Алекин топтастыруы


Жарықшақтың генетикалық түрлерін анықтау



жүктеу 102,16 Kb.
бет8/22
Дата21.01.2022
өлшемі102,16 Kb.
#34061
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Алекин топтастыруы

Жарықшақтың генетикалық түрлерін анықтау.Магмалық, метаморфтық және тығыз шөгінді тау жыныстарының сулылығы олардағы жарықшақтар мен макрокеуектердің сатылығы (степень) мен сипатына байланысты. Пайда болуына байланысты литогенетикалық, тектоникалық және экзогендік жарықшақтарға бөлінеді.Литогенетикалық жарықшақтар қалыңдық шектерінде тау жыныстарының қалыптасу кезінде пайда болады, бірақ ашылуы мен мөлшері әлсіз болып келеді.Тектоникалық жарықшақтар (жарылымдар, бұзылыстар) геологиялық құрылымдардың қалыптасуымен байланысты және жерасты суларының көп жиналатын қатпарлы аудандарында таралған. Экзогендік жарықшақтар жылулық, химиялық және механикалық мүжілудің әсерінен тау жыныстарының бұзылу процесінде пайда болады. Жарықшақтардың барлық түрлері, олар құмдақты-сазды, минералды түзілімдермен толған кезде, ашық және жабық бола алады. Тау жыныстарындағы жарықшақтардың әртүрлі болуы жерасты суларының қозғалуын, таралуын және жиналуын қиындатады.

Жарықшақтың жалпы сипаты мен оның дәрежесін бағалау.Барлық берік тауж ры жарықтар жүйесімен тілінген болып келеді. Жарықтардың өлшемі,пішіні, кеңістіктегі орны алуан түрлі. Жер қыртысының жоғарғы бөлігінде түпкі берік жыныстардың үгілу нәтижесінде өлшемдері едәуір болып келетін үгілу жарықтары пайда болады. Бұл жарықтардың тереңдігі ең пәрменді үгілу аймағының қалыңдығы бойынша анықталады. Әдетте бұл шама бірнеше ондаған метрден аспайды. Жарықшақтар жарықшақтық қабат аралық екі су өткізбейтін жыныс қабаттарының арасында жатқан берік шөгінді жыныстардың жарықтарынан орын алады.

Жер асты гидросферасының құрылысы. Гидрогеологиялық стратификация элементтері кандай?Жерасты гидросферасы дегенiмiз - тау жыныстарындағы әралуан түрдегi және жағдайдағы су. Жер қыртысындағы судың таралуы әртүрлi. Ол тау жыныстарының ерекшелiктерiмен, термодинамикалық, физика-химиялық жағдайларына байланысты. Жер қыртысының қимасында, шектiк температураның изотермасымен бөлiнген екi белдем бөлуге болады. Жоғарғы белдемнiң (қиманың 80%-дай) қалыңдығы құрылықта 25 км-ге дейiн, мұхитта – бiрнеше км болады. Бұл белдемде сұйық еркін судың барлығы, мұз және байланыстағы сулардың барлық түрлерi бар.Төменгi белдемде химиялық байланыстағы сулардың бiр бөлiгi таралған.Гидрогеологияның зерттейтiн негiзгi объектiсi - жоғарғы белдем. Онда гравитациялық еркін сулар жиналған. Қанығу белдемiнде олар әртүрлi гидрогеологиялық жүйелер құрайды. Олар: сулы горизонт,сулы кешен, сулы бассейн, сулы белдем, т.б.Сулы горизонт - қалыптасу жағдайлары бiрдей және олардағы судың бiрдей қозғалысымен сипатталатын бiр немесе бiрнеше сулы қабаттар. Сулы горизонттың суы грунттық немесе арынды, жасы әртүрлi, сiңуі және сыйымдылық қасиеттерi әртүрлi бола алады. Сулы кешен гидравликалық арақатынастағы, өткiзгiштiгi шамалы, қалыптасу жағдайы бiрдей бiрнеше сулы горизонттардан тұрады. Геологиялық дамуы бiрдей бiрнеше сулы горизонттар мен сулы кешендер жиынтығы гидрогеологиялық бассейндi құрайды.

Жер асты сулары қозғалысының шынайы жылдамдығы және сүзілу жылдамдығы.

Жер асты сулары пайда болуы және классификациясы.Гидросфераның пайда болуы және дамуы Жердiң планета ретiндегi геологиялық тарихына байланысты. Жерасты гидросферасының қалыптасуы гидрогеологиядағы ең күрделi, әрi ең аз зерттелген мәселе. Қазiргi кезде көптеген зерттеушiлер атмосфера мен гидросфераның қалыптасуы туралы А.П.Виноградовтың 1959 жылы айтқан көзқарасын бөлiседi.Ол көзқарас бойынша, Жердiң бiрiншi суық заты оның дамуының ең ертедегi кезеңiнде (4-5 млрд.жыл бұрын) элементтердiң радиоактивтiк ыдырауы және адиабаттық қысу кезiндегi жылудан қыздырылған. Ол кезде элементтердiң ыдырау қуаты қазiргiден 8-9 есе асатын. Жер затының қыздырылуынан оның қабықтарға бөлiнуiнiң бiржақты бағыттағы процесi өттi (мантияның балқытуы мен газсыздануының нәтижесiнде Жер бетiнде құрамында су мен ерiген газы бар жақсы балқитын базальттық магма келiп түсетiн). Сонымен, гидросфера мен атмосфераның қалыптасуы мантия затының газсыздануы мен балқуының нәтижесiнде келген. Гидросфераның барлық суы негiзiнен ювенильдiк болған. Жер дамуының ең ерте кезiнде гидросфера күрделi сандық, әрi сапалық өзгерiстерге ұшыраған. Дүниежүзiлiк мұхит суының құрамы қатты өзгерiске ерте палеозойдан берi ғана ұшырамаған.Гидросфера пайда болғаннан және жер шарында ұлкен су айналымы дамығаннан берi, жерасты суларының қалыптасуына мұхит пен теңiздiң тұзды суынан басқа, жауын-шашынның тұщы сулары, будан шоғырланатын еркін сулар және магмалық балқымалардан түсетiн ювенильдiк сулар да қатысады. Жерасты суларының химиялық құрамы сулардың тау жыныстарымен, газдар және органикалық заттармен күрделi байланысы кезiнде қалыптасады және жер қыртысы дамуының геологиялық тарихын көрсетедi. Жерасты суларының пайда болуына тоқталсақ, қазiргi кезде 4 белгiлi теориясы бар: 1. инфильтрациялық,2. конденсациялық,3. седиментациялық, 4. ювенильдiк.


жүктеу 102,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау