Сабақтың тақырыбы: Еуразия материгінің климаты.
Сабақтың мақсаты: Ең үлкен материктің климат жағдайының ерекшелік-
тері жөніндегі білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Жер бетіндегі табиғат құбылыстарын танып білуге,
қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Картаны меңгере, шығармашылықпен іздене жұмыс
істеуге, танымдық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: 1) Дүние жүзінің физикалық картасы
2) Слайдтар
3) Еуразияның климаттық картасы
Сабақтың түрі: Географиялық таным сабағы
Сабақтың әдісі: Ой қозғау арқылы сұрақ- жауаптар.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру.
а) Қайталап еске түсіру сәті
ІІ. Карта, атластарды пайдалана отырып, слайдтардың көмегімен жаңа тақырыпты талдау.
ІІІ. Сергіту сәті .
Қай климаттық белдеу – географиялық диктант.
ІV. Шығармашылық топтық жұмыс.
Картаны пайдалана отырып бір климаттық белдеуге жоспар бойынша
сипаттама беру.
V. Кескін картамен жұмыс.
Еуразияның климат картасын түсіру.
VІ. Қорытындылау.
Климаттың адам өмірі мен шаруашылыққа әсері.
VІІ. Үйге тапсырма : §18-19.
Мұғалімнің кіріспе сөзі;
І. Қайталап еске түсіру сәті:
Ауа райы және климат деген не?
Климатты қалыптастырушы факторларға нелер жатады?
Еуразияда неше климаттық белдеу бар?
Бір климаттық белдеудің барлық бөлігінде климаты бірдей бола ма? Неге?
Ең жоғары температура
Ең төменгі температура
Ең мол жауын-шашын
Ең аз жауын-шашын
Қай дүние бөлігінің климаты қатал, себебі неге??
ІІ. Бұл қай белдеуде –географиялық диктант
Үндістан, Үндіқытай түбектері жатады.
Булану аз, батпақты жерлер көп
Жыл бойы +24ºС –ден төмен түспейді
Жауын-шашын қар күйінде түседі
Жерорта теңізі әсер етеді
Ең аумақты климаттық белдеу
Исландия аралынан басталады
Дүние жүзінде мол жауын жауатын белдеу
Жауын-шашыны 50-200мм
Изотерма- климаттық картада температурасы бірдей жерлерді қосатын сызықтар.
ІІІ. Картаны пайдалана отырып, бір климаттық белдеуге жоспар бойынша
сипаттама беру.
Материктегі географиялық орны
Климаты
Әсер ететін ауа массалары
Қаңтар және шілде изотермалары
Жауын-шашын мөлшері
ІV. Практикалық жұмыс:
Калькутта мен Улан-Батор қалаларының жауын-шашын және температура диаграммаларын талдау.
V. Қорытындылау.
Ауыл шаруашылығын дамытуға материктің солтүстігі мен солтүстік-шығысындағы жазда жылудың жетіспеуі мен мәңгі тоң, ал ішкі аудандарда ылғалдың жетіспеуі кедергі келтіреді.
Жазы ыстық, қысы жылы қоңыржай белдеуде негізінен дәнді дақылдар—бидай, жүгері, басқа қант қызылшасы, алма, жүзім өсіріледі.
Оңтүстікте суғаруды қажет ететін жылы аймақтарда мақта мен күріш егіледі.
Субтропиктік белдеудің Жерорта теңізі маңында цитрустар, зәйтүн және жеміс ағаштарын өсіруге қолайлы.
Материк шығысы мен оңтүстігінің муссонды климатында күріш, мақта, шай, қант құрағы, кофе, банан, ананас пен тропиктік дақылдар және жемістер өсіріледі.
Адамдар тұрғын үйлерді салуда да климаттық жағдайлан ескеріледі.
Сібірде қатты аязды аймақтарда терезе үш қабаттан, ал оңтүстікте үйлер қабырғасы бамбук таяқшаларынан тұрғызылады.
Жаңбыр көп жауатын Еуропада шатырлар тік үшкірлеу болса, шөлді аудандарды төбесі тегістеу жадағай болады.
Күшті желдер мен шөлді құмдарда қорғау үшін ормандар отырғызылады.
Климаты мен табиғаты көркем сұлу жерлер мен аймақтар адам денсаулығын сақтауға, емдік мақсатта пайдаланылады.
Климаттың адам мен шаруашылық үшін пайдасымен қатар қолайсыз жақтары да болады. Мысалы: тайфун, муссондық жаңбырлар,су тасқындары, сел жүруі, құмды борандар мен қуаңшылық .
Шаруашылықты орналастыру мен табиғатты қорғау шараларын жүргізуде жергілікті жердің климаттық жағдайлары мен ерекшеліктерін ескеру қажет.
VІ. Бағалау
VІІ. Үйге тапсырма: § 18-19
Сабақтың тақырыбы:
Пәні: География
Сыныбы: 7
Пән мұғалімі:
Абдикеримова
Абдикеримова
Достарыңызбен бөлісу: |