Бөлімше 3.1 Шығарманың жоспарын құру
Оқу мақсаты
3.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы логикалық
бөліктерге бөліп, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды
•
Мәтін бөліктеріне тақырып қояды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Баяғыда бір патша халқын сынап көру үшін «Ешкім өз басына пайда қылмасын!»
деген бұйрық таратыпты да, оны тексеру үшін үстіне ескі киім киіп, елді аралапты. Бір
күні түнде шам жанып тұрған үйге қайыр сұраған кісі болып кірсе, етікші етік тігіп отыр
екен. Етікші қайыршыға бір үзім нан береді. Сонда қайыршы:
-
Сен неге патшаның бұйрығын орындамайсың? «Ешкім өз басына пайда
қылмасын!» дегені қайда? - дейді.
-
Себебі, мен жарлы адаммын. Күнде төрт теңге пайда табамын да, төрт
теңге зиян қыламын. Осылай күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, осыны білер еді»,
-
дейді етікші.
Патша жауап қайтармастан үйіне келеді де, уәзірлерін шақырып алып:
-
Менің бір сауалым бар. Күніне төрт теңге пайда, төрт теңге зиян
қыламын. Сол пайдам мен зияным не? Үш күннің ішінде жауабын табыңдар. Өздерің
білмесеңдер, білетін кісіні табыңдар- депті.
Уәзірлер шешуін таба алмай жүргенде баяғы етікші келіп:
-
Мен патшаның сұрағына жауап тапсам, не бересіңдер? - дейді.
Уәзірлер көп ақша бермекші болады. Сонда етікші патшаға барады да:
-
Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт теңге пайда, төрт теңге зиян
қыламын. Ол былай: бір теңгені қарызға беремін, бір теңгені ескі қарызымды төлеуге
беремін, бір теңгені құдыққа тастаймын, бір теңгені әйеліммен екеумізге жұмсаймын, -
депті.
Сонда патша:
-
Әйеліңмен екеуіңе жұмсалған ақша түсінікті, қалған үш теңгенің жұмсалған
орнын анықтап түсіндір, - депті.
Бұл сөзге етікші былай депті:
-
«Бір теңгені қарызға беремін» дегенім, «Қартайғанда өзімді асырар»
деп балама беремін. «Бір теңгені ескі қарызыма беремін» дегенім, оны өзімді асыраған
кәрі әке-шешеме беремін. «Біртеңгені құдыққа тастаймын» дегенім, қызым бар, соған
беремін дегенім, - депті.
Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - деп, өзіне уәзір сайлапты.
50
•
Сұрақтардың көмегімен мәтіннің басын, ортасын және соңғы бөлігін тауып, қоршап
сыз. Әр бөлікке ат қой.
Достарыңызбен бөлісу: |