68
Ең соңында тапсырылған тестің нәтижесі 100 пайыздық ькӛрсеткішпен
экранға шығарылады.
.
Негізгі әдебиеттер: [2] –109- 162 б.
Бақылау сҧрақтары:
1. Дыбыс біріктіру мүмкіндігі.
2. Macromedia Flash ортасында анимациялар және тесттер жасау
мүмкіндіктьері.
3. Macromedia Flash бағдарламасын оқып үйрететін бағдарламалар
кешенінің интерфейсі.
Дәріс 10.
Microsoft Power Point бағдарламасында мултимедиялық
презентациялар қҧру
Microsoft Power Point бағдарламасы презентациялық материалдар
дайындауға және кӛрсетуге арналған.
Презентация ағылшын сӛзі: presentation - кӛрсету, таныстыру. Қандай
да бір тақырыпқа арналған түрлі түсті суреттер - слайдтардың жиынтығы.
Файлдың кеңейтілуі *.ppt, *.pps болады.
Негізгі мүмкіндіктері:
Слайдтардан тұратын презентацияны құру;
Слайдқа мәтін, сурет, бейне және дыбысты кірістіру;
Сызбаны кірістіру;
Мәтінді форматтау;
Гиперсілтемені кірістіру;
Басқару батырмаларын қою;
Слайдтарды сорттау;
Анимация эффектісін және слайд ауысуларын құру;
Презентацияны демонстрациялау.
Windows және оның барлық мазмұнымен Power Point – ты қосқандағы
жұмысының технологиялық негізі – OLE принципі, яғни объектіні
байланыстыру және енгізу принципі. Ол әртүрлі мазмұнда берілгенднрді
біріктіре отырып қолдануды және әртүрлі типтегі объектілерді бір құжатқа
жинау. Слайд құжаттың беті. Слайд – кӛп қабатты құрылым. Таңдалған
фонға мәтінді, бейнені және басқа объектілерді қоюға болады. Слайд
объектілерінің
презентациясын
демонстрациялау
кезінде
олардың
белгіленген уақыт аралығында пайда болуын алдын ала баптауға болады.
Анимация эффектісі – объектілердің пайда болу тәсілдері. Әрбір слайд
объектісіне эффектіні таңдауға болады. Слайд ауысуларының эффектісі – бір
слайдтан келесі слайдқа ауысу, сондай – ақ нұсқалар жиынынан таңдауға
болады. Үш ӛлшемді бейне және эффект 3D эффектілері деп аталады (3
Directions, яғни үш ӛлшемді).
69
Мультимедиалық презентацияның классафикациясы. Мультимедиалық
презентацияны оқу үрдісінде үш типке бӛлуге болады: статикалық,
интерактивті және квазинтерактивті.
Статикалық мультимедиялық презентация деп жұмыс кезінде оқушы
ақпараттық материал слайдтарын ауыстыра отырып оқи алады, бірақ
слайдтың мазмұнын ӛзгерте алмайды (мысалы, слайдта қандай да бір
берілген сұраққа, мәтінге жауап жазуға, бірнеше берілгендердің дұрыс
жауабын белгілеуге т.с.с.). Статикалы мультимедиялық презентацияны
бірден жобалау, яғни презентацияның тақырыбын, слайдтар санын,
мазмұнын, құрылымын анықтап алу керек және презентациямен жұмыс
жасау кезінде ӛзгертілмейді.
Интерактивті мультимедиалық презентацияда қолданушы ақпараттық
материалды оқу кезінде слайдтың мазмұнын ӛзгерте алады. Интерактивті
презентацияның навигациялық схемасы болып динамикалық және сонымен
бірге логикалық кескін «таңдау», «толық развилка», «толық емес развилка»
базалық құрылымының кӛмегімен слайдтар арасындағы ауысулар жүзеге
асады. Қолданушының оқу материалын орындау үрдісі кезінде осы ауысулар
келесі және одан кейінгі слайдтар арасындағы ауысуларда анықталады.
Интерактивті мультимедиалық презентацияның мүмкіндігін жүзеге
асыру үшін MS Office қолданбалы программасы (Power Point программасы),
Visual Basic for Applications (VBA) интегралданған программалау тілінің
кӛмегімен программаланған элементтері қолданылады.
Квазинтерактивті мультимедиалық презентация мықты навигациялық
схеманы, бірақ қолданушыға тапсырманы екі тәсілмен жүзеге асыруға
мүмкіндік береді:
Тапсырма ауысу слайдындағы элементтер мәзірінде орналасқан
гиперсілтеме кӛмегімен басқа мазмұндағы ортада орындалады.
Жалауша, Поле және Ауыстырып – қосқыш (Power Point инструменттер
панелі, Басқару элементтері) басқару элементтері слайдта ауысады.
Интерактивті мультимедиялық презентациядан айырмашылығы кӛрсетілген
басқару элементтері программаланбайды және ол қолданушымен ӛзгереді,
сонымен қатар слайд режимінің нақты уақытында бекітіледі. Барлық
тапсырмалар орындалып болған соң презентация компьютердің дискісінде
сақталады. Екі нұсқаның да қолданып орындаған тапсырмаларының талдауы
мен бағасы нақты уақыт режимінде (қолданушының онымен жұмыс істеуі
кезінде презентация слайды немесе құжат кӛрсетіледі), әлде презентацияны
немесе құжаттың файлында жазылғанды кӛрсетуді аяқтағаннан кейін
жүргізіледі. Квазимультимедиалық презентацияда слайдтар арасындағы
логикалық ауысуларды жүзеге асыру мүмкіндігі, сонымен қатар
қолданушының жұмысының нәтижесіне программалық талдау мен бағалау
жүргізілмейді. Ескерейік, квазинтерактивті мультимедиялық презентацияға
қарағанда интерактивті презентацияның тапсырманы орындау тәсілін
қолдану мүмкіндігі бар.
70
Интерактивті батырма. Web-дизайнында тышқанның кӛрсеткішін
апарғанда түсін немесе формасын ӛзгертетін интерактивті объекті жиі
қолданылады. Жалпы жағдайда бірнеше интерактивті объектілер болады,
олардың ішінде жиі қолданылатындар мыналар: Наведение (апару)-
тышқаннаң сол жақ батырмасын баспай тышқанның кӛрсеткішін объектігі
апару;
Нажатие (басу) – объектіге тышқанның кӛрсеткішін апарып, сол жақ
батырманы басып ұстап тұрамыз, сол кезде тышқанның сол жағы әлі
басылып тұрса, онда объектінің түрі ӛзгермейді;
Щелчок (басып жіберу) – объектіде тышқанды басып жіберу (келесі рет
басып жібергенге дейін жаңа түрі сақталып тұрады);
Наружу – тышқан кӛрсеткіші объектіден сыртқа шығады.
Интерактивті батырманы құру. Форманың статикалық басқару
батырмасының формасынан айырмашылығы және үнсіз келісім бойынша
интерактивті эффектіні қою, тышқанның сол жақ батырмасын басып ұстап
тұрғанда батырманың түсінің ӛзгеруі (интерактивті эффект нажатие) сияқты
интерактивті батырманы құру алгоритмін қарастырайық. Алгоритм екі
бӛлімнен тұрады: алдымен (бірінші кезең) Управляющие кнопки
палитрасынан басқару батырмасы бапталады және құрылады, ал сонан кейін
(екінші кезеңнен) бұл батырма Автофигуры палитрасының объектілерімен
жүзеге асады.
Бірінші кезең жүзеге асу үшін «Статикалық басқару батырмасы»
бӛлімінде сипатталған әрекеттерді орындау.
Екінші кезең жүзеге асу үшін келесі әрекеттерді орындау керек:
Құрылған батырма ерекшеленбесе қайта ерекшелеңіз.
Рисование панелінде орналасқан Действия батырмасына басыңыз.
Менюден ашылған Изменить автофигуру пунктін таңдаңыз. Автофигура
түріндегі тізімдер панелі ашылады (онда сызық түріндегі фигуралар
болмайды).
Тізімнен қажетті автофигура түрін, содан кейін қажетті автофигураны
таңда. Мысалы, «улыбающееся лицо» («күлімдеген әлпет») 37-сурет. Басқару
батырмасы таңдалған автофигура түрін қабылдайды және тышқан
батырмасын басқандағы әсер ететін интерактивті батырманы аламыз.
Интерактивті батырманы құру кезінде Настройка действия диалогтік
терезесіндегі Выделить жалаушасы үнсіз келісім бойынша белсенді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |