Күнжүт тұқымын кейбір қамырдан пісірілетін өнімдерді әрлендіруге қолданады. Күнжіттің түсі ақтан бастап, сұрғылттаудан қоңырға дейін болады. Ылғалдылықтың масалық үлесі 10%. Күнжіт іріген-шіріген болмауы тиіс. Ванилинді жасанды жолмен алады. Ол ақ түсті ұнтақ , тек өзіне тән, хош иісі бар зат болып келеді. Ванилинді 80°С температурадағы суда, 1:20қатысындағы мөлшерде, немесе 96% этил спиртінде, 2:1 етіп ерітеді. Ерітінді мөлдір, түссіз болып шығуы тиіс. Ванилиннің орнына ванильді қантты қолданылады. Ол дегеніміз қант ұнтағы немесе құм-шекер, ванильмен немесе арованилонмен хош иістендірілген. Ванилин наубаханаларға жез қалбырларға салынған күйде жеткізіледі. Оны жеке бөлмелерде сақтаған жөн, себебі оның иісі басқа азық-түлікке сіңіп қалуы тиіс мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |