Ќан жїйесі физиологиясы



жүктеу 6,9 Mb.
бет14/14
Дата14.11.2018
өлшемі6,9 Mb.
#19686
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Вестибулалық аппарат. Ішкі құлақтың сағасы мен жартылай дөңгелек түтіктері вестибулалық аппаратты құрайды. Вестибулалық аппарат дененің жазықтықтағы жағдайын бағдарлауды және тепе-теңдікті сақтауды қамтамасыз етеді.

Ішкі құлақтың жартылай дөңгелек түтіктері бір-біріне үш перпендикуляр бағытта орналасады. Әр түтіктің бір ұшында аздап ампула тәрізді кеңейген бөлік болады. Жарғақты түтіктің осы бөлігінде ескек пішіндес, жартылай мөлдір іркілдек затпен оралып жататын кірпікті ұзын рецепциялық торшалар орын тебеді. Осы құрылым бастың кеңістіктегі жағдайын бағалап отырады. Бастың кеңістіктегі жағдайы, қозғалыс бағыты өзгерсе, немесе айналмалы қозғалыс басталса, эндолимфа осы рецепциялық торшаларды толқытады, қозу тудырады. Осыдан рецепциялық торшалар ми құрылымдарына айналмалы қозғалыс, немесе қимыл бағытының өзгерістері жайлы хабарлар жібереді.

Сағаның қапшықтарында дақ деп аталатын дөңестеу бөлік болады. Осы жерде де сезімтал торшалар орналасады. Бұл торшалар іркілдек зат массасына батып жатады. Осы массаны отолит жарғағы (мембранасы) деп атайды. Отолит жарғағы киіз тәрізді ұйысқпн іркілдек ұлпадан құралады. Оның торының үстінде көптеген алты қырлы өте майда фосфор - көмір қышқылды кальций кристалдары - отолиттер, жатады. Отолит жарғағы басқа ұлпалармен салыстырғанда салмақтырақ келеді, сондықтан ол сезімтал торшалардың кірпікшелерін қысып тұрады.

Сағадағы рецепциялық аппарат қимыл үдегенде не баяулағанда, дененің немесе бастың кеңістіктегі қалпы өзгергенде тітіркенеді. Мұндай жағдайларда отолит мембранасы өз салмағымен торша түктерін не кереді, не басып қысады, не жанына тартады. Түктердің керілу денгейіндегі өзгерістерді рецепциялық торшалар қабылдап, жағдайды орталық жүйке жүйесіне хабарлайды. Сонымен, отолит аппараты түзу бағытты қозғалыстың үдеуінен, не баяулауынан және кеңістіктегі бастың кейпінің өзгерістерінен туындаған тітіркеністерді қабылдап, оларды орталыққа бағыттап отырады.

Вестибулалық аппарат өз қызметін басқа сезім жүйелерімен тығыз байланыста атқарады және жануарлардың қалыпты қимыл әрекеттерін сақтауда маңызды рөл атқарады.

Вестибулалық аппарат қос жақты зақымданса, қимыл-әрекеттер қатты бұзылады, бірақ бірнеше күннен кейін басқа анализаторлар қызметі нәтижесінде бұл ауытқулар теңгеріліп кетуі мүмкін. Бұл құрылым сыңар жақты зақымданса, құстың денесі рецептор зақымданған жаққа қарай қисайып, ол айналмалы қозғалыстар жасайды.



Дәм талдағышы. Дәм сезу анализаторының қызметі арқылы жануар ауыз қуысына түскен азықтың сапасын, сипатын анықтайды. Бұл анализатордың қабылдаушы бөлігін жанаспалы (контактылық) хеморецепторлар түзеді. Олар тіл беткейінде, жұмсақ және қатты таңдайда эпителийлі құрылым - дәм жуашығы түрінде орналасады. Дәм жуашығы пішіні жағынан сопақша, жуа тәрізді болып келеді. Ол сүйеніш және сезімтал торшалардан құралады (24-сурет). Дәм жуашығы кілегей қабық беткейіне кішкентай тесікпен ашылады. Оны дәм саңлауы дейді. Осы саңлау арқылы жушыққа өткен химиялық заттар сезімтал тошаларды тітіркендіреді. Әрбір жуашық құрамында ондаған торшалар жинақталады да, олардан қозу процесі афференттік дәм сезу нерві арқылы орталыққа бағытталады.




24- сурет. Тауық (А) пен қаздың (Б) дәм жуашығы:

1- дәм саңлауы; 2- дәм шұқыршағы; 3- сезімтал торшалар; 4- сүйеніш торшалар; 5- шеткей торшалар.



А

А Б


Құстарда дәм талдағышы басқа жануарлармен салыстырғанда нашар дамыған. Акулада 100 000, адамда 2000 тіл бүртігінің болатыны анықталса, құста тек 24 дәм жуашығы болады. құстарда дәм бүртіктері болмайды.

Жануарлар ащы, тәтті, қышқыл және тұзды дәмді ажыратады. Құстар жөнінде пікір әртүрлі. Бұл аталған талдағыш қызметінің жеткілікті зерттелмеуімен байланысты. Соңғы кезге дейін құс ащы және тәтті дәмді ажырата алмайды деген пікір қалыптасқан болатын. Оған попугайдың хинин қосылған ащы азықты қабылдай беретіні, ал қаздың қантқа реакция бермейтіні негізге алынған. Бірақ бұл жерде құстың азықты қабылдау-қабылдамауы сол азықтың дәмінің оған ұнау не ұнамауымен байланысты екені ескерілмеген.



Соңғы жылдары балапанның тұзға, глицеринге, хининге және қышқылға реакция беретіні дәлелденген. Үй құстарының көбі декстроза, мальтоза, сахарозаға бей-жай қарайтыны, ал ксилозаны ұнатпайтыны анықталған. Тауық пен кептерде суға сезімтал арнаулы рецептор болатыны дәлелденген. Осы баяндалған жайттар құстардың ащы, тәтті, қышқыл және тұзды дәмді ажырататының дәлелі, сондықтан оларды азықтандырғанда жемнің дәмдік сапасына көңіл аударған жөн.

Иіс талдағышы. Иіс анализаторының шеткей бөлімі дорсальды раковина мен мұрын пердесінің кілегейлі қабығында орналасқан. Сезімтал торшалар бокал пішінді болады. Олардың өсінділері иістік нерв түзеді де, мидың иістік жуашығына бағытталады. Осы кезге дейін құстардың иіс анализаторы нашар зерттелген, ол жайлы деректер тапшы. Көптеген ғалымдардың көзқарасы бойынша, құстар үшін азықты тауып қабылдауда, оның сапасын анықтауда иіс талдағышы маңызды рөл атқармайды, себебі ол өте нашар дамыған.

Тері талдағышы. Тері дененің сыртқы жабындысы болып табылады, сондықтан ол арқылы организм қоршаған ортаның әртүрлі әсерлерін қабылдайды. Теріде температураны, жанасуды, қысымды, ауырсынтуды қабылдайтын рецепторлар болады. Осымен байланысты түрлі нәрселер денемен жанасқанда сезім тудырады. Әр сезім нақтылы рецептор әрекетімен байланысты.

Жанасу (тактильдік) сезімталдығын Хербст, Гранди, Пачини, Мейснер денешіктері қамтамасыз етеді. Жанасу сезімталдығы қаурсындар қимылдағанда күшейеді, себебі олардың түбінде Хербст денешіктері орын тебеді (25-сурет).

Температуралық сезімталдық. Сыртқы ортадағы температура ауытқуларын суықты және жылылықты сезінетін терморецепторлар қабылдайды. Суықтықты қабылдайтын рецепторлар терінің беткейіне жақынырақ, ал жылылықты қабылдайтын рецепторлар - тереңірек орналасады. Жылылық немесе салқындық сезімі терінің тітіркенген ауданының мөлшерімен байланысты. Тітіркенген аумақ үлкейген сайын, температуралық түйсік күшейе түседі.




25- сурет. Тері рецепторлары:

А- қапталған, Б- ашық, В –қимыл рецепторлары: а- Гранди денешігі; б-Хербст денешігі; в – Фатер-Пачини денешігі; г- Мейснер денешігі; д- қасаң қабық, е – перикард, ж- көлденең жолақты ет, к- бірыңғай салалы ет рецепторлары; 1- қабықша; 2- білік тармақтары; 3- эпителий; 4- нерв тармақтары; 5- нерв (П.А.Глаголев, В.И.Ипполито ва мағлұматтарынан)




Ауырсыну сезімталдығы. Ауырсыну түйсігінің зор биологиялық және клиникалық маңызы бар. Жануарлар ауырсыну түйсігін тудыратын тітіркендіргіштен сақтанып, қорғаншақтау нәтижесінде өздерін әр түрлі жарақаттан қорғайды.

Ауырсынту әсерін жалаңаш жүйке ұштары қабылдайды. Ауырсыну түйсігі әртүрлі факторлардың (температуралық, механикалық, химиялық, электрлік) әсерінен туындайды. Бұл түйсік басқа рецепторларға әсер ететін тітіркендіргіштердің күші шектен артып кеткен жағдайда да туындайды.



Висцорецепциялық талдағыш рецепторлары ішкі мүшелер мен қан тамырларында орналасады. Олар мамандануына байланысты прессо-, механо-, хемо-, термо- және осморецепторлар болып жіктеледі. Олар ішкі ортаның күйінің шамалы ғана ауытқуларын реакция береді. Висцорецепторлар тітіркенгенде түрлі вегетативтік реакциялар туындайды: тыныс алу, жүрек әрекеті өзгереді, қанның осмостық және гидростикалық қысымдары реттеледі. Висцорецептолардың тітіркенуінен аштық, тоқтық, шөлдеу, сусындау, ауырсыну түйсіктері пайда болады.

Проприорецепциялы талдағыштың рецепторлары бұлшық етте, сіңірде, буында, сүйек қапта орналасады. Проприорецепторларға ет шүйкелері, Гольджи және Пачини денешіктері жатады. Ет шүйкелері бұлшық ет босаңсығанда және керілгенде қозады, ал Гольджи денешігі ол жиырылғанда қозады. Осы проприорецепторлар әрекетінің нәтижесінде дененің жеке бөлімдерінің белсенді және баяу қозғалыстары сезіліп, қимыл – әрекет үйлестіреді.
Бақылау сүрақтары. Анализатор деген не, оның құрылым принципі қандай? 2. Анализаторларға қандай қасиеттер тән? 3. Құстың көру анализаторы жайлы не білесіз, оның қандай ерекшеліктері бар? 4. Есту анализаторы жайлы не білесіз. 5. Вестибулалық анализатор, оның маңызы. 6. Дәм және иіс анализаторы жайлы не білесіз? 7. Терінің талдағыштық қызметі жайлы не білесіз? 8. Висцерорецепциялы анализатордың маңызы. 9. Проприорецепциялы анализатордың маңызы.

Пайдаланылған әдебиеттер


  1. Анатомия и физиология птицы. В кн. «Сельскохозяйственная птица», т.1. М.,1962.

  2. Әлпейісов Ш., Тәжиев Қ.П. Құс өсіру. А., «Бастау», 2001

  3. Бегаилов Е.Б. Ферментативная активность слизистой и содержимого пищеварительного тракта у кур и уток. Канд. Дисс. А., 1974.

  4. Бергнер Х., Кетц Х.А. Научные основы питания сельскохозяйственных животных (пер.с нем.). М., «Колос», 1973.

  5. Георгиевский В.И. Минеральное питание сельскохозяйственной птицы. М., «Колос», 1970.

  6. Киршенблат Я.Д. Общая эндокринология. М., «Высшая школа», 1971.

  7. Несіпбаев Т. Физиология терминдерінің түсіндірме сөздігі. А., «Агроуниверситет», 2004.

  8. Несіпбаев Т. Жануарлар физиологиясы. А., «Ғылым», 2005.

  9. Несіпбаев Т. Адам және жануарлар физиологиясы. А., «Ғылым», 2005.

  10. Селянский В.М. Анатомия и физиология сельскохозяйственной птицы. М., «Колос», 1972.

  11. Таңатаров А.Б., Әлпейісов Ш., Дабжанова С.Т. Құс шаруашылығы. Оқулық. А., «Агроуниверситет», 2005.




жүктеу 6,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау