Алекин топтастыруы


Судың химиялық құрамының графикалық кескінін салыңыз



жүктеу 102,16 Kb.
бет16/22
Дата21.01.2022
өлшемі102,16 Kb.
#34061
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Алекин топтастыруы

Судың химиялық құрамының графикалық кескінін салыңыз.Жер асты суларының химиялық құрамын график түрінде көрсету бірнеше түрі бар. Олардың ішінде судың тығыздық құрамының графигі, Ферре үшбұрышы, Н.И.Толстыхинның график квадраты.Судың тұздық құрамын білу үшін тік төртбұрышты құрылады, ол жалқы анализдарды көрсету үшін көрсетіледі.Суды химиялық құрамы туралы мәліметтерді жүйелендіру үшін өте қолайлы әдісті 1928 жылы Н.И.Толстихин ұсынған. Бұл әдістіе график әр жағы 100%-экв тең 100 бірдей бөлікке бөлінген квадрат түрінде берілген.

Суқанығу коэффициенті ылғалдылық дәрежесі?Ылғалдылық процентпен су массасының үлгінің типті құрғақ фазасының массасына қатынасы. Суға қанығу жыныс үлгісіндегі барлық қуыстардың жарықшақтар мен басқа кеуектердің толуы.Салыстырмалы ылғалдылық коэффиценті К таужынысының қуыстарының қандай бөліктерінде судың болатындығын сипаттайды. Және мына формуламен анықталады: К=Ө1\Ө2Мұндағы Ө1- гигроскопиялық және далалық ылғалдылыққа қатысты өзгертін табиғи ылғалдылық; Ө2- еркін және физикалық байланысқан суарға қаныққан таужынысының толық ылғал сыйымдылығы.Суға қанығу дәрежесі бірлік өлшем немесе процентпен бағаланады. Таужынысының суға қаныққан белдеміндегі салыстырмалы ылғалдылық 1ге тең; аэрациялану белдемінде 0, 01 – 0,9 аралығында өзгереді. К <0,10 болғанда таужыныстарының күйлері абсолютті құрғақ , тек құрамында берік байланысқан су бар, 0,10<К≤0,90 таужыныстары әртүрлі дәрежеде суға қаныққан , К ≥0,90 суға толығымен қаныққан деп қабылданады.

Сулардың химиялық құрамының негізгі көрсеткіштерін атаңызСудың химиялық қасиеттерiнiң негiзгi көрсеткiштерiне судың минералдылығы, сутектiк көрсеткiш, тотығу-тотықсыздану потенциалы, судың кермектiгi мен жемірлілігі жатады. Судың минералдылығы. Судың минералдылығы деп судың құрамындағы барлық минералды заттардың қосындысын айтады. Минералдылықты г/дм3- мен өлшейдi.Минералдылық мәнi бойынша табиғи сулар келесi топтарға бөлiнедi: 1. Өте тұщы 0,2 дейiн 2. Тұщы 0,2-1 3. Шамалы тұзды 1-3 4. Тұздылау 3-10 5. Тұзды 10-50 6. Шамалы тұздық 50-100 7. Өте жоғары тұздық 100-ден артық.Сутектiк көрсеткiш (рН) дегенiмiз терiс таңбамен алынған, судағы сутегi ионы шоғырының ондық логарифмi рН=-lg (H+). Бұл көрсеткiш судың қышқылды-сiлтiлiк қасиеттерiн сипаттайды. Сутектік көрсеткіш мәнi бойынша табиғи сулар келесiдей бөлiнедi: 1. Өте қышқыл 5-тен кем 2. Қышқыл 5-7 3. Бейтарап 7 4. Сiлтiлi 7-9 5. Жоғары сiлтiлi 9-дан артықЖерасты суларының сутектік көрсеткіші 6-8-ге теңТотығу-тотықсыздану потенциалы судағы өзгермелi валенттiктi элементтердiң тотығу немесе тотықсыздану қарқынын сипаттайды. Бұл көрсеткiш асыл металдан жасалған және ерiтiндiге түсiрiлген электрод пен қарапайым сутектiк электрод арасындағы потенциалдардың айырмасын айтады. Тотығу-тотықсыздану потенциалы мВ-мен өлшенедi.Судағы оттегiнiң мөлшерi 7 мг/дм3 болғанда судың тотығу-тотықсыздану потенциалы + 350-+ 700 мВ-ға тең. Судың кермектiгi ондағы кальций мен магний иондарының қосынды мөлшерiмен анықталады, өйткенi судағы басқа элементтердiң мөлшерi өте аз. Кермектiктi кальций мен магнийдiң ммоль/дм3-мен берiлген мөлшерiмен көрсетедi. Кермектiктiң 1 ммолi кальцийдiң 20,04 мг/дм3 немесе магнийдiң 12,16 мг/дм3-не тең. Кермектiктiң 3 түрi бар: жалпы, жойылатын (карбонатты) және тұрақты (карбонаттық емес). Жалпы кермектiк судағы кальций мен магний иондарының қосындысын көрсетедi.Жойылатын (уақытша) немесе карбонаттық кермектiк кальций мен магнийдiң гидрокарбонаттық және карбонаттық тұздарымен көрсетiледi. Жойылатын кермектiк судың жалпы кермектiгi қайнағаннан кейiн қаншаға азаятынын көрсетедi. Жойылмайтын (тұрақты) немесе карбонаттық емес кермектiк хлоридтармен, сульфаттармен, және басқа карбонаттық емес аниондармен қосыла алатын кальций мен магний мөлшерi. Жойылмайтын кермектiк жалпы кермектiк пен жойылатын кермектiктiң айырмасына тең.Табиғи сулар жалпы кермектiгi бойынша 5 топқа бөлiнедi: 1. Өте жұмсақ 1,5 дейiн 2. Жұмсақ 1,5-3,0 3. Шамалы кермектi 3-6 4. Кермектi 6-9 5. Өте кермектi 9 –дан жоғарыСудың жемірлілігі ондағы сутегi, көмiртегiнiң бос диоксидi, сульфаты және магнийiнiң қатысуымен байланысты. Судың жемірлік қасиетi бетон, темiрбетон және металдарға ғана көрсетiледi.


жүктеу 102,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау