Алекин топтастыруы


Грунттың кеуектілігі, кеуектіліккоэффиценті олардыңайырмашылығы?



жүктеу 102,16 Kb.
бет6/22
Дата21.01.2022
өлшемі102,16 Kb.
#34061
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Алекин топтастыруы

Грунттың кеуектілігі, кеуектіліккоэффиценті олардыңайырмашылығы?Грунттың кеуектілігі деп-процентпен өрнектелген кеуектер көлемінің грунттың барлық көлеміне қатынасын айтады.n=(1-p_s/p_s(1+0.01W) )*100% формуласымен анықталады.Кеуектер көлемінің грунттағы минералды бөлшектер көлеміне қатынасы кеуектілік еселеуші-𝜀 деп аталады;n=γ_r/γ_s *(1+0.01W)Кеуектілік еселеуші гркнттың тығыздығы мен оның сығылғыштығының кейбір дәрежелерін сипаттайды.

Грунттың ылғалдылығын қалайанықтайды?Грунттардың табиғи ылғалдылығы. Грунттардың табиғи ылғалдылығының бағасы. Табиғи грунттардың ылғалдылығы дегеніміз табиғи грунттардың кеуектеріндегі бос және жоғарғы бетіндегі сулардың араласуының жату жағдайының көлемін атайды. Табиғи ылғалдылық грунттардың мықтылығын және оның құрылыстағы тәртібін анықтайды. Табиғи ылғалдылық салмақтылықпен, пинометр және жылдамдылық әдістерімен анықталады. Ылғалдылық дәрежесі кеуектердің көлеміне байланысты грунттың құрамындағы суды сипаттайды. Грунттардың ылғалдылық коэффициенті әлсіз ылғал, қатты ылғал және суға сіңілген болып бөлінеді. Ылғалдылық коэффициентін құрылысқа байланысты грунттардың кедергісін есептеу кезінде жобаларда пайдаланылады.

Дисперсті грунттың гранулометриялық құрамының негізгі түсініктері қандай?Дисперсті грунттар. Дисперсті грунттар жекеленген бөлшектердің әртүрлі өлшемдерінің бір бірімен әлсіз байланысынан құралады. Олардың жарылымдары жартасты грунттардың моруымен және бөлшектерінің тасымалдануымен шарттанады. Дисперсті грунттарға механикалық кермекті емес және сулы – коллоидты құрылымына байланыстылары тән. Бұндай грунт түрлеріне: қопсытылған, байланысты және байланысты емес бөлінген шөгінді жыныстар жатады.Грунттың түйір өлшемді құрамы деп електер әдісі бойынша әртүрлі өлшемдегі бөлшектердің грунттағы салыстырмалы

Емдік және өндірістік сулар.Өндірістік сулардан алынатын компоненттер Темірлі, мышьякты және жоғары мөлшерде металдары бар сулар. Жерасты суларына темір қоспалары сульфидтік кен орындарының тотығу белдемдерінің тау жыныстарынан келіп түседі. Минералдылығы мен қышқылдығы шамалы, құрамында көміртегі диоксиді бар сулардың маңызы өте зор. Мырышты сулар мырыш шоғыры, иондық құрамы және минералдылығы бойынша бөлінеді. Бұл сулардың емдік қасиеті өте зор. Әдетте мұндай суларда бор, бром және т.б. компоненттер кездеседі. Алтайда, Орталық Қазақстанда, Мұғалжарда бар екені белгілі болып, зерттелген. Бұл сулар екі бөліктен тұрады. Оның біріншісі минералдылығы аз, құрамындағы темірдің мөлшері 20-100 мг/л аралығында болатын сулар да, екіншісі минералдылығы аз да болса (1-4,5г/л), судағы күкірттің мөлшері 100 мг/л-нан астам. Бұл сулардың біріншісі Алтайда (Кремнюхин, Әулиеқыз, Иглих, Қызылқайың, Рождественск минералдық су көздері), Сарыарқаның оңтүстік-батысында (Оңтүстік Ұлытау су көздері) және Мұғалжар тауының оңтүстік-батысында орын алған. Суының минералдылығы 0,5-4,3 г/л аралығында. Оның құрамында темірден басқа мына элементтер бар екені анықталған (мг/л): кремний қышқылы (20-40), алюминий (10-20), мыс (1-6), молибден (1-4), Судың жылылығы 8-12о-тан аспайды. Темірлі минералды судың екінші әсері күшті түрі – қышқыл сулар (рН 2,5-5) ол Сарыарқаның солтүстік-батысындағы Қарқаралы (темір мөлшері 100-196 мг/л), Жосалы (100-125), Темірсу (100-131) су көздері; Алтайдағы Сугатов (темір 250-256 мг/л) су көзі. Олардың құрамында темірден басқа біраз пайдалы металдар мен қатар фтор (1-1,5 мг/л) бар екені белгілі болған. Сугатов су көзінен (темірден басқа): бром (67мг/л-ге), бор (1,3), йод (0,1), алюминий (0,2), ал Жосалыда (мг/л): кремний қышқылы (50-80), йод (0,63-ке дейін), бром (0,2-ге дейін) бар екені анықталды.Жоғары мөлшерде органикалық заттар бар шамалы минералды сулар. Бұл құрамдағы жерасты сулар өте сирек және негізінен органикамен байытылған шөгінді тау жыныстарында кездеседі. Минералдылығы шамалы (0,8 г/ дм3) болып келген бұл сулардың иондық құрамы әртүрлі. Өндірістік жерасты сулары дегеніміз құрамында өндірістік мақсатта алуға келетін компоненттердің шоғыры бар суларды айтады. Иод, бром, бор, литий, рубидий, германий және тағы басқа клмпоненттерді халық шаруашылығының әртүрлі салаларында кең пайдалануына байланысты өндірістік жерасты суларын іздеу, барлау және пайдалануды кеңейтуді қажет етеді. Минералдылығы жоғары (тұздықтар) өндірістік сулар үлкен тереңдікте (500 м және көп), шектелген аудандарда жатады. Олар белгілі бір геоқұрылымдық, гидрогеологиялық және термиялық жағдайлармен сипатталады. Гидрогеотермалдық ресурстар термоэнергетикалық мақсаттарда қолданыла алады. Оларға термалды сулар, бусулық қоспа (парогидротермдер) және құрғақ бу. Ұңғыманың сағасындағы температура бойынша сулар келесідей бөлінеді: ыстық (35-75оС), жоғары термалды (75-100 оС) және ысытылған (100 оС-тан жоғары). Термалды сулардың жарамдылығын бағалаған кезде олардың минералдылығын, сутектік иондардың (рН) шоғырын, улы элементтердің болуын тексереді. Термалды сулар жылу жүйесінде, электр жүйесінде, парниктер мен бассейндерде қолданылады. Жерасты термалды сулары көптеген шет елдерде ауылдық жерлер мен қалаларда үйлерді, өндіріс орындарын жылытуға, мұнай кенін өндіруге, жылыжайларда қысы-жазы жеміс-жидектер өсіруге, электр қуатын алуға және басқа да бағыттарда көптен бері жиі пайдалануда. Мұндай сулар Қазақстанда да кең тараған, ертеректе әртүрлі бағытта қолданыла бастаған. Ыстық сулар көрсетілген бағыттарда пайдаланылуы үшін минералдылығы 5-10 г/л-ден артық, температурасы 40-60о-тан кем болмауы керек. Электр қуатын алуға жарамды термалды сулардың минералдылығы сондай, бірақ температурасы 100о-тан астам болуы қажет. Бұл көрсеткіштермен қатар әр бағытта пайдалануға қажетті термалды судың тәулік өнімділігі 80-100 м3 - ден аз болмауы қажет. Температурасы 40о – тан жоғары жерасты сулары Қазақстан аймағында Каспий бойындағы, Маңғыстау-Үстірт, Солтүстік және Оңтүстік-батыс Арал, Шу-Сарысу, Іле, Алакөл, Зайсан ойыстарының терең қойнауларында таралған. Бірақ жоғарыда аталған екі көрсеткішті (минералдылығы мен өнімділігі) еске алсақ, бұл аралардағы біраз жерасты суларын қазір пайдалану мүмкін емес.


жүктеу 102,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау