Лауазымдық міндеттері. Ойын бизнесінің қолданылып жүрген ережелері мен қағидаларына сәйкес құмар ойындарын жүргізу процесін жүзеге асырады (америка рулеткасы, Блэк Джек, кариб покері, Баккара, француз рулеткасы және басқалары). Ойын операцияларын клиенттердің тиімділігі, қауіпсіздігі және оларға қызмет көрсету стандарттарына сәйкес жүргізеді. Құмар ойындарының ережелерін, сондай-ақ қолданылатын халықаралық терминдердің мағынасын түсіндіреді, ойынды басқарады. Ойыншыларға ойын карточкаларын (жетондарды, фишкаларды, карталарды) үлестіру бойынша (алғашқы және бұдан былайғы) тиісті іс-әрекеттерді орындайды, рулетканы басқарады, құмар ойынының барысын және ережелерінің сақталуын қадағалайды. Ең төменгі және ең жоғарғы ставкалар мөлшерін бақылайды, ставкаларды қабылдайды немесе қабылдамайды, ставкалар бойынша ақша сомаларын қабылдайды. Рәсімдік ережелерге сәйкес ставкаларды жариялайды және олардың дұрыс орналастырылуын қамтамасыз етеді, ставкалар мен ұтыстардың сомаларын санайды, ставкаларды таңбалауды жүзеге асырады, тиісті жазбаларды жүргізеді. Ұтқан нөмірлерді, ұтыс ставкаларының сомаларын жариялайды, ұтылған ставкалар бойынша ойын карточкаларын жинап алады. Ақша мен ойын карточкаларын (жетондарды, фишкаларды, карталарды) айырбастайды, төлем сомаларын тексереді, құмар ойынының нәтижелерін (ұтыстарды, ұтылыстарды) санап, есебін шығарады. Құмар ойынының ережелері бұзылған, ерекше жағдайлар немесе даулы жағдайлар, оның ішінде күмәнді сипаттағы оқиғалар туындаған кезде құмар ойны процесін бақылайтын қызметкерден қажетті көмек сұрайды. Жұмысында ұқыптылықты сақтай отырып, өзін клиенттермен қалай ұстау, құмар ойынды жүргізу барысында өзін ізетпен және әдепті мәнерде ұстау жөніндегі белгіленген ережелерді сақтайды. Ойын орнының тиімді жұмысының және клиенттерге қызмет көрсетуінің жоғары стандарттарына жетуге жәрдемдеседі. Ойын бизнесінің қолданыстағы ережелерін орындау және олардың сақталуын бақылау жөнінде шаралар қолданады.Ойын үстелін таза ұстауды және оны ұстау үшін белгіленген ережелердің сақталуын қадағалайды.
Білуге тиіс: ойын орындарының жұмысына қатысты нормативтік құқықтық актілер, ережелер, нұсқаулықтар, басқа да басшылыққа алатын құжаттар; ойын бизнесінің негіздері; солардың негізінде ойын бизнесі жұмыс істейтін және бақыланатын жүйелер мен әдістер; құмар ойындардың мазмұнын және оларды жүргізу ережелері; құмар ойындарды жүргізу барысында пайдаланылатын халықаралық терминдер; ойын үстелі басында жүргізілетін мәмілелердің түрлері және жүргізу ережелері; ставкалар мөлшерін белгілеу тәртібі; ставкаларды қабылдау; ақшаны ойын карточкаларына (жетондарға, фишкаларға) айырбастау және ұтыстарды төлеу ережесі, тәртібі және тәсілдері; ойын операцияларын орындаудың қолданылып жүрген ережелері; ойын орнындағы қызметкерлер тәртібінің кодексі; ойын орындарындағы қызметкерлердің сыртқы түр-әлпетіне қойылатын талаптар; ойын бизнесінің қауіпсіздік және тиімділік негіздері; ойын бизнесін ұйымдастырудың және құмар ойындарды жүргізудің отандық және шетелдік тәжірибесі; өзін-өзі ұстау және іскерлік қарым-қатынас этикасы; ойын орнындағы жабдықтардың, мүкаммалдың құрылысы және түрлері; жылдам санау тәсілдері; белгіленген құжаттаманы ресімдеу тәртібі; экономика және бухгалтердік есеп негіздері; Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; ойын орнының ішкі еңбек тәртібінің ережелері; ойын орнының жұмыс тәртібі; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және белгіленген бағдарлама бойынша (104 сағаттан 512 сағатқа дейін оқытатын) арнайы дайындық болуы тиіс және жұмыс стажына талап қойылмайды.
Машинист
Лауазымдық міндеттері. Қолжазбалардың, машина жазатын және баспа түп-нұсқасының (алынған көшірме материалы үшін матрицаны дайындауды қоса алғанда) әртүрлі жүйедегі жазу машиналарының немесе дербес компьютердің машинада жазу жұмыстарын орындайды. Магнитті тасушыларда (диктафондарды, магнитофондарды пайдаланумен) жасалған жазбаларды жазу машинасында (компьютерде) жаңғыртады, немесе ауызша айтқанды басады. Жазба машинасының (компьютердің) жағдайын бақылайды, оның дұрыс күтілуін және сақталуын қамтамасыз етеді.
Білуге тиіс: машинкамен басу, орфография мен пунктуация ережелері; ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттаманың бірыңғай жүйесінің стандарттары; әртүрлі құжаттарды басу кезінде материалдардың орналасу тәртібі; типтік нысандарды пайдаланумен іскерлік хаттарды басу ережелері; жазу машиналарын, диктафонды, магнитофонды, компьютерді пайдалану ережелері; еңбекті ұйымдастыру негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Біліктілікке қойылатын талаптар.
I санатты машинист: Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы, минутына 200-ден артық басу жылдамдығы болуы тиіс. II санатты машинист: Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды немесе жалпы орта білімі және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық болуы, минутына 200-ге дейін басу жылдамдығы болуы тиіс.
Мерчендайзер
Лауазымдық міндеттері. Дүкендегі тауардың сатылу әдісін анықтайды. Бөлшектеп сату дүкендерінде сатылатын тауарлардың жиынтығын, тауарларды қою тәсілін анықтайды, оларды бағамен, жарнамалық материалдармен қамтамасыз етеді. Сауда нүктелерінің әрдайым тауардың толық ассортиментіне ие болуын, сауда залдарын, арнайы мұздату орындарын, стеллаждарды, жылытатын витриналарды және т.б. ұйымдастыру; залдағы жабдықтарды, сауда залының дауыстық атмосферасын, қабырғалар бояуын, жарықталуын орналастыру; кәсіпорын ішінде шағын сауда нүктелері, әдетте ең қымбат және сапалы тауарлармен құрылуын қоса алғанда арнайы рәсімделуін қадағалайды. Ұйымды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сату, өнім сапасын бақылау, шикізатты, материалдарды, отынды, жабдықты және дайын өнімдерді тасу мен сақтау бойынша стандарттарды әзірлеу мен ендіруге қатысады. Тауарлы-материалдық құндылықтар түсімі мен сатылуының жедел есебін жүргізеді. Тауарлы-материалдық құндылықтарды сақтау ережелерінің бұзылмауын бақылауды жүзеге асырады.
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу мен өнімді сатуға қатысты заңнамалары мен өзге де нормативтік құқықтық актілер; тауарларды орналастыру ережелері; тауарлы-материалдық құндылықтардың, олардың негізгі қасиеттерінің және сапалы сипаттамаларының техникалық шарттары мен стандарттары; есептік құжаттардың нысандары мен есептілікті құрастыру тәртібі; тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау мен сақтау жағдайлары; қолданыстағы бағалар мен прейскуранттар; өндірістің негізгі технологиялық үдерісі; шығарылатын өнімнің номенклатурасы мен ассортименті; экономика, маркетинг, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негіздері; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелері; өрт қауіпсіздігінің талаптары.
Достарыңызбен бөлісу: |