«Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің



жүктеу 294,9 Kb.
Дата23.05.2018
өлшемі294,9 Kb.
#16751



Әкімдіктің 2009 жылғы

«25» желтоқсандағы

№ 463 қаулысымен

бекітілген




«Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар

және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің

2010-2014 жылдарға арналған

стратегиялық жоспары

Қостанай қаласы, 2009 жыл


Мазмұны
1. «Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы»

мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – басқарма) миссиясы және пайымдау 3-бет


2. Ағымдағы жағдайды талдау 3-5 бет
3. Қызметтің стратегиялық бағыттары,

дамудың стратегиялық мақсаттары

және негізгі мақсатты индикаторлар 6-8 бет
4. Қостанай облысының мемлекеттік

мұрағаттық ісі даму мақсаттарының 8-10 бет

мемлекеттің дамуының стратегиялық

мақсаттарына сәйкестігі


5. Басқарманың функционалдық мүмкіндіктері

және ықтимал қатерлер 10-11 бет


6. Нормативтік құқықтық база 12-бет
7. Бюджеттік бағдарламалар 13-18 бет

1. Басқарманың миссиясы және пайымдау
Миссия – Қазақстан халқының тарихи-деректі мұрасының сақталуын және оның пайдаланылуын қамтамасыз ету, әлеуметтік маңызды мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінің сапасы мен тиімділігін арттыру.
Пайымдау – Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының ақпараттық мүмкіндігін дамытуға, барлық дәрежедегі пайдаланушылардың мұрағаттық қызметке деген мұқтаждығын қанағаттандыруға және барлық дәрежедегі азаматтардың өткенді шолушы ақпаратты алу және пайдалану құқығын сөзсіз іске асыруға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазіргі заманғы құжат айналымын енгізу жөнінде меншіктің барлық нысанындағы ұйымдар мен мекемелерді тексеру жөніндегі жұмысын жетілдіруге белсенді қатысу.
2. Ағымдағы жағдайды талдау
19 мұрағаттық мекемеден (Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты, 5 өңірлік мұрағат пен 13 аудандық мемлекеттік мұрағат) тұратын Қостанай облысы мұрағаттық қызметінің жұмысы ҚР Ұлттық мұрағат қоры (бұдан әрі - ҚР ҰМҚ) құжаттарының сақталуын қамтамасыз етуге және оларды тиімді пайдалануға, меншік нысанына қарамастан облыстың мекемелері мен ұйымдарында құжаттауды ұйымдастыруға, мұрағаттық мекемелердің материалдық-техникалық базасын жаңартуға бағытталған.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарының толықтыру көздеріне ведомстволық және арнайы мұрағаттар да жатады: 2009 жылғы 1 қаңтардағы олардың өңірлік саны 954.

Облыстың мемлекеттік мұрағаттарының 4668 қорында 1415152 сақтау бірлігі бар. Ондағы құжаттар өлкенің әртүрлі кезеңдердегі маңызды оқиғалары туралы, азаматтардың қызметі, тың өлкесінің азаматтары, ең жақсы адамдары туралы көп салалы ақпараттан тұрады.

Басқарма жанында консультациялық-кеңесші орган – Алқа жұмыс істейді, онда облыстың мұрағаттық мекемелерін басқару мәселелері қаралып, мұрағаттық қызметтің алдында тұрған міндеттерді шешу жолдары талқыланады. Ұлттық мұрағат қорын қалыптастыру, құжаттардың құндылығын сараптау ҰМҚ құжаттарының құрамын анықтау және оларды пайдалану сараптау-тексеру және әдістемелік комиссияларымен жүргізіледі.

Мұрағаттық қызмет 2002-2005 және 2006-2009 жылдары облыста мұрағаттық істі дамытудың өңірлік жоспарын іске асыру кезеңінде ерекше мәртебе мен мәнге ие болды. Олардың негізгі іс-шараларын орындау мұрағаттық істі дамытудың басым бағыттарын мақсатты қаржыландыруын жүзеге асыруға, мұрағаттардың материалдық-техникалық жабдығын жақсартуға, заңды тұлғалардың құжат айналымын тексеруге, Қостанай облысы үшін тарихи және мәдени құндылығы бар құжаттарды іздестіруге және иеленуге, жаңа автоматтандырылған мұрағаттық технологияларды әзірлеуге және енгізуге, Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының құрамы мен мазмұнын байытуға жағдай туғызды:

– соңғы үш жыл ішінде 9 миллион теңгеге мұрағаттық жабдық, 6 миллионға компьютерлік және көбейткіш техника сатып алынды;

– 14 мұрағаттық мекемеде өрт дабылдары орнатылды;

– барлық мұрағаттар телефондандырылған және компьютерлендірілген, басқарма мен облыстың аудандық

мұрағаттарында электрондық байланыс жұмыс істейді, Интернетке шығуға мүмкіндік бар, облыс әкімдігінің

электрондық порталында мұрағат саласы жөнінде ақпарат орналастырылған;

– жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтердің көлемі өсуде, мәселен 2005-2008 жылдар аралығында әлеуметтік-құқықтық және тақырыптық сипаттағы 132170 сұраным орындалды; 15 миллионнан артық сомаға ведомстволық мұрағаттардың құжаттарын ғылыми-техникалық өңдеу жөніндегі жұмысы жүргізілді;

– ҰМҚ құжаттарын пайдалану жөніндегі жұмыс айтарлықтай жанданды (2005-2008 жылдар аралығында 5 құжаттар жинағы, 3 анықтамалық, 5 жөнсілтер басылып шығарылды, 11 әдістемелік әзірлеме дайындалды, бұқаралық ақпарат құралдарында 170 жуық мақала жарияланды, 26 телесюжет дайындалды және өткізілді, «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 15 артық мұрағаттық қызметтің басшылары мен мамандары дөңгелек үстелге қатысты, 28 дәріс, 100-ден артық мектеп сабағы жүргізілді, 86 фотоальбом, 56 фотоқұжаттық көрме ресімделді, 6 салалық бюллетень шығарылды);

– облыстың ұйымдары мен мекемелерінде құжаттауды ұйымдастыру және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша өңірлік және аймақтық семинарлар өткізіледі (үш жыл ішінде 62 семинар өткізіліп, онда 1200-ден артық адам қатысты);

Мұрағаттық істің дамуына айтарлықтай ықпал еткен жұмыс түрінің бірі байқауларды ұйымдастыру болды. 2003 және 2006 жылдары Қостанай облысының мекемелерінде, ұйымдарында іс қағаздарының жүргізілуін жақсы жолға қою және ҚР ҰМҚ құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету байқау-конкурстары өткізілді. Оларға 1103 ұйым қатысып, ведомстволық мұрағаттар мен іс қағаздарын жүргізу қызметтерінің 3000-нан астам қызметкерлері семинарлар мен кеңестерде оқытылды.

Келесі 2007 және 2008 жылдары облыстың мемлекеттік мұрағаттық мекемелері үшін байқаулар ұйымдастырылды: құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және құжаттауды ұйымдастыру жөнінде, өткенді шолушы ақпаратты пайдалану және жаңа мұрағаттық технологияларды енгізу жөнінде.

Барлық мұрағаттық мекемелер орталықтандырылған бухгалтериямен облыстық бюджетке қарайды. 2005-2008 жылдардағы қаржыландыру көлемі 329 миллион теңгені құрады: 2005 жылы мұрағатты ұстауға 56 млн. теңге, 2006 жылы – 66 млн. теңге, 2007 жылы – 86 млн. теңге, 2008 жылы – 119,5 млн. теңге, 2009 жылы –143,2 млн. теңге. 2010-2014 жылдары бюджет тиісінше 149,5 млн. теңгені, 182,4 млн. теңгені, 202,7 млн. теңгені, 202,7 млн. теңгені, 202,7 млн. теңгені құрайды.

Өңірдегі мұрағаттық істің қазіргі жағдайына және оның әрі қарай дамуына теріс әсер етеді:

1. Нормативтік-құқықтық базаның жетік болмауы, «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттары туралы» ҚР Заңының заңға тәуелді актілерінің болмауы.

2. Облыстың мұрағаттық ісі саласында біріңғай ақпараттық жүйенің болмауы.

3. Мұрағаттық іс пен іс қағаздарын жүргізу саласында жоғары білікті мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесінің болмауы (соңғы бес жыл ішінде облыстың мемлекеттік мұрағаттық қызметінің мамандары жоғары тұрған ұйымдар деңгейінде оқыту курстарына, семинарларына, практикумдарына шақырылмады).

4. Мұрағаттық аумақтармен және арнайы жабдықтармен жеткілікті қамтамасыз етілмеуі (2009 жылғы 1 қаңтардағы мағлұматтар бойынша мұрағат қорлары мен құжаттардың көбеюіне байланысты 8 мұрағаттық мекемеге мұрағаттық қойма үшін қосымша аумақтар, қалалық мұрағатты салу, 3000 қума метрден кем болмайтын металл стеллаждарын орнату қажет).

5. Ведомстволық мұрағаттардың құжаттарды мемлекеттік сақтауға уақтылы және сапалы тапсырмауы себебінен мұрағаттық қорлардың толық болмауы.

6. Мемлекеттік мұрағаттар сақтайтын құжаттама көлемінің өсуі, оны пайдалану және мұрағаттық қызметтің кадр потенциалы арасындағы сәйкессіздік.

7. Мұрағаттық мекемелердің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің жеткіліксіз болуы, ол қазіргі таңда нормативті қажеттіліктің 75 %-ын құрайды.

8. Қалдықтық қағидасы бойынша қаржыландыру, себебі мұрағаттық қызмет басым салалар қатарына кірмейді.

3. Мұрағаттар және құжаттама басқармасының стратегиялық бағыттары, мақсаттары мен міндеттері


Атауы

Өлш.

бірл.


Көрсеткіштің/

индикатордың қорытынды мәні



Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009

жыл


(жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013

жыл


2014

жыл


1-стратегиялық бағыт. Қостанай облысының мұрағаттық ісінің дамуы мен жетілдірілуі

1-мақсат: Өңірдің мұрағаттық қорының ресурстарына халықтың қол жеткізуін кеңейту

Мақсатты индикатор

Мұрағаттық ақпаратты пайдаланушылардың қанағаттанды-рылған сұранымдарының үлесі
Қазақстан, сондай-ақ жақын және алыс шетелдер азаматтарынан келіп түскен, қанағаттандырылған әлеуметтік-құқықтық сұранымдардың үлесі

%

%


-


86

82


84

84


84

86


84

88


84

88


85

88


85

88


85

1-міндет. Өңірдің мұрағаттық қоры құрамы мен мазмұнының сақталуын қамтамасыз ету, байыту


Мемлекеттік және ведомстволық сақтауда тұрған Ұлттық мұрағат қоры құжаттарының жалпы көлемінде тұрақты (мәңгілік) сақталуын қамтамасыз ететін, нормативті жағдайда тұрған Ұлттық мұрағат қоры мен ведомстволар құжаттарының үлесі

%

100

55

60

70

90

95

96

97

Мұрағаттық қордың жаңа құжаттармен толықтырылу үлесі

%

7

2

3

3

4

5

5

6

Қалпына келтіруді қажет ететін құжаттардың ішінде жаңғыртылған құжаттардың үлесі

%

95

80

85

88

90

92

93

94

2-міндет. Өңірдің мұрағаттық ісінің біріңғай ақпараттық жүйесін құрастыру



Өңірдің мұрағаттық ісі біріңғай ақпараттық жүйесінің «электрондық үкіметке» интеграциялану үлесі


%.

-

10

10

15

15

20

22

25

Цифрлық форматқа көшірілген мұрағаттық қор құжаттарының үлесі


%.

0,005

0,001

0,002

0,002

0,003

0,003

0,003

0,004

Өңір мұрағаттарының қызметін пайдаланушылардың саны


%.

50

15

20

25

30

35

37

40

3-міндет. Сақтауда тұрған ҚР ҰМҚ құжаттары мен жеке құрам бойынша істерін тиімді пайдалану,

өңірдің мұрағаттық мекемелерінің дереккөз базасын дәріптеу




Жинақтарды, анықтамалықтарды, жөнсілтерлерді, әдістемелік құралдарды басып шығару


саны

10

7

6

6

5

5

4

4

БАҚ-тағы жарияланымдардың, дәрістердің, мектеп сабақтарының саны


кол-во

100

81

83

85

90

95

96

98

Заңды тұлғалар үшін ақпараттық хат дайындау


кол-во

40

11

14

20

25

30

33

37

4-міндет. Мұрағат саласы жұмыскерлерінің кәсіпқорлық деңгейін арттыру


Жас мамандардың мұрағаттық іс саласында жұмысқа орналасу деңгейі


жас мамандар саны/ жұмысқа орналастырылғандар саны

10

-

-

-

3

5

4

4

Мұрағат саласындағы біліктілігі арттырылған мамандардың үлесі


%

15

3

3

3

3

3

3

3


4. Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаттық ісі даму мақсаттарының мемлекеттің дамуының стратегиялық мақсаттарына сәйкестігі


Мемлекеттік органның стратегиялық бағыттары мен мақсаттары

Мемлекеттің мемлекеттік органның мақсаттарын іске асыруға бағытталған стратегиялық мақсаттары

Стратегиялық құжаттың, нормативтік-құқықтық актінің атауы


1-стратегиялық бағыт.

Қостанай облысының мұрағаттық ісінің дамуы және жетілдірілуі


Өңірдің мұрағаттық қоры ресурстарына халықтың қол жеткізуін кеңейту



Мұрағаттық істің жүйесін жетілдіру, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, мұрағаттық ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету, Ұлттық мұрағат қорының сақталуын қамтамасыз ету.




Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1153 «Қазақстан Республикасында мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы;

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» - біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 басты бағыттары;

Қостанай облыстық мәслихатының сессиясында 2006 жылғы 17 ақпанда № 287 шешімімен бекітілген «Қостанай облысында 2006-2008 жылдары мұрағат ісін дамыту» өңірлік бағдарламасы.




Аймақтың мұрағаттық мекемелерінің дереккөз базасын дәріптеу

Қазақстан халқының өміріндегі ақпараттық ресурстардың әлеуметтік және экономикалық мәнін жоғарлату


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы;

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1153 «Қазақстан Республикасында мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» қаулысы;

2009 жылғы 12 қаңтарда бекітілген Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасының, Қостанай облысының мемлекеттік мұрағатының ғылыми-баспа, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмысының жоспары;

2009 жылғы 15 қаңтарда бекітілген Өткенді шолушы ақпаратты пайдалану және жаңа мұрағаттық технологияларды енгізу жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары.




5. Басқарманың функционалдық мүмкіндіктері және

ықтимал қатерлер
Басқарманың өңірде мұрағаттық істі дамыту жөніндегі орта мерзімді стратегиясын тиімді іске асыру үшін бірқатар тактикалық міндеттерді шешу қажет:

- мемлекеттік мұрағаттық мекемелердің мемлекетті дамытудағы рөлі мен мәнін күшейту мақсатында нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру;

- мұрағаттық қызметті одан әрі дамыту мәселелері бойынша билік органдарымен тығыз әрекеттесу;

- жоғары білікті кадрларды даярлау және қайта даярлау;

- мұрағаттық мекемелердің жұмысына қазіргі заманғы технологияларды енгізу;

- бекітілген стандарттарға сәйкес көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау жүйесін енгізу;

- ведомстволық мұрағаттардағы құжаттардың сақталуына бақылау жасауды күшейту жөніндегі шаралар;

- Дамудың стратегиялық жоспарын іске асыру барысының уақтылы мониторингін жүргізу.


Ықтимал қатерлер және оларды жою жолдары


Қатерлер

Мазмұны

Қарсы әрекет ету шаралары


Сыртқы


Стратегиялық

Ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда ведомстволық сақтау кезеңінде құжаттарды жоғалту, бүлдіру мүмкіндігі


Ведомстволық сақтау кезеңінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты уақтылы бақылау және үйлестіру. Мемлекеттік органдармен ынтымақтасуды күшейту, деректі раритеттердің иелерімен шарттар жасасу.



Ішкі


Салалық

Ведомстволық бағынысты ұйымдардың құжаттарды сақтау жөніндегі тиімсіз жұмысы

Ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмысын мониторингтеу және бақылау жүйесін енгізу


Білікті кадрлардың ведомстволық бағынысты ұйымдардан кетуі

ҚР ҰМҚ құжаттары мен жеке құрам бойынша құжаттарын қабылдау үшін бос аумақтардың болмауы




Қызметкерлердің мансабын жоғарлату және мотивациялау механизмін құру. Оқыту орталықтарымен кәсіби кадрларды дайындау жөнінде тығыз әрекеттесу
Мұрағат ғимараттарын жаңарту, облыстың мемлекеттік мұрағаттарында сақтауда тұрған құжаттардың құрамын оңтайландыру



6. Нормативтік-құқықтық база
1. «Ұлттық мұрағат қоры мен мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Заңы.

2. «Электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы.

3. Ел Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына Жолдауында жазылған, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы.

4. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы № 735 Жарлығымен бекітілген Қазақстанның 2010 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары.

5. Қазақстан Республика Үкіметінің 2008 жылғы 30 қарашадағы № 1204 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2007-2009 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.

6. Қазақстан Республика Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы № 1153 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамыту бағдарламасы.

7. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 желтоқсандағы № 1203 қаулысымен бекітілген «Мәдени мұра» бағдарламасы.

8. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы № 995 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы.

9. Қостанай облыстық мәслихаты бекіткен (2006 жылғы 17 ақпандағы № 287 шешім), «Қостанай облысында 2006-2008 жылдары мұрағат ісін дамыту» өңірлік бағдарламасы.



Бюджеттік бағдарламалар

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі

«Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарлама

Мұрағаттық істі басқару жөнінде жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер

Сипаттамасы

Мұрағаттар және құжаттама басқармасына жүктелген функцияларды сапалы және уақтылы орындау

Стратегиялық бағыты

Қостанай облысының мұрағаттық ісін дамыту және жетілдіру

Мақсаты

Өңірдің мұрағаттық қорының ресурстарына халықтың қол жеткізуін кеңейту

Міндеті

Өңірдің мұрағаттық қоры құрамы мен мазмұнының сақталуын қамтамасыз ету, байыту

Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008

(есеп)


2009

(жоспар)


2010

(болжам)


2011

(болжам)


2012

(болжам)


Сан көрсеткіштері

Штаттық саны шеңберінде мемлекеттік органға жүктелген функцияларды орындау мақсатында Мұрағаттар және құжаттама басқармасының аппаратын ұстауды қамтамасыз ету

бір.


12

11

11

11

11


Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау өңірлік орталығында оқыған мемлекеттік қызметкерлердің саны

бір.


3

3

3



3



Сапа көрсеткіштері

Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы аппаратының қызметін оған жүктелген қызметтерді барынша тиімді орындауды қамтамасыз ету

%

100

100

100

100

100

Тиімділік көрсеткіштері

Х



















Нәтиже көрсеткіштері

Бір мемлекеттік қызметкерді ұстауға кететін қаржылық шығындар

мың теңге

1001

1337

1419

1751

1959

Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар




мың теңге

12012

14707

15614

19264

21548

Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

«Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарлама

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жабдықтау

Сипаттамасы

Мұрағаттар және құжаттама басқармасының материалдық-техникалық жабдықталуын қамтамасыз ету


Стратегиялық бағыты

Қостанай облысының мұрағаттық ісін дамыту және жетілдіру

Мақсаты

Өңірдің мұрағаттық қорының ресурстарына халықтың қол жеткізуін кеңейту

Міндеті

Өңірдің мұрағаттық қоры құрамы мен мазмұнының сақталуын қамтамасыз ету, байыту

Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008

(есеп)


2009

(жоспар)


2010

(болжам)


2011

(болжам)


2012

(болжам)


Сан көрсеткіштері

Негізгі құралдарды сатып алу

бір.

5

-

7

7

7

Тиімділік көрсеткіштері

Х



















Нәтиже көрсеткіштері

Басқарма жұмыскерлерін компьютерлік және көбейткіш техникамен жабдықтау

%

100




100

100

100

Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар



мың теңге

540



600

583

583




Бюджеттік бағдарлама әкімшісі

«Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Бюджеттік бағдарлама

Мұрағаттық қордың сақталуын қамтамасыз ету

Сипаттамасы

Өңірдің мұрағаттық қорының құрамы мен мазмұнын толықтыру, сақталуын қамтамасыз ету, байыту, сақтауда тұрған ҚР ҰМҚ құжаттары мен жеке құрам құжаттарын тиімді пайдалану, аймақтың мұрағаттық мекемелерінің дереккөз базасын дәріптеу

Стратегиялық бағыты

Қостанай облысының мұрағаттық ісін дамыту және жетілдіру

Мақсаты

Өңірдің мұрағаттық қорының ресурстарына халықтың қол жеткізуін кеңейту

Міндеті

Өңірдің мұрағаттық қоры құрамы мен мазмұнының сақталуын қамтамасыз ету, байыту

Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008

(есеп)


2009

(жоспар)


2010

(болжам)


2011

(болжам)


2012

(болжам)


Сан көрсеткіштері

Ұлттық мұрағат қорының көлемі

сақ.

бір.


1649

1620

1474

1532.,

1609,6

Сапа көсеткіштері

Сақтау жағдайларын жақсарту және мемлекет пен қоғамның құжаттық өткенді шолушы ақпаратына мұқтаждығын қанағаттандыру. Азаматтарды мұрағаттық материалдармен қамтамасыз ету арқылы олардың ақпараттандыру деңгейін жақсарту

%

56,2

58

58,2

58,4



58,9

Тиімділік көрсеткіштері

Х



















Нәтиже көрсеткіштері

Мұрағаттық құжаттардың (басқару істерінің, ғылыми-техникалық құжаттаманың, негатив пен позитив бокстарының, кадрларының, магниттік дискінің, микрофиштердің, слайдтардың, жеке қорлардың) бір сақтау бірлігінің мазмұны

мың теңге

65,0

79,3

90,4

106,1

112,2

Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар

Өңірдің мұрағаттық мекемелерін ұстау

мың теңге

107196

128474

133246

162568

180600



Бюджеттік шығыстардың жиынтығы


 

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл

2009 жыл

2010 ж.

2011 ж.

2012 ж.

Қолданыстағы жоспарлар, оның ішінде:

119748

143181

149460

182415

202731

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

119748

143181

149460

182415

202731

Мұрағаттық істі басқару жөніндегі жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша басқару

12012

 14707

 15614

 19264

 21548

Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жабдықтау

540




600

583

583

Мұрағаттық қордың сақталуын қамтамасыз ету

107196

128474

133246

162568

180600

Дамытудың бюджеттік бағдарламалары
















2. Әзірленуі болжалатын бағдарламалар, оның ішінде:

 

 

 

 

 

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

 

 

 

 

 

Дамытудың бюджеттік бағдарламалары

 

 

 

 

 

Барлық шығыстар, оның ішінде:

119748

143181

149460

182415

202731

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар

119748

143181

149460

182415

202731

Дамытудың бюджеттік бағдарламалары

 

 

 

 

 


Шығыстарды стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер

және бюджеттік бағдарламалар бойынша бөлу


Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер және бюджеттік бағдарламалар

Есептік кезең

Жоспарлы кезең

2008 жыл (есеп)

2009 жыл (жоспар)

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

1-стратегиялық бағыт. Қостанай облысының мұрағаттық ісін дамыту және жетілдіру
















1-мақсат. Өңірдің мұрағаттық қорының ресурстарына халықтың қол жеткізуін кеңейту
















1-міндет. Өңірдің мұрағаттық қоры құрамы мен мазмұнының сақталуын қамтамасыз ету, байыту

2-міндет. Өңірдің мұрағаттық ісінің біріңғай ақпараттық жүйесін құрастыру

3-міндет. Сақтауда тұрған ҚР ҰМҚ құжаттары мен жеке құрам бойынша істерін тиімді пайдалану,

өңірдің мұрағаттық мекемелерінің дереккөз базасын дәріптеу


















001 «Мұрағаттық істі басқару жөніндегі жергілікті деңгейдегі мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы

12012

14707

15614

19264

21548

006 «Мемлекеттік органдарды материалдық-техникалық жабдықтау» бюджеттік бағдарламасы

540




600

583

583

002 «Мұрағаттық қордың сақталуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы

107196

128474

133246

162568

180600

Қостанай облысы әкімдігінің мұрағаттар және құжаттама басқармасы бойынша жиыны

119748

143181

149460

182415

202731

Ескерту:

млрд. – миллиард;

% – пайыз;

ҚР – Қазақстан Республикасы;

ҰМҚ – Ұлттық мұрағат қоры;

ҚРЭБЖМ – Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі;



сақ. бір. – сақтау бірлігі;
_________________________________________________________
жүктеу 294,9 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау