|
Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлеріЖұтқыншақ, өңеш, құрылысы, қызметі
|
бет | 14/40 | Дата | 19.04.2023 | өлшемі | 262,69 Kb. | | #42223 | түрі | Құрамы |
| лд экзамен (копия)Жұтқыншақ, өңеш, құрылысы, қызметі.
Жұтқыншақ (глотка).Жұтқыншақ мойын омыртқаларының алдыңғы жағында орналасқан. Ол ауыз қуысын өңешпен, мұрын қуысын көмекеймен жалғастырып, мұрын тұсынан бас сүйегінің негізінен басталады да, ІҮ мойын омыртқасының тұсында өңешке жалғасады. Жұтқыншақ пен омыртқа жотасының аралығында болбыр, дәнекер тканьге толы кеңістік болады. Ол жұтқыншақ пен өңештің тағам жұтқан кезде кеңеюіне жағдай жасайды.
Жұтқыншақтың қабырғасында көлденең жолақты ет тканінен тұратын жоғарғы, ортаңғы және төменгі деп аталатын үш қысқыш (констрикторлары) болады. Осы ет қысқыштарының өзара кезектесіп жиырылуы нәтижесінде жұтыну процесі жүреді.
Жұтқыншақ мұрын, ауыз және көмекей қуыстарымен шектеліп жатуына байланысты мұрын, ауыз және көмекей бөлімдері деп аталатын үш бөлімге бөлінеді.
Жұтқыншақтың мұрын бөлігі -жұтқыншақтың жоғарғы, мұрын қуысына тұтас келген күрделі құрылысты бөлігі. Ол хоана тесіктері арқылы мұрын қуысымен байланысып, ауыз қуысынан жұмсақ таңдай мен тілше арқылы бөлініп тұрады. Бұл бөлігінің екі бүйірінде ортаңғы құлақпен байланыстырып жатқан екі (евстахиев) түтігінің тесігі болады.
Жұтқыншақтың ауыз бөлігі – жұтқыншақтың орта бөлігі, ол көмей тесігі арқылы ауыз қуысымен жалғасып тұрады. Оның артқы іргесі мойын омыртқаларына тұстас жатады.
Жұтқыншақтың көмекей бөлігі – жұтқыншақтың төменгі бөлігі, жіңішкеріп барып өңешке жалғасып кетеді. Мұның алдыңғы жағында көмекей тесігі және оның аузын жауып тұрған қақпақшасы жатады.
Жұтқыншақтың кілегей қабырғасында майда лимфатикалық бездер орналасқан. Олар жұтқыншақтың басталар жерін (таңдайды, көмейді, тіл түбірін) қоршай жатып бадамша бездерін түзеді, оны лимфа немесе эпителий қоршауы деп атайды. Бұлардың қорғаныштық маңызы зор, себебі олардың құрамындағы лимфоциттер әр түрлі ауру туғызатын микробтармен, вирустармен күресіп отырады.
Ересек адамдарға қарағанда жас балалардың бадамша бездері ауруға шалдыққыш келеді, олардың қабынып ауруын баспа, қызамық деп атайды.
Жұтқыншақтың ет талшықтарының жиырылу нәтижесіне байланысты жұтыну процесі өтеді. Осы процесс кезінде (тағам жұтқыншақтан өңешке өтер кезде) таңдай мен тілше жиырыла көтеріліп (көлденең жатып) жұтқыншақтың жоғарғы (мұрын) бөлігін жабады. Тілдің жиырылуына байланысты көмекей аузын жауып, тағамның тыныс жолына түспей өңешке қарай бағыт алуына себеп болады.
Өңеш(пищевод). Өңеш жұтқыншақ пен асқазанды жалғастырып тұратын етті түтік. ІҮ мойын омыртқа тұсынан басталып, көмекей мен кеңірдектің артқы жағымен жүріп отырып, көкірек қуысында қолқа тамырларының артымен диафрагмадан өтіп, ХІ көкірек омыртқа тұсында асқазанға жалғасады. Жас нәрестеде өңештің ұзындығы 10-15 см болса, ересек адамда 25 см дейін болады. Өңеш қабырғасы үш қабаттан түзілген. Ішкі жағын астарлап жатқан кілегейлі қабаты эпителийден түзіліп, ұзына бой қыртыстанып жатады. Бұл жағдай тағам өткенде өңештің кеңеюіне, кілегей ылғалдығының бөлініп тұруына, тағамның оңай жылжуына себеп болады. Өңештің ортаңғы ет қабаты жоғарғы бөлімінде көлденең жолақты, ал орта жерінде төмен қарай бірыңғай салалы ет тканінен тұрады. Ет талшықтары көлденең және ұзына бой бағытта жатады. Дәнекер тканнен тұратын сыртқы қабаты оны басқа мүшелермен байланыстырып жатады. Өңеш диафрагмадан соң сір қабатына көшеді.
Өңештің басталар жерінде, орта бөлігінде және төменгі дифрагмадан өтер жерінде тарылып келген жерлері бар. Мұндай тарылу ұрықта біртіндеп пайда болады. Кейде жас балалардың жұтып қойған заттары осы қысыңқы жерде тұрып қалуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|