпен біріктіреді. Батпақтан өтуге тапсырма беріледі. Топ мүшелері бірлесе отырып, көшбасшының бастауымен батпаққа түспей таза жерлерді басып өтуге тиіс.
-Бұл тапсырма кезінде қиыншылықтар кездесті ме?
-Тапсырманы сәтті орындап шығуға не түрткі болды?
«Асыл сөз» десерті.
1.Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді.
2. Саусақ бірікпей — Ине ілікпейді.
3. Ағайын тату болса, ат көп, Абысын тату болса ас көп
4. Айтулы достың малы бір, кемедегінің жаны бір.
5.Тозған қазды топтанған қарға алады
Формативті бағалау:
|
1.Шеңбер бойынша тұрады
2. Арлы-бері жүреді
3. «Стоп» хабарламасы. Тұрған орнында бастапқы жұптары арқылы шеңбер құрып тұру.
Мұғалімдер өзіне жақын түстерді таңдау арқылы топқа бөлінеді.
Бейнероликті талдау
Мұғалімдер әр топта қандай тапсырма болса да бірлесе жұмыс істеу, әркім өз идеясын айта отырып, топ жұмысына үлес қосса тиімді, ұтымды, нәтижелі шығатынына көз жеткізеді. Топ ережесін жеке жазу және топ ішінен келісе отырып ортақ ережені шығарады.
Мұғалімдер топпен ақылдаса отырып, флипчартқа осы бес заттың суретін салады. Әр топ өздерінің «Елсіз аралға алып баратын бес» заттың неліктен маңызды екендігін дәлелдеуге тырысады. Әр топ кезектесе өз постерін қорғайды.
Мұғалімдер сұрақтарға өз пікірлерін білдіреді.
Топ мүшелері бірлесе отырып, көшбасшының бастауымен батпаққа түспей таза жерлерді басып өтуге тиіс.
Мұғалімдерге суреттер таратылып беріледі сол суреттерге қарап, «Асыл сөздердің» мағынасын ашады.
Тыңдаушылар «басбармақпен» бірлескен және ұжымдық жұмыстың артықшылығын қаншалықты түсінгенін көрсетеді.
|