Алматы экономика және статистика



жүктеу 0,64 Mb.
Pdf просмотр
бет14/20
Дата14.05.2018
өлшемі0,64 Mb.
#12265
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

 

 

31 



Жастардың  жұмыспен  қамтылуы  -  нарықтық  экономикасы  бар  кӛптеген  елдердің 

проблемасы. Білім беру жүйесінің жеткіліксіздігі, теорияның жоқтығы жастар арасындағы 

жұмыссыздықты күшейтуде, олар онсыз да халықтың ең аз табыс табатын және әлсіз тобы 

болып саналады.   

Психологиялық    тұрғыдан  бұл  еңбек  ӛмірі  мәжбүрлі  жұмыссыздық  жағдайында 

жүретін азаматтар үшін үлкен соққы болды. Ол жұмысын жоғалтпай-ақ үлкен тоқырауға 

ұшырады. 

Жұмыссыз  азаматтардың  психологиялық  бейімделу  мәселесін  қоғам  тыс 

қалдырмады.  Жұмыссыздардың  әлеуметтік  сипатының  және  жеке  бас  қасиеттерін 

зерделеу  жұмыспен  қамту  органының  клиенттерінің  мінез-құлқын  алдын  ала  бақылап 

білуге кӛмектеседі. 

Маман  болып  қалыптасқан  егде  жастағы  азаматтарды  жұмысынан  айырылуына 

байланысты қайта оқыту, жаңа кәсіпке баулудың психологиялық  негіздерін  жасау басты 

мәселе.  Жұмыссыздарды  кәсіби  оқыту  және  қайта  оқыту  жұмыспен  қамту  жүйесіндегі 

жұмысынан  айырылғандарды  әлеуметтік  қорғаудың  негізгі  формасы.  Бұған  қомақты 

қаржы жұмсалады. 



Бекіту сҧрақтары: 

1. 


Еңбек рыногының сегменттерге бӛліну себептері қандай? 

2. 


Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғаудың мақсатты топтары 

3. 


ҚР-дағы қандай жұмыссыз халықты әлеуметтік қорғау мен реттеу жүйесін реттейді? 

4. 


Жұмыссыздарды  кәсіби  дайындау  мен  қайта  дайындау  бағдарламасының  дамуына 

кедергі келтіретін факторлар қандай? 



Әдебиет тізімі: 

1. 


Мельдеханова М.К. Занятость населения и экономический рост.-Алматы:1999ж. 

2. 


Меңлибаев  К.Н.,  Туғанбекова  К.М.,  Черная  Г.Г.,  Каргин  С.Т.  Әлеуметтік  жұмыс: 

Оқу құралы – Қарағанды, 2000ж. 

3. 

 Нысанбаев  С.  Қазақстан  Республикасындағы  жұмыспен  қамту  проблемалары  – 



Алматы, 2000ж. 

 

Тақырып – 11. Жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың әлеуметтік-



экономикалық және этникалық проблемалары 

 

мақсаты:  Жұмыспен  қамту  және  жұмыссыздықтың  әлеуметтік,  экономикалық, 

этникалық проблемаларын шешу жолдарын қарастыру. 



жоспары: 1. Жұмыссыздықтың әлеуметтік проблемалары  

                   2. Жұмыссыздықтың экономикалық салдары  

                   3. Жұмыспен қамтудың этникалық проблемалары 

тірек сөздер: біліктіліктің жетіспеуі, ӛндірістің құлдырауы, қауіп-қатер, кедейшілік, кадр 

саясаты, шығын, еңбек ӛнімділігі, еңбек күш жігері,  қайта даярлау. 

 

Барлық  әлемде  жұмыссыздыққа  ұшыраған  мүгедектер  мен  денсаулығы  нашар 



адамдар,  біліктілігі  жетпейтін  жастар,  бұрын  сотталғандар,  бала  тәрбиелейтін  әйелдер, 

кӛшіп-қонушылар,  этникалық  аз  топтар,  селолық  аудандарда  және  ӛндірісі  құлдыраған 

жерлерде тұратын азаматтар кӛп.  

Еңбек  нарығында  қауіп-қатер  тобына  үлкен  жастағы  адамдар  да  жатады.  Олардың 

кӛбісі  үшін  жұмыспен  қамту  зейнетақымен  қамсыздандырудың  тӛмен  деңгейіне 

байланысты әлеуметтік кедейлікті еңсеру құралы болып табылады. Үлкен жастағы топтың 

қызметкерлерінің жартысы белгілік әлеуметтік филосоы Э.Фроммның ойын қуаттағандай 

немесе  қолдағандай,  ӛмірдің  тез  ағынын  сезіне  отырып,  ӛз  әлеуетін  толық  іске  асыруға 

ұмтылады. 

Әр  адамның  еңбек  ету  құқығын  қамтамасыз  ету  мақсатында  егде  жұмыскерлерді 

жұмыспен 

қамту 


саласында 

халықаралық-құқықтық 

стандарттар 

белгіленген. 




 

 

32 



Халықаралық еңбек ұйымының Егде жұмыскерлер туралы 1980 жылғы 23 маусымдағы № 

162  ұсынымының  маңызы  зор.  Онда  әрбір  елдің  ұлттық  заңанамаға,  тәжірибе  мен 

жергілікті 

жағдайға 

сәйкес 

мұндай 


жұмыскерлерге 

кімнің 


жататындығын 

айқындайтындығы  кӛзделген.  ХЕҰ  егде  жұмыскерлерді  жұмыспен  қамту  проблемасын 

жалпыға  ортақ  және  теңгермелі  жұмыспен  толық  қамту  стратегиясы  аясында  және  – 

кәсіпорындар  деңгейінде  –  жалпыға  ортақ  және  теңгермелі  әлеуметтік  саясат  аясында 

барлық  халық  топтарына  тиісті  кӛңіл  бӛле  отырып,  сол  арқылы  жұмыспен  қамту 

проблемасының  бір  топтан  екіншісіне  ауыспауын  қамтамасыз  ете  отырып  қарастыру 

қажет деп есептейді. 

Батыс елдерінде кәсіпорын әкімшілігінің кадр саясаты жұмыскер ретінде жастарды 

алуға және кәсіпорыннан зейнет алды жастағы адамдарды шығаруға құрылмаған. Кәсіби 

дайындығына  кӛп  шығын  талап  ететін  жас  жұмыскерлерге  ауыстырудан  гӛрі,  еңбекке 

күш-жігерін  аямайтын  біліктілігі  жоғары  жұмысқа  қабілеттілікті  сақтауға  қаражат  бӛлу 

тиімді бола бастады. Кӛптеген кәсіпкерлер егде жұмыскерлердің бұрынғы тәжірибесі мен 

жұмыста алған дағдыларын ескере отырып, қайта даярлау мен ӛндірістік қайта бейімдеуді 

жүзеге асыру орынды деп есептейді. Батыстағы жұмыс істейтін кәрілер құрамында еңбек 

ӛнімділігінің ӛсуі даусыз факт болып табылады. 

1. 


Жұмыссыздықтың жағымсыз жақтары? 

2. 


Жұмыссыздықтың әлеуметтік салдарына не жататды? 

3. 


Жұмыссыздықтың экономикалық салдарына не жатады? 

Әдебиет тізімі: 

1.  Мельдеханова М.К. Занятость населения и экономический рост.-Алматы:1999ж. 

2.  Меңлибаев К.Н., Туғанбекова К.М., Черная Г.Г., Каргин С.Т. Әлеуметтік жұмыс: Оқу 

құралы – Қарағанды, 2000ж. 

3.   Нысанбаев  С.  Қазақстан  Республикасындағы  жұмыспен  қамту  проблемалары  – 

Алматы, 2000ж. 



 

Тақырып-12. Әлеуметтік қызметтің жұмыссыздар мен олардың отбасын 

әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қолдау жұмысы 

 

мақсаты: Әлеуметтік қызметкердің жұмыссыздар отбасына қызмет кӛрсетудегі 

ерекшеліктерін түсіндіру. 



жоспары: 1. ҚР-дағы жұмыспен қамту және жұмыссыздармен әлеуметтік жұмыс 

мәселесі. 

                   2. Жұмыссыздар отбасына қызмет кӛрсету ерекшеліктері. 

                   3. Әлеуметтік қызметкерлердің шетелдік жұмкерлер проблемасын қарастыру 

мәселесі. 

тірек сөздер: әлеуметтік статус, Конститутциялық құқығы, орталық атқарушы орган, 

жұмыспен қамту орталықтары, сұраныс, ұсыныс, шетелдік жұмыс күші, аймақтық 

бағдарлама,  шағын бизнес. 

 

ҚР азаматтарының ұлтына, жасына, жынысына, әлеуметтік статусына, саяси, діни 

кӛзқарасына  қарамастан  жұмыспен  қамтуды  және  жұмыссыздықтан  қорғауға 

Конституциялық  құқығын  жүзеге  асыру  жұмыспен  қамтылудың  сұрақтары  жӛнінде 

мемлекеттік орган құруды қажет етеді. 

Қазіргі  уақытта  әрбір  облыс,  райондарда  біріңғай  технологиямен  клиенттерге 

қызмет кӛрсететін жұмыспен қамту орталықтары бар. 

Орталық атқарушы орган келесілерге міндетті: 

- атқарушы органдарға ұйымдастырушылық басқаруды жүзеге асыру 

-  еңбек  нарығының  ақпараттық  базасы  негізінде  жұмыс  күшіне  деген  сұранысты, 

ұсынысты  талдауға  және  болжауға    және  жалық  пен  ҚР  Үкіметін  еңбек  нарығының 

жағдайы жайлы хабарлап отыруы керек. 




жүктеу 0,64 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау