Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



жүктеу 7,88 Mb.
бет101/126
Дата14.05.2018
өлшемі7,88 Mb.
#12931
түріАнықтамалық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   126

Хатшы-стенографист



Лауазымдық міндеттері. Ұйым немесе оның бөлімшелері басшысының жұмысын қамтамасыз ету және қызмет көрсету бойынша техникалық функцияларды орындайды. Бөлімшелерден немесе орындаушылардан басшыға қажетті ақпараттарды алады, оның тапсырмасы бойынша жұмысшыларды шақырады. Басшының телефон арқылы жүргізілетін келіссөздерін ұйымдастырады, телефонограммаларды қабылдайды және береді, басшы болмаған кезде қабылданған хабарламаларды жазып алады және олардың мазмұнын басшыға жеткізеді. Басшы өткізетін отырыстарды және мәжілістерді дайындау бойынша (қажетті материалдарды, қатысушыларды отырыстардың және мәжілістердің өтетін уақыты, орны, күн тәртібі туралы хабардар етеді, қатысушыларды тіркейді) жұмыстарды жүргізеді, хаттамаларды жүргізеді және ресімдейді. Басшының жұмыс орнын кеңсе құралдарымен, ұйымдастырушылық техника құралдарымен қамтамасыз етеді, басшының тиімді жұмыс істеуіне ықпал ететін жағдайларды жасайды. Басшы даярлайтын бұйрықтарды, өкімдерді, хаттарды және ұйымдық-өкімдік құжаттарды стенографиялайды, одан кейін олардың мағынасын ашады және жазба машинкасында басады немесе ақпараттар банкіне енгізеді. Қабылдау-беру құралдары (телекс, факс, телефакс және т.б.) бойынша ақпараттарды береді және қабылдайды. Шешімдерді дайындау және қабылдау кезінде ақпаратты алу, өңдеу және беруге арналған компьютерлік техниканы пайдалана отырып түрлі операцияларды орындайды. Іс жүргізуді жүзеге асырады, басшының атына келген хат-хабарды қабылдайды, белгіленген тәртіп бойынша оны жүйелейді және басшының қарауынан кейін олардың жұмыс барысында пайдалануы немесе жауап беруі үшін бөлімшелерге немесе нақты орындаушыларға береді. Бақылау-тіркеу картотекасын жүргізеді, бақылауға алынған басшының тапсырмаларын орындау мерзімдерін бақылайды. Басшының қол қоюына құжаттарды қабылдайды. Қарым-қатынас әдебін сақтай отырып, келушілерді қабылдауды ұйымдастырады, жұмысшылардың сұрауларын және ұсыныстарын жедел қарастыруына жәрдемдеседі. Белгіленген номенклатура бойынша істерді қалыптастырады, олардың сақталуын ұйымдастырады және белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсырады. Көбейту техникасында тираждау үшін құжаттарды дайындайды, сондай-ақ ксерокспен құжаттардың көшірмесін жасайды.

Білуге тиіс: іс жүргізу бойынша ережелер, нұсқаулар, басқа басшылық материалдар мен нормативтік құжаттар; ұйымның құрылымы мен басшылық құрамы және бөлімшелері; стенография; машинамен басу; орфография мен пунктуация ережелері; түрлі құжаттарды басу кезінде материалдың орналасу тәртібі; үлгі нысандарды пайдалана отырып іскерлік хаттарды басу ережесі; жазба машиналары, диктофондар, үнтаспаларды және қолданылатын басқа техникалық құралдарды пайдалану ережелері; қабылдау-сөйлесу құрылғыларын пайдалану ережелері; ұйымдық-өкімдік құжаттаманың бірізділенген жүйесінің стандарттары; этика мен эстетика негіздері, іскерлік қарым-қатынас негіздері; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.


Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.



Статистик

Лауазымдық міндеттері. Ресми органдар белгілеген нысандар және мерзімдер бойынша ұйымның кезеңдік статистикалық есептілігін және бір жолғы есептерін даярлау бойынша жұмыстарды орындайды. Алғашқы құжаттардың, сондай-ақ ұйым бөлімшелері берген мәліметтердің, есептердің негізінде жүйелі түрде жоспарлы тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттарды, персоналдың, технологиялық жабдықтың, көліктің және басқалардың сапалық сипаттары бар мәліметтерді жинақтайды. Алынған ақпараттардың дұрыстығын тексеруді, олардың жеке бөлімшелер бойынша алдыңғы кезеңдерде тапсырылған ақпараттармен салыстырылуын жүзеге асырады. Сандық ақпараттарды жүйелейді және өңдейді (оларды топтауды жүзеге асырады, нәтижелерді есептейді, салыстырмалы көрсеткіштерді есептейді). Ұйымның өндірістік және шаруашылық-қаржылық қызметін талдау бойынша жұмысқа қатысады. Статистикалық есеп мәліметтерінің негізінде түрлі анықтамаларды даярлайды. Жұмыста заманауи техникалық құралдарды пайдалану бойынша қажетті шараларды жүзеге асырады.


Білуге тиіс: Қазақстан Республикасында статистикалық есепті ұйымдастыруға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері; экономикалық статистика; ұйымның және оның бөлімшелерінің жұмыс көрсеткіштерін техникалық-экономикалық талдау әдістері; статистикалық есеп және есеп жүргізу бойынша алғашқы құжаттардың нысандары, оларды толтыру бойынша ережелер және нұсқаулықтар; еңбекті және өндірісті ұйымдастыру негіздері; техникалық құралдарды пайдалану ережелері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білім және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білім мен мамандық бойынша 1 жылдан кем емес жұмыс стажы болуы тиіс.




Стенографист

Лауазымдық міндеттері. Баяндамалардың, дәрістердің, конференцияда, семинарларда және т.б. сөз сөйлеулердің, отырыс пен мәжілістің хаттамаларын (хабарлама, ұсыныстар және шешімдер) стенографиялық жазбасын жүргізеді. Ұйым басшыларының және мамандардың айтып жаздырумен іскер хаттардың мәтінін, бұйрықтарды, қорытындыларды, нұсқаулықтарды, баяндама жазбаларын және телефон арқылы берілетін мәліметтерді басқа да қызметтік құжаттарды стенографиялайды, сонымен қатар үн жазба тасығышысынан (диктофон және үн жазба қолданумен) сөз жазады. Стенографиялық жазбаларды түсіндіреді, оларды жазатын машиналарда басады немесе машинка басушыға айтып жаздырады немесе деректер банкіне ақпараттарды кіргізеді.


Білуге тиіс: стенография; орфография мен тыныс белгілері ережесі; әр-түрлі құжаттарды басу кезінде материалдарды орналастыру тәртібі; жазба машинкасын, компьютерді, диктофонды және үн жазбасын пайдалану ережесі; еңбекті ұйымдастыру негіздері; есептеу техникасын пайдалану ережесі; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің ережесі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санаттағы стенографист: негізгі орта білім және жұмыс стажына талап қойылмайды, минутына 110 сөзден кем емес жылдамдықпен стенографиялауды көздейтін белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс.



ІІ санаттағы стенографист: негізгі орта білім және жұмыс стажына талап қойылмайды, минутына 85-90 сөзден кем емес жылдамдықпен стенографиялауды көздейтін белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындығы болуы тиіс.



жүктеу 7,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау