97
Abstract
C.Dosybaeva,
1
Z.Bekbaeva
2
a 2
year master student, major in 6M010500 – Defectology
Kazakh National Pedagogical University named after Abay, Almaty, Kazakhstan
1
candidate of pedagogical sciences, senior teacher of departm ent of special education.
Kazakh National pedagogical university named after Abai.
The content of aesthetic education of children of preschool age
In the article theoretical basics of esthetic education of children of preschool age with violations of the
speech are covered. Esthetic education is a purposeful, systematic process of impact on the identity of the child for
the purpose of development of ability in him to see beauty of the world around, art and to create her.
Keywords: children of preschool age, esthetic education, principles
of education, esthetica
Қазақстанда білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын қазіргі таңдағы өзгермелі
талаптарға, мемлекеттің даму болашағына сай жаңарту және оны әлемдік білім кеңістігіне
кіріктіруге бетбұрыс жасалуда. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
заңында, «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасында» мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде мәдени және шығармашылық
бағыттағы оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға жағдай жасау, рухани және күш-қуат
мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауттылықтың берік негіздерін қалыптастыру мәселелері
қойылған.Мектепке дейінгі білім беру үрдісі – білім берудің алғашқы баспалдағы болып
табылады. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі мектепке дейінгі балалардың білім алуына
басым көңіл бөлінген.
Өскелең ұрпақтың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесі бойынша Әл-Фараби,
Қ.А.Ясауй, Ж.Баласағұни, А.Байтұрсынов, Ж.Аймаутов, М.Жұмабаев т.б. еңбектерінде негізгі бір
арқау болған [1].
Зерттеудің жалпы педагогикалық теориялық және әдіснамалық негіздерін қалаған ресейлік
ғалымдар Г.Н.Волков, М.Н.Скаткин, Л.С.Выготский, Л.Н.Леонтьев, Л.М.Зюбин, А.Сухомлинский,
т.б. еңбектері ерекше маңызға ие [2].
Сонымен қатар оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру мәселесіне елеулі мән
берген С.Ұзақбаева, Б.Әлмұқанбетов, А.А.Қалыбекова, Е.Омар, С.С.Тілеуова, Қ.Сарбасова,
Р.К.Дүйсенбинова, Д.А.Кемешев,С.А.Жолдасбекова, А.Ж.Нуралиева А.Қ.Ералина, И.В.Коваленко
және т.б. ғалымдардыңда еңбектерін атауға болады [3].
Уақыт талабына сай әлеуметтік өзгерістер мен қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы оқу-
тәрбие талабы жаңғырып, өзгеріп, дамып отыруына әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда философиялық,
психологиялық және педагогикалық тақырыптағы ғылыми зерттеулер кеңінен арналған.
Дегенмен мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу педагогикалық-психологиялық,
ғылыми-теориялық жағынан негізделген әдістемелік мазмұны әлі де зерттеуді қажет етеді.
Демек, мектепке дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу қажеттілігі мен оның теориялық
негізделуінің және әдістемелік жабдықталуының жеткіліксіз деңгейде қарастырылуы арасында
қарама-қайшылық анық байқалады.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды эстетикалық тәрбиелеу жолдарын
анықтау.Эстетикалық бастама дәстүрлі тұрмыста, күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы
сұлулық пен мейірімділік ұғымдары қатар қойылды. Эстетика ғылымын қалыптастыруда Әбу
Насыр әл-Фараби “Музыканың үлкен кітабы”, “Поэзия өнерінің каноны туралы трактат”, “Поэзия
туралы кітап” атты еңбектерінде эстетикалық болмыс пен таным туралы терең пайымдаулар айтты
[4]. Қазақтың төлтума эстетикалық мәдениеті хандық дәуірінде қалыптасып, ақын-жыраулар
эстетикасының құндылығы шығарманың көркем мазмұнымен ғана емес, сонымен бірге дәстүрлі
қазақ қоғамындағы қуатты әлеуметтік-мәдени орнымен және қызметімен айқындалады.
Сондықтан оларға халық жаппай ілтипат білдірген. Ақын-жыраулар толғауларында бүкіл қазақ
халқының ой-арманы мен эстетикалық талғам-түсініктері шынайы бейнеленген.
Қазіргі кезде қоғамда жас ұрпақты өнердің барлық салаларында яғни: адамның өмірі мен
тұрмысындағы, еңбектегі,көркем өнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін,
сезе білетін, бақылай алатын және оларды өзі де жасай алатын
азамат етіп тәрбиелеу, міндеті
тұрады.
“Эстетика” грек сөзі, яғни, сезім, түйсік деген мағынаны білдіреді. Олай болса, эстетика-
өмірді сезім арқылы танып, білудің негізгі жолы. Эстетикалық талғамы биік, сезімтал бала
еңбектегі әдемілікті,табиғаттағы, өнердегі сұлулықты танып, оны сүйе, қастерлей білетін болады.