Алматы облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы


Индустриялды аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды дамыту



жүктеу 4,7 Mb.
бет2/5
Дата14.02.2018
өлшемі4,7 Mb.
#9590
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Индустриялды аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды дамыту

Инвестициялық тартымдылықты арттыру, жоғары технологиялық өндірісті дамыту, жалпы ішкі өнімді арттыру, сондай-ақ облыс аумағында жаңа жұмыс орындарын құру үшін индустриялды аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды қалыптастыру жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.



«Талдықорған» индустриялдық аймағы (Талдықорған қ., алаңы594,9 га).

Идустриялдық аймақ аумағында теміржол желісінің құрылысын қоса алғанда электр, су, жылумен қамту және көлік инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы жүргізілуде.



2016 жылы келесі объектіледі орналастыру жоспарлануда:

  1. «Жетісу Мажико» Агрокешені» ЖШС – жобалық қуатын ұлғайту мүмкіндігімен, қуаты тәулігіне 400 тонна май дақылдарын өңдейтін зауыт. Инвестиция көлемі – 6,0 млрд. теңге, 10 жұмыс орны құрылады.

  2. «Сарқан Май» ЖШС – қуаты тәулігіне 40 тонна өсімдік майын рафинациялайтын және құятын зауыт. Инвестиция көлемі – 380 млн. теңге, 20 жұмыс орны құрылады.

  3. «Достық –СКД6» ЖШС – қуаты тәулігіне 40 тонналық наубайхана. Инвестиция көлемі – 1,0 млрд. теңге, 10 жұмыс орны құрылады.

2017 жылы 115 жұмыс орнын құрумен, жалпы 176,8 млн. теңге сомасына 2 өнеркәсіп объектілерін іске қосу жоспарлануда.
«Арна» индустриялдық аймағы (Қапшағай қ., алаңы – 1300 га).

Жұмысшылар саны 248 адамды құрайтын 5 өнеркәсіптік объект жұмыс жасайды.



2016 жылы «Green Land Alatau» ЖШС-нің жылыжайын кеңейту жобасын жүзеге асыру жоспарлануда, жобаның құны - 850,0 млн. теңге, жаңа 60 жұмыс орны құрылады.

2017 жылы 136 жұмыс орнын құрумен, жалпы 490,0 млн. теңге сомасына 2 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
«Боролдай» индустриялдық аймағы (Іле ауданы, алаңы601,6 га).

Жұмысшылар саны 106 адамды құрайтын 4 өндірістік объектілер әрекет етеді.



2017 – 2018 жылдары 1040 жаңа жұмыс орындарын құрумен, жалпы 5,6 млрд. теңге сомасына 2 өнеркәсіп объектілерін орналастыру жоспарлануда.
«Қайрат» индустриялдық аймағы (Талғар ауданы, алаңы198 га).

2018 – 2020 жылдары 420 жұмыс орындарын құрумен, жалпы 12,5 млрд. теңге сомасына 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
«Қазбек бек» индустриялдық аймағы (Жамбыл ауданы, алаңы693га).

2017 – 2020 жылдары 1400 жұмыс орнын құрумен, жалпы 227,0 млрд. теңге сомасына 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.
«G4-City» бірінші қанаттас қаласының аумағындағы индустриялдық аймағы (Іле ауданы, алаңы – 229,1 га).

Облыста 2008 жылдан бері «Алматы облысында Алматы қ. төрт қанаттас қалашықтарының құрылысы» жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта Gate City қанаттас қалашығының аумағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. Алматы агломерациясын аумақтық дамытудың өңіраралық сызбасына сәйкес, Gate City қанаттас қалашығының халқы 60 мың адамды құрайды.

Өңірлік мамандануды, дамыған көліктік инфрақұрылымды, еңбек ресурстарын, өндірістер құрылымдарын және Алматы агломерациясының аймағындағы тұтынуды ескере отырып, Gate City аумағында агроөнеркәсіптік бағыттағы индустриялдық аймақты орналастыру орынды болады.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі мен өңдеуді және онымен технологиялық циклдар бойынша байланысты өндірістерді индустриялды аймақта орналастыру үшін басым деп тану ұсынылады.



2018 – 2020 жылдары 835 жаңа жұмыс орындарын құрумен, жалпы 19,5 млрд. теңге сомасына 5 объектіні орналастыру жоспарлануда.
«Шамалған» өнеркәсіптік аймағы (Қарасай ауданы, алаңы – 7000 га).

Жұмысшылар саны 2909 адамды құрайтын 14 өндірістік объектілер әрекет етеді.



2016 жылы 2 өнеркәсіп объектілерін орналастыру жоспарлануда:

  1. «Алматы Стекло» ЖШС – қуаты жылына 50 мың дана әйнек ыдыс шығаратын, құны 2,9 млрд. теңгені құрайтын кәсіпорын. 200 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

  2. «ХоландГринТек» ЖШС – жылыжайларға арналған металл құрастырмаларды өндіретін кәсіпорын, құны – 1,6 млрд. теңге, қуаты жылына 1,5 мың м2 металл құрастырмаларын құрайды. 80 жұмыс орнын құру жоспарлануда.

Сонымен қатар, Алакөл, Қаратал аудандарында және Текелі қаласында жаңа өндірістер үшін инфрақұрылымды қамтамасыз етумен өнеркәсіптік алаңқайлар құру жоспарлануда. Жер телімдері анықталды. Жобалау-Сметалық құжаттамасын әзірлеу жүргізілуде.
Қазақстандық мазмұнды дамыту

Ұлттық компаниялардың, мемлекеттік органдардың, жүйе құраушы кәсіпорындардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларында қазақстандық мазмұн үлесін арттыру бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіледі.

Облыстың тауар өндірушілерінің каталогы жасалды, онда ірі, орта және шағын кәсіпорындардың шығаратын өнім түрлері және өндірістік қуаттары туралы толық ақпарат бар. Аталған Каталог үнемі жаңартылады және іс-шаралар өткізу кезінде үлестірмелі материал ретінде пайдаланылады.

Облыс республикада аккумуляторлардың, ашытқының, жоғары кернеулі электр өткізу желілеріне арналған темір-бетон және бетон тіректерінің, өртке қарсы гидранттардың, силикон мен синтепонның жалғыз өндірушісі болып табылады.

Облыстың тігін кәсіпорындары Қорғаныс министрлігінің, ІІМ, басқа да күш құрылымдарының, ұлттық компаниялардың бөлімшелерін арнайы киіммен және басқа да тігін бұйымдарымен қамтамасыз етеді.

«Бент» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қажеттіліктері үшін Фоссло қатайтқыштары бар шпалдар мен темір-бетон шпалдарды жеткізумен айналысады, кәсіпорынның өндірістік қуаты аталған көлемді толығымен орындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, республикада болмауына байланысты, облыстың «Қайнар АКБ» ЖШС, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС және «ДжейТи Ай Қазақстан» ЖШС темекі фабрикалары сияқты жүйе құраушы кәсіпорындары полипропилен, конверт-сепараторлар, Hammond кеңейткішін, паста жағылған қағаз, темекі емес материалдар, шылым құрамындағы никотин мөлшерін анықтау жөніндегі қызметтер және маркетингтік зерттеулер сияқты шикізатты, материалдар мен қызметтерді шетелден сатып алады.

2014 жылы облыс кәсіпорындары қазақстандық мазмұн мониторингі бойынша 44,2 млрд.теңге сомасына келісім-шарттар жасады, оның ішінде 37,7 млрд.теңге ұлттық компаниялармен жасалды.

Мемлекеттік органдар жалпы 6,5 млрд. теңге сомасына мемлекеттік сатып алулар жүргізді, мұндағы облыстың жалпы мемлекеттік сатып алулар көлеміндегі қазақстандық мазмұн көлемі 75,34%-ті құрады.
Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:


Күшті жақтар

  1. Облыс жүзім шарабының, ашытқының, крахмалдың, темекі өнімдерінің және электр аккумуляторларының басты өндірушісі болып табылады.

2. Құрылыс индустриясын дамыту үшін қатты пайдалы қазбалардың айтарлықтай қорлары бар.

3. Индустриялды аймақтар мен өнеркәсіп алаңдарын құру.

4. Алматы қ. ірі тұтыну нарығына жақын ұтымды орналасқан.


Мүмкіндіктер

1. Жалпы таралған пайдалы қазбалардың айтарлықтай әлеуетінің негізінде құрылыс материалдарының өнеркәсібін дамыту келешегі.

2. Кең шикізат ресурстары тағам өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік береді.

3. Кіші өзендерде энергетика объектілерін дамыту келешегі, қалпына келетін энергетика.

4. Облыс өңірлерінде құрылатын индустриялдық аймақтар мен өнеркәсіп алаңдарында жаңа өндірістерді орналастыру мүмкіндігі.

5. Бәсекелестік артықшылықтарға ие кәсіпорындарды мемлекеттік қолдау.



Әлсіз жақтар

  1. Өнеркәсіпте Алматы қаласына созылған өндіріс күшетірн орналастырудағы аумақтық теңсіздік.

2. Жаңа өндірістердің құрылысын және әрекет етушілерін жаңартуды талап ететін кластерлерді дамыту және жетіспейтін буындарын құру қажеттілігі.

3. Кәсіпорындардың көпшілігінің технологиялық жабдықтармен аз қамтылуы, негізгі өндіріс қорларының айтарлықтай ескіруі.

3. Электр қуатының тапшылығы және жоғары тарифтері.


Қауіптер

1. Электр қуатының мүмкін болатын тапшылығы және өнеркәсіптік даму қарқынының баяулауы.

2. Өңдеу салалары өнімдерінің энергялық, еңбек және материалдық сыйымдылығының өсуі және соның салдарынан өнімнің бәсеке қабілетсіздігі.

3. Әлем нарықтарындағы жағдайдың нашарлауы отандық өнімге сұраныстың әлсіреуіне және өнеркәсіп өндірісінің төмендеуіне алып келеді.




Негізгі мәселелер:

  • кәсіпорындардың көпшілігінің технологиялық жабдықтармен аз қамтылуы, негізгі өндіріс қорларының айтарлықтай ескіруі;

  • өндірілетін өнімге сұраныстың төмендеуі және өткізу нарықтарының азаюы; қазақстан нарығында көп жылдар бойы қытай, ресей және басқа да шетелдік өндірушілер өнімдерінің үстемдік етуі республикада бәсекеге қабілетті өнімді шығаратын кәсіпорындардың өнім жеткізулерін жөнге қоюды тежейді.

  • қолда бар өндіріс қуаттарының толық жүктелмеуі;

  • салаға салынатын инвестициялар тұрақсыз сипатқа ие;

  • облыстың жүйе құраушы кәсіпорындары шикізаттың, материалдар мен қызметтердің бір бөлігін шетелден сатып алады («Қайнар АКБ» ЖШС және екі темекі фабрикалары республикада болмауына байланысты, полипропиленді, конверт-сепарторды, Hammond кеңейткішін, паста жағылған қағаз, темекі емес материалдар, шылым құрамындағы никотин мөлшерін анықтау жөніндегі қызметтер және маркетингтік зерттеулер сияқты шикізатты, материалдар мен қызметтерді шетелден сатып алады);

  • индустриялдық аймақтар пен өнеркәсіп алаңдарында дамыған инфрақұрылымның жетіспеушілігі.

Агроөнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы облыстағы халықтың жұмыспен қамтылған ең ірі секторы болып табылады (жалпы жұмыспен қамтылудың - 27,1%), 54 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымдары және 354 мың халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары жұмыс жасайды.



Облыстың аграрлық секторы – көпсалалы, ауыл шаруашылығы дақылдарының 30-дан астам түрі егіледі, ауыл шаруашылығы малдарының 45 түрі өсіріледі және 35 түрден астам өңделген азық-түлік тауарлары шығарылады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы өндірісі бойынша облыс республикада ең жоғары көрсеткішке ие – 425,3 млрд. теңге, бұл 202 жылғы деңгейден 1,2 есе артық. Өңір елдегі дәндік жүгері (үлестік салмағы – 62%), қант қызылшасы (38%) және майбұршақ (96%), көкөніс (27%), жеміс және жидек (37%), ет (19%), сүт (13%) жүн (22%) және жұмыртқа (23%) өндірісі бойынша алдыңғы орында.




Облыс бойынша өндірілген ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі

Жалпы өнім өндірісінің құрылымында өсімдік шаруашылығы - 50,4%-ті, мал шаруашылығы – 49,2% және қызметтер 0,4%-ті алып жатыр.

Ауыл шаруашылығы өнімінің НКК қолайсыз табиғи жағдайлар салдарынан (құрғақшылық) 2012 жылғы 104,6%-тен 2014 жылы 101,6%-ке төмендеді, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 108,4%-тен 100,9%-ке. Мал шаруашылығы саласы бойынша жаңа объекітлерді енгізу есебінен өндіріс 100,5%-тен 102,0%-ке артты.

Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі өңірлік бөліністе Еңбекшіқазақ (13,2%), Іле (10,1%), Қарасай (7,4%) және Талғар (7,3%) аудандар айтарлықтай үлестік салмаққа, ал Ақсу (3,6%), Балқаш (3,4%), Көксу (3,8%) және Қаратал (3,8%) аудандары төмен үлестік салмаққа ие.

Саладағы еңбек өнімділігі 2012 жылға қарағанда 36,8%-ке өсті.

АӨК мемлекеттік қолдау «АгроБизнес-2020» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады, үш жылда 54,2 млрд. теңге бюджет қаражаты жұмсалды, оның ішінде саланы субсидиялауға – 45,1 млрд. теңге.



Алматы қаласының айналасында азық-түлік белдеуі аясында 46,3 млрд. теңгеге 62 инвестжоба жүзеге асырылды, нәтижесінде ел ауыл шарушылығындағы инвестициялардың жалпы көлеміндегі облыстың үлестік салмағы 8,1%-ті құрады, бұл республиканың оңтүстік өңірлеріндегі ең жоғарғы көрсеткіш.

2014 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 13,5 млрд. теңге салынды, тағам өнімдерінің өндірісіне - 7,6 млрд. теңге немесе 2012 жылғы деңгейден сәйкесінше 3,1 млрд. және 1,8 млрд.теңгеге артық.

Ауыл шаруашылығына салынған инвестициялардың - 144,8%-ті, тағам өнімдерінің өндірісіне 147,1%-ті құрады.
Өсімдік шаруашылығы

Облыс мамандануының негізін дәнді дақылдар өндірісі құрайды, оның ішінде жүгеру, бидай, арпа, сондай-ақ күріш, техникалық дақылдар, картоп – көкөніс-бақша және жем дақылдары.



Ауыл шаруашылығы дақылдарының орташа жылдық егістік алқабы 900 мыңнан астам гектарды құрайды (2012ж.- 889,7 мың, 2013ж. – 910,9 мың, 2014ж. – 921,1 мың га).

Дәнді дақылдар облыстың барлық өңірлерінде өсіріледі, үш жылдық кезеңде дәндік жүгері алқабы - 3,6 мың және арпа 27,3 мың гектарға кеңейтілді, күріш 2012 жылғы деңгейде сақталды, әртараптандыру мақсатында бидай егіні 32,9 мың гектарға азайтылды.

Жоғары пайдалалығын ескерумен май дақылдары 22,4 мың га кеңейтілді, егін құрылымында майбұршақ - 64%-ті, күнбағы – 16% және сафлор 20%-ті құрайды. Егістік алқаптарының негізгі көлемдері Алакөл (23%) және Сарқан (24%) аудандарында шоғырланған.

Қант қызылшасы Ақсу, Ескелді, Көксу, Қаратал және Сарқан аудандарында өсіріледі, егістік аталған дақылды өсірудің қиындығына байланысты 5,1 мың гектарға қысқарды.



Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының егістік алқабы 3,8 мың га артты. картоп облыстың барлық өңірлерінде өсіріледі, бірақ негізгі өндірушілер болып Еңбекшіқазақ (барлық егіннің 15%-і), Райымбек (18%), Қарасай (11%) және Талғар (9%) аудандарының шаруа қожалықтары мен тұрғындары табылады.

Облыстың ең үлкен көкөніс алқабы Еңбекшіқазақ (29%), Іле (12%) аудандарында және Қапшағай қаласында (9%) шоғырланған.



Жыртылатын жерлер құрамындағы егістік айналымының үлесі 55,2%-ті құрайды.

Жылыжай шаруашылығы белсенді түрде дамытылуда, үш жылда 10 жоғары технологиялық объектілер іске қосылды және олардың жалпы алаңы 57 га жетті, негізгі үлесі (71%) Алматы қаласына жанасып жатқан аудандарда орналасқан. Сонымен қатар, жылыжай көкөністерінің өндірісі облыс және Алматы қаласы тұрғындарының қажеттілігін 56%-ке қамтамасыз етеді (2012 жылы - 26%).

Жеміс және жүзімдік өндірісі Еңбекшіқазақ, Қарасай, Талғар, Панфилов және Ұйғыр аудандарындағы шаруашылықтарды және аз ғана көлемде Сарқан, Алакөл, Ескелді аудандарында шоғырланған. Жалпы жеміс-идек дақылдарының және жүзімдіктердің жеміс беретін көпжылдық көшеттерінің алаңы 18,9 мың га құрайды.



Апорт – Жетісу аймағының символы, облыста 1837 апорт бақтары бар, оны өсірумен 154 шаруашылық айналысады. Үш жылда 614 га Апорт бақтары отырғызылды (2012 жылы– 135 га, 2013 жылы – 245 га, 2014 жылы – 234 га).

Жеміс-көкөніс өнімдерін сақтау базасы нығайтылуда, 2012-2014 жылдары 21,1 мың тонналық 8 жеміс-көкөніс қоймасы енгізілді, облыс бойынша жалпы сақтау қуаты 165,0 мың тоннаны құрайды.



Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде ресурс үнемдеу технологиялары енгізіледі, 2012 жылмен салыстырғанда тамшылап суаруды және жауын жүйесін қолдану алаңдары - 2,3 есе, ылғал үнемдеу технологиясы 15%-ке өсті.

Өсімдік шаруашылығы өнімінің өндірісі түрлері бойынша келесі көрсеткіштермен сипатталады:



Өнім түрлері

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2012 ж. қарағанда 2014 жылы

%

+,-

Дәнді дақылдар барлығы

1 068,9

1 152,7

1 091,6

102,1

22,7

Қант қызылшасы

121,2

94,9

30,8

25,4

-90,4

Май дақылдары

217,7

245,1

259,1

119,0

41,4

Картоп

636,6

654,0

682,8

107,3

46,2

Көкөністер

842,7

895,6

932,4

110,6

89,7

Бақша дақылдары

95,7

99,3

104,2

108,9

8,5

Жеміс-жидектер

65,7

70,9

84,6

128,8

18,9

Жүзім

17

17,3

17,9

105,3

0,9


Су шаруашылығы

Облыста суарылмалы жерлердің жалпы алаңы 577,8 мың га құрайды, оның ішінде егістік жерлер – 449,2 мың га. Суару көздерінен су жинау және оны шаруашылықтарға беруді 11590 су техникалық құрылыстар жүргізеді, оның ішінде 27 ірі су жинау гидротораптары мен су көтеру плотиналары кіреді. Сонымен, қатар, көлемі 537 млн.м3 143 су қоймалары бар. Суарылмалы жүйелердің жалпы ұзындығы 17,0 мың ш.м. құрайды.

Суарылмалы жүйелерді қалпына келтіру үшін 3 жылда 8,1 млрд. теңге бюджеттік қаражат бағытталды, жекеменшік инвестициялар салымы жүргізілген жоқ.

Суарылмалы жерлердің әлеуетті маңыздылығы толығымен пайдаланылмайды, оның негізгі себептері жерлердің мелиоративтік жағдайын нашарлатумен сүйемелденетін суарылмалы және дренаждық жүйелердің айтарлықтай тозуы және істен шығуы болып табылады.

2020 жылға дейін 55,7 млрд. теңгеге Қызылағаш, Биен және Покатилов су қоймаларының құрылысы талап етіледі, бұл қосымша 27,7 мың гектер суарылмалы жерлерді игеруге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылығы

Мал шаруашылығына мамандану ет-сүтті мал шаруашылығынан, жұқа терілі қой шаруашылығынан, өнімді жылқы шаруашылығынан, түйе шаруашылығынан, өнеркәсіптік шошқа шаруашылығынан және құс шаруашылығынан тұрады.

Облыс республикада ірі қара мал басының, жыл және құс саны бойынша бірінші орынға, қой мен ешкі бойынша екінші орынға ие.

Етті мал шаруашылығы Панфилов (Санта-гертруда барлық мал санынан – 63%), Балқаш (Қазақ ақ бас - 60%-ке дейін) және Қаратал (Қазақс ақ бас - 38%-ке дейін) аудандарда айтарлықтай таралған.



Сүтті мал шаруашылығында негізгі тұқым болып Алатау (80%), Қара-ала (12%) және Айршыр (4%) тұқымдастары табылады, бұл тектес малдарды өсірумен Алакөл, Қарасай, Талғар, Іле, Ескелді, Еңбекшіқазақ, Қаратал және Көксу аудандарының таулы аймақтары айналысады.

Облыстың қой шаруашылығы үш бағыттан тұрады: жұқа терілі, жартылай жұқа терілі және ет-майлы. Қазақ жұқа терілі қой басы облыстың барлық аудандарында өсіріледі (75%), Қазақ архармиронос (12%) – Райымбек және ет-майлы қой басы Жамбыл және Балқаш аудандарында өсіріледі.

Шошқа шаруашылығында негізгі тұқым болып, Талғар, Қаратал, Ескелді және Іле аудандарына өсірілетін ірі ақ түрі табылады.

Жылқы шаруашылығында облыстың барлық аудандарында табындық жылқы шаруашылығы дамыған, Жамбыл, Талғар, Қарасай аудандарында - таза қанды шабынды, таза тұқымды араб жылқылары өсіріледі.

Облыста Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл және Іле аудандарында асыл тұқымды түйе шаруашылығы дамытылуда.

Өнеркәсіптік негізде құс шаруашылығымен Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Ұйғыр аудандары және Талдықорған қаласы айналысады.



Ауыл шаруашылығы құрылымдарында ІҚМ сатнының үлесі - 42,6%-ті, ҰМ 49,7%-ті құрады немесе 2012 жылға сәйкесінше 6,5%-ке және 2,4%-ке артты.

2012 жылмен салыстырғанда мал басының саны, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімінің өндірісі орташа есеппен 4,1%-ті құрады.


Құс саны мен ет өндірісінің төмендеуі «ҚазРосБройлер» АҚ-ның құс фабрикасының уақытша тоқтауымен түсіндіріледі.

Асыл тұқымды мал шаруашылығы бойынша облыс Қазақстан бойынша бірінші орынды иеленеді, 508 субъект жұмыс жасайды. Барлық мал санының санынан асыл тұқымды уыл шаруашылығы малдарының үлестік салмағы ІҚМ бойынша - 18,0%, қой – 22,3%, шошқа – 40,4%, жылқы – 14,6%, түйе – 47,4% және құс бойынша 7,3%-ті құрайды.

ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасының аясында 12,9 мың мал орнынан 33 жемдеу алаңы, 7877 басқа арналған 9 репродуктор-шаруашылықтары, 19,5 мың басқа 343 фермерлік шаруашылықтар құрылды. Ресей Федерациясының Алтай аймағындағы Барнаул қаласына 20 тонна сиыр еті экспортталды.

Аналық мал басының ІҚМ тұқымдық өзгертуге қатысу үлесі - 19,0%, ҰМ 20,0%-ті құрады.

«Алтын асық» қой өсіретін шаруашылықтарды несиелендіру бағдарламасы бойынша 12,0 мың бас аналық қой, сондай-ақ «Құлан» бағдарламасы бойынша жылқы өсіретін шаруашылықтар 1411 бас бие сатып алды.

«Ырыс» бағдарламасы бойынша 5 отбасылық фермалар құрылды, Талғар ауданында 800 басқа арналған «Амеран» ЖШС-нің мегафермасы іске қосылып, Еңбекшіқазақ ауданында «Адал» АӨК» АҚ-ның 1200 басқа арналған үлгі фермасы кеңейтілді.

Облыстың жемдік базасының негізін жайылымдар мен шабындықтар, егіндік жем өндірісі құрайды. Талданатын кезеңде жем дақылдарының егістігі 6,4%-ке кеңейтілді (жалпы алаңы - 233,8 мың га). Жайылымдар алағы 6882 мың га құрайды, оның ішінде жақсартылғаны – 36,6 мың га, суландырылғаны – 5430,2 мың га. Табиғи жайылым шаруашылықтарының құрамында жайылым айналымының үлесі - 21,7%.

2014 жылы жайылымдарды суландыру үшін 32 құдықтарда құрылыс-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.


жүктеу 4,7 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау