50
Маркетингітк талдаудың әдістері:
Модельдер, мысалы, фирманың іскерлік белсенділік моделі. Ол шаруашылық
портфель жағдайын және ӛзгерісін бағалау үшін қолданылады.
Статикалық әдістер, фирманың ӛзіндік мүмкіндіктерін, оның бәсекеге
қабілеттілігін деңгейін, фирманың несиелік-қаржылық әлеутін, тауар қозғалысының
тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Стратегиялық индекс, фирманың тәртібі туралы шешімді бағалау үшін
қолданылады.
Коэффициенттер әдісі, мысалы, жұмылдыру коэффициенті, пайдалы тиімділік
коэффициенті, тартымдылық коэффициенті.
Эксперттік бағалау әдісі.
Тәжірибе қисығы, ӛнімнің ӛзіндік құнының ӛндіріс кӛлемінің ӛсуіне кері
тәуелділігін сипаттайтын модель.
Сату реакциясы қисығы.
Оқыту қисығы.
Ранжирлеу.
Маркетингтік талдаудың негізгі мақсаты - ӛнімге деген сұранысты зерттеу және
тапсырыстар портфелін қалыптастыру. Тапсырыстар портфелінен кәсіпорынның
ӛндірістік қуаттылығы және оны пайдалану тиімділігі байланысты. Сондықтан да
сұранысты талдау маңызды болып келеді.
Сұранысты талдау үдерісінде сұраныстың ӛсу қарқыны мен кӛлемін салыстырады.
Сату кӛлемі тӛмендеген кезде бағаның ӛсуі тиімді болады, егер ӛнім бірлігіне келетін
қосымша табыс шамасы ӛнім бірлігіне келетін қосымша шығындар мӛлшерінен асатын
болған жағдайда болған кезде.
Сұранысты қалыптастыру факторларын зерттеу үшін корреляциялық талдау
маңызды.
Шаруашылық қызмет тәжірибесіне нақты бір ӛнім түріне деген сұраныстың ӛзгеруі
кәсіпорын жалпы түсіміне қалай әсер беретінін білу маңызды:
TR=P x Q ,
Мұндағы, TR- жалпы түсім, P – тауар бағасы, Q – осы баға бойынша сатылған тауар
саны.
3.Баға саясатын талдау. Ӛнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау.
Сұраныс икемді болған жағдайда бағаның тӛмендеуі сату кӛлемін бірден ұлғайтады.
Сұраныс икемсіз болған жағдайда, бағаның тӛмендеуі жалпы түсімді азайтады,
себебі сату
кӛлемін кеңейту бағаның тӛмендеуінен болған жоғалтудың орнын толытру үшін
жеткілікті болады.
Ӛз білімін бақылау сҧрақтары:
1. Маркетингтік талдау деп нені түсінеді?
2. Маркетингтік талдаудың негізгі міндеттерін және әдістерін атаңыз.
3. Маркетингтік талдауды жүргізудің негізгі мақсаты қандай?
Ҧсынылған әдебиеттер:
1 Баканов М.И., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник. - М.:
Финансы и статистика, 2010. - 416 с.
2 Басовский Л.Е. Теория экономического анализа: Учебное пособие. - М.: ИНФРА-
М, 2007. - 222 с.
3 Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: Учебник. М.:
ИНФРА-М, 2008. - 336 с.
4 Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами: теория и
методология. - Алматы: Экономика, 2007. - 294 с.
5 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансового положения предприятия: Учебное пособие. -
Алматы: Экономика, 2009. – 128 с.
51
6 Дюсембаев К.Ш. Анализ финансовой отчетности: Учебник. – Алматы: Экономика,
2009. – 384 с.
Тақырып 7. Ӛнімді ӛткізу және ӛндірісті талдау.
Дәрістің мақсаты: студенттерге ұйымның ішкі қызметіндегі ӛнімнің ӛндірілуі мен
сатылуы жӛнінде мәліметтер кӛздерін талдауды түсіндіру
Дәріс сҧрақтар:
1. Ӛнімді ӛндіру және ӛткізу динамикасын бағалау.
2. Ӛнім кӛлеміне әсер ететін әртүрлі факторларды талдау.
3. Ӛнімнің бәсекеге қабілеттілігін талдау мен бағалау.
Дәрістің мазмҧны
1. Ӛнімді ӛндіру және ӛткізу динамикасын бағалау
Ӛнімдерді сату, ӛндіру бойынша жоспардың орындалуын және динамикасын талдау.
Ӛнімдердің сапасын талдау. Ӛнімдердің бәсекеге қабілеттілігін талдау. Кәсіпорын
жұмысының ырғақтылығын талдау.
Ӛнім ӛткізу кӛлемі мен ӛндіріс кӛлемі тығыз байланысты кӛрсеткіштер болып
табылады. Шектеулі ӛндіріс мүмкіндігінде және шектеусіз сұраныс шартында ӛнім
ӛндірісінің кӛлеміне басымдылық беріледі, ол ӛз кезегінде сату кӛлемін анықтайды.
Алайда, нарықтың толыққанды болу мӛлшерін және бәсекелестіктің күшеюін ӛндіріс ӛнім
шығарылым кӛлемімен анықтамайды, керісінше мүмкін ӛнім шығарылымы ӛндіріс
жоспарын қарастыруға негіз болады. Кәсіпорын тек ӛзі ӛткізе алатын тауарды және ӛнім
кӛлемін ӛндіруі керек.
2. Ӛнім кӛлеміне әсер ететін әртүрлі факторларды талдау
Ӛнім ӛндірісінің кӛлемінің және ӛткізу кӛлемі, оның сапасының артуының ӛсу темпі
тікелей ұстаным кӛлеміне, пайдаға және кәсіпорын рентабельдігіне әсер етеді. Сондықтан
бұл кӛрсеткіштердің талдануы үлкен мағынаға ие болады.
Талдаудың негізгі міндеттері:
жоспардың орындалуын, ӛндіріс динамикасын және ӛнім ӛткізілімін бағалау
деңгейі;
бұл кӛрсеткіштерге әсер ететін факторларды анықтау;
шығарылымның ӛсу қорын ішкі шаруашылық жүргізуде анықтау және ӛнім
ӛткізілімінде;
қорлар бойынша бағдарламалар жүргізу.
Ӛндіріс кӛлемі және ӛнім ӛткізілімін натуралды, шартты-натуралды, еңбек және
құнды ӛлшеуіштерге байланысты ӛлшеуге болады. Кәсіпорын қызметінің кӛлемін
жалпылама кӛрсеткіштерге байланысты құндық бағалау арқылы таба аламыз, ол үшін
сәйкестендіруші және ағынды бағаларды қолданады.
Ӛнім ӛткізілімінің кӛлемі сатып алушыларға жіберілген тауармен немесе тӛлемге
(выручка) байланысты анықталуы мүмкін. Нарық экономикасында бұл кӛрсеткіш бірінші
дәрежелі мағынаға ие болады. Ӛнімнің қалай сатылатындығына, нарықтағы оған деген
сұранысқа тауар ӛндірісінің кӛлемі байланысты болады. Ӛндірістік бағдарламаны
орындауды бағалау үшін ӛндіріс кӛлемінің және ӛнім ӛткізілімінің (тал, метр, тонна, т.б.)
маңызды рӛл атқарады. Оларды ӛндіріс кӛлемін талдауда және жеке түрлерге байланысты
біртекті ӛнімнің ӛткізілімін талдау барысында қолданылады.
Шартты натуралды кӛрсеткіштер құндық бағалау тәрізді ӛндіріс кӛлемін жалпылап
мінездеу үшін қолданылады, мысалы, консерві зауыттарында осындай кӛрсеткіштер
қолданылады, мыңдаған шартты банкалар, жӛндеу ӛнеркәсіптерінде-шартты жӛндеу
кӛлемі; аяқ-киім ӛнеркәсібінде- шартты аяқ-киім парлары, коэфициенттер негізінде
олардың еңбек кӛлеміне аударымдар т.б.
Нормативті еңбек шығындары ӛнім шығарылымының кӛлемін жалпылама бағалау
үшін кӛптүрлі тауар ӛндіру шартында жалпы кӛлемді натуралды және шартты натуралды
ӛлшемдермен кӛрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда қолданылатын кӛрсеткіш.