Алекин топтастыруы


Инженерлік геологиялықжағдайлар туралы ұғымы



жүктеу 102,16 Kb.
бет11/22
Дата21.01.2022
өлшемі102,16 Kb.
#34061
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22
Алекин топтастыруы

Инженерлік геологиялықжағдайлар туралы ұғымы.Инженерлік геология жобалау және әртүрлі құрылыс ғимараттарын салу кезінде туындайтын мәселелерді шешеді, мысалы плотиналар, туннелдер, көпірлер, жолдар, өндірістік және азаматтық ғимараттар, порттар және әуежай құрылыстары; жерді құрғату, пайдалы қазба кенорындарын өңдеу кезінде.Инженерлiк геология, гидрогеология сияқты, геологияныњ қолданбалы саласыныњ бiрi. Бұл ғылым 19 ғасырдыњ екiншi жартысында пайда болып, 20 ғасырдыњ 30-40 жылдары дами бастады. Инженерлiк геология, адамныњ инженерлiк әрекетiмен байланысты жер қыртысыныњ жоғарғы қабатыныњ динамикасын зерттейтiн, геологияныњ бiр саласы ретiнде қалыптасқан. Оныњ бастауында Ф.П.Саваренский, Г.Н.Каменский, И.В.Попов сияқты көрнектi ғалымдар тұрған. Сондай-ақ, Ломтадзе В.Д., Сергеев Е.М.,Цытович Н.А.,Ананьев В.П., Бондарик Г.К., Смирнов Р.А. сияқты ғалымдардыњ ењбегi өте көп.Инженерлiк геология әртүрлi ғимараттарды салу кезiндегi табиғи жағдайларды бағалау, пайдалы кен орындарын барлау және өњдеу, ғимараттар мен тау-кен ж±мыстарын өткiзу кезiнде болатын қ±былыстарды есептегендегi жүргiзiлетiн тау-кен ж±мыстарына байланысты әртүрлi геологиялық мәселердi зерттейдi. Инженерлiк геологияныњ негiзгi мақсаты қ±рылыс ауданындағы инженерлiк-геологиялық жағдайды зерттеу және бағалау, адамныњ инженерлiк әрекеттерiнен мүмкiн болатын өзгерiстердi болжамдау, инженерлiк ғимараттарды салуға және пайдалануға қолайлы жағдай туғызатын шараларды пайдалану болып табылады.Ќазiргi кезде инженерлiк геология кешендi түрде дамуда.

Инженерлік динамиканың мақсаты мен міндеттері қандай?Пайдалы кен орындарын зерттеу жағдайына әсер ететін қазіргі геологиялық үрдістер мен тау-геологиялық құбылыстарын қарастыратын инженерлік геологияның бөлімін инженерлік геодинамика дейміз.Геологиялық процестер дегеніміз Жер қойнауы мен оның бетінде өтетін прцестерді айтамыз. Олар экзогендік және эндогендік деп бөлінеді. Эндогендік процестер Жердің ішкі күштерімен байланысты.Экзогендік процестерге желге мүжілу, желдің, жербеті ағыс суы, жерасты суы, мұздықтар мен теңіздің геологиялық әрекеті жатады.

Карст құбылыстардың даму жағдайлары, факторларыЖерасты суларының әрекетінен карст, суффозия, ақпалар және сырғымалар пайда болады.Судың минералдар мен тау жыныстарын (гипс, ангидрит, ізбестас, доломит, т.б.) еріту қабілетінің нәтижесінде карст пайда болады. Тау жыныстарын ерітіп, онда қуыстардың пайда болу құбылысы карсттар деп аталады. Карсттың жер бетінде кездесетін әртүрлі формаларына каррлар, карсттық шұңқырлар мен құдықтар жатады. Жерасты карсттық формаларға карстталған жарықшақтар, үңгірлер және каналдар жатады.Карстың пайда болу үрдісіне таужыныстарының жатыс жағдайы, құрамы, олардың кеуектілігі мен жарықшақтығы, бедер, ауданның климаты, жерасты және жер беті суларының болуы және т.б факторлар әсер етеді. Карстың жерасты пішіндерімен (каналдар, үңгірлер) карсты сулардың күшті ағындары, тұрақсыз режимді турбулентті қозғалыспен байланысты.

Карсттық суларМагмалық, метаморфтық және тығыз шөгінді тау жыныстарының сулылығы олардағы жарықшақтар мен макрокеуектердің сатылығы (степень) мен сипатына байланысты. Пайда болуына байланысты литогенетикалық, тектоникалық және экзогендік жарықшақтарға бөлінеді. Литогенетикалық жарықшақтар қалыңдықшектерінде тау жыныстарының қалыптасу кезінде пайда болады, бірақ ашылуы мен мөлшері әлсіз болып келеді.Тектоникалық жарықшақтар (жарылымдар, бұзылыстар) геологиялық құрылымдардың қалыптасуымен байланысты және жерасты суларының көп жиналатын қатпарлы аудандарында таралған. Экзогендік жарықшақтар жылулық, химиялық және механикалық мүжілудің әсерінен тау жыныстарының бұзылу процесінде пайда болады. Жарықшақтардың барлық түрлері, олар құмдақты-сазды, минералды түзілімдермен толған кезде, ашық және жабық бола алады. Тау жыныстарындағы жарықшақтардың әртүрлі болуы жерасты суларының қозғалуын, таралуын және жиналуын қиындатады.Жарықшақты тау жыныстарының сулылығын зерттеуді жарықшақтықты зерттеуден, яғни жарықшақтық параметрлерін анықтаудан бастау қажет. Оларға: кеңістіктегі олардың бағыты, ашылуы, жарықшақтық еселеуіші жатады. Үлкен (үңірейген) жарықшақтар олардың қабырғалары арасындағы орташа ара қашықтықты көрсетеді. Осы мөлшерге байланысты тау жыныстарында микрожарықшақтар ( 0,1 мм және одан аз) мен макрожарықшақтар (0,1мм және одан көп) болып бөлінеді. Олар тау жыныстарының су өткізетін қабілетін көрсетеді.


жүктеу 102,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау