Арпа амилолитикалық ферменттері бар уатыы өндіру үшін қолданады. Арпа уыты және оның препарттары сұйық ашытқылар алу үшін қолданылады. Жүгері крахмал, патока, жүгері таяқшаларын алуда қолданылады. Нан пісіру өнеркәсібінде бұршақ дақылдарының ішінен соя мен бұршақ қолданылады. Сояда бүтін ақуыз бен майдың үлкен мөлшері бар және ағзаға оңай сіңіріледі. Жоғары ақуызды соя ұнын нан және макарон, тәтті тағамдар мен тағам өнімдерін алуда қолданады. Соя майынан нан сапасын жақсарту үшін тағамдық қоспа мен ашытқылар өндірісінде қолданылатын лецитинді бөліп алады. Нан пісіруде соя дәнінен өндірілетін соя ұнын, соя сүзбесін, сарысуын қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |