Амск патронаж



жүктеу 3,52 Mb.
Pdf просмотр
бет12/23
Дата25.12.2019
өлшемі3,52 Mb.
#24919
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

 

32 


 

Қаншалық жақсы түсінетініңізді тексеру үшін келесі оқиғаларды оқып шығыңыз.  



№3-ші ОҚИҒАҒА ТАЛДАУ ЖАСАҢЫЗ 

 

 



МАДИНАНЫҢ ОҚИҒАСЫ 

Сіз осы ауданда жақында ғана жұмыс жасай бастадыңыз, ал бүгін осы отбасына бірінші 

рет келіп тұрсыз. Мадина - 28 жаста, 32 жасар Асқар есімді жігітке тұрмысқа шыққан; екі 

балалары бар – Күләш (4 жаста) және Рауан (10 айлық). Бұрынғы патронаж қызметкері 

жүргізген  жазбаларда  ешбір  тұрақты  мәселелер  немесе  алаңдаушылықтар 

көрсетілмеген.  Сіз  келгенде,  Мадина  баласы  Рауанның  басы  кішкентай  екенін  айтты. 

Өзіңіз  көріп  тұрғандай,  баланың  басы  шынымен  денесінің  өлшеміне  сай  келмейтін 

сияқты;  сіз  Рауанның  басын  өлшеп,  10-шы  өсу  центилінде  екенін  көріп  тұрсыз. 

Өлшемдер  соңғы  рет  жасалған  құжаттарға  сәйкес  сәбидің  бойы  45-ші  центильде,  ал 

салмағы 60-шы центильде болған. Мадина қандай да бір алаңдаушылықтары бар екенін 

айтқан жоқ, ал сіз жүргізген тексерістер баланың сөйлеу қабілеті шектелген болса да, 

бойында  қандай  да  бір  айтарлықтай  даму  бөгелістері  жоқ  екенін  көрсетті.  Мадина 

күйеуінің  немере  ағасының  басы  кішкентай  екенін  айтты.  Мадина  көп  ешқайда 

шықпайтынын,  қала  тұрғанды  онша  ұнатпайтынын,  мұнда  достарының  да  аз  екенін 

баяндады. 

•  Мадинаның  оқиғасында  баяндалған  жағдайда  қандай  қауіп-қатерлерге 

қатысты шара қолдану қажет?  

 

 



 

 

 



 

 

Алдыңғы бетте тізімделген үйге барып қарау элементтерін қарап, осы отбасына келудегі 



басым мәселелер қандай болатынын айтыңыз. Неліктен? 

 

 



 

 

 


 

33 


 

№4-ші ОҚИҒАҒА ТАЛДАУ ЖАСАҢЫЗ 

 

 



ИБРАГИМОВТАР ОТБАСЫ  

Ибрагимовтар отбасы осы ауданға жақында көшіп келген, екі бөлмелі пәтерде тұрады. 

Сіз Мәрия есімді анамен сөйлесіп жатырсыз. Отбасында екі бала бар -  Мұхит (3 жаста) 

және  Перизат  (14  айлық).  Бұл  -  сіздің  осы  отбасына  бірінші  рет  келуіңіз.  Әңгіме 

барысында  отбасы  тұрғылықты  мекен-жайын  енді  ғана  ауыстырғандықтан,  балаларға 

барлық  тиісті  екпелер  жасалмағынын  анықтадыңыз  (бірақ,  екпелердің  көпшілігі 

жасалған). Мәрия баласы Мұхитта қышыма бар екенін айтты, оны емдету керек, бірақ, 

үйде дәрі жоқ (көріп тұрғаныңыздай, баланың аяқ-қолындағы терісіне қышыма шыққан, 

бала  қолын  қаси  береді).  Анасы  қышымаға  қатысты  тағайындалған  дәрігер 

қабылдауына  отбасының  өмірі  күнде-күнде  өзгеріп  тұратындықтан  бара  алмағанын 

түсіндірді; күнделік жүргізу де қиын. Ал басқа жағынан баланың дамуына қатысты еш 

алаңдамайды.  

Соңғы  10  айда  олар  3  рет  қоныс  ауыстырған,  себебі,  күйеуі  үнемі  жұмыс  іздеумен 

жүреді.  Мәрия  күйеуінің  жақсы  әке  екенін,  бірақ,  ашулы  болғандықтан,  балаларға 

айғайлайтынын  айтады.  Ата-ананың  екеуі  де  дұрыс  ұйықтай  алмайды;  стресске 

шалдыққан, себебі, үнемі ақшаға бола мазасызданады. 

Сонымен  қатар,  Мәрия  қызы  Перизатқа  қарау  да  қиын  екенін  жеткізді,  өйткені  қызы 

тамақты  бұрынғыдай  жақсы  ішпейді,  салмағы  да  азайып  бара  жатқан  сияқты.  Сіз 

Перизатты  біраз  бақыладыңыз,  ол  сізге  қызығушылықпен  қарайтын  сияқты.  Бала 

белсенді,  назар  аударғыш,  қуана-қуана  еденде  ойнайды,  қуыршағының  қолын 

шайнайды,  сізге  күлімдейді.  Мәрия  осы  ауданда  туыстары  жоқ  екенін,  сыртқа  тек 

дүкенге барып келу үшін құрбысымен бірге шығатынын айтты. 

•  ОСЫ ОТБАСЫНЫҢ МҰҚТАЖДЫҚТАРЫНА ҚАТЫСТЫ ӘРЕКЕТ ЖАСАУ ҮШІН 

ҚАНДАЙ ФАКТОРЛАРДЫ ЕСКЕРУ МАҢЫЗДЫ ДЕП САНАЙСЫЗ? 

 

•  СІЗДІҢ ОЙЫҢЫЗША, ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРГЕ БАСЫМДЫЛЫҚ БЕРУ КЕРЕК? 



 

•  ОСЫ ОТБАСЫ СІЗ ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН АУДАНДА ТҰРАТЫНЫН ЕЛЕСТЕТІП, ЭКО-

КАРТА ЖАСАҢЫЗ.   

 

 

 

 

 

 



 

34 


 

Жазбалар жүргізу 

Балалардың және отбасылардың мұқтаждықтарын нақты тіркеу үшін клиент (отбасы) картасына 

олармен жасаған барлық байланыстарыңызды және барлық әрекеттеріңізді жазып қою қажет. 

Ол қолжазба түрінде немесе электронды құжат түрінде болуы мүмкін. Құжаттарды уақытылы 

жүргізу біздің басты кәсіби міндетіміз болып табылады, әрі бізге және басқаларға балалар және 

олардың негізгі тәрбиелеушілері туралы өзекті ақпаратқа қол жеткізуге көмектеседі. Сондықтан, 

жазбалар - қызмет көрсету үшін қажетті ресурс, сонымен қатар, қандай деңгейдегі қызметтер 

ұсынылғанын  және  көрсетілгенін  анықтау  үшін  талдауға  болатын  маңызды  құқықтық  құжат 

болып табылады.  

Сіз патронаж қызметкері ретінде жазбалар жүргізуге қатысты жақсы жұмыс тәжірибесін көрсете 

аласыз, ол үшін келесі әрекеттерді жасау қажет: 

•  Отбасы сіздің келген сайын және байланысқа шыққан сайын құжаттарға жазба енгізіп 

тұратыныңызды білуі қажет. 

•  Жазбалар  және  құжаттар  құпия  болып  табылатынын  және  мұның  нені  білдіретінін 

түсіндіріңіз. 

•  Құжатқа  енгізген  әрбір  жазба  нақты  деректерге  сүйенуі  тиіс:  не  істегеніңізге, 

естігеніңізге,  көргеніңізге  және  сезгеніңізге  негізделген  нақты  деректерді  жазып 

отырыңыз. 

• 

Жаргон,  мән-мағынасыз  сөз  тіркестерін  (мысалы,  «сүйкімді  балақай»  сияқты),  іске 



қатысы  жоқ  болжам-жорамалдар,  субъективтік  пайымдамалар  немесе  тіл  тигізетін 

түсіндірмелер қолданбаңыз. 

• 

Мүмкін болса, жазбаларды отбасымен бірге жүргізіңіз – сонда олар сіздің құжат бетіне 



нені түсіретініңізді білетін болады. 

• 

Құжаттарды отбасына барған/байланысқан соң, тез арада толтырыңыз (кейбір елдерде 



заң бойынша жазбаларды 24 сағаттан кешіктірмей жасау белгіленген). 

•  Қабылданған  шешім  туралы  ақпаратты  жазғанда,  шешімнің  негіздемесін  (себебін)  де 

қоса көрсетіңіз.  

•  Әрбіз  жазбаға  қатысты  күні, уақыты  және  сіздің  қолтаңбаңыз  болуы  тиіс  (аты-жөніңіз 

баспа әріптермен жазылуы тиіс; аты-жөніңіздің бірінші әріптерін ғана жазып қоймаңыз). 

•  Егер іс-қимылдар жоспарын құжатқа тіркейтін болсаңыз, жоспардың Нақты, Өлшенетін, 



Шындыққа  жанасатын  және  қол  жеткізерлік,  Уақыт  жағынан  шектеулі  болуын 

қадағалаңыз. 

•  Жұмыс  берушіңіз  немесе  сіз  тіркелген  кәсіби  ұйым  әзірлеген  «жазба  жүргізу 

стандарттары»  жарияланған  ба,  анықтаңыз;  олармен  танысып  шығуды  және  жазба 

жүргізу кезінде солардан ауытқымауды қамтамасыз етіңіз. 

•  Егер  нақты  және  анық  жазбалар  жүргізуде  қиындықтар  туындаса  (мысалы, 

компьютерлік  жүйе  сізді  электронды  жазбаларға  кіргізбесе),  міндетті  түрде  жұмыс 

берушіңізге хабарлаңыз және осындай қиындықтарды шешіп беруін сұраңыз. 

 

 

ОТБАСЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ӨЗГЕ МАМАНДАРҒА/МЕКЕМЕЛЕРГЕ 



ЖОЛДАУ

 


жүктеу 3,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау