Бас қаңқасы, дамуы, жасқа байланысты ерекшеліктері.
Бас сүйек(cranіum) — адам мен омыртқалы жануарлар басының қаңқасы. Онда ми, көру, есту органдары, ас қорыту және тыныс алу органдарының сыртқы мүшелері орналасады. Барлық омыртқалыларда Бас сүйек екі бөліктен тұрады: ми сауыты және бет бөлігі. Ми сауыты — маңдай сүйек, жұп тас төбе, самай сүйектері мен шүйде сүйегінің (қарақұстың) бір жартысынан құралады да, күмбез сияқты, миды жауып тұрады, ал, мидың астында шүйде сүйегінің екінші жартысы, сына тәрізді сүйектер жатады. Мидың астыңғы бөлігіндегі үлкен шүйде тесігі арқылы жұлын өтеді. Қарақұс осы тесіктің екі жағындағы өсінділер арқылы буындасып, бас қаңқасын омыртқамен байланыстырады. Ал Бас сүйектің бет бөлігінде жақ сүйектер, бет, таңдай, тіл асты сүйектері, мұрын, көз шұңқыры және ауыз қуыстары болады. Сөйтіп, адамның бас қаңқасы 23 сүйектен тұрады. Басқа сүйектер сияқты оларда қан тамырлар, жүйке талшықтары өтетін саңылаулар және бұлшық еттер бекитін бұдырлар, төмпешіктер болады. Бас сүйек шеміршек және жамылғы сүйек түрінде ұрықтың 2 айлығында пайда бола бастайды. Жаңа туған нәрестеде Бас сүйектің жіктері әлі сүйектенбеген, былқылдақ күйде болады. Төбе сүйектерінің аралығындағы осындай жікті “еңбек” деп атайды. Оның бекуі 1,5 жаста, ал жалпы Бас сүйектің өсуі 23 — 25 жаста аяқталады. Бас сүйек ми сауытының өлшемдеріне байланысты қысқа — брахикранды, орташа — мезокранды, ұзын — долихокранды болып бөлінеді. Осыған орай, ғылымда ми сауыты неғұрлым ұзын болса, соғұрлым адам ақылды келеді деген бұрыс пікір болғаны да мәлім. Бірақ ғылым Бас сүйектің пішінінің әр алуандығы нәсілдердің айырмашылықтарын емес, қайта олардың ұқсастығын, бір тектен шыққанын дәлелдеді деп тұжырымдайды. Барлық нәсілдерде бастың шеңбері 53 см-ден 61 см-ге дейін өзгеріп отырады. Бас сүйек жақсы сақталатын болғандықтан, антропогендік зерттеулерде бұрын өмір сүрген адамдардың дене тұрқын анықтау үшін қолданылады. Әр түрлі сырқаттардың патологиялық асқынуына байланысты Бас сүйек түрліше өзгеріп отырады. Өлген адамның Бас сүйекгі де қабірде жатып өзгеріске ұшырайды. Бас сүйекті қолдан да өзгертуге болады. Мысалы, бесікте, құндақта үнемі шалқасынан жатқызған нәрестенің қарақұсы жалпайып кетеді. Жастайынан баланың маңдайы мен қарақұсын орамалмен айналдыра қыса байлап өсірсе, төбесі шошақ болып қалыптасады. Кей жағдайда, маңдай мен қарақұсқа тақтай немесе құм салынған дорба байлап та Бас сүйектің пішінін өзгертуге болады. Кейбір халықтар баланы жас кезінен төбесін жалпақ етіп өсіреді. Егер тақия, бөрікті үнемі тастамай кисе де, Бас сүйек пішіні өзгеріске ұшырайды. Бас пішінін әдейі өзгерту дәстүрі ерте заманда Азия, Еуропа, Америка тұрғындарының арасында болған, кейбір халықтарда қазірде де бар. Ғұндар, сарматтар, т.б. көшпелі тайпалар бас пішінін қолдан өзгерткен. Мұндай салт б.з.б. 3—1 ғасырларда қазақ жерінде де орын алған.
Бас қаңқасы ми сауытының сүйектері, құрылысы.
Бассүйек - ми сауыты мен бет бөлімдеріне бөлінеді. Ми сауыты бөлімі бірімен-бірі берік (қозғалмай) байланысқан маңдай (1), төбе (9), самай (8), шуйде (7) және т. б. сүйектерден құралған . Жаңа туған нәрестенің маңдай бөлімінде бүлкілдеп тұратын жұмсақ жері - еңбегі (родничок) болатынын байқаған шығарсыңдар . Пішіні ромбы тәрізді, тынысалу қозғалысының өсерінен бұлкілдейді. Ми сауыты бөліміндегі сүйектер бірден қатаймай, бірнеше даму сатысынан өтеді. Алдымен жұқа жарғақты, содан соң шеміршекті болып, ең соңында сүйекке айналады. Нәрестенің маңдай тұсы жарғақты, мұндай жерлер самайдың тұсында да болады. Бала 2 жасқа келгенде сүйектері қатая бастайды. Ми сауытының шүйде сүйегінде жұлын мен миды жалғастырып тұратын үлкен шүйде тесігі болады. Адам бассүйегінің ми сауыты бөлімінің көлемі жануарлармен салыстырғанда үлкен. Бет бөліміне - үстіңгі және астыңғы жақсүйектері, бет, мұрын, таңдай және т. б. сүйектері жатады. Астыңғы жақсүйегі самай сүйегімен шықшыт буыны аркылы байланысқан Кейбір бассүйек бөлімдерінде (маңдай, үстіңгі жақсүйек және т. б.) ауа болатын қуыстар бар. Ол сүйектердің жеңіл болуын қамтамасыз етеді
Достарыңызбен бөлісу: |