Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет35/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54

90 
 
Қазіргі экономикалық ғылымда жалақының мәні туралы әртүрлі кӛзқарастар айтылып жүр. 
Батыс  экономикалық  ғылымының  ӛкілдері  жалақыны  еңбектің  бағасы  ретінде  қарастырады. 
Мысалы,  Макконелл  мен  Брюдің  пікірінше  «жалақы  немесе  жалақы  мӛлшері  –  ол  еңбекті 
пайдаланғаны үшін тӛленетін баға». Басқа концепция бойынша жалақы жұмыс күшінің бағасымен 
құнының ӛзгерген  формасы ретінде анықталады. Жалақының негізін жұмыс күші-тауардың құны 
құрайды.  Жалақының  жұмыс  күшінің  құнының    тӛңірегіндегі  қозғалысы  жұмыс  күшіне  деген 
сұраныс пен ұсыныс заңдары арқылы реттеліп отырылады.  
Ақшамен бейнелеген жұмыс күшінің құны  жұмыс күшінің бағасы болып табылады. Жұмыс 
күшінің бағасы әр түрлі факторлардың ықпалымен оның құнынынан ауытқи алады. Бұл тендеция 
жұмыс  күшінің  тауар  ретіндегі  спецификалық  қасиеттерімен  байланысты  болады.  Ол  ұдайы 
ӛндіріс  процесінде  жұмыс  күшінің  құнына  басқа  тауарларға  жұмысшы  мен  оның  жанұясының  
қажетті  тіршілік    заттарының    құны  кіретіндігін  білдіреді.  Бұл  ерекше  товардың  тағы  бір 
спецификалық  қасиеті  оның  бағасының  ерекшеліктерінен  байланысты.  Сұраныс  пен  ұсыныс 
ықпалымен тауарлардың бағасы, оның құнының тӛңірегінде ауытқып отырады. Бұл құбылыстың  
жоғарыда кӛрсеткеніміздей жұмыс күшіне де қатысы бар, оны номиналды және нақты жалақының 
дәрежесінен кӛруге болады.  
Номиналды  жалақы  деп  жұмысшының  ӛзінің  еңбегі  үшін  алатын  ақшалай  табысы. 
Жұмысшы номиналды жалақысына ӛзіне және жанұясына қажетті   азық–түлік ӛнімдерін, киім – 
кешек  және  басқа  тауарларды  сатып  алуға,  коммуналдық  және  т.б.  тӛлемдерді  тӛлеуге    тиіс. 
Сондай–ақ,  ол  белгілі  бір  мӛлшерде  салық  тӛлеуге  тиіс.  Мұның  ӛзі  жұмысшының  ӛзін  және  ӛз 
жанұясын  асырауға  жұмсайтын  ақшаның  сомасын  елеулі  түрде кемітеді.  Номиналды жалақыдан 
нақты жалақыны айыра білу керек.  
Нақты  жалақы  дегеніміз  бағаның  белгілі  бір  дәрежесі  кезінде  номиналды  жалақыдан 
салықтар  мен  басқа  да  тӛлемдер    алынып  тасталғаннан  кейін  жұмысшының  ӛзінің  номиналды 
жалақысына сатып ала алатын тұтыну құндарының  (тауарлар мен қызметтердің ) мӛлшері болып 
табылады.  
Нақты    жалақы  ең  алдымен  номиналды  жалақының  мӛлшерімен  анықталады.  Нақты 
жалақының  мӛлшеріне    тұтыну  заттарының  бағасы,  пәтер  ақы,  коммуналдық  қызмет,  қоғамдық 
кӛлік және қызметтің басқа да түрлеріне белгіленген тарифтер ықпал етеді. Бұл факторлар нақты 
жалақыны тӛмендетеді. 
Жалақының негізгі формаларына мерзімді  және кесімді түрлері жатады.  
Мерзімді  жалақы  істелген  жұмыс  уақыт  мӛлшеріне  және  қызметкерлер  мен 
жұмысшылардың мамандығына байланысты тӛленеді. 
Кесімді  жалақы  ӛндірілген  ӛнімнің  санына  және  сапасына  байланысты  тӛленетін  тӛлем 
ақы.  Ол  еңбек  ӛнімділігін  арттыруға,  жұмысшыны  тікелей  ынталындырады,  әркімнің  орындаған 
жұмысына  дәлме–дәл  есеп  жүргізуге  мүмкіндік  береді.  Бірақ  қазіргі  уақытта  ӛндіріс 
технологиясының  ерекшеліктеріне  байланысты  кӛп  жағдайда  жалақының  мерзімді  формасы 
қолданылады.  
Қазіргі кезде жұмысшының творчестволық  қабілетін дамытуына, еңбек  ӛнімділігінің ӛсуін 
ынталандыруға бағытталған жалақының әр түрлі жүйесі қолданылады. Мәселен, кесімді ақы тӛлеу 
түріне:  тура  кесімді  жалақы,  кесімді  прогрессивтік  жалақы,  кесімді  сыйлық  жалақы.  Кесімді 
жалақының  тағы  бір  түрі  -  аккордтық  жалақы  жүйесі.  Бұл  жүйеде  жалақы  жұмысшыларға 


91 
 
ӛндірістің ең соңғы нәтижесіне байланысты тӛленеді. Сонымен қатар, жай мерзімді және мерзімді-
сыйлық жалақы жүйесі де пайдаланылады. 
Жұмысшының  жалақысының  мӛлшері  мен  деңгейіне:  ұлттық  ресурстар  жағдайы  (табиғи, 
еңбек,  технологиялық),  жұмыс  күшіне  деген  сұраныс  пен  ұсыныстың  ара  қатынасы  және  елдің 
экономикасының  жағдайы  елеулі  әсер  етеді.  Жалақының  деңгейіне  ықпал  ететін  факторлардың 
ішінен  бірінші  қатарға  жұмыс  күшіне  деген  сұраныс  және  ұсыныс  шығады.  Атап  айтқанда, 
сұраныс  пен  ұсыныс  еңбек  ӛнімділігіндегі  ӛзгерістерді  бейнелейді.  Еңбек  ӛнімділігі  неғұрлым 
жоғары болса, жұмыс күшіне деген сұраныс та соғұрлым жоғары болады және жалақының орташа  
деңгейі  де  жоғары  болады.  Жалақының  деңгейіне  және  динамикасына  кәсіподақтар  әсер  етеді. 
Кәсіподақтар  іс-әрекеті  ең  алдымен,  жалақыны  ӛсіруге,  еңбектің  қауіпсіздігін,  еңбектің жағайын 
жақсартуға бағытталған. Мемлекет кәсіпкерлермен қатар кәсіподақтар жұмысшы күші нарығының 
тең  құқылы  субъектісі  ретінде  әрекет  етеді.  Сондай-ақ,  жұмысшы  күшіне  сұранысты,  сонымен 
бірге жалақыны ӛсіруге әсер етіп, ӛндіріске де қолдау кӛрсетеді.  
Капитал - ӛндіріс факторы және пайыз – капитал иесінің табысы ретінде.  
Ӛндіріс  факторларына  адамның    еңбегімен  қатар  капитал  да  жатады.  Бұл  категорияның 
мәнітуралы қазіргі кезеңде әр түрлі пікірлер бар. Солардың ішінен екі ірі топтың кӛзқарастарына 
тоқталайық.  Олардың  біріншілері  капиталды  ӛндіріс  құрал–жабдықтарының  жиынтығы  ретінде, 
ал  екіншілері  капиталды  шаруашылықтан  табыс  табу  мақсатында  пайдаланатын  ақша  сомасы 
ретінде  қарастырады.      Капитал  категориясы  туралы  әр  түрлі  пікірлердің  болуына  байланысты, 
капитал нарығы туралы да біріңғай пікір қалыптаспаған. Сондықтан нарықтағы сатушы мен сатып 
алушының  ара  қатынасындағы  объектілерге  қарай  капитал  нарығы  туралы  кӛзқарастың  екі 
бағытына тоқталайық.  
Біріншілері,  капитал  деп  ӛндіріс  факторлары  нарығындағы  капиталдарды:  машиналарды, 
станоктарды,  құрылыстарды,  материалдарды  және  т.б.  айтады.  Сол  себептен,  бұл  жағдайда 
капитал - ӛндіріс факторлар нарығының бір бӛлігі ретінде кӛрінеді.  
Екіншілері, капитал нарығына қаржы нарығындағы ақша капиталын жатқызады. Сондықтан 
олар капиталды қарыз капиталының  бір бӛлігі ретінде қарастырады.  
Қарыз капиталы нарығы ақша нарығына және капитал нарығына бӛлінеді. Ақша нарығы бір 
жылға дейінгі қысқа мерзімдік банк операцияларымен байланысты. Капитал нарығы орта мерзімді 
және ұзақ мерзімді банк операцияларына қызмет етеді. Ол ипотекалық нарыққа (салынған заттарға 
берілген  қағаздармен  операция  жүргізу)  және  қаржы  нарығына  (құнды  қағаздармен  операция 
жүргізуге ) бӛлінеді.  
Қаржы  нарығының  субъектісіне  банктер  олардың клиенттері  және  қор биржалары жатады, 
ал  объектісі  ретінде  және  кәсіпкерлердің  құнды  қағаздарымен  қатар  мемлекеттік  мекемелердің 
құнды  қағаздары  да  кіреді.    Ақша  нарығы  және  капитал  нарығы  қарыз  капиталының  екінші 
қайтара  нарығы  болып  табылады.  Бұл  нарықтың  әр  біреуіне  тән  құнды  қағаздары  болады. 
Олардың бір-бірінен айырмашылықтары тӛмендегідей:  

статусы (акция немесе облигация ) бойынша; 

меншік түрі (жеке меншік немесе мемлекеттік) бойынша; 

ӛтімділігі дәрежесі бойынша; 

тәуелділік сипаты бойынша; 
Мысалы, АҚШ капитал нарығына: 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау