|
Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлеріҚол сүйектері, жауырын, бұғана, құрылысы
|
бет | 3/40 | Дата | 19.04.2023 | өлшемі | 262,69 Kb. | | #42223 | түрі | Құрамы |
| лд экзамен (копия)Қол сүйектері, жауырын, бұғана, құрылысы.
Қол сүйектері негізінен еркін қозғалмайтын немесе иық белдеуі (бұғана мен жауырын), еркін қозғалатын немесе қолдың өз сүйектерінен тоқпан жілік, білек және қол басынан тұрады. Бұғана - ұзына бойы иіліп келген сүйек. Оның денесі және екі басы болады. Ішкі басы төстің тұтқасына, сыртқы басы жауырынның иық (акромион) өсіндісіне жалғаса, көлденең орналасады. Төменгі беті бұдырлы келеді. Жауырын - жалпақ, үш бұрышты сүйек. Көкірек клеткасының арт жағында, жоғарғы қабырғалар тұсында орналасқан. Жауырынның үш (жоғарғы, ішкі және сырткы) жиегі, үш (төменгі, ішкі, сыртқы) бұрышы және екі (ішкі және сыртқы) беті болады. Жауырынның қабырғаларға қараған беті аздап ойыс келеді. Оны жауырынасты ойысы дейді. Сырт жақ бетінде жауырын жалы жатады. Тоқпан жілік - іші куыс жілік сүйектер қатарына жатады. Оның денесі — диафизі, жұмыр, жоғарғы және төменгі бастарын эпифиздері деп атайды. Денесі сүйектің ортасында орналаскан, оның жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі
. Қолдың еркін қозғалатын бөлігінің сүйектері, құрылысы
Қолдың еркін қозғалатын қаңқасына тоқпан жілік, шыбық және шынтақ сүйектері, қолбасы сүйектері жатады.
Қары бөлігі. Тоқпан жілік – іші қуыс, ұзын жілік сүйегі жіліктің ортаңғы бөлігі денесі немесе диафиз, проксимальды және дистальды бастары болады. Жіліктің жоғарғы бөлігі жұмыр, төменгі бөлігі үш қырлы. Проксимальды эпифизі торша шар тәрізді жұмыр. Оны жіліктің басы деп атайды. Жіліктің басындағы үлкен және кіші төмпешіктердің алдыңғы жағында анатомиялық мойны болады. Бұл төмпешіктердің әрқайсысынан төмен қарай үлкенқыр және кішкене қыр созылып шығады. Екі төмпешіктердің ортасына төмпешік аралық теріге орналасады. Сүйектің эпифизінен диафизіне өтетін жіңішкелеу жері хирургиялық мойны деп аталады.
Тоқпан жіліктің төменгі ұшы жалпайыңқырап имектеу келген айдаршаға айналады. Оның ортасында шынтақ сүйегі шығыр тәрізді буын беті болады. Оның үстінде тән ойығы, ал артында үлкен шынтақ ойығы орналасады.
Шар тәрізді буын беттің үстінде шыбық ойығы жатады. Сонымен бірге дистальды басында ортаңғы және сыртқы айдаршаүсті төмпешіктері болады.
Білек сүйектеріне шынтақ пен шыбық сүйектері жатады. Шыбық сүйектің жоғарғы басы цилиндр тәрізді. Ол тоқпан жіліктің буын бетімен буын ойығы арқылы беттескен. Шеңбер тәрізді буын беті шынтақ сүйегімен буындасады.
Бастан сәл төмен жілік мойны болады. Төменгі ұшы жалпақ шынтақ сүйекпен буындасатын ойығы, ал сырт жағында біз тәрізді өсіндісі болады.
Шынтақ сүйектің басында жарты ай секілді үлкен шығыр ойығы болады. Ол тоқпан жіліктің шығыр тәрізді буын бетімен буындасады. Ойықтың жоғарғы жағы шынтақ өсіндісі, ал төменгі жағы тәж өсіндісі деп аталады. Сүйектің униталды басы жұмыр болып келеді. Оның шыбық сүйекпен байланысқан жері шеңберлі буын бетінен, ал ортаңғы бөлігі біз тәрізді өсіндіден тұрады.
Қолбасының сүйектері үш бөлімнен білезік сүйектері, алақан сүйектері және саусақ сүйектерінен тұрады.
Білезік сүйектері екі қатар болып орналасқан қысқа кемікті сегіз сүйектен құралады. Бірінші қатарда қайың тәрізді, жарты ай тәрізді, үш қырлы, бұршақ тәрізді сүйектерден құралады. Екінші қатарда трапеция сүйек, трапеция тәрізді сүйек, томпақ және иілген тәрізді сүйектер болады.
Алақан сүйектері түтік тәрізді бес сүйектен құралады. Олардың денесі, негізі және басы болады. Саусақ сүйектері басбармақтан басқа үш бақайшақтан,ал басбармақ екі бақайшақтан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|