116
салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс т.б.
шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді.
Салықтың қайта бӛлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бӛлігі мемлекет
пайдасына ӛтеді. Одан кейін мемлекет бюджетте жиналған салық түсімдерін әртүрлі
бағдармаларды қаржыландыру үшін (ауыл шаруашылықты, ғылымды, әлеуметтік сфераны,
қоршаған ортаны қорғау үшін) қайта бӛле алады.
Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының басты мақсаты – салық
жүесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.
Барлық салық түрлері мен оларды жинау әдісі салық жүйесі деп аталады.
Жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қаржы қатынастарының жиынтығы, салықтар
және алымдар, салық салу әдістері мен тәсілдері, салық заңдары және салықтарға қатысты
актілер,реттеуші органдар мен салықтар қызметтерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттің қаржы кӛздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болумен қатар ел
экономикасын қайта құруға, ӛңдірістің ұлғаюына, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың
толық іске асырылуына мүмкіндік туғызады.
Салық жүйесінің негізгі элементтеріне: салық стафкасы, салық базасы, салық жеңілдіктері
жатады. Салық жүйесі және оның қызмет ету механизмі белгілі бір прінциптерге сәйкес қызмет
етуі керек.Сонда ғана салық жүйесі ӛз қызметін жан-жақты және тиімді түрде іске асыра алады.
Дүние жүзілік тәжірибеде қолданылып келе жатқан бірнеше принциптер бар. Оларды кезінде
А.Смит кӛрсеткен:
1. Салық әр салық тӛлеушінің табысына қарай алынуы керек.
2. Салық мӛлшері мен тӛлеу уақыты алдын ала белгіленіп қойылуы керек.
3. Әр салық салық тӛлеушіге ыңғайлы тәсіл арқылы алынуы қажет.
4. Салық жинау шығындағы неғұрлым аз болғаны қажет.
Салық жүйесі мемлекеттің заң актілеріне негізделеді. Олар салықтарды алу және құруды ң
нақты әдістерін белгілейді. Салықтарды мынадай белгілері бойвнша топтастыруға немесе жіктеуге
болады:
-салық салу объектілеріне қарай;
-салық алу әдістеріне қарай;
-салықтың мӛлшерін анықтау әдісіне қарай;
-салықтарды пайдалану тәртібіне қарай;
1. Салық салу объектісіне қарай табыстар (жалақығы, рентаға, табысқа және т.б.)және
мүлік (жерге, кәсіпорындарға, үйге, пәтерге және т.б.) түрлеріне бӛлінеді.
2. Алу әдістеріне қарай-салықтар жанама және тікелей болып бӛлінеді.Тікелей салық
негізінен табысқа салынатын салық болса,жанама салық-тұтыну салығы болып табылады. Тікелей
салық мемлекеттің жалпы қажуттеріне жұмылдыратын инструмент. Тікелей салық табыстардан
117
тікелей алынатын салық (табыс салығы) немесе мүлік иелерінен алынатын салық (меншікке салық
немесе мүлік салығы).
Жанама салықтар тауарлардың бағасының құрамына кіреді және тауарлар сатылғанда
тұтынушылардан алынады.Бұл жерде жанама салықтың екі позициясын акциз және баж салығын
атап ӛтуге болады. Акциздер-ішкі нарықта сатылатын тауарларға салық. Сонымен қатар, акциздер,
біріншіден, жеке тауарлардың бағаларына қосылатын қосылымдар (мысалы, темекі ӛнімдері,
ішімдіктерге), екіншіден, универсалды акциздер-сатылатын тауарлардың жалпы құнына
салынатын салықтар(мысалы, сатудан түсетін салық қосылған құнға салық және т.б).
Баж салығы-мемлекеттік шекарадан ӛтетін тауарлардан,яғни транзиттік тауарлар мен импорттық
тауарлардан алынатын салықтар.
3. Салықтың мӛлшерін анықтау әдісіне қарай,пропорционалды салық мӛлшері-мүліктің құнына
немесе табыстын сомасына байланысты емес тұрақты процент стафкалы салықтар жатады.
Прогрессифтік (үдемелі) салықтар мӛлшері, салық стафкасының ӛсуі табыстың ӛсуімен
байланысты болады. Регрессивті салықтар жағдайында табыс ӛскен сайын салық стафкасы
тӛмендеп отырады.
4. Пайдалану тәртібіне қарай-салықтар жалпы және арнайы немесе мақсатты болып бӛлінеді.
Жалпы салықтар мемлекеттің орталықтандырылған қорына немесе мемлекеттік бюджетке түседі.
Мақсатты немесе арнайы салықтар белгілі бір нақты бір іс әрекеттерге немесе шаралардыжүзеге
асыру үшін пайдаланылады.
5. Салықты алатын және иелік ететін мекемелерге қарай салықтар мемлекеттік және жергілікті
болып екі топқа бӛлінеді. Мемлекеттік салықтарды орталық басқару органдары белгілейді және
алып отырады. Жергілікті салықтарды тиісті территориядағы жергілікті басқару оргындары
реттейді.
Мемлекет салық механизмі арқылы экономикалық ӛсуді ынталандыра алады. Экономиканың
тиімділігін арттыру үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны
ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың
ӛсуі үшін қолайлы жағдай жасайды. Бүкіл экономикалық конъюктураны ынталандырудың басты
шараларына, мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейган әкімшілігінің
салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ
экономисі А.Лаффердің теориясы алынған. Ол салықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің
экономикалық ӛсуі мен табыстың кӛбеюін дәлелдеді. (Лаффер қисығы деп аталады) Лаффердің
ойынша, корпорациялар табысына шектен тыс салық стафкасын кӛтеру олардың күрделі қаржыға
деген ынтасын жояды,ғылыми-техникалық прогресті тежейді ,экономикалық ӛсуді баяулатады,
сӛйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.
А.Лаффердің қисығы 1-суретте кӛрсетілген. Ордината осінде салық стафкалары (R), абсциссада
бюджетке түсімдер (Y) кӛрсетілген. Салық стафкасы ӛскенде мемлекет табысы ұлғаяды.
R
100%
R
1
Достарыңызбен бөлісу: |