Минералдық сулар.Олардың таралуы Табиғи минералды сулар деп жоғарғы минералдылығымен, спецификалық компоненттерінің өте жоғарғы кларктылығымен, жоғарғы температурасымен және жоғарғы радиоактивтілігімен адам ағзасына жағымды физиологиялық әсер ететін жерасты суларын айтады. Минералды сулар туралы ғылым ол сулардың химиялық, микробиологиялық, газдық, изотоптық құрамын жан-жақты зерттеу, іздеу және барлау, каптаждау және пайдалану әдістерін ұтымды қолдану, сондай-ақ, жүргі мәселелері мен ол суларды ластанудан, құрамының өзгеруінен және азаюынан қорғау мәселелерімен айналысады. Минералды сулар ішуге жарамды және бальнеологиялық қасиеті бар сулар болып екіге бөлінеді Олар 6 негізгі бальнеологиялық топтарға бөлінеді - тұзды сулар және тұздықтар; көмірқышқылды және родонды; кремнийлі термалды; темірлі, мышьякты және жоғары мөлшерде металдары бар (Mn, Cu, Zn, Pb, Al және т.б.); жоғары мөлшерде органикалық заттар бар шамалы минералды.Тұзды сулар және тұздықтар. Бұл сулардың минералдылығы 500-600 г/дм3, әралуан химиялық және газдық құрамы бар. Олар тауаралық артезиан алаптарының және платформаларының шегінде кеңінен таралған. Сульфатты сулардың маңызы зор, олардың емдік маңызын құрамындағы күкіртсутегі көтереді. Хлоридтік, хлоридті-күкіртқышқылдық сулар да өте кең таралған. Тұзды сулар мен тұздықтардың ішінде бромдық, иодбромдық және иодтық сулар кездеседі. Олар терең артезиан алаптарымен байланысты.Көмірқышқылды сулар. Көмірқышқылды сулар тобы – ең қолданбалы және әсері зор. Ол сулардың құрамында келесі микрокомпоненттер бар: B, As, Fe, SiO2 және т.б. Егер судағы микрокомпоненттердің мөлшері нормаға сәйкес болса, ол суларды 5 топқа жатқызады; бұл сулардың емдік маңызы аса зор. Көмірқышқылды сулардың иондық және газдық құрамының әралуан болуы, оның күрделі геология-гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық, геотермиялық және басқа да жағдайларына байланысты. Радонды сулар. Құрамында әртүрлі мөлшерде радон газы бар сулар қышқыл кристалдық тау жыныстары тараған қатпарлы аудандарда кең тараған. Емдік радондық суларға құрамындағы радон мөлшері 185 Бк. жоғары болып келген сулар жатады. Газдық және химиялық құрамы бойынша радондық сулардың ішінде гидрохимиялық түрлер бөлініп шығады: 1) құрамында радон жалғыз емдік компонент болып келген қарапайым, 2) радон басқа да емдік компоненттермен (газдар, температура және спецификалық компоненттер) байланысып келген күрделі құрамдағы түр. Қазақстанда олар Іле, Жоңғар, Алтай тауларында және Орталық Қазақстан қыраттарында таралған. Шипалық қасиеті аса әсерлі су көзі – Меркінің радонды суы. Ол Қырғыз алатауының солтүстік бөктерінде Меркі селосының оңтүстігінде 14 км жерде тектоникалық жарықтар бойында қазылған бірнеше ұңғымадан (тереңдігі 112-310 м аралығында) алынған аздаған жылы (17-23о ), минералдылығы 0,2-0,3 г/л су. Суда радонның мөлшері 140-160 н. Ки/л. Орталық Қазақстандағы Шалқар-Арасан радонды су көзі (радон 405-460 эман) Болодарск темір жол станциясының солтүстік-батыс жағында 30 км жерде граниттық тау жыныстарының тектоникалық жарығы бойында ұңғымадан 60 м тереңдіктен алынған. Минералдылығы 0,4-1,3 г/л аралығында; құрамында (мг/л): кремний қышқылы (31-52), йод (0,1), бром (0,1), фтор (1,6-2,8) бар екені анықталды. Радонды сулар жүйке, жүрек-қан таралу, қозғалу орындарының ауруларына шипалы.Кремнийлі термалды сулар. Бұл топтағы сулардың минералдылығы әдетте шамалы (2г/дм3), кремний қышқылы үлкен мөлшерде (50-160 мг/ дм3), сілтілігі жоғары (рН 9,6-ге дейін), температурасы жоғары (20-100оС) болып келеді. Құрамында фтор және әртүрлі компоненттер мен газдар болуы мүмкін. Мұндай сулар жас вулкандық, жаңа тау құрылатын белдемдерде тараған. Қазақстанның биік таулы аудандарында, әсіресе Жоңғар жотасында (Үлкен және Кіші Өсек, Қапал-Арасан, Қапал-Тамшыбұлақ, Қу-Арасан, Ойсаз және т.б. су көздері), Тарбағатай тауында (Барлық – Арасан), Алтайда (Талды-Арасан, Рахманов) таралған. Сонымен қатар олар артезиандық алаптардан да, мысалы Іле бассейнінде (Жаркент, Қарадала,Покровка сулы алаңдарында), Сырдария алабында (Байрамқұм-Арыс, Ақдала, Батыс Түркістан және т.б.) бар. Кремнийлі термалды минералдық сулар гранит, эффузия, басқа да қышқыл тау жыныстарының бойында тектоникалық жарықтардан табиғи су көздері ретінде шығып жатады немесе сондай араларда ұңғымалардан алынған. Олардың жылылығы бұлақтарда 20-38о, ұңғымаларда (қазылып алынған тереңдіктеріне қарай) – 50-70о, кейбір араларда одан да жоғары, ерітінді газ құрамы негізінен азотты. Бұлар тұщы сулар, минералдылығы 0,1-0,7 г/л, тек Түрген мен Барлық-Арасан су көздерінде 1,4-1,9г/л. Барлығы да сілтілі (рН 8-9,4) сульфатты натрийлі, кремний қышқылды (кремний 100-130 мг/л-ге дейін), біраз орындарда құрамында фтор мол (4-10 мг/л). Кейінгі кездерде тереңге қазылған (900-2000 м) ұңғымалардан осы топқа жататын ыстық (40-85о ), сілтілі (рН 7,8-8,5) сулар алынған. Олардың құрамында йод (0,3-0,8 мг/л) пен бром (10-45 мг/л) бар екені анықталды.Темірлі, мышьякты және жоғары мөлшерде металдары бар сулар. Жерасты суларына темір қоспалары сульфидтік кен орындарының тотығу белдемдерінің тау жыныстарынан келіп түседі. Минералдылығы мен қышқылдығы шамалы, құрамында көміртегі диоксиді бар сулардың маңызы өте зор. Мырышты сулар мырыш шоғыры, иондық құрамы және минералдылығы бойынша бөлінеді. Бұл сулардың емдік қасиеті өте зор. Әдетте мұндай суларда бор, бром және т.б. компоненттер кездеседі.Алтайда, Орталық Қазақстанда, Мұғалжарда бар екені белгілі болып, зерттелген. Бұл сулар екі бөліктен тұрады. Оның біріншісі минералдылығы аз, құрамындағы темірдің мөлшері 20-100 мг/л аралығында болатын сулар да, екіншісі минералдылығы аз да болса (1-4,5г/л), судағы күкірттің мөлшері 100 мг/л-нан астам. Бұл сулардың біріншісі Алтайда (Кремнюхин, Әулиеқыз, Иглих, Қызылқайың, Рождественск минералдық су көздері), Сарыарқаның оңтүстік-батысында (Оңтүстік Ұлытау су көздері) және Мұғалжар тауының оңтүстік-батысында орын алған. Суының минералдылығы 0,5-4,3 г/л аралығында. Оның құрамында темірден басқа мына элементтер бар екені анықталған (мг/л): кремний қышқылы (20-40), алюминий (10-20), мыс (1-6), молибден (1-4), Судың жылылығы 8-12о-тан аспайды. Темірлі минералды судың екінші әсері күшті түрі – қышқыл сулар (рН 2,5-5) ол Сарыарқаның солтүстік-батысындағы Қарқаралы (темір мөлшері 100-196 мг/л), Жосалы (100-125), Темірсу (100-131) су көздері; Алтайдағы Сугатов (темір 250-256 мг/л) су көзі. Олардың құрамында темірден басқа біраз пайдалы металдар мен қатар фтор (1-1,5 мг/л) бар екені белгілі болған. Сугатов су көзінен (темірден басқа): бром (67мг/л-ге), бор (1,3), йод (0,1), алюминий (0,2), ал Жосалыда (мг/л): кремний қышқылы (50-80), йод (0,63-ке дейін), бром (0,2-ге дейін) бар екені анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |