46
Қаржылық тетіктерді (рычаг) қолдану кӛрсеткіштері;
Кешенді кӛрсеткіштер (композитті).
Қаржылық тетік (рычаг) несиені қолдану есебінен меншікті капитал табыстылығын
ұлғайтудың әдісі болып табылады. Меншікті капиталдың рентабельділік кӛрсеткіші таза
табыстың меншікті капиталға қатынасы арқылы анықталады. Зайымдық құралдардың
шамасы қаншалықты кӛп болса, тетік (рычаг) соншалықты ұзағырақ, және рентабельділік
жоғарырақ болатынын айта кеткен жӛн.
Бақылау сҧрақтары:
1) Қаржылық коэффиценттер.
2) Тӛлемқабілеттілік және ӛтімділік кӛрсеткіштері.
3) Рентабельділік және табыстылық коэффиценттері.
4) Қорларды тиімді пайдалану кӛрсеткіштері.
5) Нарықтық белсенділік кӛрсеткіштері.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Абрютина М.С Гарачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности
предприятия. Учебно-практическое пособие-М. Издательство «Дело и Сервис», 2007-256с.
2. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник 2 – е издание /
И.А. Богдиновская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и д.р. под общ.ред. В.И. Стражева –
М.М. выш.школа 2008 – 397 с
3. Баканов М.Н., Шеремет А.Д. Теория экономического анализа: Учебник 7 – е,
издательство, доп.и перераб. – М: Финиасы и статистика, 2009– 416с
4. Балабанов И.Т. Финансовый анализ и планирование хозяйствующего субьекта 2 –
е издание, доп.- М.: Финансы и статистика, 2011 – 208с
5. Вакуленко Т.Г., Фомина Л.Ф. Анализ бухгалтерской (финансовой) отчетности для
принятия управленческих решении – СПб.: Издательский дом Герда: 2008 – 288с
6. Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К., Дюсембаева З.К. Аудит и анализ финансовой
отчетности: Учебное пособие – Алматы: экономика, 2009 – 294с
Тақырып 5. Басқарушылық талдаудың негізi.
Дәрістің мақсаты: студенттерге экономикалық талдауды ұйымдастыру және
ақпараттық қамтамасыз етудегі басқарушылық талдаудың маңыздылығын түсіндіру.
Дәріс сҧрақтар:
1 Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеті.
2 Басқарушылық талдаудың рӛлі мен мәні. Басқарушылық және қаржылық талдау
арасындағы байланыс.
3 Басқарушылық талдаудың ақпарат кӛздері.
Дәрістің мазмҧны
1 Басқарушылық талдаудың мақсаты мен міндеті.
Талдамалық жұмыс шешім қабылдайтын әрбір басшының, әрбір менеджердің
қызметтің міндеттеріне кіреді. Осыдан оны ұйымдастыруда маңызды қағидаларға
кіретіндер:
1. Атқарушылар арасында талдауды жүргізу бойынша міндеттерді анық бӛлу;
2. Талдамалық үдерістің үнемделуін және тиімділігін қамтамасыз ету;
3. Регламенттеу және унификациялау. Регламенттеу әрбір атқырушы үшін кестелер
мен талдаудың шығыс нысандарын міндетті минимумдарын ӛңдеуді қарастырады.
Экономикалық талдаудың әрекет етушілігі мен тиімділігіне байланысты болатын
маңызды шарт ол талдамалық жұмыстың жоспарлануы табылады. Жоспар кешенді және
тақырыптық болуы мүмкін.
Талдамалық жұмыстың кешенді жоспары оны жүргізуге жауапты болып
тағайындалған маман бір жылға дайындайды. Жоспарда талдау объектілерінің тізімі
қарастырылады, талдау мақсаттары, әрбір объекті бойынша талдау жүргізу кезеңділігі
47
және талдамалық жұмыстың орындалу мерзімі, ақпарат кӛздері мен әрбір зерттелетін
сұрақ бойынша талдауды әдістемелік қамтамасыз ету анықталады.
Тақырыптық жоспарлар – бұл терең зерттеуді талап ететін кешенді сұрақтар
бойынша талдау жүргізу жоспарлары. Онда талдау объектілері, субъектілері, сатылары,
жүргізу мерзімі, оның атқарушылары қарастырылады.
Талдаудың барлық ақпарат кӛздері жоспарлы, есептік және есептен тыс болып
бӛлінеді.
Жоспарлы сипаттағы ақпарат кӛздеріне кәсіпорында ӛңделінетін жоспардың барлық
типтері жатады (перспективті, ағымдағы, оперативті, технологиялық карталар,
нормативтік материалдар, сметалар, ценниктер, жобалық тапсырмалар).
Есептік сипаттағы ақпарат кӛзіне бухгалтерлік, статистикалық, және оперативті есеп
пен есептілік құжаттарын қамтитын барлық мәліметтер жатады.
Есептен тыс ақпарат кӛздеріне шаруашылық қызметті реттейтін құжаттар жатады.
Оған мемлекет заңдары, жарлықтары, бұйрықтары, тексеру және ревизия актілері, келісім
шарттар, баспалық жариялымдар, есеп берудер және т.б. жатады.
2.Басқарушылық талдаудың рӛлі мен мәні. Басқарушылық және қаржылық талдау
арасындағы байланыс.
Басқаруды талдауды ұйымдастырудың негізгі сатыларына мыналар жатады:
1. Экономикалық талдаудың субъектілерін, объектілерін зерттеуді ұйымдастыруды
анықтау
2. Аналитикалық
жұмысты жоспарлау
3. Экономикалық талдауды ақпараттармен қамтамасыз ету
4. Мәліметтерді аналитикалық талдау
5. Талдаудың нәтижелерін рәсімдеу
6. Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстарды ӛндіріске енгізуді бақылау
Экономикалық талдау үшін барлық ақпарат кӛздері жоспарлы, есепті және есептен
тыс болып бӛлінеді.
3 Басқарушылық талдаудың ақпарат кӛздері.
Жоспарлы ақпараттарға барлық жоспарлардың түрлері: ағымдпғы, жедел ақпараттар
жатады.Есепті ақпарат кӛздеріне:
1. Бухгалтерлік есеп және есеп беру
2. Статистикалық есеп және есеп беру
3. Жедел есеп және есеп беру
4. Іріктелген есеп мәліметтері жатады
Есептен тыс ақпарат кӛздеріне жататындар:
1. Ішкі және сыртқы ревизия материалдары
2. Ішкі және сыртқы аудит материалдары
3. Салық қызметі тексерудің метериалдары
4. Басылым материалдары
5. Түсініктеме хаттар
6. Ӛндіріс жиналысының материалдары
Талдаудың нәтижелері құжаттар түрінде рәсімделуі тиіс. Оларға түсіндірме хат,
анықтама, қорытынды есеп берулер жатады.
Түсіндірме хат мынандай сұрақтарды кӛрсетуге тиісті:
1. Кәсіпорының экономика дамуының деңгейі
2. Шаруашылық жағдайын
3. Қызметтің жеке бағыттар және жоспарының орындалуын кӛрсетуге тиісті
Анықтама мен қорытындылар түсіндірме хаттан айырмашылығы олар
жетіспеушіліктер анықталған резервтерді ӛндіріске енгізуді нақты кӛрсету кезінде қажет
етеді.
Ӛз білімін бақылау сҧрақтары: