Алекин топтастыруы


Булану. Конденсациялық сулар



жүктеу 102,16 Kb.
бет3/22
Дата21.01.2022
өлшемі102,16 Kb.
#34061
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Алекин топтастыруы

Булану. Конденсациялық сулар.Судың булануы дегенiмiз мұхит, теңiз, өзен, көл, қар және ылғал топырақ бетiнен өте жылдам қозғалатын сулы пар молекулаларының атмосфераға түсуi. Буланғыштық - белгiлi бiр атмосфералық жағдайдағы, берiлген аудандағы потенциалдық булану. Өсiмдiктердегi ылғалдың булануы транспирация деп аталынады. Булану мен транспирацияның жиынтығы эвапотранспирацияны құрайды. Орташа жылдық эвапотранспирация 577 000км3 құрайды. Ылғалдылық коэффициентi дегенiмiз - белгiлi бiр кезеңдегi жауын-шашын мөлшерi мен булануының арасындағы қатынасы.Конденсациялық сулар жерасты суларының қалыптасуына өте аз әсер етеді. Олар тау жыныстарының қуыстарындағы ауаның температурасының төмендеуі кезінде атмосфералық ылғалдың шық түріне шоғырлануынан пайда болады. Ауаның температурасы күрт ауытқитын аудандарда конденсацияның маңызы зор.

Геотермиялық градиент және геотермиялық саты. Геотермиялық режим белдемдері.Геотермиялық саты дегеніміз температура 10С-қа өзгеретiн тереңдiк аралығы.Геотермиялық градиенттiң орташа мәнi 30С/100м, ал геотермиялық сатының орташа мәні – 33 м/0С. Жылудың жерасты суларымен, булы су қоспасымен және магмалық балқымалармен тасымалдануын конвективтiк жылутасымалдану деп атайды. Бұл процесс Жер қыртысының жоғарғы бөлiгiнде өте белсендi өтедi. Конвективтiк жылу ағынының жылдамдығы дегенiмiз, уақыт бiрлiгiнде, көлденең қиманың аудан бiрлiгi арқылы өтетiн жылу мөлшерi. Жерасты гидросферасында геотермиялық режим бойынша үш белдем бөлiнiп шығады: гелиотермобелдем, гелиогеотермобелдем және геотермобелдем.Гелиотермобелдем – гидрогеотермиялық режимi инсоляцияның әсерiне байланысты болатын Жер қыртысының жоғарғы қабаты.Гелиогеотермобелдем – бейтарап қабат пен температураның көпғасырлық ауытқулары шекарасында орналасқан, климаттың әсерiнен, жер қойнауының iшкi және күн жылуы әсерiне ұшырайды. Ол 1-3 км тереңдiкке жетедi.

Гидрогеология ғылым ретінде және оның табиғи ғылымдар жүйесіндегі орны.Жалпы теориялық және қолданбалы бөлімдерін атаңыз.“Гидрогеология” терминiн ғылымға ең бiрiншi 1802 жылы француз ғалымы Ж.Б. Ламарк енгiзген. Ол тау жыныстарының ыдырау және шөгу құбылыстарын судың әрекетiмен болады деп түсiндiрдi. Он тоғызыншы ғасырдың сексеніншi жылдарынан бастап “Гидрогеология” терминiн жерасты суларын зерттейтiн iлiм ретiнде қарастыра бастады. Көптеген зерттеушiлер гидрогеология ұғымына кең мағына берiп, оны жерасты гидросферасы туралы ғылым деп түсiндiредi. Сонымен, гидрогеология жерасты гидросферасының тарихын, ресурсы мен құрамын, оның құрам бөлiктерiнiң кеңiстiкте таралу заңдылықтарын, оны қоршаған ортамен байланысын, сондай-ақ, жерасты гидросферасы құрам бөлiктерiнiң шаруашылық маңызы мен адам әрекетiнiң әсерiн зерттейтiн ғылым.Соңғы кезде жербеті суларының ластануының күшеюiне байланысты жерасты суларының маңызы арта түсуде. Жерасты суларының ластануы жербеті суларына қарағанда әлдеқайда аз.Жербеті сулары аз немесе мүлдем жоқ болып келген шөл және шөлейт аудандарда жерасты суларының маңызы өте зор. Бұл аудандарда тұрғындарды ауыз суымен және өндiрiстiк кәсiпорындарды техникалық сумен қамтамасыз етуде жерасты сулары жалғыз су көзi болып табылады.Гидрогеология геологиялық ғылымдардың күрделi бiр саласы. Ол келесi бөлiмдерден тұрады:1) жалпы гидрогеология; 2) гидрогеотермия; 3) гидрогеохимия; 4) жерасты суларының қозғалысы; 5) гидрогеологиялық зерттеулердiң әдiстерi; 6)аймақтық гидрогеология; 7) пайдалы қазбалардың кен орындарының гидрогеологиясы; 8) минералды, өндiрiстiк және ыстық сулар туралы iлiм; 9) радиогидрогеология; 10) мелиоративтiк гидрогеология; 11) жерасты суларының режимi мен балансы туралы iлiм; 12) гидрогеологиялық үлгiлеу; 13) палеогидрогеология; 14) криогидрогеология.

Гидрогеология ғылымы дамуының үшінші кезеңіЖерасты суларын зерттеудің үш кезеңін бөлуге болады: 1)жерасты суларын қолдану тәжірибесін жинақтау кезеңі (X- XVII); 2)жерасты сулары туралы мәліметтерді ең алғашқы ғылыми жинақтау (XVIII-XIX ғасырдың ортасы) кезеңі;3)гидрогеологияның жеке ғылым ретінде қалыптасу (XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың басы) кезеңі.


жүктеу 102,16 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау